Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Көксерек. 7 сынып
Мақсаты: «Көксерек» әңгімесі туралы толық мәлімет беру,оқушылардың өзіндік
пікірін дамыту ,сөз қорын байыту,табиғат, қоғам, адам мәселесінің
көтергеніне назар аудару,табиғатқа қиянат жасамауға және қорғауға шақыру.
Барысы
Кітапханашының кіріспе сөзі:Қош келдіңіз құрметті оқырмандар және
қонақтар!Биыл М.Әуезовтың туғанына 115 жыл толып отыр. «Бір ел – бір кітап»
акциясы еліміздің барлық аймақтарында өтіліп жатыр.Осыған орай осы акцияға
М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі иеленген.Әдебиет сабағында сендер
М.Әуезовпен таныстыңдар.М.Әуезовтың өмірімен шығармашылық жолдары мен
білгілеріңіз келсе,сөз кезегін ауылдық кітапханашы Гүлсім апайға берейік.
Слайд «Әлем таныған Әуезов»
Кітап көрмесімен таныстырады.
Кітапханашы:Рахмет,көп мағлұмат өзімізге алдық.Сіздің да кітапханасына
М.Әузовтың кітаптарын алуға келеміз.Солай ма,балалар?!
Кітапханашы:
Теледидар киноларды көрсетеді
Бөріні асырауға жөн сілтеді.
Бір адам асырапты бір қасқырды
Нағыз ыстық дос көңіл дос етеді деп осы өлеңде не жайында айтылған?
Қасқыр туралы қандай әңгіме оқыдыңдар? «Көксерек» әңгімесі бойынша
үзіндісін оқуға 2а сынып оқушысы Куанышкалиева Арузияны шақырамыз.
«Көксерек» әңгімесінен басындағы үзіндісін жатқа айтады
Кітапханашы:Әр шығарманың шығу тарихы болады.М.Әуезовтың жұбайы Валентина
Әуезова «Көксерек» әңгімесін былай еске түсіреді «Бірде мен қабырға
күнтізбесін /1929 жылдың/ сатып алдым.Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің
тұсында ілулі тұратын еді.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар
болатын – қасқыр,түн,қар жамылған меңіреу дала,сонау алыста көз ұшында қар
басқан кішкентай ауылдың отары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан
қасқыр тұр.Міне,сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі
аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсірген болу керек, енді міне, күн
сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек»
әңгімесін жазған болатын».
Кітапханашы:Балалар,әңгіме деген сөздің мағынасы қалай түсінесіңдер?
Тақтада «әңгіме» сөздің мағынасын берілді.Оқушылар оқиды.Осы мағыналардың
ішінде қайсы бізге қатысты.
Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін,қара сөзбен жазылған шағын
көркем шығарма.Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы,тиянақты бір оқиға
айтылады.Онда алдымен адам,оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс.Аса маңызды
деген оқиға суреттелуі керек. Жазушының «Көксерек» әңгімесі – жазушының
таңдаулы шығармаларының бірі. «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп
көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа
әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3).
Мына мәселелерге көңіл бөліңдер:
Қасқырлар мекені, Қараадыр сайының суреттелінуі.Тағылар
тірлігі.
Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық.
Көксерек ауылда. Оның адамдардан көрген жәбірі, жазасы.
Көксерек және Құрмаш. Сәбидің таза көңілі, мейірімі.
Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы. Тағылардың тағылық
істері.
Көксеректің жойқын, дүлей күшке айналуы. Қараадыр еліндегі мазасыздык.
Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
/ Әр сынып «Көксерек» әңгіме бойынша өз суреттерін қорғайды/
Кітапханашы: "Көксеректегі" жазушының сүйіп жазған сөзі — көк. Көк күшіктер
өмірдегі құштарлықтың тұспалына айналды. Көк сөзі қазақта тәңір, аспан,
табиғат, шөп, от, кие, қасиет деген ұғымдардың да синонимі екені белгілі.
Фильмнен үзінді көру.
Кітапханашы:Балалар,жаңа көрген көркем фильмді Қырғыз тауларының
баурайында,Ыстықкөл жағалауында түсірілген.Фильм сценарийін Андрей Михалков-
Кончаловский мен Эдуард Тропинин жазды.Ал қазақ тіліне Әбіш Кекілбаев
аударған.Көркем фильмнің тұсаукесері 1974 жылы 8сәуірде Мәскеу қаласында
өтті.1974 жылы Бакуде өткен бүкілодақтық кинобайқаудың 1-жүлдесіне ие
болып,ал
Құрмаштың рөлін сәтті алып шыққан жас талант иесі Қамбар Уәлиев еді.Құрмаш
рөлі үшін Қамбар Уәлиев «Бала рөлін сомдаған ең үздік актер» деп
танылады.Швейцария қаласында өткен кинобайқауда құрмет грамотысымен
марапатталды.«Көксерек» фильміне хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған
екен.Көксерек болып 2 қасқыр ойнаған,екеуін де Мәскеу қаласынан арнайы
алдырыпты. Көксерек болған – Маша деген ұрғашы қасқыр.
Кітапханашы:Балалар,әңгімемізді табиғатпен бастап едік,табиғатпен
аяқтайық.Жер-бәріміздің ортақ үйіміз.Ол аңға да,адамға да
жетеді.Сыйысып,сыйласып,тату өмір сүрейік.Болашақта еліміздің ертеңін
ойлайтың,табиғатты қорғайтың азамат болып өсіуіне сенім білдіремін!
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!
2а сынып оқушысы Карабалинов Алиханды шақырамыз.
/ «Көксерек» әңгімесінен соңғы үзіндісін мәнерлеп жатқа айтады/
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz