Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту технологиясын тәжірибеде пайдалану
[pic]
Түркістан қаласы Абай ауылы.
Абай атындағы шағын жинақталған жалпы орта мектебінің
өзін-өзі тану пән мұғалімі
Балхожаева Гүлшат
« Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту технологиясын
тәжірибеде пайдалану»
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық
технология. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-
түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге
келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі
Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы
оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір
пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің
елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры
арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп
тәжірибелеріне ене бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі-бір идеяларды қабылдай
отырып,оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға
қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-
теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын
тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек
ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс
емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс
жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін
арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл
өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігі, білімнің
тереңдігі, әрі тиянақтылығы арттыратындығын баяндайды.
Мектеп өмірінде мұғалімдерді аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және
кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта
ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын,
мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың
басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогоикалық технологияларын сабаққа ендіру
бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге
заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай
білетін белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік
мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін
дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың
айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл
жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді
бақылап, оның дамуын жанжақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай
өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны болмайды.
Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері. Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді. Мазмұнын айтып береді.
Кейіпкерлер туралы айтып береді. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
Мәтіннің идеясын анықтайды. Оқулық бойынша мұғалімнің
түсіндіргенімен байланыстырып
айтады.
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып
мысалдар арқылы түсіндіреді. айтып береді, дәптерлеріне
жазады.
Тақырыпқа шығарма жазуды Шығарма жазады.
тапсырады.
Сабақты қорыту сұрақтары . Жауап береді.
жалпы қойылады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz