Біріктірілген сыныптарға арналған қазақ тілінен ашық сабақ

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Өскен негізгі мектебі
Біріктірілген сыныптарға арналған ашық сабақ
Тақырыбы: «Мақсатты келер шақ»,
«Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем»
7-8 сынып
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Акипова Сания Казезтаевна
2013-2014 оқу жылы
Тексердім:
Пәні: қазақ тілі Сынып: 7-8 сынып Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы : Мақсатты келер шақ
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
7-сынып 8-сынып
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ-жауап, талдау, эссе жазу, шығармашылық, ғылыми зерттеу әдісі, миға шабуыл, INSERT
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, кітаптар, газет-журналдар, үлестірмелі карточкалар INSERT парағы,
Пәнаралық байланыс : әдебиет,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
7-сыныпқа берілген жаттығуды бір-біріне алмастыра отырып, тексереді.
8-сыныпқа берілген сыныптас достары жайлы ойтолғауларын бір оқушы оқиды.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Шығармашылық жұмыс
«Менің арманым» деген тақырыпта шағын эссе жазу
- Етістіктің мақсатты келер шағы жайында түсінік беру
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне - мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: Мен қала бар+мақ+пын .
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі - мақ, - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек және - шы, - ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғауы емес деген көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел - мекші емеспін, бармақ емес - сің
Жаттығу жұмысы
- Ғылыми зерттеу алаңы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдау мәтінінен оқушылар келер шақта немесе осы шақтарда тұрған сөйлемді теріп жазып,
морфологиялық талдау жасату.
Бүгін мен дамыған отыз елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді.
Бүгін - үстеу, дара, негізгі, мезгіл үстеуі
Мен - есімдік, жіктеу есімдігі
Дамыған - сын есім, дара, негізгі, сапалық
Отыз - сан есім, дара, негізгі, есіптік сан есім
Елдің - зат есім, дара, негізгі, деректі, жалпы, түб: ел, -дің - ілік септігінің жалғауы
Қатарына - зат есім, дара, негізгі, жалпы, дерексіз, түб: қатар, -ы -тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, - на - барыс септігінң жалғауы
Кіру - етістік, дара, негізгі, болымды, салт, осы шақ
Жоспарымызды - зат есім, дара, негізгі, деректі, жалпы, түб: жоспар, -ымыз - тәуелдік жалғауының І жағы, - ды - табыс септігінің жалғауы
Ұсынғым келеді - етістік, күрделі, негізгі, болымды, сабақты, түб: ұсынғым, кел, - е - көсемшенің жұрнағы, -ді-жіктік жалғауының І жағы.
Сабақты бекіту
- 122-жаттығу
Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, әрқайсысына сөйлем құраңдар. (Әрбір оқушы бір-бірден етістіктерді таңдайды)
Сабақтың қорытындысы:
Синку-эй әдісі бойынша «Біздің болашақ» сөзіне бір шумақ өлең жазу
(Бұл тапсырма жұптасып орындалады)
Үйге тапсырма:
123-жаттығу, 78 бет
Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, мақсатты келер шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.
Бағалау
- Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру
Жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап (түсіндіріп талап етіп), кейінгісі алдыңғы сыңарының мазмұнын ашып, талдап-түсіндіріп тұратын салаластың түрі түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай) болады. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте не сызықша қойылады. Сызықша сонша, соншалық, сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кезедеседі. Мысалы: Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді. (Ж. Баласағұни) Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер. (Ә. Ә. )
Жаттығу жұмысы
- 111-жаттығу
Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп-салдар салалас екенін анықтаңдар.
- Тақтада жұмыс
Төмендегі сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сөйлемнің мағынасын ашып талдау .
[ Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,
интернеттің тіліне айналғаны сонша], [қазақ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz