Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
8 наурыз
Тақырыбы: Ана - тіршілік тірегі.Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі,Армысыздар, қасиетті аналар!Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.Десек те уақытпенен жарыспайды,Қияға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніпӨнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға 8А - сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
Оқушылар аналарға арнап өздері шығарған 1-2 шумақ өлеңдерін айтады.Жүргізуші: Сіздерден өскен балаларБатырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,Құрметті абзал аналар. - дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаманова Ұлболсын Серікбайқызына беріледі
(директордың орынбасары сөз сөйлейді)Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Қасым Баян мен Аипова Заринаның орындауында << >> атты әнін қабыл алыңыздарЖүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,Бишілер билеп кетті тербетіле.Аққудай қалықтаған теңіздегі,Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті 8 сынып қыздарынан құралған бишілер тобының << >> биіне береміз.Жүргізуші: Ана деген - бастауы ұлылықтыңАна деген - рәмізі сұлулықтыңАна деген - бір жыр бар шырқалатынАсқақтатар биікке ұрпақ атынОлай болса Айтолқынды қарсы алайықДауысына сүйсініп тамсанайықЕрке қыздың талантына тәнті болып,Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!Ән: Орындайтын: Алимова АйтолқынЖүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,Аласы бар адамның анасы бар.Мерекесін құттықтап аналардың,Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар. Ортаға 8 сынып оқушыларының 50 жылдан соң кездесуі атты көріністі қабыл алайық.Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,Сендер үшін мереке шашулары, - Утегенов Алиханның орындауында ана жайында өлең.Жүргізуші: Бұралып Бағжан біздің билеген де,Шығыстың асқақ әні тербегендеҚол соқпай дәті шыдап тұра аларҚұрбылар айтыңдаршы қандай адам -<<Шығыс>> биі ортада оқушылар.Жүргізуші: Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту - арманым.Барша ана, құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.Сонда біз кісілікке теңесеміз.Құрметті қонақтар, біздің <<Ана - тіршілік тірегі>> атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен концертіміз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz