Етістіктен өткенді қайталау

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті Пән мұғалімі : А. Пәрменова
Сыныбы: 6 «А» Мерзімі-
Сабақтың тақырыбы : Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаттары :
Білімдік мақсат - Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау.
Етістік түрлерін ажырата білуге, тіл біліміне танымдық қабілетін
арттыру, талдау жұмыстарын жүргізуге баулу.
Дамытушылық мақсат - Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру,
іздене білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат - Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа,
еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа, туған жерін сүюге баулу.
Сабақтың барысы.
- Етістік дегеніміз не?
- Суреттеңіз
- Салыстырыңыз
- Байланыстырыңыз
- Саралаңыз
- Қолданыңыз
- Талқылаңыз
Етістіктің толқы анықтамасын береді.
Ерекшеліктерін суреттейді.
Басқа сөз таптарымен салыстырады.
Етістіктің құрамын айтады.
Етіс түрлерін айтады
Сөйлемдер құрайды
Тұйық етістіктің емлесін айтады.
Оқушылар мұғаліммен біріге отырып
ассоциация құрайды.
Топтармен жұмыс.
Етістікке 14 тақырып берілген.
1-топ. Мақал-мәтелдер жазу.
2-топ. Жұмбақтар
3-топ. Жаңылтпаштар.
Сол сабақтар бойына жинаған материалдарын оқушылар ортаға салады
Етістікті тауып, мағынасын ашып, сөйлейді.
Топтарға венн диаграммасын құрату
- Дара, күрделі
- Болымды, болымсыз
- Салт, сабақты
1-топ
2-топ
3-топ.
Жеке тапсырмалар беріледі.
- Өлең шығару
- Өтірік өлең
- Әңгіме жазу
- Метаграмма
- Сөзжұмбақ
- Тест жазу
Оқушыларға шағын эссе жазуға тапсырмалар беріледі.
- Мен етістікпін
- Жалқау мен Етістік
- Етістік маған ұнамайды.
Үйде осы бағытта ойланып, эссе жазуға тапсырма беру.
Шағын эссе жазу. Үлгерген оқушылардың эсселерін талқылау.
Ой-пікірлерін білдіру.
Үйден осы тақырып туралы терең
ойлану, эссе жазу.
Өлеңдер.
Бес бақытым.
Бірінші бақытым-анам,
Өмірдегі панам.
Екінші бақытым-Отаным,
Қалайша оны сатамын?
Үшінші бақытым-бауырым,
Күн шуақты қауымым.
Төртінші бақытым-ата-әжем,
Жақсылыққа бастайтын,
Құрт пен айран ұсынып,
Әр сөзімді қостайтын.
Бесінші бақытып-достарым,
Табылатын жанымнан.
Сезініп сыр айтарым,
Биік тұрар арыңнан.
Не жаман?
Біріншіден не жаман-білімсіз болсаң сол жаман.
Екіншіден не жаман-ерегіскен қыз жаман.
Үшіншіден не жаман- үмітің өшсе сол жаман.
Төртіншіден не жаман- темекі шеккен ұл жаман.
Бесіншіден не жаман- бос сөйлесең сол жаман.
Алтыншыдан не жаман- арамды аластамаса сол жаман.
Жетіншіден не жаман-жетесіз болсаң сол жаман.
Сегізіншіден не жаман-сары уайым келсе, сол жаман.
Тоғызыншыдан не жаман-тілін сүймеген сол жаман.
Оныншыдан не жаман-Отанын сатқан, сол жаман.
Орындалмаса мұратың,
Қалмаса жақсы бір атың,
Бәрінен де сол жаман.
Сайдулла Арайлым.
Өлеңдерден етістіктерді және сан есімдерді табады.
Сіңліме.
Мерейім, менің Мерейім,
Мерейлі болсын мерейің.
Мерейлі болсын деп сені,
Мерей деп қойдым мен сені.
Мерейім, менің мерейім,
Үстем болсын мерейің.
Шуағымды төгейін,
Биіктерден көрейін.
Рахман Эльянора.
Көктемде.
Көктем келіп , шуақты,
Аспанда құстар шулайды .
Қураған талға жан бітіп ,
Бүршік жара бастады .
Жер бетіне шөп шығып,
Жасыл кілем жайылды.
Ұйқыға кеткен жануар.
Оянуға дайын ды.
Ойнап жүрген балалар
Жеңіл киім киінген.
Қуанып ата-аналар,
Қарайды түрмен сүйінгенн.
Алғашқы құстар қонып ап ,
Сайрайды әсем салып ән.
Төңірек түгел жадырап,
Ән тыңдайды салып жан.
Әбдіқайым Ұлжалғас.
Өлеңдерден етістіктерді және сын есімдерді табады.
Сөз жұмбақ.
- Қазақстандағы өзен. (Ертіс)
- Етістіктің бір түрі. (етіс)
- Тонның атауы. (ішік)
- Уақытты көрсететін зат. (сағат)
- Ел рәміздерінің бірі. (Ту)
- Септік атауы. (ілік)
- Құс. (көкқұтан)
Сәйпідін Бердібек.
МЕТАГРАММАЛАР.
- Егер К-ден бастасаң,
Мұқиттарда жүзеді.
К-ні алып тастасаң,
Үй күзетіп үреді.
(Кит-ит)
- Егер С-дан бастасаң,
Тіршіліктің көзімін
С-ны алып тастасаң,
Ішіп алып өлемін.
(Су-у)
- Егер Т-дан бастасаң,
Жер бетінің затымын.
Т-ны алып тастасаң,
Жейтін тағам боламын. .
(Тас-ас)
Қалила Марғұлан.
- Егер Б-дан бастасаң
Бас киімің боламын.
Б-ны алып тастасаң,
Жазда пісіп толамын
(Бөрік-өрік)
- Егер Т-дан бастасаң,
Заңғар биік боламын.
Т-на алып тастасаң,
Балықтың бәрін жоямын.
(Тау-ау)
- Егер О-дан бастасаң,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz