Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. үдеу



Меңдіғазиева Гүлшат Орынғалиқызы
Физика пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Боранқұл орта мектебі

Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тең айнымалы қозғалыс туралы түсінік беру,
«үдеу» ұғымымен таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білу
дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
Тәрбиелік: іздемпаздыққа, ұқыптылыққа, тездікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, плакат
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа тақырыппен таныстыру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
2. Оқушылардың білімдерін тиянақтау
№1.

Суретте кескінделген орын ауыстыру векторының х осіндегі

проекцияларының таңбаларын анықтаңдар. Осылай орын

ауыстырғанда дененің координаталары қалай өзгереді?

№2. Дененің жүрген жолының мәні тым үлкен болып, ал орын ауыстыру
векторының модулі өте аз болуы
мүмкін бе? Мысал келтіре отырып дәлелдеңдер.

№3. Суретте Г.Х.Андерсеннің «Түймеқыз»
ертегісі бойынша диафильмнің кадры
көрсетілген. Кадрдегі текстің физика
тұрғысынан дұрыс емес екендігін
түсіндіріңдер.

Түймеқыз ағыспен аға берді. Ағыс қатты

болғандықтан, бақа Түймеқызды қуып жете
алмады.

ІІІ. Жаңа сабақпен таныстыру.
- тең айнымалы қозғалыс туралы түсінік беру: оның тең үдемелі, тең
баяулайтын қозғалыстар д/аталатын түрлері туралы бірнеше мысалдар
келтіре отырып түсіндіру;
- жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттау үшін қоданылатын физикалық
шамамен, оның формуласымен, өлшем бірлігімен жеке-жеке
таныстыру:[pic]; [pic]
- Үдеудің формуласынан жылдамдықты тапсақ: [pic]. Координата
осьтеріндегі проекциялары енетін теңдеуді [pic] түрінде жазуға
болады.
- [pic] формуласынан барлық үш вектор (v, vo, a) бір түзудің (хо
)бойында жатқандықтан, олардың проекцияларының модульдері
векторларының өздерінің модульдеріне тең болады.
- Егер vo және a векторлары проекцияларының таңбалары бірдей болса,
онда дене жылдамидығының модулі уақыт өтуімен артады.
- Егер vo және a векторының проекцияларының таңбалары қарама-қарсы
болса, онда дене жылдамдығының модулі уақыт өтуімен кемиді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
а) §4 сұрақтарын талдау
- тең айнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
- тең айнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
- үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
- үдеу қандай формуламен өрнектеледі және оның өлшем бірлігі қандай?
- үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
-Үдеумен қозғалатын дененің жылдамдығы нөлге тең бола ала ма?
- Үдеу нөлге тең болғанда (а=0), қозғалыс қандай сипат алады?
ә) Есептер шығару. 3-жаттығу
№1. Бер: a=1.5 м/с2 Шешуі: [pic] ;
Есептелуі:
v=54км/сағ=15 м/с
t =15:1,5=10 с;
Табу керек: t=? ;

№2. Бер:v=36 км/сағ=10м/с Шешуі:
Есептелуі:
t=4 с [pic]
[pic]м/с2;
Табу керек: a=?

№3. Бер: a=0,3 м/с2 Шешуі: Есептелуі:
v0=4 м/с v=v0 + at v=4+0.3·20 =
10 м/с
t= 20 с
Табу керек: v=?

№4. Бер: a=0,8м/с2 Шешуі: Есептелуі:
v0 = 2 м/с v=v0 + at v=2 +
0,8·10=10 м/с.
t =10с
Табу керек: v = ?

Ү. Жекелеген оқушыларға қосымша тапсырмалар беру
(Ж.Терлікбаев, С.Тілеубай. «Механика

деңгейлік есептері «Алматы» 2008)
№33. Автомобиль жылдамдық алып қозғала бастаған кезіндегі жылдамдықтың
уақытқа тәуелділігі vx=0.8t теңдеуімен берілген. Жылдамдықтың графигін
салыңдар және автомобильдің бесінші секундтың аяғындағы жылдамдығын
табыңдар.
v (м/с)
Шығарылуы:
100
Берілгені: vx =0,8 t; to = 5с Шешуі: vx(to )=0,8·5=4 м/с
Табу керек: vx(to ) - ? 50

Жауабы: vx(to )=4 м/с t(с)

20 40
60 80 100 120

№34. Поездың жылдамдығы 20 с ішінде 72-ден 54 км/сағ –қа дейін кеміді.
Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және осы
тәуелділіктің графигін салыңдар.
v(м/с)

t(с)

№35.
Суреттегі жылдамдық графигін пайдаланып бастапқы жылдамдықты, төртінші
секундтың бас кезіндегі және алтыншы секундтың аяқ кезіндегі жылдамдықты
табыңдар. Үдеуді есептеп шығарыңдар және
vx = vx(t) тәуелділігінің теңдеуін жазыңдар.

Шығарылуы:
[pic]

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма:
§4. 3-жаттығу (4)
-----------------------
[pic]

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Үдеуі қанша
Функцияның графигіне жүргізілген жанама
Кинематика негіздерін қайталау. (Мультимедиялық аукцион сабақ.)
Жарық энергиясы
Қисық сызықты қозғалыс
Топтық шешімнің талқылануы
Нормаль үдеу
Сабаққа зейіндерін аудару
Тең айнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы
Инерциялық санақ жүйелері
Пәндер