Ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды қайталау: Туған жерім - мақтанышым саяхат сабағы

Сабақтың тақырыбы : Ондық бөлшектерді қосу /азайту/ тақырыптарын қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты: 1. Ондық бөлшектерге амалдар қолданып, есептерді жылдам

орындауға дағдыландыру.

2. Туған жердің табиғатымен таныстырып, оны сүйе білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

2. Өткен сабақтарды пысықтау. «Венн диаграммасы»

ІІ. Негізгі бөлім.

- Балалар, Бүгін сендермен «Туған жерім - мақтанышым» саяхат сабағын жүргізгелі отырмыз.

1-аялдама-«Байқошқар».

Байқошқар- ыстықсың сен кетсем жырақ,

Елден келген ауылдастан жүрем сұрап,

Құмдақ таспен, жол салатын баурыңдағы,

Арманым, жол салуға пайдалансақ!

1. 1, 245+(0, 155+3, 02) ; 2. (416, 01+213, 99) +15, 3;

3. (134, 06+16, 03) +5, 94 4. 917, 325+(36, 675+43)

2-аялдама-«Ақтөбе»

Ақтөбеден сырғанаймыз шанаменен,

Денені шынықтырып, санаменен.

Әттең, шаңғы болса деп арман етем,

Жарысып, шаттанатын балалармен!

№956. Шаңғышы бірінші сағатта 13, 09 км, ал екінші сағатта одан 0, 87 км артық сырғанады. Шаңғышы екі сағатта неше километр сырғанады?

3-аялдама-«Жалтыр»

Жалтыр-су мал сусынын қандырғандай,

Маңайы малға өріс, шалдырғандай.

Туған жер, айналаңда жасыл ағаш

Қарасаң көздеріңді тойдырғандай.

1. х+8, 45=17, 923; 2. 8, 635+х=14, 62;

3. 71, 93+у=98(3/20) ; 4. 7, 28+у=13(1/4) .

4-аялдама-«Шабақты»

Шілдеде Шабақтыға шабыламыз,

Шолпылдатып, су ішінде табыламыз.

Балық аулап, дем алып, тынығамыз.

Картопты отқа қақтап, қуырамыз.

Ағынсыз судағы қайықтың жылдамдығы 7, 85км/сағ, ал ағыстың жылдамдығы 3, 2 км/сағ. Қайықтың ағыспен жүзгендегі және ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдық-тарын есептеп шығар.

5-аялдама-«Шие терейік»

Лагерь, Үрпек, Шұбара-шиелі жер,

Күзге таман жеміс-жидек теретіндер,

Қыс азығын, жаз ойлап сабылады,

Біздің жерден бәрі де, табылады.

Екі жәшіктегі шиелердің массалары бірдей. Бірінші жәшіктен екінші жәшікке 2, 7 кг шиені салғанда, екінші жәшәктегі шиенің массасы бірінші жәшәктегі шиенің массасынан қанша көп болады?

6-аялдама-«Ақансері мазары»

Аруағыңнан айналайын Сері -Бабам,

Әндерің ел аузында тамсандырған,

Жастары ауылымның пір тұтады

Өзіңді болашақта өнерқуған.

1. (3, 557+х) /2=4; 2. (х-0, 731) /3=5;

7-аялдама-«Ас адамның арқауы»

Ал, кәне, таза ауада тынығыйық,

Ас ішіп, бойымызға әл жинайық,

Жарысып, ойын ойнап, шат-шадыман

Салауатты өмірде шынығайық. .

№1026.

1. х+(16, 3-9, 25) =2, 113+5, 887; 2. у-(63, 72-32, 86) =12, 64-3, 5;

ІІІ. Сабақты қортындылау.

  1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз /азайтамыз/?
  2. Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады /азайтады/?
  3. Ондық бөлшектерді қосуда, қосудың қандай қасиеттері орындалады?
  4. Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса, қалай азайтады?

ІV. Үйге тапсырма:

№1026(3, 4) ; № 1004.


Ұқсас жұмыстар
Ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды қайталау және бекіту: ойындық-бәсекелік сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: қайталау және пысықтау ойын сабағы
5-сыныпқа арналған ондық бөлшектерді қайталау: саяхат сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: ойын формасындағы қайталау және пысықтау сабағы
Ондық бөлшектерді қосу бойынша есептер шығару сабағы
5-сыныпқа арналған ондық бөлшектерді қосу және азайту бойынша қайталау-бекіту сабағы
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: сабақ жоспары мен тапсырмалар
Жай бөлшектерді қосу және азайту - қайталау және пысықтау сабағы
5 «б» сынып: Ондық бөлшектерді азайтуды бекітуге арналған интерактивті сабақ жоспары
5-сынып: Жай бөлшектерді қосу - қайталау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz