Бастауыш сыныпта болымды және болымсыз етістіктерді оқытуға арналған сабақ жоспары

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Көктерек ауылы

Б. Жәнекешов атындағы орта жалпы білім беретін «Көктерек» бастауыш мектебі

Кадешова Клара Утепкалиевна Бастауыш сынып пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты:

  1. болымды, болымсыз етістік жайлы толық мағлұмат беріп, болымсыз етістіктің қалай жасалатынын түсіндіру.
  2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
  3. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакат, семантикалық карта.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық сәт

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі
  • Әрине, көктем
  • Көктем мезгілінде қызғалдақтар жайқалып, табиғат әсем күйге енеді. Олай болса, бүгінгі сабағымызды сіздерді қызғалдақ гүлімен бағалаймын.
  • Балалар, көктем мезгілінде барлық құстар ұшып келеді. Ендеше, құстардың аттарын таба отырып, өткен сабақты еске түсірейік.

1. Суда жүзетін құс (үйр е к)

2. Үй құсы ( т ауық)

3. Бейбітшілік құсы (көгерш і н)

4. Ең үлкен ұшпайтын құс (түйеқұ с )

5. Ұзын сирақты құс ( т ырна)

6. 3 әріптен тұратын құс (ш і л)

7. Өз атын өзі щақыратын құс (қөке к )

- Балалар етістік дегеніміз не? Мысалы келтір

Құрамына қарай Тұлғасына қарай Мағынасына қарай

ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау.

Бүгінгі сабағымызда болымды, болымсыз етістіктерге байланысты жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

1-жаттығу . Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жаз.

Болымды етістіктің астын бір сызықпен, болымсыз етістіктің астын екі сызықпен сыз.

Аппақ бала, ақ бала

Салақтарды жақтама

Мұнтаздай боп жүреді

Ұқыптылар тек қана

2-жаттығу. Сөйлемдегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып жаз:

1. Асан иттен қорыққанын білдірмеді. 2. Мақсат есікі қаққан адамға ашпады.

3. Барлық құстардың тіршілігі бірдей болмайды. 4. Асқар үш досының да пікірін

тыңдамады. 5. Бүгін кешегідей жаңбыр жаумады.

IV. Сергіту сәті.

V. Сыңарыңды тап ойыны

Етістіктерді сөз құрамына талда

5-жаттығу. Адасқан сөздердің орнын тауып, өлеңді көшіріп жаз.

Ақ тайлақ

Бала біткен тулайды, Бала біткен шулайды,

Тайлақ үркіп шулайды. Тайлақ үркіп тулайды

«Шөк!» дегенді шықпайды, «Шөк!» дегенді ұқпайды,

Үй маңынан ұқпайды, Үй маңынан шықпайды,

VI Семантикалық картамен жұмыс

Мысал-дары: Мысал-дары
Дара етістік: Дара етістік
Күрделі етістік: Күрделі етістік
Негізгі етістік: Негізгі етістік
Туынды етістік: Туынды етістік
Болымды етістік: Болымды етістік
Болымсыз етістік: Болымсыз етістік
Мысал-дары: Келді
Дара етістік: +
Күрделі етістік:
Негізгі етістік: +
Туынды етістік:
Болымды етістік: +
Болымсыз етістік:
Мысал-дары: Келе жатыр
Дара етістік:
Күрделі етістік: +
Негізгі етістік:
Туынды етістік: +
Болымды етістік: +
Болымсыз етістік:
Мысал-дары: Шашпа
Дара етістік: +
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туынды етістік: +
Болымды етістік:
Болымсыз етістік: +
Мысал-дары: Ойнама
Дара етістік: +
Күрделі етістік:
Негізгі етістік:
Туынды етістік: +
Болымды етістік:
Болымсыз етістік: +
Мысал-дары: Оқып отыр
Дара етістік:
Күрделі етістік: +
Негізгі етістік:
Туынды етістік: +
Болымды етістік: +
Болымсыз етістік:

VII Жинаған қызғалдақтарының санына байланысты оқушыларды бағалау.

VII Үйге тапсырма беру.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағы: болымды және болымсыз етістіктерді тиянақтау
Болымды және болымсыз етістіктер: бастауыш сыныпқа арналған саяхат сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Болымды және болымсыз етістіктер - сабақ жоспары
Болымды және болымсыз етістік: 3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағының қысқа мерзімді жоспары
Болымды және болымсыз етістік: 3-сынып қазақ тілі сабағының жоспары және өзіндік талдауы
Қадыр Мырза Әли және болымды-болымсыз етістіктер: қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары
Етістікті қайталау: болымды және болымсыз түрлері, құрылымдық талдау мен деңгейлік жаттығулар
Бастауыш сыныпта тік төртбұрыштың ауданын оқытуға арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта зат есімнің шығыс септігін оқытуға арналған сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу пәні: бастауыш сыныпта амандасу салтын оқытуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz