Төрт түлік: түрлері, төлдері және шаруашылықтағы маңызы

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдері туралы мәлімет беру, олардың пайдасы туралы әңгімелеу.

Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, көрнекілік, анализ-синтез.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

А) Амандасу

- Сәлеметсіңдер ме?

- Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Ә) Кезекшімен сұхбат.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

  • Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өтіп едік?
  • Табиғат.
  • Дұрыс. Ал табиғат деген не?
  • Жер, су, ауа, жануар, тау, құбылыстар, күн . . .
  • Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар, табиғат тақырыбына байланысты мына сөзжұмбақты шеше қойыңдар.
  1. Природа
  2. Весна
  3. Радуга
  4. Облако
  5. Гора
  6. Цветок
  7. Двор
  8. Апрель
  9. День
  • Балалар, сөзжұмбақ ішінен қандай сөз ерекшеленіп тұр? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?
  • Төрт түлік.
  • Иә.

ІІІ. Жаңа сабақ.

3. 1. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.

3. 2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіру.

3. 3. 1-жаттығу. 153-бет . Мәтінді түсініп оқы, аудар, сұрақтарға жауап бер.

3. 4. 2-жаттығу. «Балық қаңқасы» оқыту техникасын пайдалана отырып, төрт түліктің төлін жаз.

түйе сиыр қой жылқы ешкі

3. 5. 3-жаттығу. Сәйкестендір.

Түйе маңырайды.

Жылқы боздайды.

Сиыр маңырайды.

Қой кісінейді.

Ешкі мөңірейді.

3. 6. 4-жаттығу . Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1 . . . - бие сүтінен жасалатын сусын. 2 . . . - түйе сүтінен жасалатын сусын. 3 . . . - ұйытылған сүт. 4. Сүттен . . . жасалады.

Керекті сөздер: май, шұбат, айран, қымыз.

3. 7. 5-жаттығу. 155-бет. Ұйқасын тап, жатта.

Моп-момақан өзі.

Сүп-сүйкімді . . . (қозы)

ІV. Сабақты бекіту.

Дұрыс
Бұрыс
: Қойдың төлі - бұзау.
Дұрыс:
Бұрыс:
: Төрт түлік пайда әкеледі.
Дұрыс:
Бұрыс:
: Сүттен ет жасалады.
Дұрыс:
Бұрыс:
: Теріден қалам жасайды.
Дұрыс:
Бұрыс:
: Шұбат- түйе сүті.
Дұрыс:
Бұрыс:
: Қымыз - сиыр сүті.
Дұрыс:
Бұрыс:

VІ. Үйге тапсырма. 5-жаттығу, 155-бет, сөз жаттау.

VІІ. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Төрт түлік малдың төлдері мен олардың дыбысталуы
Бастауыш сыныпқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Төрт түлік және олардың төлдері
Тастағы қыналар: түзілу механизмі, түрлері және шаруашылықтағы маңызы
§42 Көлдер: пайда болуы, түрлері және шаруашылықтағы маңызы
Өзендер, көлдер және тоғандар: түрлері, ерекшеліктері және шаруашылықтағы маңызы
Төрт түлік малдың тарихы мен мәдени-шаруашылық маңызы
Сабақ жоспары: Төрт түлік - түрлері, пайдасы және тәрбиелік мәні
Төрт түлік мал туралы сабақ жоспары
Төрт түлік туралы жырлар сабақ жоспары
Төрт түлік малдар: бастауыш сыныпқа арналған таныстыру сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz