Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Б.момышұлы-мәңгі тірі (конференция)



Ақтқбе облысы
Байғанин ауданы
№3 Қарауылкелді орта мектебі

Тақырыбы: «Мәңгі тірі Момышұлы»
/Оқырмандар конференциясы/

Мектеп кітапханашысы:

Бирмаганбетова Жамила Жайлыбайқызы

Тақырыбы: «Мәңгі тірі Момышұлы» оқырмандар конференциясы

Мақсаты: Ел еркіндігін, бостандығын, тәуелсіздігін қанымен қорғаған
Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаны оқушыларға үлгі , өнеге отырып Отанын
қорғау жолында жанын садаға ететін ұрпақ өздері екенін сезіндіру.

Көрнекілігі: Бауыржан Момышұлының суреті, буклет, кітаптары.

Жүргізуші:

Құрметті: Ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі біздің мектебімізде «Мәңгі тірі Момышұлы» атты
оқырмандар конференциясын өткізгелі отырмыз.
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды « Талғардай тік иықты,
Бөрі кеуде, бүркіт қабат – Бауыржан»
Қалтыраған атына жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Гвардия бөлімінің қолбасшысы
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы.

Ән: «Солдан әні» Орындайтын: Бексұлтанұлы Б.

Жүргізуші:

І – бөлім.
Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі туралы баяндамамен
кітапханашы Бермағанбетова Жамила Жайлыбайқызы таныстырады.
Халқымыздың қаһарман перзенті, хас батыры, даңқты қолбасшы жазушы
Бауыржан Момышұлының ұлт – қазақ ,әлеуметтік тегі- қызметші. Бауыржан
Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүнеге келген.
Имашұлы зерделі де ширақ, пайымшыл да алғыр кісі болған. Жастайынан ескіше
оқып, білім алған, оның үстіне өмір бой өздігінен оқып - үйреніп, жақсылық
пне ізгілікті , парасаттылық пен адамгершіліктікөңіліне тоқи білді.
Әулиеата өңірінде, тіпті түлкібас аймағында «Момыш молда» ретінде әбден
танылған кісі болған. Бауыржанның анасы Разиядан төрт қыз, бір ұл дүниеге
келген.
Үбір, Үбиян, салиман, сынды қыздары бойжеткен бастаған шақта жалғыз
ұлы Бауыржанды туғаннан кейін анасы дүние салған. Ікесі Бауыржанға
жастайынан арабша және орысша әліппені, арифметиканыүйрете оқыпберіп
отырған. Әкесі жалғыз ұлын орысша оқысаң, нақты білім аласың, көзің
ашылады, айналадағы құбылыс пен тіршілікті дұрыс бағалай білсең деп
иланған. Әкесі баласын Бержаным дейтін . Әкесі Бауыржанды Евгеньевка
селосында тұратын орыс мұғаліміне беріп оқытқан. Бауыржан Гончаровтардың
семьясында тұрып оқыған. Әулие атаның Полтороцкая көшесінің бойында
орналасқан интернат меңгерушісі Уәли Байшин дейтін, татар жігітті орыс
тіліліне, оның зайыбы Хадиша қазақ тілінен сабақ берген. 1922 – 1925
жылдарда апалы – сіңілі Лена маен Маша аса тәрбиешілік қамқорлық жасаған.
Бұлар комсомолдың жодасымен келген Компартия, Пионер деген ұғымды алғаш рет
солардан естіген. 1928 жылы Мұғалімдер даярлайтын курсты бітіргеннен кейін
губерниялық комиссияға яғни қарулы отрядқа декабрьде қосылды. Сырдария
губерниялық советі атқару комитетігің председателі Макин губерниялық білім
бастығы Шумилов отряд командирі Игенбаева Бауыржан Момышұлы Москва
түбегінде шайқаста болып Панфилов дивизиясының қатарында жүріп соғысқа
араласқан Бауыржан Момышұлы басқарған дивизияның атқыштар полкі жасаудың
екінші бекініс шебін де кідірмей басып алуды бұйырды. « Тек тірі адамдар
ғана соғысып жеңе алмады» деген генерал Панфилов сөзін ұмытқан жоқ болатын
Бауыржан Момышұлына отставкаға шығу өте ауыр тиді. Ол өзінің ең бір жақсы
жарқын жылдарын Совет Армиясы қатарына өткізді. Шайқаста батальон басқарға
аға лейтенант дәрежесімен бастаған ол Жеңіс күнін даңқты 9- гвардия
дивизиясының командирі, гвардия полковнигі болып қарсы алады. Батырдың 207
рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің қарауында қалғаны 2 рет өлімші болып
жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.

Соғыстан кейінгі жылдарда соғыс академиясында профессор дәрежесінде
тактикадан cабақ берді Ол армияны, армиялық өмір мен істі жан – тәнімен ,
сүйген еді.
Әдебиетке өз сөзімен айтқанда оны соғыс сүйреп әкелді. Одан соң әскери
әңгіме , повестері жиелей бастады. Бұл дәрежеге Бауыржан Момышұы оп – оңай
жеткен жоқ болатын. Бауыржан Александр Бекпен кездескенде «Біздің
дәуірімізге жалғандық атауы жат ... Жүректің қанымен жазу керек . Ал сіздер
жазушылар кейде сумен жазсағдар» деген еді. Жазушы Бауыржан жауынгер
Бауыржанның сол сөзіне дақ түсірген жоқ.
«Жауынер тұлғасы бір түннің оқиғасы. Бізді семья , Москва үшін шайқас»
кітаптарын оқып шақсаңыз бұған көзіңіз жетеді . Ұлы Отан соғысының даңқты
гениралыәрі атақты жазушы Петр Вершигора былай деген «Біз Бауыржан Момышұлы
ерліктегі белгілі жазушы болып, екінші ерлік жасады. Екі ерлігі де, менің
түсінігіме бір – біріне кем соқпайды». Бауыржан кітаптарын жұрт қолдан
қолға тигізбейқағып кетті. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып , 5 рет өлімнің
қарауында қалғаны 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз»
кітабына жарияланса « Артымызда Москва», «Бір түннің тарихы» , «Генерал
Панфилов», «Москва үшін шайқас» , «Ұйқан ұя повесті», «Досыма ескертпе» ,
«Ана тілін ардақта» т.б өлең шумақтары жарық көрді.
Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясы құрамында болып , 1941
жылы күзінен бастап соғыс аяқталғанға дейін талай қиян – кескі шайқастарға
қатысқан. Батольонды , полкті басқара жүріп , жеке басы ерекше қаһармандық
және тапқырлық көрсетті . Соғыстан кейін дивизияны басқарды. Бауыржан
Момышұлы соғыстан кейін жоғарғы әскери демалысқа шығып, біржола
шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей
жазады . Оның « Біздің отбасы» , «Артымызда Москва»,Майдандағы кездесулер»
сияқты кітаптары бірнеше шетел тіліне аударылды. Бауыржан Момышұлы ерекше
тұлға. Сондықтанда ол туралы жазылған көркем шығармалары , өлең – жырлары,
әңгімелер көп – ақ. Қазақ халқының осы бір тура азаматының жан- жақты
білімділігі, дарындылығы , ерекше батылдығы, отаншылдығы , ұлтжандығы, өз
халқының тамаша қасиеттерін дәріптеушілігі барлық халқымен , ұлттармен тату-
тәтті қатынасты ұнататындығы , балаларға, жоқ – жақынбайларға , кем
тарларға аса қомқорлықпен қарайтыны, қарт адамдарды ерекше сыйлайтындығы
сияқты көптеген қасиеттері ерекше айтылады .
Батыр атамыздың ұлы Бақытжан ағамыздың жазушы екенін білеміз. ССРО
Презенті М.С.Горбачевтың 1990 жылы 1 желтоқсандағы Жарлығы бойынша 1941-
1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс фашист басқыншыларына қарсы
күтесте көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін полковник Бауыржан
Момышұлыға қайтыс болғаннан кейін Совет Одағының батыры атағы берілді. Бұл
хабарды осы хатқа қойғандардан Ыбырай Жақаев , Жазылбек Қуанышбаев , Ғабит
Мүсірепов және Әмина Мәмбетова ести алмай дүниеден өтті . Бауыржанның
өзінің де оыс ардақты аға , аталарының да бұл жарлықты көре алмай кеткені
өкінішті болды . «Ештен – кеш жақсы» деген осы Алматыда Бауыржан Момышұлы
атындағы » әскери мектеп бар. Өазақ халқының адал ұлы , өзінің Кеңес елінің
абройы мен тәуелсіздігін қолына қару алып қорғап жүрген , осы халықтың
таңдаулы өкәлдерінің бірі – мойор Момышұлы үкімет наградасына ұсынылды.
Бауыржан Момышұлы ескерткішінің ашылу мен Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлының
мұражайының алдында батыр бюстінің ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар
халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» пьесасы бойынша
Абай атындағы Облыстық қазақ драма театры спектакілінің тұсаукесері өтті.
Батыр өсиетіне берікпіз – дейді Алматыдағы Бауыржан Момышұлыатындағы әскери
мектептің шәкірттері. Бұл мектептің іргетасы 1983 жылы салынды. 1991 жылы
Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Шығыс
Қазақстан,Алматы, Жамбыл облыстарынан 9 сыныпты бітірген оқушылар, үлкен
сынақтан өтіп , оқуға қабылданған өрекендерге жағдай жасаған. Сондықтан да
шәкірттер батыр аталарының «Тәрбиелік – тәртіптің құлы» деген сөзден
әрдайым есте ұстап, білімді тәрбиелі болуға тырысады. Бұл оқуды бітірген
түлектер 99 пайызы білімдерін әрі қарай жалғастырып , таңдаған мамандығын
игереді. Мектептің түлектері қазір еліміздің түкпір – түкпірінде әскери
қызмет атқарып жүр. Арасында жоғарғы шенге ие болып , үлкенбөлімшелерді
басқарып жүргендерде аз емес.
Ел жүрегінің төрінен орын алған Бауыржан Момышұлы бірге жасайды.

ІІ – бөлім.
Оқушылар « Мәңгі тірі Момышұлы» атты оқырмандар конференциясына
дайындалған мәнжазбалаларын ұсынады.

1. «Қайсар рух»
2. «Аңызға айналған ғұмыр»
3. «Бауыржан Момышұлы»

Жүргізуші:
Әке шыңы – асқақ шың.
Жас оқырмандардың бірі: қаламгер Бақытжан Момышұлына мынадай бір
сұрақ қойыпты.
Осыдан біраз жыл бұрын сіз «Әке – шың, сол шыңға беттеп келемін»
Деген едіңіз ,қазір сол шыңның қай жеріндемін деп білеміз? – деген екен.
Сонда қаламгер Бақытжан:
Әкемнің шыңына әлі жеткен жоқпын, жете аламын деп те айта
алмаймын. Әзірге , өзімді әке шыңының бірінші баспалдағында тұрғандай
сезінемін – депті

ІІІ – бөлім.
Әдеби – музыкалық монтаж./ Бауыржан Момышұлының өлеңдерінен /

«Туған жер»
Туған жерім Мыңбұлақ, арнал ақсай,
Ішсем суы татиды шекер – балдай.
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа ,
Сеннен артық, жер шіркін, өтер қандай?!

Көкорай шалғын, кең өлкем жерің дәнді,
Жазың салқын, жайлауың малға жайлы,
Сағынып алыс жерден келгенімде ,
Көзім тойып көркіңе , мейірім қонды.

Сеннен туғанда қуғанды ,жұрт шалқыды ,
Ана жаны «ұлым» деді, балқыды,
«Ер болсын» деп бата беріп аталар ,
Айтқан соны ән мен жыр да аңқыды.

Сеннен өлгенде жыласын жұрт, зарлап ел,
Төгілсін жас , тамшыласын, болып сел,
Қайтыс болды дүниеден бір сарбаз
Деп боздасын күңіреніп қара жер.

« Жазушыға »

Жер күңіреніп, су тасып, қара бұлт көшкенде ,
Ел күйзеліп, ер қажып , қара түн басқанда.
Ата тегі жер үшін, туысқан туған ел үшін,
Ел ерлері майданда белуардан қан кешкенде.
Соғыс жазушыға не берді ?
Жазушы соғысқа не берді?
Дау емес менің сұрауым – мыңнан бір болған соң.
Менің менім « мың» емес - мыңның мені болған соң.

«Қалыбек аға»
Аләйкумассалауым Қазыбекке,
Ағасыз жан жүрегін қиған көпке
Хатыңыз 16 жол келіп тиді,
Майдандағы бауырыңа – жүрген шетте.

Қуанып хатыңызға кеттім жайнап,
Ішімнен айттым алғыс ағатайлап,
Дұшпанмен жағаласып жүрген кезде
Жалғыз сөз «бауырым» деген үлкен қайрат.

Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса , ел тірегі.
Қол жайып , шын ниетпен берген бата,
Шаршаған жауынгерге – бел тірегі.

«Ескертпе»

Найзадан қол босаса қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойладым
Тырмысып әл келгенше көргенімді
Жалақтамай,именбей ашық жаздым.
Отырсаң көп ойланып күнің жарқын
Әр адам біле бермейді сөздің парқын
Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек,
Ақ ниет ұсындым саған халқым,
Жазушы болмаған соң менің затым.
Көркемді,жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым

«Досыма»

Ақын емес Бауыржан
Қалам алып қолына
Жазды көп сөз қиналып
Өлең деген жер болар
Жыр болмаса сыр болар
Жетсе елге сыналып
Қарасаң,оқып парақтап
Көбірегі сөзімнің көшіруге түзетіп
Уақыт оған бөліне
Отырмын сізден ұялып
Оқып,көріп салмақтап
Сөз сапасын сынаңыз,
Аяусыз қырқып қайшымен
Артық жерін қынаңыз
Кескен қиын тасталмай
Бірнешесі жиналып
Кемдікке құрақ бола алса
Оған да тәубе қылармыз
Ақын емен арынды
Лаулатар сөзден жалынды
Қимылдар қалам жиналып
Өнеге жетсе жыр болар,
Жұрт тыңдарлық жиналып
Таппасам түзу оюын
Жақпасам бояу қоюын
Айып етпе би халық.
Өруге талдап уақыттар
Көзім тайса сұм ажал
Шабуға тұр ұрланып.
Жыр халықтың жүрегі,
Салмақтап сөзін сынаңыз
Келіспес жерін келтелеп
Кемдігін тағы сұраңыз.
Кірленбесін мен үшін
Өлеңнің асыл қазынасы ,
Атадан қалған мұрамыз.

Көп сөзімнен бір сөзім
Жүрегіңе қона алса,
Кемдікке құрақ бола алса,
Оған да тәубе қыламыз.
Батырсынған жігітті ,
Шебірсінген шешенді.

Қамқорсынған көсемді,
Білгірсінген билерді,
Сөз бермес елге ақынды
«Күлік» атанған атымды

Адал жар деген қатынды,
Әкелеп сүйген баланы ,
Достым деп сүйген жолдасты .
Замандас құрбы құрдасты ,
Бауырмашыл жанашыр,
Ағайын мен туғанды
Сынай – тұғын күн туды
Сөйлемей неге тұрайын?!
Жәрдем етсе құдайым,
Өлеңге олақ болсамда,
Құр ұйқасқа құл болмай,
Көргенімді ойымды
Айтпастан қалай шыдайын?!
«Алтын да, алмас та емес жарқылдаған,
Бір сый бар, аға , саған тартылған.
Ұрпақтар аңыз етіп айта жүрер
Сыйдан да он есе артық даңқың маған»
Мұқағали
Мақатаев

Аты аңызға айналған әйгілі батыр, есімі ол жадында мәңгі жатталып
қалған даңқты қолбасшы,. Халқымыздың қыран мінезді айбынды перзенті ,
дүниеге екі келмес биік тұлға , жастардың ұлағатты ұстазыт, көрнекті жазушы
Бауыржан Момышұлының өзіне ғана тән көп қырлы қайталанбас асыл бейнесі
ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, асқарлана, ажарлана түспек.
Мен де адамнан жаралған, сүйек еттен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен,
Арым үшін құрбан еткен.
Нық сол кезде естідім мен ел дүбірін,
Атағы атын алып келді бұрын
Үстінде туған елдің тұрды толқып.
«Бауыржан Момышұлы» - деген бір үн.

Ән: «Әке толғауы» Орындайтын: Сәкенова С

ІУ – бөлім:
Сөзжұмбақты шешу:
|Б | | | | |
| |А | | | |

| | | | |Р | | | | | | | | |Ж | | | | | | | | | | | |А | | | | | | | | | |
|Н | | | |

1.Бауыржан атамыз ең алғаш жараланғанда санбатқа жеткізген
пулеметші.(Блоха)
2.Бауыржанның жорықтағы жолдасы, генерал – мойор.(Панфилов)
3.Кеңес Одағының Батыры.(Ғабдуллин)
4.Партизан жазушы. (Қасым)

5.Кеңес Одағының Батыры (Тоқтаров)
6.Рейхстагке ту тіккен қаһарманымыз.(Рақымжан)
7.Шығыстың қос шынарының бірі.(Мәметова)
8.Бауыржан атамыздың ең жаоғарғы атағы.(Подполковник)

Жүргізуші:
...Өмірдің тосты алдынан сан санағы,
От кешті,
Оқтан да рас қансырады!
Ажалдан, алпаттан алып шықты,
Ақылы,
Өр қайратты,
Нар шыдайды!

У – бөлім:

«Хас батырлар батыры» атты көрме.

Кітапханашы таныстырады.

«Адай күйі» Орындайтын: Тағашқызы А.

УІ – бөлім:
Қортынды.
Құрметті Ұстаздар, оқушылар!
Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете
біліп, оларды мәңгі есте тұту – біздің қасиетті борышымыз.
Бақытқа байтақ елді бөлегендер,
Бауыржан, Әлия,Мәншүк, Төлегендер
Солардың қасиетті ерлігімен
Құлпырып, шешек атып, көгерген жер.
Батыр ұл есімдері сақталады,
Жыр болып жүректері жатталады.
Бүгінгі «Мәңгі тірі Момышұлы» атты оқырмандар конференциясы аяқталды.

Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы


Ұқсас жұмыстар
Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә
Бауыржан Момышұлы еңбектері
Соғыстан кейін
Біз бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтын ардагерлерміз
Момышұлының өмірі
Ер есімі - ел есінде сценарий
Аңызға айналған қаһарман
Биохимия негіздері қолданбалы курс 11-сынып
М.Жұмабаев – қазақ лирикасыны хантәңірі
Оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтарын қалыптастыру
Пәндер