Гимнастика бөлімі. бекетті сабақ. 8-сынып

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Ережепова Шырайгүлдің
«Гимнастика бөлімі. Бекетті сабақ» тақырыбындағы
жоспары
2009-2010 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика бөлімі.
Бекетті сабақ
Сабақтың мақсаты: - гимнастика сабағында өткенді қайталау
арқылы, оқушылардың гимнастикалық
жаттығуларды жасау қабілеттерін арттыру;
- батылдыққа, табандылыққа үйрету;
- ептілігін, иілгіштігін, секіргіштігін дамыту;
Сабаққа
пайдаланатын
керек жарақтар: ысқырғыш, кіші ат, көпірше, кіші бөрене немесе
скамейка, матылар, волейбол доптар, бекет белгілері.
Болатын уақыты: 1-2 желтоқсан
Сыныбы: 8
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
а)
ә)
б)
г)
ғ)
д)
е)
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сапқа тұру
Сәлемдесу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
түсіндіру
Сынып ретімен санал!
Сынып екіге бөлін!
Бір қатардан екі, екіден бір қатар жаса!
Оңға ! -2, Солға ! - 2, Артқа бұрыл! -2, Оңға !
Сол жақ бағытпен зал ішінде, алға бас!
Жай жүрістен қолды жоғары созып, аяқтың ұшымен жүру.
Жеңіл жүріс!
Жүрістен жеңіл жүгіріске көш!
Жай жүріс!
1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы.
Шапшаңдыққа жүгіру.
1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы
Жай жүріс! Тоқта 1-2 !
Саптағы жаттығулар:
- б. қ. қол белде;
аяқты қозғап тұрып басты 1-2 есебінде оң қапталға, 1-2 есебінде сол қапталға иію;
-б. қ. қол белде;
аяқты қозғап тұрып, 1-2 есебінде алға, 1-2 есебінде алға шалқайту
- б. қ. қол белде;
аяқты қозғап тұрып оң және сол иықтарды 1-4 есебінде қозғау;
- б. қ. аяқ иықтың тұсында;
қолды алға созып 1-4 есебінде білеу,
1-4 есебінде шынтақ,
1-4 есебінде иық буындарын ішке және сыртқа айналдырамыз.
-б. қ. аяқ иықтың тұсында, қол белде;
- 1-2 есебінде оңға;
-3-4 есебінде солға;
-1-2 есебінде алға;
-3-4 есебінде артқа белден иілу.
-б. қ. шалқалап жатып, қолды жерге тіреп аяқты 1-4 есебінде ауада «велосипед» тебу;
-б. қ. шалқалап жатып, қолды шынтаққа тіреп аяқты 1-4 есебінде ауада «велосипед» тебу;
-б. қ. шалқалап жатып, қолды артқа тіреп аяқты 1-4 есебінде ауада «велосипед» тебу;
-б. қ. жүресінен отырып 1-2 есебінде көлбеу тепе-теңдіктен б. қ -ға қайтып келу.
Жаттығуды оң және сол аяқтарда орындау.
ІІ. Негізгі бөлім.
Сыныпты үш бекетке бөлу:
1 - бекет
Төменгі бөренеде тепе-теңдік сақтау, денені тік ұстап жүру.
2 - бекет
Тепе-теңдік сақтау, алға домалау, артқа домалау, жауырынға тұру, жартылай шартқа отыру.
3- бекет
Кіші аттан секіру
Қозғалмалы ойын «Аңшы мен үйрек»
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұру
Бағалау
Үй тапсырмасын беру
1`
2`
1`
2`
1`
1`
1`
1`
1`
1`
1`
1`
1`
7`
7`
7`
4`
5`
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
аяғын дұрыс қоя білуі қажет
денені тік ұстап, әдемі алып жүру
аяқты жиі алып, жеңіл жүгіру
1-2 есебі қолды жоғары созып терең демді ішке тартып, 3-4 есебінде төмен иіліп демді сыртқа шығару
барынша үдете жүгіру
жаттығуларды орындау кезінде денені тік ұстау
аяқты бүкпей, арқаны түзу ұстап, жамбасты артқа шығыңқы ұстау қажет
аяқты соза орындау
шынтақ бүгілмеуі қажет.
тепе-теңдік сақтағанда тынысты ішке, отырғанда сыртқа шығаруы қажет, қолмен жерден итеріле демеу.
Аяқты созып, жауырын тік, қолдар екі жаққа созылуы қажет.
Жүргенде бас көтеріңкі, денені тік ұстап жүру керек.
Домалағанда бас ішке қарай бүгілуі керек. Жауырынға тұрғанда аяқты барынша тік ұстап тұру және аударылып түсу арқылы жартылай шартқа отыруы қажет.
Кіші аттан аяқты барынша ашып секіріп, жерге аяқты қосып түсу керек.
Аңшылар мерген болса, үйректер шапшаңдық көрсету керек.
Негізгі бөлімде жасалған жаттығларды қайталап келу.
Шығармашылық есеп
Мен Ережепова Шырайгүл Фермебайқызы 1986 жылы осы еңбек етіп отырған Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебін бітірдім. Ата-анам Ережепов Фермебай және Нажмеденова Саниялар осы қиында қызық еңбек жолын таңдауыма бірден-бір себепші тұлғалар. Себебі екеуіде өмірлерін шәкірт тәрбиелеуге арнаған зейнеткер ұстаздар.
Мен ұстаздық еңбек жолымды 1988 жылы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастадым. Сол жылы Ақтөбе педагогика институның дене тәрбиесі факультетіне түсіп, 1993 жылы аяқтадым. 1990-1996 жылдары балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқардым. Сол еңбек жылдарымда дайындаған спортшыларым аудн, облыс, республика көлемдерінде өнер көрсетіп жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Мысалы 1990 жылы Қарақалпақ стансасында өткен ҚАССР-на 20 жыл толуына арналған турнирде I-ші жүлделі орынды иеленген болатын. Осы жылы, яғни 1990 жылы тамыз кеңесінде «Жас жеткіншектерді үлгілі тәрбиелеу және еңбектегі жетістіктері үшін»деген аудандық «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
1996 жылы спорт мектебінің жабылуына байланысты Ы. Алтынсарин орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып ауыстырылдым. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай-қайсысы да адамға соның игілігіне қызмет етуге бағыт- талған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар. Бүгінгі ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Сондықтан құнды игілігіміз қазақтың ұлттық ойындарын сабақ жоспарларыма енгізіп түрлендіріп өткізіп отырдым. Сол оқу жылдарында дене тәрбиесін оқыту жүйесінде оқушылардың дене тәрбиесі сабағына тиянақты қатысуын және қызығушылығын арттыру болғандықтан алдыма қойған проблемам дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану еді. 1999 жылы «Дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану әдістерім» тақырыбымен пед. оқуға қатысып, іс-тәжірибем аудан мектептеріне таралды. Осы аталған оқу жылында «Жыл мұғалімі-99» мектепшілік сайыстан I-ші орынды жеңіп алып аудандық сайысқа қатыстым.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz