Кембридж тәсілі арқылы сабақ барысында оқушылардың өзін-өзі бағалауы

Білім берудегі Кембридж тәсілі арқылы

сабақ кезінде оқушылардың өзін -өзі бағалау

Өзін-өзі бағалау - өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т. б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Оқушыны сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады.

Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы. Егер оқушы өзін жоғары бағалайтын болса, мұғалімге бірден жауап қайтарып, дәлелдей бастайды, сөз таластыруы да мүмкін, т. б. Ал өзін дұрыс бағалайтын оқушы мұндай кезде сабырлық сақтайды. Қатені көрсетпеуін сұрайды, өзі табуға тырысады. Егер бала өзін тым төмен бағалайтын болса, мұғалімнің айтқанымен бірден келісе кетеді, өз бетінше ойлау қабілетінен айырылады.


Ұқсас жұмыстар
Кембридж тәсілі бойынша Excel-де кесте құру және толтыру: сабақ жоспары
Кембридж тәсілі негізінде оқытуды басқару және мұғалімнің оқу көшбасшылығын жүзеге асыру тәжірибесі
Кембридж тәсілі негізінде тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктерін оқыту тәжірибесі
3-сынып оқушыларының Мен қандаймын әдістемесі бойынша өзін-өзі бағалауы: талдау және ұсыныстар
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының оқушылардың тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігін қалыптастырудағы рөлі
Кембридж тәсілі бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуы: сыни ойлау, диалогтық оқыту және көшбасшылық
Өзін-өзі тану пәнінің оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырудағы рөлі
Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың интегративті қасиеттерін дамыту: жеке даму бағдарламасын енгізу және нәтижелері
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Биология сабақтарындағы оқыту үшін және оқытуды бағалау: өзін-өзі бағалау, критерийлер мен индикаторлар арқылы оқушылардың топтық жұмыс және дағдыларын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz