Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
Ашық сабақтың тақырыбы:
Қазақ тілін зерттеген
ғалымдар
Өткізген мұғалім:
Асқарова Б.Қ.
2009-2010
Тақырып: Қазақ тілін зерттеген ғалымдар
Мақсаты:
1. Білімдік: Қазақ тілін зерттеген ғалымдар жайлы түсінік беру; тақырып
бойынша өтілген сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс пайдалана
білуге үйрету. Шығармашылық ізденіске баули отырып сөйлеу мәдиниетін,
тапқырлық қасиеттерін қалыптастару.
2. Дамытушылық: Оқушының тілін, ой-өрісін дамыту, әңгімелеу дағдысын
жетілдіре отырып мәнерлеп, байланастырып сөйлеуін дамыту. Танымдық
деңгейін көтеру,ойлау, белсенділігін, сөз қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Ғылымдардың өнегісі арқылы білімді, іздемпаз, дарынды болуға,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Өз заманымыздың озық ойлы өрісті, мәдениетті
азаматтарын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.
Сабақтың өту әдісі: аударма, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тыңдалым,
көрнекілік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, үн таспа, сурет, интерактивті тақта,
үлестірмелі кағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
-Амансыңдар ма?! Сіздерге жақсы көңіл-күй, сәттілік тілеймін.
2. Гимнді орындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпты III топқа бөлу:
I. Араб алфавиті. қазақ халқының өмірінде осы
алфавит қаншалықты
маңызды роль атқарғалын айтып кету керек.
II. Латын алфавиті.
III. Орыс алфавиті.
Әр топ осы тақырып бойынша әңгімелеп кету керек.
Ана тілі туралы қандай мақал-мәтелдерді білетіндерін тексеру.
III. Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Оқушылардың назарын сабаққа айдару. Бүгін біз сабақта қазақ тілін
зерттеген ғалымдармен танысамыз.
Интерактивті тақтада сызба жазылып тұрады.
|Қазақ тілін зерттеген ғалымдар |
|Василий |Василий |Нығмет Тінәліұлы |Ғұбайдолла |
|Васильевич |Владимирович |Сауранбаев |Айдаров |
|Радлов (1837- |Бартольд |(1910-1958) |(1921 ж. туған) |
|1918) |(1869-1930) | | |
|Белгілі |Академик, |Қазақ тілі білімінің |Ғалым, филология|
|түрколог, |шығыстану |негізін |ғылымның |
|Шығысты |ғылымның аса |салушыларды бірі, түрколог,|докторы. |
|зерттеуші |көрнекті |филология ғылымның докторы,| |
|ғалым |өкілі. Белгілі |профессор | |
| |тарихшы | | |
Осы ғалымдар тіл білімінің көрнекті өкілдері өз өмірлерін қазақ тілін
зерттеуге арнап, тіл білімі саласында құнды мұра қалдырып кетті. Ендеше
бүгін біз солардың бірі әлемге түрколог Радлов Василий Васильевичпен
танысамыз. Үнтаспа тыңдау. Түсінгендергі сұрау.
1. Радлов жайында тақтада мәлімет көрсету (слайд).
2. Мәтінге көшу.
а) Алдымен жаңа сабағымыздың сөздігімен танысайық.
зерттеуші – исследователь
шығыстану – востоковедение
нәтижесінде –
сырын ашу –
көрнекті өкілі –
негізін салушы –
құрастыру –
Сөздерді топпен, жеке-жеке қайталау. Сөз тіркес пен сөйлем
құрастыру.
ә)Мәтінмен жұмыс: а)мәтінді оқу, сөздікте кездескен сөздерді
тапқызу.
ә) мәтінді кезекпен оқу барысында оқушылардың
меңгерген жаңа сөздерін пысықтап, мәтінді орыс тіліне аудару.
б)жоспар құрып, әңгімелеу.
3. Жазба жұмысы: Интерактивті тақтамен жұмыс мәтіннің ішінде
қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдау.
Ресейге, халықтардың, мұраларын, жазуын, басшылық, нәтижесінде,
томдық, тілінің.
4. Ауызша жұмысы. Оқулықта берілген диалогты оқып, өзара
сөйлесу (3 тапсырма). Екі оқушы оқиды. Қалған оқушылар диалог не жайында
болғанын талдайды.
- В.В Радлов өзінің саналы өмірін неге арнаған?
- Ғалым өзінің саналы өмірін Орта Азия халықтарының тілі мен
әдибиетін зерттеуге арнаған.
- Ол кімнің өлендерін жазып алған?
- Ол Жиренше шешеннің әнгімелерін, Доспамбет сияқты ақындарының
өлендерін жазып алған
-Ғалым қандай тілдерді зерттеген?
- В.В. Радлов қазақ, өзбек, қыпшақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерін
зерттеген.
- Қандай ескерткіштерді зерттеген?
- Ол Енисей мен Орхон өзендерінің бойындағы ескерткіштерді
зерттеп, Орхон көне түрік жазуының сырын ашады.
- Ғалым туралы не білесің?
- Берлинде туған. Кейін Ресейге келіп, қалып қойған.
- Ол қандай еңбек жазды?
- Төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырды.
5. Сабақты сызба бойнша қорытындылау. Әр топ берілген тірек сызба
арқылы сабақты қорытындылайды.
I.
| |
|В.В.Радлов |
| Белгілі | Зерттеуші ғалым |
|түрколог | |
II.
|Сібір | |
| |Халықтарының әдеби мұраларын жинаған |
|Алтай | |
|Қырым | |
|Түркістан| |
Ш.
|«Түрік тайпалы халқтардың әдебиет | |
|үлгілері» |Еңбектері жарияланған |
|«Түрік тілінің сөздігі» | |
6. Оқушыларды бағалау,мадақтау.
7. Үйге тапсырма беру: 1.Радлов жайында қосымша мәлімет табу.
2. 4-тапсырма жазбаша орындау.
3. Жаңа сөздерді жаттау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz