Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ғажайып қарқаралы табиғаты
Бастауыш сынып мұғалімі:Океева Ая Қайыркенқызы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы ауылы №9 орта мектеп
Тақырыбы: « Ғажайып Қарқаралы табиғаты»
Мақсаты:
1. Оқушыларға Қарқаралы табиғаты туралы түсінік беру, ой-өрісін дамыту;
2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру;
3. Экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға,
мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: жануар, құстар, өсімдіктер, суреттер, Қарқаралы
табиғатының көріністері.
Әдісі: орталықтар бойынша жұмысы.
І. Кіріспе
1. «Қарқаралы вальсі»- әні орындалады
2. Қарқаралы – табиғаты сөз жоқ, шалқар шабыттың қайнар көзі.Ол ақындар мен
әншілердің қиялына қанат бітірген. Ол аңыз - әңгімелер өлкесі, ән өлкесі…
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ғажайып Қарқаралы табиғаты»
ІІ. Орталық Қазақстан. Ертеден оған қазақ халқы сарыарқа деген сұлу сазды
ат берді. Ол байтақ даланы алып жатыр, өзіне тән климаты, жер бедері бар.
Қарқаралы – табиғат мол байлық сыйлаған Сарыарқаның шағын ғана бір
бөлігі. Мұнда құнарлы жайылым, сарқылмайтын су көздері, таулар кездеседі.
Таулар… олардың сұлбасына көп қарасаң, солғұрлым қандай бір құпияны
ашқандай боласың, толқи түсесің. Сондықтан да жұмбағы көп таулармен әрбір
кездесу көңілге қуаныш әкеледі. Қарқаралы таулары – табиғаттың таңғажайып
бірегей туындысы. Оған алыстан көз салсақ, әйелдердің қауырсынмен
әшекейленген ежелгі бас киімі – қарқараға ұқсайды екен-ау деп ойлайсың.
Соған қарап таудың аты қайдан шыққан деген жорамалға сая бересең.
Бүгін орталықтар бойынша жұмыс жүргіземіз
[pic]
1. Өсімдік орталығы
Бір жағымда – ақ қайын,
Бір жағымда – көк терек
Қайсысына тоқтайын,
Гүл атқан бәрі көкте өрлеп
Қарқаралы алқабының өсімдіктер дүниесі бай және саналуан. Қарқаралы
тауларын ормандар орап жатыр. Шетіндегі ағаш аласа әрі сирек болса,
тереңдеп енген сайын, биік, сымбаттылары көбейе түседі. Тау аралығындағы
жазықтарда сиректе болса жүз жылдық ағаштар ұшырасады.
- Қарқаралы ормандарында қандай ағаштар кездеседі?
- Кім Қарқаралы орманында болды?
Енді біреуіне тоқталайық:
1. Ақ қайың туралы не білеміз: 2 шырша 3 итмұрын 4 арша 5 қарағай
(оқушылар толықтырып айтады)
Жылғалардың, бастаулар мен өзендердің жалғасында талды кездестіруге
болады. Бұл өсімдіктің маңызы зор. Талдың шыбықтары корзинка тоқуға
жұмсалады. Қарқаралының тері илеу шеңберлері талдың қабығын тері илейтін
заттар алуға ерте кезден пайдаланып келеді. Қарқаралы ормандарында
қарақат, таңқурай, бүлдірген кездестіруге болады. Ал саңырауқұлақтың
алуан түрлері бар.
2. Жануар орталығы
Қарқаралының жануар әлемі…Қарқаралы орманында қандай жануарлар
кездеседі деп ойлайсыңдар? Қасқыр, қоян, тиін, арқар т.б. 1 тиін, 2
арқар, 3 түлкі, 4 қоян, 5 қасқыр туралы оқушылардың дайындаған
мәліметтерін тыңдау.
Қарқаралы ормандарында құлан, марал, қабан, аю, сілеусін, елік, ақбөкен
сияқты жануарларды кездестіруге болатын. Аюшат деген жерде аюларды көруге
болатын. Қазір олар жойылып кетті.
Ал не себептен жануарлардың саны азайяды?
Маралдарды тамаша терісі үшін ғана емес, ең басты жас мүйіздері пантасы
үшін аулап, олар шетелге шығарылып отырылды. Тіпті құйрықтары, аяқ
сіңірлерін тибет медицинасында кеңінен қолданылды.
3. Құстар орталығы
1 Сөзжұмбақ шешу (құстар)
Қарқаралы орман, тауларында қандай құстар бар?(оқушылар дайындаған
мәліметтер).
Өкінішке орай, қазіргі күндерде бірқатар себептерден Қарқаралының
құстар әлемінде шұғыл өзгерістер болды. Дуадақ бұрынғыдай Қарқаралы
далаларының көркін кіргізбейді, бүркіт сирек ұшырасатын құс ретінде
саналады, құрлар негізінен шалғай адам аяғы сирек басатын ағаш арасында.
Қазір Қарқаралы жануар әлемі қалыпты жағдайға келтірілген. Орман
шаруашылығының қызметкерлері оны қорғауға қамұорлық жасауда.
4. Ертегі орталығы
« Үй және жабайы жануарлар» экологиялық ертегі.(қызыл кітап туралы айту)
5. Өнер орталығы
3 топқа бөлініп жұмыс жүргізу. Әр топ тапсырмаларын тексеру.
ІІІ. Қорытынды.
Қ.Р. конституциясының 38 бап
Қ.Р-ң азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлығына ұқыпты қарауға
міндетті.
«Қарқаралы» - әні орындалады.
-----------------------
Ғ.Қ.Т.
Өсімдік
Құстар
Жануар
Ертегі
Өнер
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz