Менің сүйікті ойыншығым

17. 03. 2014ж
Уақыты : 10 10 - 10 25
ІІ -сәбилер «Балапан» тобы
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМ
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Білімділігі: Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге, ойыншықтардың жекеше, көпше атауларын айтуға үйрету .
Дамытушылық : Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту .
Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Әдіс тәсілі : ойын, сұрақ - жауап, жұмбақ .
Пән аралық байланыс : Қоршаған орта, көркем әдебиет .
Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері, машина, доп, бүктеме, қуыршақ, слайт.
Ұйымдастыру кезеңі
1 . Шаттық шеңбері.
2 . Қонақтармен амандасу.
3 . Көтеріңкі көңіл күй.
4 . Ертеңгілік жылы лебіздер
5 . Өткен іс - әрекетті еске түсіру
6 . Жаңа оқу іс - әректімен танысу
7. Жыл мезгілдерін сұрау.
8 . Сурет бойынша жұмыс
9. Сұрақ - жауап
10. Жұмбақтар
11 . Дидактикалық ойын « Жалғасын тап »
12 . Р . Тышқанбаевтың « Қуыршақ » өлеңін оқып беру
13. ойын : « Ғажайып қорапша! »
14. Сергіту жаттығуы .
15 . Мазмұнды - рольді ойын : « Ойыншықтар дүкені »
16 . Шығармашылық жұмыс
17 . Қорытынды
18 . Қонақтармен қоштасу .
Балаларды ұйымдастыру .
Тәрбиеші; Қайырлы таң балалар !
-Балалар, бүгін ерекше күн .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық .
Балалар; Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Тәрбиеші; Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар; шаттық шеңберге тұрады .
Бәрі бірге қосылып айтады .
Шаттық шеңбері;
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Тәрбиеші; - Балалар өткен оқу іс- әрекетті еске түсірейікші .
Өткен оқу іс- әрекетте біз « Қысқы киімдер » тақырыбын өткенбіз.
Қысқы киімдерге тоқталып, балалардан сұрау .
Балалар бүгінгі жаңа оқу іс- әрекетіміз «Қатынас» білім саласы, тіл
дамытудан «Менің сүйікті ойыншығым » тақырыбын өтеміз.
-Балалар қазір қандай мезгіл ?
Балалар; көктем мезгілі.
Тәрбиеші ; дұрыс айтасыңдар !
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар : үш ай бар . Наурыз, сәуір, мамыр .
Тәрбиеші ; жарайсыңдар балалар !
Сұрақ - жауап ; Сүйікті ойыншықтарың бар ма ?
-Қандай ойыншықтарың бар ? --Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар; жауап береді.
Тәрбиеші ; Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар ; Олар - ойыншықтар .
Тәрбиеші ; Ойыншықтармен не істейді?
Балалар ; Ойыншықтармен ойнайды .
Тәрбиеші ; Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар . Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар; доп. Тәрбиеші; доптың пішіні, түсі қандай ?
Балалар ; жауап береді .
Тәрбиеші ; Доптың қимылы қандай ? - Қане бәріміз допша секірейікші ? Кім доп туралы тақпақ біледі ? Балалар; Топ -топ добым домалақ,
Қайда кеттің домалап .
Бір, екі деп екі ұрдым, Шатырға сен секірдің .
Тәрбиеші; Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; қуыршақпен .
Тәрбиеші ; -Дұрыс айтасыңдар . Қуыршақпен . Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен . Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?
-Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді ?
-Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; машинамен ойнайды .
Тәрбиеші ; Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі ?
Балалар ; Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын .
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын .
Тәрбиеші ; Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді .
- Матадан жасалған .
- Пластмассадан .
- Резинадан жасалған ойыншықтар . Сипаттама беру .
ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;
- Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді .
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді . ( қуыршақ )
- Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды . ( доп )
Дидактикалық ойын ; « Жалғасын тап » .
Ойын шарты ; Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалараяқтайды .
-Менің ойыншығым . . . . . . . . . . . . . / әдемі /.
-Мен қуыршақпен . . . . . . . . . . . . . . . . / ойнаймын/ .
-Допты жоғары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . / лақтырдым / .
Р . Тышқанбаевтың «Қуыршақ » өлеңін оқып беру .
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқ па, қуыршақ ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірің жоқ па, қуыршақ ?
Аяғың бар, сен неге,
Жүре алмайсың, қуыршақ ?
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Аңқаусың ба, қуыршақ ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ ?
Сергіту сәті ;
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz