Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Манометрлер. сорғылар. 7-сынып



Меңдіғазиева Гүлшат Орынғалиқызы
Физика және математика пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Боранқұл орта мектебі

Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы: Манометрлер. Сорғылар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға манометрлер, олардың түрлері, сорғының
құрылысы, жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру, білімдерін
қалыптастыру;
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай
алуға жетелеу, дүниетанымдарын кеңейту;
б) тәрбиелік: Оқу материалының ең негізгісін таңдап алуға, бар
қабілетін дұрыс пайдалануға, іздемпаздыққа, тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, шприц, суы бар стакан,
Сабақтың түрі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа тақырыппен таныстыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру:

• Атмосфера деген не? Оның құрамы қандай?
• Атмосфераның негізгі қабаттарын ата.
• Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не? Ол неге тең?
• 760 мм.сын.бағ. қанша Паскальға тең?
• Альтиметр дегеніміз не?
• Үйге берілген есептердің орындалуын тексеру
• Тест тапсырмаларын орындату

1. Қысымды қалай белгіленеді?
А. p В. Ғ С. M Д. Ρ
2. Қысымның өлшем бірлігі
А. Н В. Па С. Кг Д. m2
3. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі
А. Н В. Па С. Кг Д. мм. сын. бағ.
4. Қатты денелер қысымды қалай жеткізеді?
А. Бір бағытта В. Барлық бағытта бірдей С. Жан-жаққа Д.
Дұрыс жауабы жоқ.
5. Сұйықтар мен газдар қысымды қалай жеткізеді?
А. Бір бағытта В. Барлық бағытта бірдей С. Жан-жаққа
Д. Дұрыс жауабы жоқ.
6. Сұйықтар мен газға түсірілген қысым осы сұйықтың немес газдың әрбір
нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қандай заң?
А. Инерция В. Паскаль С. Архимед Д. Дұрыс жауабы жоқ.
7. Атмосфералық қысымның бар екендігін кім тәжірибе жүзінде дәлелдеді?
А. Торричелли В. Паскаль С. Архимед Д. Дұрыс
жауабы жоқ
8.Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым қандай
формуламен анықталады?
А. [pic] В. [pic] С. [pic] Д. Дұрыс
жауабы жоқ

ІІІ. Жаңа сабақпен таныстыру
а) Атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен қысымды өлшеу үшін
қолданылатын аспап манометр деп аталады.

[pic] [pic]

Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигмоманометр немесе
сфигмотанометрмен өлшенеді
Бұл құрал сынапты немесе металл манометрден (1), манжеттен
(2) және үрлеуіш (3) тұрады.

Сорғылар –атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі.

Су сорғысының құрылысы:

ІҮ. Жаңа сабақты шапшаң қайталау, тақтаға тірек–сызбаны ілу, дәптерлеріне
жазу.
Ү. Жаңа сабақты бекіту сұрақтарын қою.
• Атмосфералық ауа қысымынан төмен не жоғары болатынқысымды өлшеуге
арналған құралдар қалай аталады?
• Ашық сұйықтық манометр қалай жұмыс істейді? Металл манометр ше?
• Сорғылардың поршені неліктен сорғы түтігінің қабырғасына тығыз
жанасып тұрады?
• Ауасыз кеңістікте су сорғысы жұмыс істей ала ма? Неліктен?
ҮІ. Есептер шығару
І-деңгей
1. Неге сұйықтық барометрлерге суды пайдаланбай сынапты пайдаланады?
2. Қатынас ыдыстарға су құйылған. Сол жақтағы ыдысқа аздап су құйсақ
3. (4-сурет) қандай өзгеріс болады? Ортадағы ыдысқа (5-сурет) су құйсақ
ше?

ІІ-деңгей
1. Су бүркегінің іс-әрекетін түсіндіріңдер.
(1-сурет)
2. Мұхиттың 200 м тереңдігіндегі суда
жүзушіге түсірілген қысымды есепте.

ІІІ – деңгей
1. Цилиндрлік стакан ішінде су және мұнай бар.
Сұйықтардың стаканның түбіне түсіретін
қысымын есептеңдер. Егер стакан түбінің диаметрі
25 см болса, сұйықтардың массасы
қандай болады?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Үйге: § 42,43.

-----------------------
МАНОМЕТР

МЕТАЛЛ МАНОМЕТР

АШЫҚ СҰЙЫҚТЫҚ МАНОМЕТР

газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін қолданылады

1-доға тәрізді иілген металл түтікше
2-меңзер
3-тісті тегершіктер
4-кран
5-иіндік

1- цилиндр
2-поршень
3- қақпақшалар
4-құбыр
5-кран


Ұқсас жұмыстар
Манометрлер. сорғылар
Деформациялық манометр
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұлы физиктер мен физикалық құбылыстар, формулалар жайында мағлұмат беру
Архимед күшіоқушыларға Архимед күшінің бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп , оның табиғаттағы пайдасы туралы түсінік беру
Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар
Архимед күші мен ауырлық күші
Жарық энергиясы
Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Негізгі сұрақ
PISA есептері
Пәндер