Жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану: шет тілін оқыту тәжірибесі

Г. А. Жулдузгалиева

«№19 жалпы орта білім

беретін мектебі» КММ

Сәтбаев қаласы

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр. Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибе-сін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілген. [4, б. 5] .

Ақпараттық технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдам-дығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қа-лыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуы-мен. . ерекшеленеді.

Ақпараттық коммуникациялық технология оқу барысында компью-терді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. [3, б. 28] .

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық. . желілерге. . шығу»-деп. . көрсетілген . . . [2, б. 16] . Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Шетел тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам: Лексиканы меңгерту. Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т. б. Сөйлеу жұмыстары. Көптеген бағдарламаларда фонетикалық жаттығу қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. Жазуды оқыту. Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді. . үш. . іс-әрекетті. бір. . уақытта. . біріктіреді. Кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құрал-дары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен. . еңбек. . етуіне. . жағдай. . жасайды. Мен өз сабақтарымда Сократова Марина Михайловнаның электронды оқу-лығын жиі қолданамын. Бұл электронды оқулық неміс тілінің грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі, оқушылар-дың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді. Электронды оқулық екі бөліктен: 1-грамматикалық анықтамалықтар, 2-тақы-рып бойынша тест тапсырмаларынан тұрады. Грамматикалық анықтамалықты белгілі бір грамматикалық тақырыпты түсіндіргенде көмекші құрал ретінде қолдануға. . болады. Жаңа ақпараттық құралдарды, әсіресе электрондық оқулықтарды оқу үрдісін-де. . қолданғанда. . күтілетін. . нәтижелер:
•. . үлгерімі. . төмен. . оқушыларға. . көмектеседі;
•оқушылардың. . сабаққа. . деген. . қызығушылығын. . арттырады;
•сабақта. . пайдаланылатын. . көрнекіліктердің. . санын. . арттырады;
•оқушылардың. . шығармашылығын. . арттырады;
•оқушыларды. . жеке. . жұмыс. . істеуге. . үйретеді;
•грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
•пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. [1, б. 17] . Сонымен қатар қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел. . қарқынмен. . дамуда. Мұнда мультимедиа материалдары, электрондық оқулықтар, интерактивтік бейнеконференциялар арқылы білім алуға мүмкіндік бар. Интернет шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-қатынасқа түсуге, керекті мәтіндермен жұмыс істеуге қол жеткізеді. Интернет арқылы оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді: электронды пошта (e-mail), телеконференция (usenet), бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу. . (Chat) [5, б. 22] .
Мен өз оқушыларыммен Интернет жүйесін қолдана отырып, видеофильм, электронды пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық сурет-тердің көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды орындатамын. Оқушылардың танымдық қызы-ғушылығын арттыру үшін шығармашылық тапсырмалар бере отырып, оларды ғылыми жұмыстармен айналысуға үйретемін. Бастауыш сыныптарда интер-неттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалып-тастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату, фонетикалық жаттығу-лар жасату және оқыту арқылы оқушылардың тілін дамытып қана қоймай, олардың пәнге және тілге деген қызығушылығын ояту жұмыстарын жүргіземін. Нәтижесінде, оқушылар ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және


Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесінде жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Қоғамдық пәндерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану: коучинг-сессия жоспары
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы және оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану: коучинг сессиясының мақсаты, әдістері және нәтижелері
Жаңартылған білім беру мазмұнында шет тілі сабағын ұйымдастырудың әдістемесі мен тиімді жолдары
Жаңартылған білім беру жүйесінде кинематика бөлімін оқыту әдістемесі
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың №13 жалпы білім беретін мектебіндегі тәжірибесі
Білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Информатика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz