Қазақ тілі. етістік. 3-сынып

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін еске түсіру, қайталау.
Дамытушылық:Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы етістік туралы берілген білімді еске түсіру
Сабақтың түрі:Қайталау сабағы
Сабақтың өткізу әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс:Математика, ана тілі, дүниетану.
Қолданылатын стратегиялар:Топтастыру, түртіп алу,, болжау, 5 жолды өлең, рафт, Венн диаграммасы т. б.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, ребустар, фигуралар т. б.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту кезеңі:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі жарық мейірімді,
Болып кетер дереу сонда жан-жағым.
3) Өткен сабақты бекіту
Жаңа сабақ
Миға шабуыл: 1) Сөз табы деген не? 2) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ. Өйткені жұмыс түрлері өте көп. Сондықтан сіздерден жұмыла, белсенді жұмысқа кірісулеріңізді сұраймын.
-Үстел үстінде 3 түрлі фигура қиындылары бар. Әркім өзіне ұнағанын таңдап алады.
-Бұлар қандай фигуралар?
-Геометриялық фигуралар
-Мінеки, фигуралар арқылы жаңа жұмыс тобын құрдық. Осы топтар бойынша жұмыс жүргізіледі.
-Ал енді бәріміз тақтадағы ребусқа қараймыз. Ребусты шешіп көрейік.
Екі етіктің суреті және ортасында «С» әрпі бар ребус. Шешуі:Етістік.
ІІ. Мағынаны тану кезеңі:
Онда етістік туралы жалпы не білетініміз туралы топтастыру жасау.
Анықтамасы
Жасалуы Дара
Болымды Күрделі
Болымсыз Туынды
Негізгі
380 -жаттығу
Түртіп алу стратегиясы бойынша мәтін таратылып, жұмыс жүргізіледі.
- білмеймін
Сөздікпен жұмыс :Месопатамия-Кіші Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің елі; шық себет-қол өнермен жасалған корзина; қыш кітап-керамика, яғни балшық, құм, жер құрамын суға езіп, арнайы қалыпқа салып, оған деректер жазып, кептіріп, отқа қақтайды.
381-жаттығу
Жұмбақты шешіп, оны жатқа жазу
1-топқа :жұмбақты тақтаға жазып, етістіктің астын сызу, сұрақ қою.
ІІ-топқа : етістіктің дара немесе күрделі екенін анықтау.
ІІІ-топқа :дара етістікті күрделі етістікке айналдыру.
382-жаттығу Сурет ілінеді.
-Келесі тапсырма не туралы екенін анықтау.
Кодоскоптан мәтіннің үш бөлігі оқылып, үг болжау сұрағы қойылады.
-Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?
-Әрі қарай не болды?
-Ал сендер өздерің автордың орнында болсаңдар не істер едіңдер?Оқиғаны қалай аяқтар едіңдер?
383жаттығу. І топқа:дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлем құрау; ІІ топқа:мына сөздер қай сөз табы?Осы сөздерден етістік жасап, сөйлем құрау; ІІІ топқа:Мына берілген сөздер қай сөз табы?Осы сөздерден етістік жасапсөйлем құрау
ІІІ . Ой толғаныс кезеңі:
Ітопқа382-жаттығудағы Шанаға 5 жолды өлең құрастыру
ІІ топқа Зат есім мен етістікті салыстыру Венн диағграммасы арқылы салыстыру
ІІІ топқа «Етістікті дұрыс меңгер!»тақырыбында рафт құрастыру.
Бағалау
Үйге тапсырма :Көркем әдебиеттен болымды және болымсыз етістіктерге 3-4 сөйлем жазып, етістіктерді сөйлем құрамына талдау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz