Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Қыс қызығы туралы ақпарат

Қыс қызығы

Төлегенова Р.Ж.
<<Бейнеу сауықтыру балабақшасы>>ММ тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын
байытуымен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялаушы

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз

-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

Қыс мезгілінде неше ай бар?
Жарайсыңдар балалар:
-Ал балалар бүгін біз <<Қыс қызығы>> туралы үйренеміз. Қыс мезгілі туралы көптеген суреттер, әндер, тақпақтар бар екен.
Мінеки, балалар мына суретке қараңдаршы, дала аппақ, қар жауып тұр, балалар таза ауада серуендеп жүр екен. Олар өздеріне ұнайтын ойындарды ойнап жүр.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін табыңдар.

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.

Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.

Ал, енді <<Қыс қызығы>> ойынын ойнайық.
Ойынның шарты:
Балаларға қысқы боран, аязды күн, тымақ, тон, қысқы табиғат, қарда жүрген аңдар беріледі. Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.
-Қыста күн қандай болады?

-Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

-Қыста қандай мерекелер болады?

-Қыс туралы қандай әндер білеміз?

-Қыс туралы жаттаған тақпақтарымызды еске түсірейік.

Балалар енді бейне таспаға қараймыз. Бейне таспада балалардың өздерінің қысқы серуен кезінде ойнаған ойындары, аққала жасаған сәттері көрсетіледі.

Сергіту сәті
Ішік, пима қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қолың малақай
Біз тоңбаймыз алақай.
Ойын: Аққала
Ойынның шарты бойынша қиындыдан жабыстырылған аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып жабыстыру. Ал енді сурет салайық.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
Балалар қар ұшқындарын ұшырамыз.
Демімізді ішке тартып үф - үф - үф дейміз.
Психо жаттығу
<<Ыстық - суық>>
Балалар күн ыстық екен.
Күн аяз, суық, жел соғып тұр.

Балалар бүгін біз не үйрендік?
Өте жақсы, балалар, барлығыңда қыс мезгілінде ойналатын қызықты ойындарға жақсы қатыстыңдар. Бүгінгі күніміз сәтті өтті.
Балалар шеңбер бойында тұрды.
Қолды алға созу.

Қолды кеудесіне қою
Басты төмен ию.

Қыс мезгілі
Күн суық болады, қар жауады, жел соғады, мұз болады.
Үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан

Қар

Мұз

Аяз, суық болады, қар жауады.
Қар лақтыру, аққала жасаймыз, шана, шаңғымен ойнаймыз.
Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі
<<Аяз ата>>, <<Жаңа жыл>>, <<Тамаша>>, <<Көңілді қыс>> деген әндерді білеміз.
Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз.
Жасұлан: Мен шанамен ойнап жүрмін.
Саян: Аққала жасап жатырмын.
Ботакөз: Қар лақтырып ойнадық.

Балалар ұлпа қардың суретін салады.

үф - үф - үф

Балалар бір - біріне қарап күлімдеп ойнап жүреді.
Балалар өздерін аязда тоңып отырғандай сезінеді. Гу - гу - гу дейді.

Қыс мезгілінің
қызықтарын үйрендік. <<Аққала>> ойынын ойнадық. Қар ұшқынын суретін салдық.

Күтілетін нәтиже:
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныса білді.
Білуі:
Балалар қыс мезгілінде ойналатын ойындарды ажырата білді.


Ұқсас жұмыстар
Тақырып - Қыс қызығы
Қыс қызығы туралы
Қыс қызығы жайлы ақпарат
Қыс кереметі (сыныптан тыс іс-шара)
Қыс қызығы-тамаша. ерте жас тобы
Қазір қай мезгіл
Қыс . Абай Құнанбаев
Қыс өлеңін жаттау
Аққала тобы
Қыс қызығы. Пәнаралық сабақ
Пәндер