Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Информатика наурыз думаны
Тақырыбы: Информатика наурыз думаны!
Мақсаты: Информатика пәнінен алған білімдерін қорытындылау. Ой-өрісін және танымдық , шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,ынтасын арттыру
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер: қанатты сөздер <<ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры>>, <<Компьютерлік сауаттылық- қазіргі заман талабы>>, шарлар, бәйшешектер, плакаттар, проектор, презентациялар
Барысы:
* жүргізуші : Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер, сайыскерлер
* жүргізуші: Бүгінгі <<Информатика наурыз думаны!>> атты сайысымызға хош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Біздің бұл ойынымыздың бұлай аталу себебі, Наурыз мерекесіне апталығымыз сәйкес келіп тұр екен.
2 жүргізуші: Аспанда күннің нұры
Мақпалдай жердің түрі
Қуаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі - дегендей Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекеміз құтты болсын!.
1 жүргізуші: Қоғам дамуына байланысты күнделікті өмірімізді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Соның ішінде азаматтардың компьютерлік сауаттылығына талаптар күннен-күнге күшейіп келеді.
2 жүргізуші: Осыған орай қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуына, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауында информатика пәнінің маңызы зор. Ендеше сайысымызды бастайық.
1 жүргізуші: Сайысымызды бастамай тұрып, сайыскерлер білімін әділ бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік
* жүргізуші: Әділқазы алқасымен таныстырып өтеді.
1 жүргізуші: Қонақтар жиналған бұл тамашаға
Хош келдің көрерменім іс-шараға
Сәлемдесу ежелден салтымыз ғой
Сайыскерлер бұл сайыстан тыс қала ма?
2 жүргізуші: Сайысымыздың 1 кезеңі <<Сәлемдесу>> бұл сайыста топ мүшелері өздерін таныстырып, топ атына байланысты рефераттарын қорғайды.
1 жүргізуші: Ақпараттар жүйесі
Бүгінгі күн талабы
Тілін оның білмеген
Ертең көштен қалады
Құтты болсын әз Наурыз,
Қазағымның киесі.
Болашағы елімнің,
Біз боламыз иесі.
2 жүргізуші Келіңіздер меймандар,
Орта толсын айнала
Сіздер үшін дәл бүгін,
Есік ашық айқара
Ендеше кезекті сайыскерлердің таныстыруына берейік
1 жүргізуші: Ұлттық ойын ойналмай
Өсер бала болар ма?
<<Қыз қуу>> мен <<Көкпарсыз>>
Күші оның толар ма?
2 жүргізуші: Келесі сайысымыз <<Ұлттық ойындар>> деп аталады
Бұл сайыста бір жағында ұлттық ойынның аты жазылады, екінші бетінде информатикадан сұрақтар беріледі. Сайыс шарты ұлттық ойын туралы туралы мәліметтер айтылып, информатикадан сұрақтарға жауап алынады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Бәйге
Көкпар
Асық
Тоғызқұмалақ
2жүргізуші: Өнеріміз сан қырлы,
Мына біздің, көріңіз.
Өнерпазға, дүлдүлге
Кем болмасын еліміз.
<<Өнер>> сайысында әр топ өздерінің үйден дайындап келген өнерлерін көрсетеді. Бұл сайыста информатика тақырыбында өлең оқуға, ән , әзілдер айтуларына болады.
1 жүргізуші: <<Өгіз тартыс>> ойынын,
Бақылап бір көріңіз.
Қай жеңгені - мықтыға,
Жүлде - сыйлық беріңіз.
<<Өгіз тартыс>> ойынында еркін тақырыпта презентация қорғалады. Бұл сайыста топ басшылары бақ сынасады.
1 жүргізуші: Кеңес дәуір тұсында
Асық ойнау мін болған.
Оған дейін бұл ойын
Бабаларға сын болған.
<<Біртабан>> мен <<Үштабан>>
Мергендіктің мектебі.
Қуантады біздерді,
Ойынның бізге жеткені.
Көрермендер сайысы (асық ойыны). Асық ойынына қатысушының мергендігі сыналады. Егер мергендігін көрсете білсе бірден 1 ұпай алып, қалаған тобына береді. Ал мергендігін көрсете білмесе сұрақ беріледі, сұраққа дұрыс жауап берсе ұпай беріледі.
1 жүргізуші Келесі сайысымыз <<Наурыз көже дайындау>> деп аталады.
"Ұлыстың ұлы күнінде"
"Оң болсын, - деп , - ұлысың!"
Төс түйісіп көрісер
Көжедегі ырысың
Көпшілікпен бөлісер.
2 жүргізуші Төс түйісу дегені -
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені -
Тоқшылықтың белгісі.
1 жүргізуші: Сайысты бастамай тұрып өздерің осы наурыз көже туралы қандай мәліметтер білесіңдер? Сайыскерлердің пікірлері тыңдалады.
2 жүргізуші Ал бұл сайыстың шартына келер болсақ наурыз көжеге 7 түрлі дәм қосылса, шарт бойынша 7 түрлі пәннен сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсек наурыз көжеміз дайын деген сөз.
Қазақ тілі
Қазақстан тарихы
Орыс тілі
Математика
Физика
Биология
География
1 жүргізуші <<Информатика наурыз думаны>> сайысымыз өз мәресіне де жетті.
2 жүргізуші Ендігі кезекті әділқазы алқасына береміз. Әділқазы алқасы қорытындысын шығарғанша <<Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй дегендей>>- бір ән тыңдасақ.
Әділқазы алқасының қорытындысы. Марапаттау.
* жүргізуші: Құрметті көрермендер! Сайысымызды тамашалағандарыңызға рахмет.
* жүргізуші: Осымен сайысты біз аяқтайық!
Жеңімпаз тобымызды мадақтайық.
Үйреніп білмегенді осы жолы,
Білімді болудан біз қашпайық!
Құрастырғандар:
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі
информатика пәнінің мұғалімдері
Элмира Бакирбаева
Ақпейіл Курманбаева

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz