Ә ә дыбысы және әрпі

Білім беру саласы «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Сауат ашу»
Сабақтың тақырыбы: Ә, ә дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
- Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету.
- Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Әже (суреті), бесік, сырмақ, текемет, көрпе жастық, әлди (қуыршақ) әріптер (касса), әтеш (суреті), әке (суреті), Әліппе.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, ойын түрінде.
Сабақтын әдісі: ойын, түсіндірме, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ән айту.
Шаттық шеңбер:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сұйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен дыбыстарды қайталау.
«Кім білгіш?» ойыны арқылы өткен дыбыстарды қайталау.
Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты айтсам, екі қолдарындыжоғары көтеріп, шапалақтайсыңдар, ал дауыссыз дыбысты айтсам, еңкейіп тізелерінді шапалақтайсындар.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын табындар.
Жалғыз таяқ болып тұр.
Төбесінде доп тұр.
Бұл не?
- Жақсы балалар, І әріпібар сөз айтып көрейік ші.
- Жақсы балалар, ендеше ойын ойнайық.
«Із бен жұру»
Ойын шарты: Із бен жұру арқылы берілген тапсырмаларды орындау.
- Тарсырма: «Ілгіш» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- І дыбысы қандай дыбыс?
- І дыбысы қандай текшеде жазылады?
- Ілгіш сөзін буынға бөл? Іл-гіш
- Жақсы балалар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Есік қағылып сырттан әжей кіреді.
Әже: - Сәлеметсіндер ме балалар?
- Сәлеметсізбе әже, төрлетініз, қош келдініз
Әже жайғасып отырады.
Әже ойын ойнатады.
Сюжеттік ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, әлди.
Әсел: - Әже, әлди жылады.
Әже: - Әлди-бөпем әжен келе жатыр.
Әжең «әлдиді» тербетеді . . .
Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық.
Әкеле ғой, көрпесі ме жастығын.
Әжесімен әсел әлдиді бесіктен шешіп алады . . .
Әже мен Әсел бесік жырын айтады.
Тәрбиеші: - Ойынға кімдер қатысты?
- Бұл сөздер қай дыбыстан басталады?
Ә әрпін балаларға көрсетемін .
- Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздер айта аласындар?
- Балалар, әтеш, әпке, сәбіз сөздерін буынға бөлейік.
- Балалар, Ә әріпін айтып көрейікші.
- Ә әрпін әндетіп, кедергісіз айтамыз, ендеше Ә әріпі дауысты дыбыс.
- Ә дыбысын қандай текшемен белгілейміз ?
Сергіту сәті:
Әлди-әлди бөпешім,
Ұйықтай қойшы көкешім.
Бармақтарын майысып
Ұста болар ма кенсің?
Күйші болар ма екенсің? . . .
Ә әрпін тақтаға жазып көрсетемін.
Ә әрпін ауада жаздыртамын.
Дәптермен жұмыс:
Сергіту сәті: Бір, екі, үш
Жинап алып күш
Қолға қалам аламыз
Ә дыбысын жазамыз.
Бір жолға әдемі, сауатты жазу.
Оқушылар оқу құралдарын алып, сабаққа дайындалады.
Балалар дауысты дыбыста екі қолдарындыжоғары көтеріп, шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты айтқанда, еңкейіп тізелерінді шапалақтайды.
Балалар жауабын айтады.
І әріпі.
ілгіш, іні, кітап, түлкі, із.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Ойынды қызығушылығымен ойнайды.
Балалар әжемен амандасады.
- Әже, Әсем, әлди.
- Ә.
- Әтеш, әткеншек, әпке, әке, сәбіз, дәрі, ән, әңгіме, . . .
- әт-еш, әп-ке, сә-біз.
Балалар дауыстап Ә әрпін айтады.
-Дауысты.
-Қызыл текшеде жазылады.
Іс-әрекет арқылы жасайды.
Іс-әрекет арқылы жасайды.
Балалар дәптерге Ә әрпін жазады.
ІV. Сабақты қорту.
- Балалар бүгін сабақта не үйрендік?
Ойын: « Көбелектерді гүлдерге қондыр»
- Ә әрпі қандай дыбыс?
- Ә әрпін қандай текшемен белгілейміз?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
- Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
Ал бізге барлық әріптерді үйрететін кітап «Әліппе» деп аталады (таныстыру)
Таныстырар әріппен
Мынау кітап әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен? (Ә)
- Балалар, үйден кітап, журнал, әліппе т. б. қарап шығып, әр қарағанда Ә әріпіне назар аударындар. Әпке, әжелеріңнен оқып беруін сұрандар.
Балалардың жауабы тындалады.
- Ойын өте қызықты болды.
Жұмбақтын жауабын айтады «Ә»
Күтілетін нәтиже:
Білу: Ә, ә дыбысы және әрпін тану және жаза білу.
Игеру: Ә дыбысының таңбасын жаза біледі. Дәптерге ұқыпты, таза жазады.
Біледі: Ә әріпі бар сөздерді айта алады. Сөздерге сөйлем құрап байланыстыра айта алады. Өлен айта алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz