Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Көмектес септік жайлы ақпарат. 4 сынып


Пәні: қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Көмектес септік
Сабақ мақсаты: Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді
меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес
септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру.
Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне
тақталау.
өткен сабақтармен байланыстыра білу, сөздік қорын,
ойлау қабілетін дамыту.
жеке тұлғалық, жолдастық көмекке баулу.
Түрі: саяхат сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлік. Сабақ ерекшеліктеріне тоқталу.
Балалар, қазір қай мезгіл?
<<Қыс мезгілі>>.
Қыста жер беті ақ көрпеге оралады.
Міне, қыстың екінші айы, яғни бүгін қысқы орманға серуенге шығайық.
Серуенге шығуға дайынсыңдар ма?
Ендеше дайындықтарыңды тексеру үшін үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3-4 оқушыдан сұрау)
78-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу,шығыс септіктегі сөздерді тауып,астын сыз.
Бидайдан,тарыдан, дәмнен,дастарханнан.
Дайындықтарыңды тексердік. Дайын екенсіңдер.
Ал, ендеше серуенге кеттік.
1.Ағаш тапсырмасы.
Мінекей, орманға да келдік. Алдымызда үлкен ағаш тұр. Өзі бір жәй ағаш емес-ау деймін. Жақындап көрейік. шынымен діңінде конверт тұр.
Конвертті ашайық.
Тапсырма: Тас...... ұрғанды ас.... ұр. (мақал)
(Жаңа сабақ - көмектес септік)
Біздер алты септікті өттік. Енді бір септік қалды. Ол қандай септік?
Көмектес септігі туралы білімімізді толықтырамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? немен? кімдермен? нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.
Көмектес септігі атау септікке - мен, -бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.


ІІ. Дәптермен жұмыс.
Күн жадынын жазу.
Көркем жазу.
Сумен ойнама батарсың,
Отпен ойнама күйерсің.
2.Сауысқан тапсырмасы.
Ағаштың қасында сауысқан тұр. Неге сауысқаннан басқа құс жоқ?

Мен сиқырлы ағашпын. Мына сауысқанға тапсырма беріп едім. Ол орындай алмай тұр. Оған көмектесетін құстар әлі жылы жақтан келмеген екен.
Сендер көмектесе аласындар ма?
Менің тапсырмам:
Оқулықтағы 80-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз,қарамен жазылған сөздерге
сұрақ қой. Қай септік сұрағы.

Бекзатпен,пойызбен, шалғымен. (кіммен?), (немен?)
3.Қоян тапсырмасы.
83-жаттығу.сөйлемдерді көшіріп жазып, к.с. сөзді тап.
Ықыласпен,Гүлсіммен,шүберекпен,атасымен.
4.Түлкі тапсырмасы.
Тапсырма: Ойын: <<Адасқан жалғаулар>>
* Балалар, 7 септіктің жалғаулары бораннан адасып кетіпті. Сол жалғауларды орнына қоюымыз керек. Қазір сендер маған көмектесіңдер. Ол үшін мына берілген сөйлемдегі сөздерге төмендегі жалғауларды дұрыс жалғау керек.

Илеу - құмырсқа(ның) үйі. Илеу(ге) қарап оңтүстік пен солтүстікті ажыратуға болады. Илеу(ді) бұзуға болмайды. Илеу(де) мыңдаған құмырсқа өмір сүреді. Илеу(ден) құмырсқалар шыға бастады. Құмырсқа(ның) пайдасы бар. Құмырсқаның илеуі(мен) ойнауға болмайды.
5. Қасқыр тапсырмасы.
Тапсырма: << Кім шапсаң? >>

4

3

2

1



* Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
(Шығыс септігіндегі сөзді тап,сұрақ қой)
2.Қобыз сөзін ауызша септе.
3. Көше сөзіне жатыс септігінің жалғауын жалғап,сөйлем құра.
Көше(де) машина көп.
4.Кіммен?немен?кімдермен? нелермен? деген сұраққа жауап беретін
септікті ата. (К.с)
6. Аюдың тапсырмасы.
Сергіту сәті.
Оқушы сөздерді оқып,сөздерді қимылмен түсіндіреді. Оқушылар сөздің атын атайды. (шар,сумка, қалам,өшіргіш, жастық,балық)

- Балалар біз орманды араладық. Енді кеш батпай үйімізге кері қайтайық.
Адасып кетпеу үшін қайтар жолда жаңағы аңдарымыз күтіп,сұрақ қояды,соған дұрыс жауап берсек жолымызды көрсетеді.
Қалай балалар дайынбыз ба?
Ендеше кеттік.
1.Тиіннің тапсырмасы.
Шығармашылық тапсырма.
(желім, қағаз) сөздеріне к.с. қойып өлең құрастыру.

------------------ қиғаным,
------------------ жабысты.
2.Қарға тапсырмасы. Сызбамен жұмыс.

А.с. Гүлдің
І.с. Демалысты
Б.с. өзеннен
Т.с. дәптер
Ж.с. сабаққа
Ш.с. оқушымен
К.с. ауылда

3. Қоян тапсырмасы.
Ауызша << шеңбер>> сөзін септеу.
4.Түлкі тапсырмасы.
Тест
1. Көмектес септігінің жалғауын тап
А) -ға, -ге, -қа, -ке
Ә) -мен, -бен, -пен
Б) -ның, -нің, -тың, -тің
2. Кіммен?немен?сұрақтарына жауап беретін септік
А)атау септік
Ә)барыс септік
Б)көмектес септік
3. Көмектес септікте тұрған сөзді тап
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым
А)үйдің
Ә)қабырғасын
Б)балшықпен
4. Көмектес септіктегі сөз қай сөзбен байланысып тұр
Әсет ағашты арамен кесті.
А)Әсет
Ә)кесті
Б)ағашты
5. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады
А)тұрлаулы
Ә)тұрлаусыз
Б)баяндауыш
ІІІ.Қорытынды.

А.с. кім? не? кімдер?нелер?
І.с. кімнің? ненің?кімдердің?нелердің? - ның,нің,дың,дің,тың,тің.
Б.с. кімге? неге? кімдерге?нелерге?қайда? - ға,ге, қа,ке
Т.с. кімді? нені? кімдерді? нелерді? - ны,ні,ды,ді,ты,ті
Ж.с. кімде?неде?кімдерде?нелерде?қайда? - да,де,та,те
Ш.с. кімнен?неден?кімдерден?нелерден?қайдан? - нан,нен,дан,ден,тан,тен
К.с. кіммен?немен?кімдермен?нелермен? - мен,бен,пен.

ІV.Үйге тапсырма.
84-жаттығу

V. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Көмектес септіктің сұрақтары
Баланың балаға
Көмектес септік
"Көмектес септік." 4 сынып.
Жеті ата тапсырмасы
Сөйлемді көшіріп жазу
Шығыс септік
Қазақ тілі. Көмектес септік. 4 сынып
Зат есімнің септелуі. 4 сынып
Киіз үй
Пәндер