Ағаш уықты, киіз туырлықты қазақпыз!

Ерниязова Айгул

Маңғыстау ауданы

Тұщықұдық ауылы

С. Жанғабылов атындағы орта мектептің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Тақырыбы: Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз!

Мақсаты: Киіз үй адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үй қазақ халқының қысы-жазы отыратын баспанасы болғанын, ерекшеліктерін айтып шет елге ұлттық жәдігерімізді мақтан тұтып таныстыру және қазақ халқының қонақжай дархан халық екенін көрсету.

Сабақтың түрі: сахналық қойылым.

Сабақтың көрнекілігі: Кереге, сандық, алатеру, уық, торсық, қазақтың ұлттық тағамдары және т. б. ұлттық жәдігерлер.

Алғы сөз: Тұрарбекова Мадина: Киіз үй қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Өйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің көпшілігі осы киіз үйге байланысты. Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360-қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және өте бай жиһазды өрнектермен безендіріледі. Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т. б. атаулары бар. Киіз үйлер өзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бөлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, көбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған. Киіз үйдің негізгі қаңқасы - кереге, уық, сықырлауық, шаңырақ - киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар бір-бірімен бау-басқұрлармен біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылады да, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Бұлардың әрқайсысының өз орны бар: туырлық керегеден уықтың ортасына дейін, үзік кереге басынан шаңыраққа дейін, түндік шаңырақты, ал киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Бау-басқұрлар киіз үйдің сүйегін ұстастырып қана қоймай, сыртқы киіздерін де бастырып тұру мақсатында қолданылады.

Сахна сыртында «Аққу» күйі ойнап тұрады. Таңғы ауылдың бейнесі. Атасы мен әжесі, екі немересі ағаш үйдің ішінде отырып өзара әңгімелеседі.

Немересі: Ата ағаш үйді құру қиынба?

Ата: Жоқ балам, өзінің демімен ауыл жиналып әп-сәтте құрады.

Немере: Әже сіз не істеп отырсыз?

Әже: Бұл- ұршық. Ертеде осы ұршықпен жүннен жіп иіріп, шұлғау, кеудеше небір жылы киімдерді тоқыған.

Осы уақытта сырттан шетелдік туристер келіп қалады.

Америка азаматшасы:- Good morning.

Ағылшын азаматы: Everybody here?

Америка азаматы: Ата кіруге болама?( аудармамен)

Ата: Әй, мынау кім балдар? Кіріңдер, төрлетіңдер!

Осы уақытта қонақтар жайғасып, әже шай дайындап, ауыл жастарын шақырады.

Ата: Ал балаларым қайдан жүрсіңдер? Қандай мақсатпен біздің елге келдіңдер?

Қонақ: Біз сонау елімізден ат басын бұрып Қазақстанға өзіміздің ғылыми жобамыздың тақырабы бойынша зерттеуге келдік. Тақырыбымыз « Ағаш үй».

(Осы уақытта ауыл жастары келіп ағаш үйдің ішіне жайғасып отырады)

Ата: Ее, жаман емес, олай болса Таңшолпан қызым сен түсіндір.

Таңшолпан: Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесі мен тамшы өткізбеген, жылу сақтаған. Оларды жасау қазақтың киіз басу, өрнек жасау өнерін тереңдете түскен. Бұл әбзелдерді ақ тоқтының жүнінен басылып, пісірілген шаңқан ақ киізден пішкен, тіпті кейде киіздің түсін ағарта түсу үшін бор да қосатын болған. Оюлап пішілген ақ киізді өрнекті жіппен жиектеген немесе мақпал мен шұғадан ою бастырған. Ал киіз үйдің бау-басқұрлары әшекей өрнекпен көмкеріліп, түрлі-түсті жіппен тоқылатын болған. Соңғы ғасырдың аяқ шенінде қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына орай, ұлт мәдениетінің де жанданғанын жақсы білесіздер. Қазақтың қасиетті киіз үйі де ұлт мәдениетінің бір көрінісі ретінде қайта дәріптелді. Жер-жерде ата-бабаларымызға арналып беріліп жатқан астар мен өткізіліп жатқан ұлан-асыр тойлардың сәні қазақтың сән-салтанаты мен ұлттық дәулетін көрсететін осы киіз үйлер болуда. Осындай сән-салтанатты қазақтың киіз үйлері - ұлтымыздың мақтанышы.

Әже: Енді біздің ағаш үйді әсемдейтін бұйымдарды түсіндірің.


Ұқсас жұмыстар
Шаңырақ тобы
Ұлттық нақыштарды координаталы жазықтықты кескіндеу
Геометриялық оюлар
6- сынып киіз үй - көшпелілердің баспанасы
Cебеп-салдар салалас құрмалас, жасалуы
Сөйлем құрату
АЯҚ КИІМ
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Салт – дәстүрлердің түрлері
Тіл ұстарту Менің арман мектебім.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі
Маб-қа дайындауға арналған 150 сұрақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz