Ұялшақ және үлгерімі төмен оқушылармен топтық жұмыстың тиімділігі

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі - ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді. Ұялшақ, тұйық балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Осындай сенімдер 6 сынып оқушысы Қастай Нұржан мен 5 сынып оқушысы Оразбек Инарада байқалады. Топпен жұмыс кезінде көптеген жаңа қырларынан өздерін көрмете алды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы артып түгелдей белсене қатысатын болды.

6-сынып Қастай Нұржан 5-сынып Оразбек Инара

Мысалы : жеке жұмыс барысында сабаққа немқұрайлықпен қарайтын, қызығушылықтары төмен Нұржан мен Инара топтық жұмыста ыңталары артып, ой өрістері дамып, жаңа қырларынан ашыла бастады. Нұржан топтық жұмыс кезінде өзіне деген сенімділігі, сұраққа жауап беру жылдамдығы, сыныптастырының алдында қысылу мінезі жоғалып, өзін -өзі еркін ұстай алатындығы байқалды. Инараның өзіне ғана емес, топқа деген жауапкершілігі бар екені де байқалды. Топпен жұмыс жасау Нұржанға әсер еткені соншалықты туа біткен байсалдылық, ұялшақтық, қоғамнан ерекшеленуді қаламайтын мінезі байқалмай жоғарыда көрсетілген қасиеттері басымырақ болды, мүмкіндіктері артты. Ал Инара топта басқа балалармен ой бөлісіп, өз ойын ортаға салып, жеке ой бары байқалды. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы күшейіп топпен ұйымшылдық, келісімділік, бір- біріне деген сенімділік, өз-ара пікір алмасу, түсіністікпен қарау, бір-біріне сенім арту белсенділігі байқалды


Ұқсас жұмыстар
Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің бағдарламасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс және түзету жоспары
Үлгерімі төмен оқушылармен жылдық жұмыс жоспары: диагностика, жеке-бағыттық жұмыс және мониторинг
Биология сабағында жаңа технологияларды қолдана отырып үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу әдістемесі
Үлгерімі төмен және мінез-құлқы күрделі оқушылармен жұмыс жүргізудің диагностикасы мен әдістемесі
2023 ж. 5-8 сыныптарға арналған математика және алгебра пәні бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Топтық жұмыстың тиімділігі: мұғалімдерге арналған коучинг жоспары мен рефлексивті есебі
Топтық жұмыстың оқушы білімін тұрақтандырудағы әдістемелік негіздері
Топтық жұмыстың тиімділігін арттыруға арналған коучинг жоспары
6-сынып қазақ тілі: үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары мен тапсырмалары (Ә. Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп, Тараз, 2014-2015 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz