Қмж. булану және конденсация

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ, физика пәні мұғалімі
Шарапатдинова Мирихан
1-тапсырма. Топтарға бөлу.
Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін постерге салу /5мин/
2-тапсырма. Видеосуреттерді көру арқылы ой қозғау /3мин/
Видеокөріністен көрген физикалық құбылыстарын диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу. Ситуациялық сұрақтарды талдау.
1 топ. «үш күй» тобы
Булану қалай жүреді?
2 топ. «температура» тобы
Булану қарқындылығы қашан артады?
3 топ. «диффузия» тобы
Конденсациялану дегеніміз не?
4 топ. «жылу» тобы
Конденсация қалай жүреді?
/10 мин/
3-тапсырма.
Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығу және есептер орындау.
1 топ.
Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды?
2 топ. Бір ыдыста қайнаған су бар, екінші ыдыста сондай мөлшерде салқын су бар. Олар булана ма?
3 топ. Ыстық су құйылған ыдыстың біреуі ашық, екіншісі жабық тұр. Қандай процесс байқалып тұр?
4 топ. Ыстық күнде шыққан тер денені салқындатады. Неліктен?
/10 мин/
4-тапсырма.
Эксперименттік тапсырма орындау.
1 топ. Спирт, су және майдың қайсысы тез буланады? Неліктен?
2 топ. Стақан мен табақшада теңдей мөлшерде су бар. Қайсысында су тезірек буланады? Неліктен?
3 топ. Бірдей ыдыста теңдей мөлшердебензин, су, май құйылған. Бірнеше күннен кейін бензиннің қалмағанын, судың жартылай буланғанын, майдың айтарлықтай өзгермегендігін көреміз. Неліктен?
4 топ. Жаңбырдан қалған шалшық су қашан тез кебеді? Неліктен?
/5мин/
5-тапсырма
Эйлер-Венн дөңгелегін салу.
/2 мин/.
Кері байланыс
Қорытынды
Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды
1-тапсырма. Топтарға бөлу.
Ортаға шығарып диффузия құбылысының көрінісін салу немесе араласу. «Төрт атомнан бірігіп бір молекула бірігіңдер»-дегенде төрт адам бірігіп қатып қалу керек. Төрт адамнан төрт молекула болып бірікті және
өтілген тақырыпты пысықтау, жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты топтарына ат қойып, ой-пікірлерін постерге салды.
1 топ Айдана:
-Өздерімізге «үш күй» деп ат қойдық. Заттың агрегаттық үш күйі бар: қатты, сұйық және газ күйі. Заттар табиғатта әр түрлі күйде кездесуі мүмкін.
2 топ. Нұрдәулет:
-Өздерімізге «температура» деп ат қойдық. Температура-жылулықты сипаттайтын физикалық шама. Температураны Цельсий және Кельвин шкаласында өлшейді.
3 топ Айзада:
-Өздерімізге «Диффузия» деп ат қойдық. Диффузия дегеніміз зат молекулалары және атомдарының өздігінен араласуы, енуі.
4 топ. Саламат:
-Тобымызға «жылу» деп ат қойдық. Жылу сөзінің мағынасы кең. Мыс: күннің жылуы,
оттың жылыуы, ананың жылуы, алақанның жылуы т. б. жылудың мағынасын физикада жылу құбылыстары тарауында үйрендік. Жылу берілудің үш түрі бар екендігін білеміз, олар: жылуөткізгіштік, конвекция және сәулелену.
2-тапсырма. Видеосуреттерді көру арқылы ой қозғау . Видеокөріністен көрген физикалық құбылыстарын диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу. Ситуациялық сұрақтарды талдау.
Мұғалім:
-Оқушылар видеороликте қандай құбылысты көрдіңіздер?-деген сұрақ қойылғанда
Айдана:
-Күннің жылынып жатқанын, қардың еріп жатқанын көрдік.
Нұрдәулет:
-Судың буланып, будың қайта жаңбыр, қар түрінде түсуін көрдік.
Асима:
-Қарды, еріп жатқан өзендің буланып жатқанын көрдік. -деді.
Азамат:
-Жаңбырды, қарды, тұманды көрдік.
Мереке:
-Шықты көрдік.
- Мұғалім:
- Бүгінгі тақырыбымыз, өздеріңіз көріп- айтқаныңыздай «Булану және конденсация».
Булануды және конденсацияны тереңірек зерттейік:«үш күй» тобына
Булану қалай жүреді?
«температура» тобына
Булану қарқындылығы қашан артады?
«диффузия» тобына
Конденсациялану дегеніміз не?
«жылу» тобына
Конденсация қалай жүреді?-деген сұрақтар берілді.
1 топ «Үш күй» тобынан Салтанат
-Булану дегеніміз сұйық күйден газ күйіне өту құбылысы
Булану ауа температурасы көтерілгенде болады.
Мұғалім:
-Ауа температурасы көтерілсе булану болады-деген пікірге қосатындарыңыз бар ма?
3 топтағы Азамат:
-Иә, солай болады.
4 топтағы Саламат:
-Онда салқын су булана ма? Олай емес, су ыстық болса буланады.
3 топтағы Айзада
-Ыстық шайдың буы көрініп тұрады ғой, су қайнаса буланады.
2 топтағы Нұрдәулет:
-Тек қайнаса буланбайды, онда неге теңіздерде, өзендерде сулар буланып жатыр, онда су температурасы ауа температурасынан жоғары болғанда буланады. -деді.
Мұғалім:
-Иә, өте жақсы, солай етіп, булану процессі сұйық температурасы ауа температурасына жоғары болғанда жүреді екен.
2 топ. «температура» тобынан Нұрдәулет:
-Булану қарқындылығы сұйық температурасы жоғары болғанда артады.
Мұғалім:
-Тағы
-Айдана 1 топтан:
-Ыдыстың беті кең болғанда
Мұғалім:
-Немесе, ыдыс бетінің ауданы үлкен болғанда
3 топ. «диффузия» тобынан Азамат:
-Газ күйден сұйық күйге айналу, немесе жаңбыр, қар болып қайта түсу.
4 топ. «жылу» тобы Асқар:
Конденсация ауа салқындағанда жүреді, қар, жаңбыр, шық түседі, яғни, буланған сұйық газ күйден сұйық күйге қайта айналады.
3-тапсырма.
Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығу және есептер орындау.
1 топ.
Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды? Айдана:
-Себебі, сұйық бетіндегі буланып жатырған молекулаларды жел ұшырып кетеді.
2 топ. Бір ыдыста қайнаған су бар, екінші ыдыста сондай мөлшерде салқын су бар. Олар булана ма? Мереке:
-Иә, бірақ ыстық су тез буланады, салқын судың температурасына байланысты.
3 топ. Ыстық су құйылған ыдыстың біреуі ашық, екіншісі жабық тұр. Қандай процесс байқалып тұр? Сали:
-Біреуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz