Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кітап-сарқылмас рухани қазына (әдеби кеш)
№3 Қарауылкелді орта мектебі
Тақырыбы: «Кітап-сарқылмас рухани әлем»
/Әдеби кеш/
Мектеп кітапханашысы:
Бирмаганбетова Жамила Жайлыбайқызы
Кештің тақырыбы: «Кітап-сарқылмас рухани әлем»
Кештің мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін
арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой
- өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: кітап көрмесі «Кітап - өлмейін дүние», «Кітапты
сүйсеңдер! Ол өміріңді нұрландырады» , «Кітап - көзі жұмыққа - арзан, көзі
ашыққа - маржан» тақырыбында слайд – шоу.
Анкеталық сұрақтар:
1.Кітап деген не?
2.Қағаз қайдан алынады?
3.Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?
4.Кітап, қағаз туралы қандай ұлағатты сөздер бар?
І бөлім . Кітап тарихы. Кіріспе.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі кітаптардың түп атасы алғашқы
кітаптың қашан, қайда жазылғанын білесіңдер ме?
Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын
вавилондықтар , ассериялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Ең алғаш
кітаптар балшықтан жасалыпты. Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір
таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірген. Дәл
күйген кірпіш сияқты. Кітап осындай бірнеше сатыдан өтіп, біздің қолымызға
дәл бүгінгі күйінде жетіп отыр.
1. Бүгінгі кешке « Тілшілер», «Химик - ғалым», «Жазушы -
баспагер» шақырдық.
Тілші: Кітап дегеніміз не? Бұл жөнінде әдебиетші - ғалым ретінде не
айтар едіңіз?
Әдебиетші жас ғалым:Менің ұғымымша, кітап дегеніміз - адамның рухани
азығы, білім, ақыл - кеңес алатын құралы. Кітап адамның жүрегін, санасын,
ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді.
2.Тілші: Қағаз қашан , қалай пайда болған, оның өткені мен бүгінгісі
келешегі туралы химик - ғалым ретінде не айтасыз?
Химик - ғалым: Адамдар қағазды пайдалануды ІІ ғасырда үйренді.Қағаз
Қытайда ойлап табылды да , қытайлар оны жасау әдісін ұзақ уақыт құпия
сақтады. Еуропада қағаз Х ғасырда пайда болды. Ол ескі шүберектерді
ұнтақтап қайнату әдісімен жасалды.Кітап шығаруға сентетикалық талшықтан
жасалған қағаз қолданылады. Болашақта шыныдан қағаз жасалады деп күтілуде.
3. Тілші: Келесі сұрақты баспагер - ғалымға қойғымыз келеді?
Кітап халықтың рухани азығы дейміз бұл тұрғыда сіздің пікіріңіз?
Баспагер -ғалым :ең алғаш Қытайда бамбуктен жұқа тайақша әзірленіп ,
соған жазған. Ал ежелгі египет кітап сөздерін тасқа қашап жазған. Біздің
заманымыздың ІІ жартысында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы
бір матирал дүниеге келген.Ол пергамент деп аталған. Ол жануарлардың
терісінен әзірленген . Кітап - араптың «жазу» деген сөзі. Кітап рухани
қазына, өмір айнасы, замана сыры , тарих шежіресі оқу - тәрбие
құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.
Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар - еврей еліндегі «таурат», қытай
тіліндегі «конфуций» , парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжу»,
арая тіліндегі «Құран». Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Калиграфия
қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла
бастады.
Баспагер-ғалым: «Өнер алды - қызыл тіл» дейді ғой халық. Сол өнердің
де, білінің де алды, адамдар қарым-қатынастарының басты құралы болып
табылатын - ана тіліміз. Ана тіліміздің сөздік қоры бай, оралымды тіл
екенін көреміз.
«Қалың елім - қазағым, қайран жұртым» дейді Абай. Ана тіліміз -
ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізер қастерлі мұра.
Кітап туралы өлең оқылады.
1-оқушы: Сен Адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл хошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.
2-оқушы: Кітап менің рухани астанам,
Қолыма алғаш «Әліппе» алып бастаған.
Кітап оқып, жан дүнием, бойымды,
Шабытты жыр тудырам, жас қалам!
Кітап - менің асыл, жақұт, сырласым,
Бір өзіңе айтатұғын жыр басым.
Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға,
Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.
3-оқушы: Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда-ақ өткен күн мен беттеріңді,
Келер күн көз алдымда кеп тұрады.
4-оқушы: Кітап менің жол шырағым, серігім,
Абай, Мұхтар қазағымның қаймағы,
Әсем жырмен өрнектелген ойлары,
Бес нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,
Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.
5-оқушы: Кітапхана - кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жолбасшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасшы.
6-оқушы: Иә, білім анамыздай емізген,
Білім терең мұхиттан да теңізден.
Ал, білімнің кітап нағыз бұлағы,
Қанып ішсең сусыныңды қандырған.
ІІ Бөлім. «Білімнің көзі кітапта»
• Кітап туралы қандай ұлағатты сөздер бар?
• Кітапсыз үй - жансыз дене.
• Кітап - ғажайып дос.
• Кітап - өмір ұстазы.
• Кітап - рухани құндылық.
• Кітап - асып-таспайтын адал досымыз.
• Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың.
• Кітап туралы тақпақ,жұмбақтар айтылады:
1. Оқу - білім қазығы,
Білім - өмір азығы.
2. Бір қойым бар, қаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар жаны жоқ.
Тілі барда үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен. (кітап)
ІІІ. Қорытынды.
Кітап- шебер ұстаз. Ол- тілсіз мұғалім. Сонымен бүгінгі іс-
шарамыздың кейіпкері- кітап. Ол- бүкіл адамзаттың ұстазы.
Оқы талмай, түй санаңа, жас ұлан,
Сыр құямын, жыр құямын санаңа,
Білім-қару, білім керек адамға,
Ал білімді мен құямын санаңа.
Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде
мәнерлеп, дұрыс оқу керек. Кітап - сегіз қырлы, терең сырлы, тәрбиеші,
үйретуші.
Кітап - алтынн қазына. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді, -деп
кешімізді аяқтаймыз.
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz