Файл қосу

Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру


Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру
Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы,
көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын
қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру,
ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын
түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы
оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді.
Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, география т.б.
пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген
қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы
ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі
көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық
қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала
толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты
арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-
әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді,
ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек. Негізгі рөл
оқушының ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық
дайындығымен сипатталады.Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара
түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға
қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және
денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және
ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей
болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-
дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер
қабылдауға,өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге
тәрбиелейді.
Әр сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір
сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты
түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла
түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға,
әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа
үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі,
есте сақтау қабылеті дамиды.
Тақырыпты тандау мәселем:
- оқушылардың тарих пәніне қызығушылығының, танымдық белсенділігінің
төмендеуі.
- ойын технологиясын оқу процесінде жүйелі қолданбаудан оқушы құзыреттілігі
айқындалмайды, жан-жақты оқушы қасиеттері анықталмағаннан қарама-
қайшылықтар туындайды.
Мақсатым:Тарих сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттерім:
-тарих сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-тарих бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды
анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына,
қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны
толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз
мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
 Егер тарих сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық
белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап
қорыту деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады
(үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес
оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз
қолданылады.
Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау
кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар
интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік
береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген
негізгі міндеттер:
-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
- шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру
Ойын технологиясының оқытудың сатылары:
1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты
талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу
2. Баяндалған дайын обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас,
форматтық баяндалған объектіні оқып білу
3. Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды талқыға салу
4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен
жобаларды бағалау, ойындарды талдау.
Ойын баланың сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ
қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері
өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.
Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық
белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда
ойынды үнемі оқу үдерісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын
белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей
жымдасып жатуы тиіс.
Оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір көзі–тарихи ойын элементтерін
қолдану деп ойлаймын. Меңің ойымша, тарихи ойындар–сыныпта жүргізілген
жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне
тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның
тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Оқушыларға сұрақты қысқа, түсінікті
етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін
кезектестіріп отырамын.
Тарих сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып
сабақ өткізу өте пайдалы.
Сыныптарда мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын:            
 -тарихи эстафеталар,
-викториналар,
-кроссвордтар,
- ребустар,
-жұмбақтар.
 Оқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері:
1. Ойын оқушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау,
ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.
2. Ойын ерікті түрде құрылады.
3. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.
4. Ойын барысында оқушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады.
5. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға
әкелуге көмектеседі
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дүние
жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған
әдісі, адамзат тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын өмір сүру тәсілі
емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі» және «Ақылды адам дегеніміз ең
әуелі ойнайтын адам» деген екен.
Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына тарих сабағында ойын – тиімді
тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын – оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сенімдемім.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика
мемлекеттерін  көтерудің тиімді жолы-білім беру саласын толықтай
ақпараттандыру .
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі  мектеп
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі
заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең  білгірі  болу емес, тарихи
танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси   экономикалық  
білімділік   және   ақпараттық   сауаттылық   талап етілуде. Ол заман 
талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, шығармашылықпен
жұмыс  істеп, оқу мен  тәрбие  ісіне  еніп,  оқытудың жаңа  технологиясын 
шебер  меңгерген   жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары 
жетекші тұлға  ретінде, ұлағатты саналады.
ХХІ  ғасыр   ақпарат  ғасыры   болғандықтан,  адамзатқа   компьютерлік 
сауаттылық   қажет.  Ал  бұл  сауаттылықтың   алғашқы  баспалдағы 
мектептен  басталады.  Мектеп   қабырғасынан   теориялық  біліммен  
қатар,  практикалық   білімнің  алғы  шарттарын     меңгеруі  тиіс.  Ал, 
теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін  компьютердің қажет екені
даусыз.
 Ақпараттандырудың  негізгі  бағыты   ХХІ   ғасырдың талаптарына сәйкес  
қоғамды дамытудың жоғары  тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа  
білім стратегиясына көшу болып   саналады. 
Осыған  сәйкес  қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне-оның  іргелілігі, 
алдын-алу  сипаты  және  осыларға   қол   жеткізу мүмкіндіктері 
жатады.Бұл  өскелең   ұрпақты   ақпараттық   қоғаммен зиялы қарым-
қатынасқа  оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға
жағдай   жасайды.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту  үрдісінде
жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде  қолдануды  қажет 
етеді.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне  байланысты 
жеке  пән  сабақтарында компьютерлік  техниканың  мүмкіндіктерін  толық 
пайдаланып,   оқушыларға  терең  де  тиянақты   білім  беруге  жағдай 
жасалды.  Компьютер  арқылы  оқушылар  тарих сабағында  арнайы
компьютерлік  бағдарламалар мен электрондық оқулықтар  арқылы  зерттеп, кез-
келген тақырыпты оқушылар  өздері  меңгереді.  Бұл оқушылардың  пәнге 
деген  қызығушылығын  арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше
шығармашылықпен,  ізденімпаздықпен  жұмыс  жасауына  көп көмегін тигізеді.
Тарих сабағында   компьютерді   пайдалану   оқу  үрдісінде  мұғалімі мен 
оқушының  оқудың  жеке дара  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына  мүмкіндік 
береді.  Тарих- оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыратын және 
дамытатын негізгі  буын. Ол оқушылардың  интеллектін, логикалық  ойлауын
және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде
бермеуге тырысамын.  Оқушылардың  өздігінен  танып-білу   дағдыларын 
қалыптастыра  отырып, жаңа  тақырып  бойынша  анықтама,  ережелерді 
өздері  құрастырып   тұжырымдай білуіне жетелеймін.  Ол үшін  оқытудың  
интерактивті  формаларын  сабақта  қолданамын.
Олар:
-          Жеке  шығармашылық  тапсырмалар,  жобалар.
-          Блок-схема,  графиктер,  диаграмма,  т.б.
-          Тірек-схема,  көрнекіліктер  және  анықтама  құралдары
-          Ойын арқылы оқыту
-          Сөзжұмбақ,  ребустар
 -          Тестілеу.
Сонымен  қатар  « Миллионды кім  ұтады?»   ойынының  компьютерлік нұсқасын 
өз  сабақтарымда  пайдаланамын . Оқушылар  бұл  ойын арқылы   өз  
білімдерін   шыңдайды.
Сонымен  тарих  сабағын  компьютер  көмегімен     оқыту  төмендегі 
мәселелерді:
2)Оқытудың тиімділігін  жоғарылатады   және  оқу материалын түсіндіру 
мүмкіндігін арттырады;
3)Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық  көзқарастарын  қаыптастыра отырып,
олардың білімге  құштарлығын ,   табиғи сұранысын қанағаттандырады.
4)Мұғалімді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,  үнемдеген уақытта 
олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
5)Мұғалім  мен  оқушының  жұмысын  жеңілдетеді.
Сонымен тарих сабағындағы ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып,
мынандай қорытындыға келдім:
1. Тарих сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі тарихты
терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2. Қызықты тапсырмалар білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық,
интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен
ойлау жүйесін дамытады
4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.
5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.
Елбасының жолдауында:
«Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру
үрдістерін,ақпараттық технологияларды жаппай енгізу қажет.Шетелдік
мамандардан үйреніңіздер,тәрбие алмасаңыздар.Кім дамымаса,алға қарай
жүрмесе,өз орнынан басқаға,әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруге тура
келеді.Себебі ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік
деңгейімен айқындалады»-деп атап көрсетті.Жолдауды орнындай отырып біз жаңа
технологияны оқу тәжірибеге енгізіп,ойлау қабілетін дамыған өз бетінше
шешім қабылдай білетін ұрпақты даярлауымыз керек.Жаңа технологияны
пайдаланып,биология пәнін түрлендіріп оқушының пәнге деген қызығуы мен
қабілетімен және өзіндік жұмыс істеуіне жол ашады.Талабы Таудай,қабілеті
мол,ізденімпаз оқушы көбейсе олар ұлтымыз үшін мақтаныш,еліміз үшін абырой.
 
 
 
 
 
 
 

| | |

| |


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Тарих сабағында оқушылардың топтық ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыс түрлері
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІ МЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Оқушы сенімін арттыру
Орфографияны дұрыс оқыту
Сабақта ойын түрлерін қолдану
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
Пәндер