Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
№41 жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы: «Бастауышым-Балбұлағым»
4 «а» класс жетекшісі:
Добрашева К.Ә
2009-2010 оқу жыл
Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің
кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын
арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын,
ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының,
Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту.
Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра
отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта
отырып, сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілігі: жазылған сөздер:
«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.
«Бастауышым –бастамам» - көрме тақырыбы.
«Білім кілті – бастауышта» - газет,бүктеме тақырыбы.
«Өнерлі бала -сүйкімді» - көрме тақырыбы.
«Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.»
«Оқусыз – білім жоқ,
Білімсіз – күнің жоқ»
«Оқу- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.»
«Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген
Табиғаттану сабағы»- деген жазумен табиғаттанудан жасаған
балалардың гербарийлері, табиғат тамашаларынан жинаған заттары.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!
Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына
жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар
осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай
балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты
білім алып, аяқтап,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын»
деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.
Сахнада: Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» ән күй табақта
ойналып «Бастаушылар» тақпағы кезінде ақырын естіліп барып тоқтатылады.
1-бастаушы:Армысыздар,мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен
құдық қазғандар.Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.Өмір деген үлкен жолда
тарландар.
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал
құлақ.
Кеше сәби,бүгін міне, жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2- бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне,бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!
Хормен:Мектеп – кеме,Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
3-оқушы:
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3-оқушы:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
4-оқушы:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
5-оқушы:
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
Ән (хормен) «Ұстазым».
6-оқушы.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті .
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің,-біліммен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еі бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Бастаушы
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл
бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті,
білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың
алғыс айтып, басымызды иеміз. (Ата салты бойынша бас ию үлгісін көрсету.
Ән. (жеке) «Жарқын жүзді ұстазым».
Бастаушы: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен:
Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата-ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.
Ән (хормен) «Балдырғандар»
Бастаушы:
Ұстаздар жаққан шырақты
Өшірмейік, балалар.
Бәрін-бәрін білесің
Оқи берсең кітапты, - дей келе ана тілінен оқыған «Зерделі» әңгімесінен
сынып балаларының көрінісін тамашалаңыздар.
Бастаушы: Баллар, бәріңді «Зерделі көңілдерің сәулелі» болуға шақырамын.
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны Математика пәнінен жүз бір жұмбақ
«Логикалық есептер».
Ән (жеке) «Мейірбан ұстаздар» сөзі Қ.Жұмағалиевтікі, әні И.Нүсіпбаевтікі
Оқушы:
Бастауышым-бастамам
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам.
Бастаушы: Сынып суретшілері мен қол өнер шеберлерінің еңбектерімен таныс
болыңыздар. Әр оқушы «Бастауышым-бастамам» атты көрмеге дайындаған еңбегін
өзі таныстырып өтеді.
Бастаушы:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.
Бастаушы:
Шәкірттердің тыңдап жауап сұраған
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан- мұғалім.
Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы – сара жол
Ізденіңдер, талмаңдар.
Оқушыларға гүл мен суреттерін тапсыру.
Хормен:
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Ән (хормен). «Бастауышым-балбұлағым» (сөзі Гүлназ Жанғозинанікі, әні Мақсат
Жетпісбаевтікі)
Бастаушым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырам.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz