Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Кітап – біздің досымыз жайлы ақпарат
№41 жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы: «Кітап – біздің досымыз»
4 «а» класс жетекшісі:
Добрашева К.Ә
2009-2010 оқу жыл
Сабақтың тақырыбы «Кітап – біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға
баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Кіріспе сөз
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін – деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар
мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітапты оқи отырып,
адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен
адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық
іс істеуге құштарландыратын осы құрал – кітап.
Кітап білімімізді молайтады. Кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер
аламыз. Оқыған тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар деп халық бекер айтпаған.
Ендеше кітап біздің рухани байлығымыз.
|Кітап |
|Көп еңбекті |Фабрика |Ағашты |Ормананнан |Баспахана |Авторлар |
|қажет етеді |қағазды қағаз|фабрикаға |аға кеседі |жазулар мен |жазады, сурет|
| |қылып |апарады | |суреттерді |салады. |
| |шығарады. | | |басып | |
| | | | |шығарады. | |
| Кітапты |
|бүктеуге |бүлдіруге |жыртуға болмады |
1. Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін
Білмейсің –ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін.
2. Оқулығың құралың
Жағар білім шырағын
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым
3. Оқулықты құрметте
Күтіп ұста кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.
4. Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Ақыл ой, қазынасы , өмір көркі.
5. Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің
6. Кітап – адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді
сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке
баулиды. Кітап – жаман әдеттен аулақ болуға үндейді.
7. Кітап ұстау ережесі:
1. Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым
білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы
болатын ақылшы екенін түсіну керек.
2. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек. Ол үшін
күнде кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарла.
3. Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар
бойынша оқуға дағдылан.
4. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітапты үлкен ой
еңбегімен оқу керек.
5. Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айта білуге керекті
сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттен.
6. Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молайып, сөйлемдерің мәнді де
өткір, ойлау қабілетің терең болады.
7. Кітаптағы түсініксіз жерлерді қайта-қайта бірнеше рет ойланып,
талдау жасап оқып, оның қиындығын жеңетін бол.
8. Кітаппен қоса Республикалық балаларға арналған басылымдарға «ерке»
журналы, «Ұлан» газеті, «Балдырған» т.б. журналдарға жазылып,
біліміңді көтер.
9. Кітап – адал пейіл, асыл дос. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім
Қорыту: Кітап – қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы.
Кітап – білім бұлағы.
Бөбектерім оқы, ойна,
Оқу-білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені, қастерле,
Бар білімді мен егемін санаңа.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz