7-сыныпқа арналған Қазақ тілі мен әдебиеті тесті: әдеби тұлғалар, шығармалар және көркемдік тәсілдер

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Қаратөбе мектеп-гимназиясы

Есқожина Самал

Қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

7-сынып. Тест жұмысы

1. С. Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесіндегі әншінің есімі кім?

А) Мұратбек Ә) Мырзатай Б) Шүрек

2. Кімнің өлеңінен?

Темір торлы тас үйде

Көкірегім толды шерменен

Қанатты тағы тұлпарым

Арқырап келші кермеден

А) С. Сейфуллин Ә) Ж. Жабаев Б) А. Байтұрсынов

3. Абайдың қай қара сөзі?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

А) Он тоғызыншы Ә) Жиырма тоғызыншы Б) Отыз бірінші

4. Көксеректі алатын арлан?

А) Ақ қасқа Ә) Қара ала төбет Б) Ақ қасқыр

5. «Ботагөз», «Сырдария», «Аққан жұлдыз» романдарынынң авторы?

А) М. Әуезов Ә) Ғ. Мүсірепов Б) С. Мұқанов

6. Кесені қолыма алып қарай бердім

«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?» деп, -деген өлең жолдарындағы көркем әдісті табыңыз?

А) Ирония Ә) Кейіптеу Б) Қайталау

7. Қозы Көрпештің әкесі?

А) Қарабай Ә) Сарыбай Б) Қодар

8. Қай шығармадан, кімнің сөзі?

-Шариғатта айтады екен, «ең ауыр ақы - көрші ақысы» деп. Маған биыл көрші қондың ғой сен. Бәрібір «иттің ұлы итақайға» үлестіріп жатқан дүние. Сен оны намыс көрме, мен оны борыш көрмейін, биыл қыс мылтықтың қарауылына, бүркіттің тұяғына ілінген олжаға екеуміз ортақ болайық.

А) М. Әуезов «Көксерек» әңгімесіндегі Қасеннің сөзі

Ә) С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесіндегі Ораздың сөзі

Б) Ғ. Мүсіреповтың «Ақлима» әңгімесіндегі Нұриланың сөзі

9. Эпифораны тап?

А) Атаңнан бата ал, балам,

Арғымақ атқа мін, балам.

Ә) Ал, Қуаныш, Қуаныш

Сені етейін жұбаныш

Б) Сарыарқаны сандалсам

Саңлағымды табам ба?

10. Досына арнап өлең жазған ақын?

А) М. Жұмабаев Ә) С. Сейфуллин Б) А. Байтұрсынов

11. Лиро-эпостық жырды көрсет?

А) «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жыры

Ә) «Күлтегін» жыры

Б) «Қозы Көрпеш -Баян сұлу», «Қыз Жібек»

12. Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңі қайсысы?

А) Ереуіл атқа ер салмай Ә) Тарланым Б) «Ұлы арман»

13. Қазақ халқын «маса болып ызыңдап оятпақшы» болған ақын?

А) А. Байтұрсынұлы Ә) А. Құнанбаев Б) І. Жансүгіров

14. «Қансонар» сөзінің мағынасы?

А) Маң далада аң аулау Ә) Ақ қар Б) Жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізі

15. Семейдегі Абай оқыған медресе?

А) Араб медресесі Ә) «Ахмет Риза» медресесі

Б) Қалалық медресе

16. Көркемдік тәсілді тап?

Таудан мұнартып ұшқан, тарланым.

Арыстаным, көп болды- ау.

17. М. Өтемісұлы қай жылы дүниеге келді?

А) 1804 Ә) 1825 Б) 1845

18 . -Балталы, Бағаналы ел, аман бол!

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,

Ойнап -күліп, ер жеткен жер, аман бол!-деген өлең түрі қазақтың қай салт-дәстүрінің түріне жатады?

А) Жоқтау Ә) Қоштасу Б) Естірту

19. Сырты алтын, іші күміс оның үйі

Күнде дәурен неғылса келер күйі, - көркемдегіш әдіс-тәсілдің қай түрі қолданылып тұр?

А) Эпитет Ә) Теңеу Б) Гипербола

20. Тайлақ би, Танаш, Ханша, Тазша бала кейіпкерлері қай шығармадан?

А) «Қобыланды батыр» Ә) «Алпамыс батыр» Б) «Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жыры

21. Кімнің портреті? Бірінші тармақтағы көркемдегіш тәсілді өзің жаз!

Аппақ көрік маңдайлы, қылығы наз,

Малың түгіл басыңды берсең де аз.

Сыртынан күлімсіреп сөйлесе де,

Көңілі қош болмайды баймен араз.

А) Баян сұлу Ә) Ұлпа Б) Күнікей

22. Кімнің қай шығармасынан?

Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.

А) Ж. Аймауытов «Әнші» Ә) С. Мұқанов «Есіл бойында»

Б) Ж. Аймауытов «Күн менікі»

23. Өлеңнің бір шумағын жалғастыр! Кімнің өлеңі екенін жаз!

-Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам

. . .

24. Күреңтөбел кімнің тұлпары?

А) Қозының Ә) Қайсардың Б) Ақанның

25. Кімнің қай шығармасынан. Көркемдегіш тәсілді тап?

Бұлтын жиып көкірегіне

Күрсінді бір аспан ауыр;

Қос қанатын соғып жерге,

Азаланып жетті дауыл;

А) С. Сейфуллин «Қамаудан» Анафора

Ә) Д. Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?!» Арнау

Б) Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» Кейіптеу

26. «Өзім туралы», «Құпия қыз», «Орал», «Жайық», «Қытай қызы» шығармаларының авторы?

А) Қ. Аманжолов Ә) Ж. Жабаев Б) І. Жансүгіров

27. Кімнің қай шығармасынан?

«Бір кезде жасыл торлқынға сүңгіп құмарың қанып, енді тыныстайын дегендей, қимылсыз жата қойсаң шалғынның түбінде ақ меруерттей жалтылдаған, көлемі бөденененің жұмыртқасындай бір домалақ заттарды көресің»

А) М. Әуезов «Көксерек» Ә) Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы инновациялық әдіс-тәсілдер шеберлік сыныбы
Толғауы тоқсан қызыл тіл: қазақ тілі мен әдебиеті апталығының әдеби-сазды кеш сценарийі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде ойын негізіндегі интербелсенді тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3-сынып Ана тілі (І бөлім): әдеби тұлғалар мен моральдық құндылықтарға арналған сабақ жоспарлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде жаңаша оқыту: жеті модуль негізіндегі әдістемелік тәсілдер
8-сыныпқа арналған қазақ тілі ережелік тесті: сөйлем мүшелері мен тілдік нормалар
З. Үсенованың 7-11 сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 3-оқу тоқсанындағы орта мерзімдік жоспарлары
7-сыныпқа арналған Ахмет Байтұрсыновтың Екі шыбын мысалын талдау интеграциялық қазақ тілі мен әдебиеті сабағы
Біржан мен Сара айтысының әдеби-көркемдік және әлеуметтік талдауы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы дарынды және талантты оқушыларды анықтау мен инклюзивтік оқытуға арналған коучинг жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz