Сөйлем мүшелері.2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың сөйлем мүшелері туралы түсініктерін
пысықтау
2) Жаттығулар барысында сөйлемді сөйлем мүшелеріне
талдауда түсініктерін дамыту
3) Ұқыпты, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың түрі: ертегі, аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, тест
Техникалық құрал: видеопроектор
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, тест
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру ( қосымша сұрақтарға жауап беру )
а) сөйлемді талдау ә) ережелерді сұрау
3. Жаңа сабақ
- Ал, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз ғажайып ертегімен басталмақ.
Ертеде Диқан атты қария болыпты. Ол өзінің еңбегімен тапқан тиынына тұқым сатып алып, азын - аулақ жерге дән сеуіп, егін егіп, өнімін елмен бөлісіп жүріпті. Осылайша елдің мейіріміне, құдайдың берген несібесімен күнін көріп, тіршілік етіпті.
Көктем келіп, әдеттегінше жер жыртып, егінге дайындалып жүргенде, қылтиып көгеріп келе жатқан егінді ерекше баптап, суарып тұрады.
Күннің жады. Көркем жазу. ь - жіңішкелік белгісі. Рельс, компьютер.
- Ал, балалар, ендеше осы қарияның ағашының өсуіне де көмектесіп көрейікші. Ол үшін бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сөйлем мүшелері». Сөйлем мүшелері дегенде естеріңе қандай сөйлем мүшелері келеді? Ойымызды мына тірек сызбаға түсірейік.
Бастауыш Тұрлаулы мүшелер
Баяндауыш Тұрлаусыз мүшелер
Олай болса, жаңа сабағымызды осы сөйлем мүшелерін пысықтау мақсатында, қарияға көмектесіп, 163 - жаттығуды орындайық.
163 - жаттығу. Мақалды жатқа айт. Сөйлем мүшесіне талдау.
Ойлаумен ой толады.
Ойнаумен бой толады.
- - жаттағу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшесіне талдау.
1. Қоңырау соғылды. 2. Мұғалім сыныпқа кірді. 3. Сабақ басталды. 4. Ержан мәтінді тез оқыды. 5. Балалар ертең зауытқа барады.
2 - тапсырма:
- Ал, балалар, ертегідегі Диқан атаның әлгі жасыл шөбі жақсы күтілімнің арқасында бұта болып, бой көтеріп келе жатыр. Одан әрі жақсы өсуі үшін сергіп алайық.
Поэзия минуты Қ. Мырза Әлидің «Күз» өлеңін тізбектей оқыту.
- - жаттығу. Өтебай Тұрманжановтың өлеңінен үзінді. Өлеңді оқып, өлеңнің алғашқы шумағын көшіріп жазу. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс ауданы
1905 жыл Жалғызағаш аулында туылған
Балалар әдебиетінің негізін «Қарлығаш», «Сұңқар» өлеңдерін қалаушы, ақын жазды. «Қарлығаш, жылан, дәуіт»,
«Жолбарыс», «Төрт өгіз туралы
ертегі», «Жолаушы мен жеті қасқыр»
т. б ертегі, поэма, өлеңдері көп.
Кесіртке құмын сүйеді,
Тасбақа тыңын сүйеді,
Сұңқар шыңын сүйеді.
Тұлпар қырын сүйеді.
Шығармашылық тапсырма
Сызба бойынща сөйлем құрау . Жел соқты.
Балалар серуенге шықты.
Дина - күйші
3 - тапсырма: - Балалар, жаңағы ертегіміздегі қария өсіріп жатырған бұтасын жеміс ағашы деп ойласа керек. Содан ағаштың жеміс берер шағын күтіп, арада айлар мен жылдар өтіп жатады. Балалар, ағаш жемісін бергенше мына тапсырмаларды орындап тастайық. Оған дейін жемісте пісіп, жетіліп қалар.
Шығармашылық тапсырма. Мақалдарды жатқа жазу. Сызықша қою себебін түсіндіру.
- Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
- Жол атасы - тұяқ, су атасы - бұлақ, сөз атасы - құлақ.
Сабақты қорытындылау. Тест сұрақтары.
1. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді көрсет. Біз кеше мұражайға бардық.
а) мұражайға бардық в) мұражайға кеше
с) біз бардық д) кеше бардық
2. Сөйлем түрін анықта. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.
а) құрмалас сөйлем в) жай сөйлем
с) лепті сөйлем д) сұраулы сөйлем
3. Бастауыш қай сөз табында екенін көрсет. Балалар жатақханаға орналасты.
а) сын есім в) етістік
с) зат есім д) сан есім
4. Баяндауыш дегеніміз не?
а) сөйлемнің негізгі мүшесі кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
в) Бастауыштың іс - қимылын білдіретін сөздер.
с) Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
д) Заттың санын білдіретін сөздер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz