Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар

Психолог Д. Ахметов

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлемі елдерінің бәсекегеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісіп, оның теориясы мен тұжырымдалары жасалып жатыр. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында айқындалған. Адамның жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан туындайды.

Жастарды оқытуға оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы да сондықтан. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп тұжырымдалса, Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген

Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші - адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылы-ғы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Еңбектің қай түрі болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан-жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. Адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеп жүрген ммамандар, психологиялық көмектің әрбір тұлға үшін аса қажет екенін айтады.

Қазіргі білім беру жүйесін қайта құру мен ұйымдастырудың басты жұмыс жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерге қолдана білуге жағдай жасау мәселесі қойылған. Атақты педагог К. Д. Ушинскийдің «Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек» деген қағидасын қазіргі заманға лайықталып айтылғандай. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесінде қолдану және психологиялық қызмет көрсету психологтың көмегімен іске асырылады. Психологтың жұмысы балалардың белгілі жастағы психикалық жаңа түзілімге, сонан соң олардың дамуындағы потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануға негізделіп құрастырылады. Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әсер ететін қоғамдық жағдайлардың да мазмұны өзгеруде. Психолог кәсіби кеңес кезінде өзіндік бағаны дамытуда және жеке тұлғаның барлық оңтайлы (жақсы) қасиеттерін көрсетуге, өзіндік анықталудың объективті дамуына көмектесу керек. Кеңес беру кезінде «сенімділік» жағдай туғызып және кеңесті әдепті, өнегелі түрде өткізуі керек. Жеке адамды қоғамның қажеттілігі мен талаптарына сай бағыттау керек. Психологиялық көмек пен түзету жүмыстары психологтың белгілі бір жастағы баланың психологиялық дамуын ескере отырып, адамның ішкі дүниесіне әсер етуге негізделіп жүргізіледі.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу, олардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, мұғалімдер ұжымында психологиялық қызмет ұйымдастыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың мектепке бейімделуін түзету мақсатында және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында арнаулы бағдарламалар жасау.
  • Балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау.
  • Оқушылардың дамуындағы”дағдарыс”, “өтпелі”, “қиын” кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу
  • Үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық коррекциялық жұмыстар
  • Кәсіптік бағдар беру, бейіналды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
  • Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру;

Мектептегі қызметтің методологиясы негізінен жеке тұлғаны дамыту теориясына негізделеді. Оның өзі іс әрекет теориясынан, таным теориясынан дамыту теориясына жол ашады. Бұның өзі негізгі құндылық қарым қатынасты құрайды. Бұл қарым қатынас мектеп әкімшілігі, мұғалім, ата-ана, оқушы арқылы жүзеге асады.

Психологиялық жұмыс әрекетінің негізгі бағыттары :

  • Психологиялық диагностика
  • Психологиялық профилактика
  • Психологиялық түзету, дамыту
  • Психологиялық консультация
  • Психологиялық білім көтеру

Мектептегі психологқа қойылатын талап өте көп және жоғары, оны орындау психолог шеберлігіне, біліктілігіне, шығармашылық ізденістеріне байланысты. «Баланы жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К. Д. Ушинский көрегендігі, педагогикалық іс әрекеттің психологиялық қызметтің тығыз қарым қатынаста болатындығының айқын дәлелі. Оқу тәрбие үрдісін жақсарту үшін мектепте психологиялық орталық құрылып, ол орталық мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерімен, оқушылар парламенті, мектеп дәрігері, кітапханашы, «Жас психологтар клубы», құқықтық орталық, ата-ана, 12-жылдық эксперимент алаңы, қоғамдық ұйымдар, сынып жетекшілер, жас мұғалімдер мектебімен бірлесе еңбек етеді. Қазіргі уақытта оқу тәрбие процесінің сапасына үлкен талап қойылады. Осыған байланысты әр мектептегі алдына белгілі мақсат пен міндет қояды, ал сол мақсат пен міндетті сәтті тарату төмендегідей шарттарға байланысты:

  • Педагог мамандардың кәсіби біліктілігі жоғарғы деңгейде болуы керек.
  • Оқу тәрбие процесінің мақсатын педагогтар мен ата-аналардың бірдей түсінуі.
  • Үздіксіз өзгермелі қоғамда жеке тұлғаның қабілеті мен қажетіне лайық құзырлы білім мен тәрбие беруі.

Психопрофилактикалық жұмыстар

  • Оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың арасында психологиялық-педагогикалық білімді насихаттау.
  • Мектеп оқушыларына арналған психологиялық үйірмеге жетекшілік жасай алады.
  • Психологиялық диагностика көмегімен тұлғалақ дамудағы кері өзгерістерді анықтайды және анықталған өзгерістерді болдырмау мен бейтараптандыру жөнінде педагогикалық ұжымға ұсыныстар әзірлейді.
  • Психологиялық диагностика көмегімен педагогикалық босаңсып кеткен балаларды анықтайды және олардың дамуын түзетудің жеке жоспарын жасауға көмектеседі.
  • Мектеп бойынша жайлы хал-ахуал туғызу бойынша жұмыстанады.

Жеткіншектермен жүргізілетін психопрофилактмкалық жұмыстардың мазмұны:

Жеткіншектермен психопрофилактикалық жұмыстар жүргізу үшін мектеп психологы жеткіншектердің өзіне тән психологиясын жақсы білуі керек. Олар 11-16 жас аралығындағы оқушылар. Бұл кезеңді психологг-ғалымдар олардың ерекшеліктеріне қарай «қиын кезең», «дағдарыс кезеңі», «өтпелі кезең» деп сипаттайды. Бұл кезеңнің өзіне тән психологиялық ерекшеліктері :

  1. Бала қиялға берілгіш, еліктеу қасиеті жоғаоы болады. Олар ересектерге, өз құрбыларына еліктейді.
  2. Бұл кезеңдегі дағдарыс өзге кезеңдегі жас дағдарысымен салыстырғанда күрделі мазмұнда өтеді, осы кезеңдегі жас дағдарысына үлкен жауапкершілікпен қарамаса жеткіншек «қиын окушыға айналу мүмкін»

Жеке тұлғаның шығармашылық ойын дамытуға бағытталған шаралар

Жаттығулар

1. «Миға шабуыл» және жылдамдық әдістемесі.

Жылдамдық. Бір сәтте бірнеше шешім табу қабілеті ретінде кез келген іске шығармашылықпен келуге жағдай жасайды.

1-жаттығу.

Жай заттарды ерекше қолдану. Бір затты қолданудың түрлі тәсілдерін ба-рынша көбірек ұсыну қажет. (мысалы: ескі тері тон) Бұл жаттығуда ұсынылған ойлардың көптігі мен олардың ерекшелігі бағаланады.

2-жаттығу.

Таңқаларлық жағдайлар. Керемет бір жағдайдың нәтижесінде адам сіріңке-нің қорбындай-ақ болып қалады. Ол өзінің бойына шақ үй, тамақ, қарым-қаты-нас жасайтын орта, көлік табуы қажет. Жаңа ойлардың саны мен оның ерекше-лігі бағаланады.

2. «Ойды тиянақтауға қабілеттілік»

Идеяларды ойлап табу қаншалықты ерекше болса да - бұл істің біткенін білдіреді. Идеяны дамыту, жетілдіру және оны соңына дейін жеткізіп тиянақтау мен бекіту аса қажет.

3-жаттығу.

Жарнама жаймасы.

Тапсырма. Өзі жасап шығарған өніміне, фирмасына жарнама жаймасын жасау.

Жеке тұлғаның өзіндік санасы мен өзін дамытуы.

Мақсаты: Психологиялық диагностика және өзіндік сананы дамыту.

Құрал-жабдықтар: өз мінез-құлқын, ақыл-ойын, өмірге деген көзқарасын өзі бағалау туралы диагностикалық бланкі «Мен кіммін?» әдістемесіне арналған карточкалар.

І Ұйымдастыру кезеңі.

Тринингі жүргізуші қатынасушыларды тапсырмамен таныстырады: өзін-өзі барынша ашу, өз «Менін» сезіну, эмоциясын сыртқа шығарып жеңілдену. Трнинг кезеңінде тәртіптің принциптері мен қағидалары «Осында және енді» сезімге көңіл бөлушілік, өзін-өзі ашу және шыншылдық. Тринингтің әрбір қа-тысушысы өз белгісін ұсыну керек, ол төс белгісі, сөз, бейне болуы мүмкін.

ІІ Өмірге деген өз көзқарасын бағалауға диагностика жасау.

Қатынасушыларға бланктер таратылып мынадай нұсқаулар беріледі: «Менің сізден өтінерім», өздеріңізге тән қасиеттерді басқалардың айтуынша емес, өз ойыңызбен бағалаңыз. Міне-құлқыңыз сізді қанағаттандыра ма? Өзі-өзі баға беру негізінде өз түсінігін зерттеп білу жатыр.

Баға мынадай параметрлермен беріледі:ақыл, денсаулық, бақыт, мінез, ерік, дербестік, қабілеттілік, сыртқы пішін, жағымдылық, құрылымдылық белсенділігі.

Өзін-өзі бағалау қырынан қарағанда ара іспеттес болып келсе тұлғаның ұс-тамсыздығы немесе тұлғаның қалыпты дамуы болмаған жағдайда топ ішінде өзін солай ұстауынан деген пікір жасалады. Бұл адамның өзін-өзі бағалауында айтарлықтай нашар көрсеткіш те, жаңалығы да болып табылмайды, адамның дәл көрсетілген уақыттағы өзгеруінің себебін анықтап, табу керек. Бұл тәсіл тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

ІІІ Өз ақыл-ойын бағалау.

Нұсқау: ақыл-ой туралы берілген он тұжырымның ішінен өзіңіздің ыңғайыңызға келетін біреуін таңдап алып, сол жағыңыздағы санды сызып қойыңыз.

1: 1
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді
1: 1
1: 2
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Мен азғана интеллектуалдардың бірімін
1: 2
1: 3
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Мен ақылды деген адамдардың қатарына жатамын.
1: 3
1: 4
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Менің ақыл-ойымның деңгейі жоғары
1: 4
1: 5
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Мен ақыл-ойы жағынан өзімді қоршаған адамдардың үздік тобына жа-тамын
1: 5
1: 6
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Ақыл жағынан мен ең қарапайым адаммын
1: 6
1: 7
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Менің ақыл-ойым ортадан төмен
1: 7
1: 8
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Жалпы мен барынша зерек адамдардың қатарына жатамын
1: 8
1: 9
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Мен зеректігі төмен адамдардың бірімін
1: 9
1: 10
Менің ақыл-ойым кез-келген ортада ең жоғарғы болып көрінеді: Мен кез-келген топта ақыл жағынан төменмін
1: 10

Нәтиже зеректікті зерттеу объектісінің мәліметтерімен салыстырылады7

ІҮ «Тұлғаның өзін-өзі бағалау» тесті.

Нұсқау: Өзіңіздің жеке пікіріңіз бойынша сіздің мінез-құлқыңыздың ерек-шеліктерін, сіздің тұлғаңызды анық ашатын 16 ұғымды тізімнен көшіріп алыңыз Сонан соң осы 16 сипаттың ең маңыздыларын 1, 2, 3 және т. б. 16-ға дейінгі сан-дармен белгілейтіндей етіп жазыңыз.

Қосымша 1.

Енжарлық, ұқыптылық, белсенділік, дархан, өктем, содыр.

Сақ, қылжақ, жасық, жауапсыз, еренсіз, жүрек жұтқан, мінезсіз, салдыр-са-лақ, парасаттылық, биіктік, қорқулық.

Сыпайылық, ұрысқақтық, риза болу, қызбалық, төзімділік, кеңпейілділік, сенімділік, көңілділік, ұқыптылық, әсершілдік, қозушылық, тәкәпарлық.

Қызбалық, мақтаншақтық, дөрекілік, іскерлік, бейбастақ, өктемшілдік, жай-дарлылық, тәртіптілік, сенгіштік.

Сараңдық, қаталдық, шапшаңдық.

Күншілдік, жанашырлық, зиялылық, ақылдылық, даралық.

Қырсықтық, мықтылық, ұйымшылдық, сыншылдық, мәдениеттілік.


Ұқсас жұмыстар
Психологиялық аспект
Оқу мен оқытуда акт-ны қолдану тиімділігі
Қабілеттері бойынша оқыту
Теміржол мамандарын даярлауда химияны оқытудың интерактивті әдістері
Ақпараттық технологияны сабақта қолдану
Өзгеріс не үшін қажет?
12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылардың өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру
Оқыту сапасын арттыру мәселелері
Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда
Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz