Суретке сүйене отырып есеп құрастыру мен шешу

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Математика.

Сабақтың тақырыбы: Есеп құрастыр, оны шығар.

Сабақтың мақсаты:

Суретті пайдаланып есеп құрастыру. оның нәтижесін табудағы ең басты мақсат-баланың тілін дамыту, грамматикалық дұрыс байланыстырып сөәлеуге тәрбиелеу, көзмен көргенін есінде ұстап, тіл, сөз арқылы ойын айтып, ақыл -ойын дамытып, шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: 0-ден 10-ға дейтін кеспе әріптер. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреттері.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Шаттық шеңбер: «Ыммен амандасу»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Балалардың іс-әрекеті: Балалар шеңбер жасап тұрады. Көздерімен, қолдарымен, арқаларымен, құшақтасып амандасады.
Әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Сабақтың мазмұны.

Баланы сурет бойынша сөйлету.

1. Кіріспе әңгіме. (Ертегіні айтып беру)

. . . Мысық қатығын төгеді, Мақта қыз құйрығын кесіп алады.

Мысық: «Апа құйрығымды берші!»-деп жалынады.

Қыз: «сен берілген тапсырмаларды орыдасаң, мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін», -дейді.

  1. Сиырдың тапсырмасы:

1-ден 10-ға дейін өсу ретімен және кері сана.

  1. Ағаштың тапсырмасы:

сол жақтағы бұтақта 4 торғай отыр еді, оң жақтағы бұтаққа тағы да екі торғай ұшып келіп қонды.

2 сары торғайға 3 көк торғай қосылды, барлығы қанша торғай болды?

  1. Қыздардың тапсырмасы:

4 торғайға 1 торғай келіп қосылды, барлығы қанша торғай болды?

бұтақта барлығы 6 торғай отыр еді оның 4 торғайы ұшып кетті бұтақта қанша торғай қалды?

  1. Дүкеншінің тапсырмасы:

суретте барлығы 5 балапан оның 4 балапаның қиып тастасақ қанша балапан қалады?

суретте барлығы 5 балапан оның 1 балапаның қиып тастасақ қанша балапан қалады?

Серіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол олымда бес саусақ.

Бесті беске қосайық

Алақанды соғайық.

  1. Тауықтың тапсырмасы:

Балалар, суретте ұлтық ою-өрнектер барілген.

Суретте «Тұмарша» оюлар берілген. «Тұмарша» оюы үшбұрыш үлгілес болып келеді. Осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін үй жануарларының, бойтұмар ретінде балалардың мойынына тағылатын.

4 қызыл тұмарша оюға 4 жасыл тұмарша оюды қоссақ барлығы қанша болады?

4 сары оюға 2 көк оюды қосқанда барлығы қанша болады?

5 қошқар мүйіз оюға 3 қошқар мүйіз оюды қосқанда барлығы қанша болады?

барлығы 7 тұмарша ою одан 3 оюды алғанда қанша ою қалды?

  1. Тышқанның тапсырмасы:

қанша сан болса сонша үшбұрыш сал.

Балалардың іс-әрекеті:

балалар ертегі мазмұның мұқият тындайды.

берілген тапсырмаларды орындайды.

2+4=6

4+2=6

4+1 =5

6-4 =2

5-4 =1

5-1= 4

4+4= 8

4+2= 6

5+3 =8

7-3 =5

Әрекет кезеңдері: Рефлексивті қорытынды
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалар, Мақта қыз сендердің білімдеріңе риза болып, мысықтың құйрығын қайтарып беретін болды. Мысық та сендерге өте риза.

Ойын: «Шашу» 0-ден 10-ға дейін сандар шашылады. Балалар сандарды жинап «қарлығаштар» деген сөзді жинап оқып береді. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Қ а р л ы ғ а ш т а р

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды жұлдызша таратып бағалау, мадақтау.

Балалардың іс-әрекеті: тура және кері санайды (орыс тілінде, ағылшын тілінде санайды)

Нәтиже:

Білу: суретке қарап есеп шығару. Сұрақтарға толық жауап бере білу;

Игеру: ойнай білу дағдысы

Меңгеру: ойын ойнаудағы әрекетті атау және көрсету;

Суретке қарап есеп құратыра, шығара алады.


Ұқсас жұмыстар
Функция қасиеттерін қолдана отырып теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері
Қайталау: Көбейту мен бөлудің қасиеттерін пайдалана отырып есеп шығару дағдыларын жетілдіру
Көбейту қасиеттерін қолдана отырып есептерді әртүрлі тәсілдермен шешу
Күрделі теңдеулерді шешу: жылдам есеп шығару мен логикалық ойлауды дамытуға арналған аралас сабақ
Туынды формулаларын қолдана отырып күрделі есептерді шешу (қайта қарау сабағы)
Бастауыш сыныпта логикалық есептерді құрастыру және шешу әдіс-тәсілдері: ұлттық ойындар мен математикалық ойындарды қолдану
7-сынып информатика: int, frac, round, trunc функцияларын Паскаль тілінде қолдана отырып есептер шешу
Бастауыш мектепте есеп шығаруды үйретудің әдістемесі мен типологиясы
Көбейту пирамидаларын құрастыру арқылы математикалық ойлау мен есте сақтауды дамыту
Мемлекеттік мекемелердегі есеп пен талдаудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz