Қмж. қаныққан және қанықпаған бу

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ, физика пәні мұғалімі
Шарапатдинова Мирихан
8 «Г» сыныбына арналған физика пәнінен қысқа мерзімді жоспары
1-тапсырма. Топтарға бөлу.
Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін постерге салу /5мин/
2-тапсырма. Тәжірибе көру арқылы ой қозғау.
1 топ. Қаныққан будың қасиеттерін анықтаңдар.
2 топ. Қанықпаған будың қасиеттерін анықтаңдар.
3 топ. Қоршаған ортаның булануы және конденсациялануы процестерінің мағынасын түсіндіріңдер.
4 топ. Адамзат үшін судың маңызын түсіндіріңдер.
/20 мин/
3-тапсырма.
Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығуларын орындау.
1 топ. Ауадағы су буы қаныққан жағдайда қандай физикалық құбылыс байқалады?
2 топ. Неліктен шық түседі?
3 топ. Ауа ыстық кезде неге жапырақтар салқын тартып тұрады?
4 топ. Неге теңізге, көлге немесе мұхитқа жақын аймақтардың климаты жайлы келеді?
/15 мин/
4-тапсырма.
Суретпен жұмыс жасау. Оқулықтағы 47-суреттен пайдаланып,
1 топ. Тропосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.
2 топ. Стратосферақабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.
3 топ. Мезосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.
4 топ. Термосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.
/5 мин/
5-тапсырма
Эйлер-Венн дөңгелегін салу.
/2 мин/.
Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру.
Тақырыпты, қосымша әдебиеттерден пайдаланып мәліметтер жинау.
1-тапсырма. Топтарға бөлу. Суреттің бөліктерін жинау арқылы топтарға бөлінді. Мысалы «су» суретін құрастырғандар «су» тобы, «жер» суретін құрастырғандар «жер» тобы, аспанды құрастырғандар «ауа» тобы, қандай-да денені құрастырғандар «дене» тобы болып бөлінді.
Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне, тобының атына байланысты пікірлерін постерге салды.
2-тапсырма. Тәжірибе көру арқылы ой қозғау. Қайнаған су стақанға құйылып, бетіне тегіс пластина қақпақ жабылды.
1 топ. Қаныққан будың қасиеттерін анықтаңдар.
2 топ. Қанықпаған будың қасиеттерін анықтаңдар.
3 топ. Қоршаған ортаның булануы және конденсациялануы процестерінің мағынасын түсіндіріңдер.
4 топ. Адамзат үшін судың маңызын түсіндіріңдер.
1 топ. Азамат:
-Жабық ыдыста буланған бу қаныққан бу деп аталады, уақыттың өтуімен булану тоқтайды.
2 топ. Айдана:
-Қанықпаған буға ашық ыдыстағы булану процессі мысал болады. Табиғаттағы судың булануы қанықпаған бу болады.
3 топ. Саламат:
-Қоршаған ортаның булануы қанықпаған буға мысал бола алады, буланған су буы ауда конденсацияланып қайта жаңбыр, қар болып түседі.
4 топ: Нұрдәулет:
-Адамзат үшін судың маңызы зор, сусыз тіршілік жоқ, ал булану және конденсациялану табиғи процесс, бұл ауа райының өзгеруіне ықпал жасайды, яғни, ауа райы да адам үшін өте маңызды.
3-тапсырма.
Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығуларын орындау.
1 топ. Ауадағы су буы қаныққан жағдайда қандай физикалық құбылыс байқалады? Асима:
-Жаңбыр, қар, шық түседі.
2 топ. Неліктен шық түседі? Мереке:
-Ауа райының күрт өзгеруі, күні боцы буланған су буы түн салқындығынан конденсацияланып шық болады.
3 топ. Ауа ыстық кезде неге жапырақтар салқын тартып тұрады? Асқар:
-Буланғанда зат энергиясы жұтылады.
4 топ. Неге теңізге, көлге немесе мұхитқа жақын аймақтардың климаты жайлы келеді? Нұрдәулет:
-Себебі, су буланып жақын аймақтарды ылғалдылығы сақталады, сондықтан жайлы келеді.
4-тапсырма.
Суретпен жұмыс жасау. Оқулықтағы 47-суреттен пайдаланып,
- топ. Тропосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар. Сали:
-Тропосфера ең төменгі ауа қабаты, оның биіктігі 20 км-ге жуық, атмосфераның 90%-ы жинақталған, тығыздығы 1000-100 кг/м 3 , қысымы 10, 13 Па-0, 124 Па
- топ. Стратосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар. Ерлан:
-25-55 км-ге жуық биіктігі, 10-0, 1 кг/м 3 тығыздығы, 0, 124Па- 0, 0025 Па қысымы
3 топ. Мезосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар. Айзада:
-Биіктігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz