Қмж. механикалық энергия. механикалық энергияның сақталу заңы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ, физика пәні мұғалімі

Шарапатдинова Мирихан

Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
Сабақтың тақырыбы
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.
Сабақтың тақырыбы: Сілтеме
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.: Электрондық оқулықтан, слайдтан тапсырма көздері, ресурстар.
Сабақтың тақырыбы: Жалпы мақсаттар
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, бір механикалық энергия түрінің екінші түріне айналуын қарастыру, ғылыми көзқарасты қалыптастыру. Толық механикалық энергияның сақталу заңы механикалық қозғалыстың жоғалуының мүмкін еместігін білдіретіндігін атап көрсету. Білімдерін одан әрі дамыту және тереңдету, видеороликті пайдалану арқылы тақырыпты ашу, диалогтік оқытуды қолдану арқылы, еркін құлаушы дененің механикалық энергиясының тұрақтылығының дәлелі, механикада орындалмайтын болып көрінетін энергияның сақталу заңы туралы түсінігінің толығып отыруы, яғни сыни тұрғыдан ойлауды басшылыққа ала отырып білімін кеңейту, дәлелді мәліметтер негізінде өрістету, қабілетті оқушыны табу; ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау.
Сабақтың тақырыбы: Оқыту нәтижесі
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.: Тақырып мақсатын түсінеді. Ойы толығады. Күнделікті өміріміздегі және техникадағы маңыздылығына көз жеткізеді. Әрекетті сыни бағалауды үйренеді, пікірлерін айта алады, өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді, басқа топтардың жауаптарын тыңдайды.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі идеялар
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.: Денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы толық механикалық энергия. Дененің ауасыз кеңістікте құлауы кезінде механикалық энергияның тұрақтылығының дәлелі. Толық механикалық энергияның сақталу заңы механикалық қозғалыстың жоғалуының мүмкін еместігін білдіретіндігін атап көрсету.
Сабақтың тақырыбы: Тапсырмалар
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.:

1-тапсырма. Топқа бөлу. (Жыл мезгілдерін алып сыныпты 4 топқа бөлу. ) (5 мин)

2-тапсырма. Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері қалай меңгергендігіне байланысты ой-қозғау сұрақтарын беру, диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу.

/7мин/

Жаңа сабақты ашу үшін электрондық оқулықтан көрініс. (5 мин)

3-тапсырма. (Тапсырмалар жазылған ресурстар таратамын) (8 мин)

1 топ.

Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?( постермен қорғату)

2 топ.

Механикалық энергия өзгерістерінің қандай мағынасы бар?( постермен қорғату)

3 топ.

Механикалық энергияның сақталу заңы?

(постермен қорғату )

4 топ.

Үйкеліс күші бар болса, механикалық энергия сақтала ма? (постермен қорғату )

4-тапсырма. Есептер шығару. (33 жаттығу. 10 мин)

1 топ.

Массасы 10г оқ 800м/с жылдамдықпен ағашқа тиеді де 10см тереңдікте тоқтайды. Ағаштың кедергі күшін тұрақты деп есептеп, оның шамасын табу керек.

2 топ.

Массасы 100т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200м/с болады. Оның Жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

қайсысы жақсы тоңазытқыш бола алады?

3 топ. Неліктен суық аймақтарда ауа температурасын өлшеу үшін сынап емес спиртті термометрді пайдаланады?/8 мин/

3 топ.

Массасы 5т жер серігін 100км биіктікке 8км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шығындалады? Жер серігінің орбитадағы механикалық энергиясы неге тең?

4 топ.

Массасы 9г оқ қалыңдығы 5см тақтайға 600м/с жылдамдықпен соғылып, 200м/сжылдамдықпен тесіп өтеді . Оның кинетикалық энергиясын, істеген жұмысын және тақтайдың кедергі күшін анықтаңдар. Кедергі күші өзгермейді деп алыңдар.

5-тапсырма. Топтастыру стратегиясы бойынша тапсырма орындау. (5 мин)

1 топ

"Энергия"

2 топ

"Механикалық энергия"

3 топ.

"Кинетикалық энергия"

6- тапсырма

"Потенциалдық энергия"

Сергіту сәті. (2 мин)

Сабақтың тақырыбы: Кейінгі тапсырмалар
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.: Күш моменті Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар.
Сабақтың тақырыбы:

Бағалау.

Кері байланыс

Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.: Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау(3 мин)
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.: Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды
Мұғалімнің жазбалары
Тренердің жазбалары
Мұғалімнің жазбалары:

1-тапсырма. АКТ интертақтасында видеосуреттер көрсетіледі. Ауа райының жылынуынан қардың, өзен-көлдердегі сулардың еруі, мұз айдыны, шәйнектегі судың буланып жатырған көрінісі көрсетіледі.

Мұғалім:

-Оқушылар, видеосуретте не көрсетілді? Қандай көріністі, құбылысты көрдіңіздер? -деген сұрақ қойылғанда

Айдана:

-Күннің жылынып жатқанын, қардың еріп жатқанын көрдік.

Нұрдәулет:

-Мұзды, суды, буды көрдік.

Асима:

-Қарды, еріп жатқан өзенді көрдік. -деді.

Салтанат:

-Пештердегі металдардың еруін

Азамат:

-Металдарды құйып, әртүрлі заттарды жасап жатқандығын

Мұғалім:

-Осы жерде су компонентінің неше агрегаттық күйін көре алдыңдар?

Иә, сен не деп ойлайсың, Айзада?

-Мұз, су, бу, яғни, заттың үш күйі

Мұғалім:

-Неліктен олар бір күйден екінші күйге өтіп жатыр? Ия, Батухан

Батухан:

-Ауа райы жылынғандықтан

Мұғалім:

-Яғни, иә Айдана?

Айдана:

-Ауа температурасы көтеріліп жатқандықтан

Мұғалім:

-Өте жақсы, Айдана. Мұғалім:

-Бүгінгі тақырыбымыз, өздеріңіз көріп-айтқаныңыздай «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы».

2-тапсырма. Біреулеріне сұйықтың аты жазылған, біреулеріне қатты дененің аты жазылған, кейбіреулеріне газдардың аты жазылған парақшалар жасырылып, оқушыларға суыртылады. Мысалы: су, сүт, май т. б. «сұйықтық» тобына, темір, ағаш т. б. «қатты дене тобына», бу, ауа, метан т. б. «газ тәрізді тобына» бөлінеді.

3-тапсырма.

Заттардың агрегаттық күйлері болып үш топқа, яғни, 1 топ «Сұйықтық», 2 топ «Газ тәрізді», 3 топ «Қатты дене» болып бөлінді және осы күйлердің қасиеттерін, балқу температурасын әр топ постер арқылы қорғады.

1 топ. «Сұйықтық» тобына сұйықтықтың молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғау тапсырмасы берілген болатын. Топ атынан Саламат:

-Сұйықтың молекулалары газдарға қарағанда бір-біріне жақынырақ жайласады. Молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы тартылыс күшінен әлсізірек, сұйықтық пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды, табиғатта сұйық, қатты күйде, газ күйлерінде кездесуі мүмкін-деді.

2 топ. «Газ тәрізді» тобына газ тәрізді заттың агрегаттық күйлерінің молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғау тапсырмасы берілген болатын. Топ атынан Айзада:

-Газ молекулаларының жайласуы өте сирек, олардың ара қашықтығы, молекулалардың өздерінің өлшемдерінен анағұрлым үлкен болғандықтан тартылыс күші аз. Газдар пішінін де, көлемін де сақтамайды-деді.

3 топ. «Қатты дене» тобына қатты денелердің молекулалық құрылысын, балқу және қатаю температурасын, қасиеттерін постермен қорғау тапсырылды. Топ атынан Нұрдәулет:

-Қатты денелер пішінін де, көлемін де қатаң сақтайды, атомдары мен молекулалары тығыз жайласады, табиғатта көбінесе қатты күйінде кездеседі, сұйық күйге айналдыру үшін жоғары температура беру керек, мысалы, металдарды заводтарда балқыту үшін жоғары температура беру керек.

4-тапсырма. Жаттығу және тапсырмалар.

1 топқа- Су, мұз, немесе су буының массалары бірдей болса, олардың қайсысының ішкі энергиясы ең көп болады?-деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа Айдана жауап берді.

-Су, мұз немесе су буының массалары бірдей болғанымен температуралары әртүрлі болады, температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы артады немесе су буының ішкі энергиясы жоғары, судыкі одан төмен, ал мұздыкі судыкінен төмен болады.

2 топқа-Бірдей температурада қатқан мұз бен қардың қайсысы жақсы тоңазытқыш бола алады?- деген сқрақ қойылып еді, бұл сұраққа Батухан былай жауап берді.

-Мұз да, қар да жақсы тоңазытқыш болады- деді. Бұл сұрақтың жауабын 3-топтағылар «дұрыс емес» деп, осы топтағы Нұрдәулет:


Ұқсас жұмыстар
Механикалық энергияның сақталу заңы
Энергияның сақталу заңы
Энергия
Механикалық знергия. механикалық знергияның сақталу заңы
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы. 9 cынып
Шеберхана кезеңдерін қолдану
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергияның сақталу қасиеті
Потенциалдық энергия
Энергияның формуласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz