Тәртіпке бағын жасыңнан. тәрбие сағаты. 11 сынып

«ТӘРТІПКЕ БАҒЫН ЖАСЫҢНАН . . . »
Тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата - аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу.
Көрнекілігі: Интертақта . Тәрбиелік нақыл сөздер.
- Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті - елдің ұлы.
- Тәртіп - тән үшін,
Ынтымақ - жан үшін керек.
- Тәртіпсіз ел - ел болмас,
Тәртіпке бағынған - құл болмас. (Бауыржан Момышұлы)
- Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық . (Ғабиден Мұстафин)
- Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
Жоспар:
І. «Тәртіпке бағын жасыңнан . . . »
ІІ. «Қызға қырық үйден тыйым»
ІІІ. «Ұлды ұясында баулы!
ІY. Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық!»
- Рефлексия.
Эпиграф: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас - жауы» Әл - Фараби.
А. С. Макареньконың түсінігінде тәртіп - бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі.
Тәртіп туралы мәселені ерік - қайратты, ерлікті, берік мінез - құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп - бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген.
Тәртіпті бала сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш,
Төмендеп басың кетеді - дегендей, оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз - «Тәртіпке бағын жасыңнан . . . » деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой - пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)
«Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен» дегендей, келесі сөз кезегін ата - аналарға, ұстаздарға берейік.
- Баланы еркін тәрбиелеуді қалай түсінесіз? Пайдасы мен зияны. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?
- Қазіргі қоғамдағы кездесіп жатқан келеңсіз жайттардың бала тәрбиесіне әсері бар ма? Онымен қалай күресуге болады? Өз ойларыңызды білдірсеңіздер екен. (пікір тыңдау)
ІІ. Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі - жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық . Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры - тәлім - тәрбие ісінде жатыр.
Екінші бөліміміз «Қызға қырық үйден тыйым».
Қазақ халқы қыз деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, татулықтың белгісі деп таныған. Сондай -ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап отырған. Қызды ар мен абыройдың, адамшылықтың биік көрнісі деп таныған. Ортамызға ұл - қыз тәрбиелеп отырған анамызға сұрақ .
- Қазіргі отбасындағы қыз бала тәрбиесі қандай?
- «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз неліктен айтылған?
- Қыз тәрбиесіндегі басты құралыңыз?
- Қыздарыңызға не үйреттіңіз?
- Қыз баланың тәртібі туралы не айтасыз? (пікір тыңдау)
- Бала тәрбиесіне мұғалім ғана жауапты ма?
Қазіргі кезде ата - ананың сабаққа қатысып, баласының білімін, тәртібін қадағалау жоқтың қасы. Ата - ана баласының болашағын ойламайды деуден аулақпын, бірақ сол болашақ күнделікті сабақтан басталатынын ұмытып кетеді. Тамшы су сияқты күнбе - күнгі сабақ болашақты қалайтынын, содан білім құралып, үздік куәлік, аттестат, грант, диплом деген ұғымдар ұласатынын ата - аналар естен шығарып алады. Күнделікті сабақты қадағаламайды да, әбден мектеп бітірерде қарбаласқа, уайымға салынады. Баланы мектепке даярлау ата - ананың міндеті. Қазіргі ата - ана бірінші кезекте баланың тамағы тоқ болса, киімі ешкімнен кем болмаса деп қана ойлайды. Тіпті балаларының сабақпен емес, агентпен әуре болып отырғанын елегісі келмейді. Өз баласының өздігінен өмір сүруге, өзі тауып, өзі ізденуіне мүмкіндік бермейді, баланың айтқанын орындайды. Бар малын, жиған - тергенін, несие алып болса да сол баланың жолына салады.
Керсінше, оқушылардың сабағын күнделікті қадағалайтын ата - аналардың балалары өте жақсы оқып, жыл сайын мақтау қағаз алады, грант иегері атанып, оқуға түседі.
ІІІ. «Ұлды ұясында баулы» деп қазақ атамыз айтқандай,
- Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
- Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
- Ұл баланы тәрбиелеудегі басты құралыңыз?(пікір тыңдау)
IY. Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық»
Дұрыс тәрбие, сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек өз бойындағы жаман қылықтардан арылу керек. Ендеше осы тренингтің мақсаты - өз бойымыздағы жаман әдеттерімізді өшіріп тастау.
«Біреулер бойында жоқ нәрсені іздеп әуре, біреулер бойында бардың бағасын білмей мас», - деген екен Үмбетбай Уайдин. Сондықтан да бойымыздағы бар жақсылығымызды бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.
Y. Рефлексия.
Тәртіпті, тәрбиелі, өнегелі бала әр ата - ананың өмірінде несі болады екен?
1. Болашағы. 2. Ұрпағы. 3. Арманы. 4. Қамқоршысы. 5. Ардақтысы. 6. Өрісі. 7. Қуанышы. 8. Мақтанышы.
Қорытынды сөз.
Елбасы өз сөзінде»Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz