8-сынып биология сабағы: Витаминдер - түрлері, маңызы және тағамда сақталуы

«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Кашыгулова А Е

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: . Витаминдер және олардың маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Витаминдердің маңызы және тамақта витаминдердің сақталуы, витаминдерді дұрыс пайдалану туралы, оқушылардың білім қалыптастыру. Дамытушылығы: Тамақтың құрамындағы витаминдер организмнің дұрыс қалыптасуына және организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұруын арттыратынын оқушыларға айта отырып, ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларға адамгершілік, гигиеналық, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Таблицалар, үлестірмелі материалдар, слайттар, электрондық оқулық.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ - жауап.

Пән аралық байланысы: Физиология, медицина.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сабаққа дайындық жүргізу;

ІІ. Ұй тапсырмасын сұрау:

  1. Ауызша сұрақтар беру;
  2. Таратпа материалдар беру:
  • Зат алмасудың маңызы қандай?
  • Ассимиляция деген не?
  • Диссимиляция деген не?
  • Нәруыздың маңызы қандай?
  • Минералды заттардың маңызы?
  • Су мөлшерінің организмде өзгеріп отыруына не әсер етеді?
  • Климаты ыстық шөлді жерде организмнің ішкі орталығының тұрақтылығы қалай сақталады?

3. Биологиялық диктант орындату.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты.

Жоспар:

1. Витаминдер және олардың маңызы.

2. А, В, С, Д, К витаминдері.

3. Тамақта витаминдердің сақталуы.

Витаминдер және олардың маңызы. Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады. Витаминдерді латын алфавитінің бас әріптерімен белгіленіп, физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай 2 топқа бөледі:

1) суда еритіндер (С, Р, РР , және В тобының витаминдері) ;

2) майда еритіндер( А, Д, К, Е )

А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. А витамині жетіспесе, адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині - балық бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т. б. болады.

В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12 . Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдерізат алмасу, көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В 1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ), жүрек ауруына шалдықтырады. В 2 (рибофлавин) жасушаның энергия алмасуын реттейді. Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады. В 6 (пиридоксин) нәруызбен майлар алмасуына қажет. В 12 (цианокобаламин) витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В 15 витамині - жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.

С витамині (аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл витамин организмде жеткілікті болу үшін - көкөніс пен жеміс - жидектерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д витамині (кальциферол) организмде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда - баланың ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендеу керек.

Біздің дәрі -дәрмек шығаратын өндірістеріміз тәтті қабықпен қапталған дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді ауру және сау адамдардың дәрігердің рұқсатынсыз өз бетімен ішуге болмайды. Витаминді дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

К витамині қанның құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл витамин жетіспегенде - жарақаттанған адамның қаны ұйымай, қан көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанда және бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.


Ұқсас жұмыстар
6-сынып биология сабағы: Жемістер - түрлері, құрылысы және маңызы
6-сынып биология сабағы: Жемістердің түрлері, маңызы және оқыту-бағалау тәсілдері
6-сынып биология сабағы: Жемістердің түзілуі, түрлері және жіктелуі
6-сынып биология сабағы: Жемістердің пайда болуы, түрлері және оқыту жоспары
§50 Витаминдер: қызметі, топтары, авитаминоз және гипервитаминоз
9-сынып биология сабағы: Цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістерінің биология, медицина мен ауыл шаруашылықтағы маңызы
7-сынып биология (информатика) сабағы: балықтардың кәсіптік маңызы, негізгі топтары, қорғау және көбейту
Бұлшық еттердің түрлері, құрылысы және физиологиялық маңызы: биология пәні үшін сабақ жоспары
6-сынып: Технология сабағы - Сүт және сүт өнімдерінің тағамдық құндылығы, өңделуі және сақталуы
Биология (8-сынып): Дәрумендер - зат алмасудағы биологиялық рөлі мен денсаулыққа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz