Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өнегелі салтың бар келер ұрпақ
<<Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ...! атты әзірлеме
Мақсаты: ұлттық қазынамыз салт-дәстүрлерімізбен таныстырып, рухани байлықты қадірлеп- қастерлеу керектігін түсіндіру.
<<Салт-дәстүрің салтанатың!>> тақырыптық сөресі ұйымдастырылады.
Сахна ашылғанда күй ойналып ортаға ұлттық киімдегі той жүргізуші қыз бен жігіт шығады.
Жігіт: Армысыздар, ағайын тойға келген
Айтайын өлеңімді ойдан өрген
Алдымда сіздердей ел отырғанда
Өнерді аяймыз ба бойға берген?
Қыз: Той дегенде жыр дейміз, өлең дейміз
Бастайды деп тойды кім елеңдейміз?
Қазағымда осындай той бола берсін
Той бастаудан бүгін біз бөгелмейміз
Жігіт: Өнерменен жетсін елге ойдағымыз
Орындалсын асқақ арман ойларыңыз
Асыл ел ақ тілекпен тау тұрғызар
Бүгінгі құтты болсын тойларыңыз!
Қыз: Бәрекелді, жиналайық. <<Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру>> ата- ананың тілегі әрі парызы. Бүгін бізде <<қыз ұзату>> тойы. Тойға ниет етіп келген ағайын, ұзатылар қызды күйеу баламызбен бірге қошеметпен қарсы алайық.
Музыка ырғағымен қызды жеңгелері алып келеді. <<Үкі тағу>> рәсімі жасалады.
Жеңге: Уа ағайын, бүгін бізде қуанышты күн! Жүрегіңнен айналайын екі жас, махаббатты сезінген. Бастарына бақ қонып, тіл - көзден сақтасын деген ниетпен екі жасқа үкі тағайық. Ал сіздер соның куәсі болыңыздар.
Үкіні тағады.
Жеңге: Ал, екі жас, мәңгі бірге болыңыздар!
Жігіт: Ау, халайық не тұрыс? Тойдың сәнін келтірер әсем биге кезек берейік.
Қазақ биі
<<Сәукеле кигізу>>дәстүрі көрсетіледі
Жеңгесі: Ал ерке қыз еркелеуші ең бағыңда
Еркелетер сыңарың бар жаныңда
Жеңге деген атты сен де киесің
Барған жерде сәлем салып басыңды төмен иесің
Қарағым, сәукеле жұбайлық өмірдің басталғандығын білдіреді. Шаңырағың берік, қадамың құтты болғай.
<<Шарғы салу>> дәстүрі
Ұзатылар қыз: - Сіңлім, мына орамалымды саған тапсырамын. Ендігі кезек сенікі. Сен де өз бағыңды тауып, бақытты бол, күнім.
Анасы: Қазақта қыздың жасауын кішкене кезінен дайындап, <<Алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді>> дейді екен. Мен де қызымның жасауын дайындап қойдым. Сыртта түйеге артулы тұр.
<<Қыз көші>> көрсетіледі
Жеңге: Ал ерке қыз қарайлама артыңа
Адал жұртың жолықсыншы талқыңа
Қариялар ақ батасын берсін деп
Қолды жайып қолқа салдым халқыма
Қария: Бисмилляһи- р-рахман ир рахим
Уә, жаратқан ием құдірет! Тілегімізді қабыл ет,
Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін. Құдай қосқан жарына бақ болып қонып, қосағымен қоса ағарсын!
Жігіт: Ал ағайын, қызымызды ақ тілеумен босағамыздан шығарып салайық. Айналайын қарындасым, артыңа қарайлама! Барған жеріңде бағың ашылсын. Ақ жол!
<<Ақ жол>> болсын деп жолына ақ мата төсеп шығарып салады.
Қыз <<сыңсу>> айтады
Ортаға өлең оқитын оқушылар біртіндеп шығады.
Қыз: Бұл күнде қазақ елі өнегелі салтын сақтап, дәстүрін дәріптей ұрпағына аманат етіп қалдыра отырып, әлемдік аренадан өз орнын ала білді.
1-оқушы: Сен - қазақсың!Қазақ деген ел бөлек,Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.2-оқушы: Мен - қазақпын!Ұлы дала - тұғыры.Күмбір-күмбір күрескерлік - ғұмыры,Тірескеннің дірілдеткен тізесінТұлпарыңның тұяғының дүбірі!3-оқушы: Сен - қазақсың!Алғызбайтын барыссың!Ар - ожданның асқағысың, намыссың!Тағдырыңды танығысы келгендерТасқа басқан тарихыңмен танисың!4-оқушы: Сен - қазақсың!Отаншылсың, тектісің!Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің.Бұл далаға мұрагерлік, иелік -- Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін.5-оқушы:Сен - қазақсың!Қазақ едің туғанда!Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!
Осы кезде ортаға ұлттық киімде, қолында еліміздің жалаушасы бар 1сыныптың ұланы шығады.
Кішкентай ұлан: Әй, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені,
Мен - қазақтың баласы!
<<Қазақстан>> әні орындалады.
Залдың алдыңғы қатарынан бишілер орын алады.
Залдан <<Жас Ұландықтар>> кіреді. Олар 2 қатарға тізіледі.
Жігіт: Қымбатты көрермен қауым! <<Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ...! атты Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің әзірлеген бағдарламасы аяқталды.
Қыз: Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz