Информатика мейрамханасы

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ
Сабақтан тыс жұмыс
Орындаған: информатика пәнінің
оқытушысы Максутова К. М
Жезқазған 2012
Сабақтың тақырыбы: « Информатика мейрамханасы »
Мақсаты: Пәнге деген студенттердің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, құрметтеуге тәрбиелеу .Даяшылар: Рагима, Жулдыз
Әділ - қазылар: Экон -201 тобының студенттері Жібек, Мөлдір
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Информатика мейрамханасы » атты кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін біздің мейрамханамызға 4 ауылдың қонақтары келіп отыр. Біздің мейрамханамыздың бір ерекшелігі бар. Біздің есігіміз қалталы бай азаматтарға емес, білімді, парасатты азаматтарға айқара ашық, бізде «ақша» ұғымы «білім » ұғымымен алмастырылған. Яғни кім білімді сол ғана тәтті дәмділерден, түрлі тағамдардан дәм тата алады.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
- Таныстыру. Төрт топ өздерін таныстырады. 3 мин. 10 балл. РЭС 204 топ аты - «Windows »ПВ - 204 топ аты - « Apple»РЭС -101 топ аты - « Web »ЭКОН -101 топ аты - «Ipone»(топтың эмблемасын, атауының мағынасын таныстырады)
Даяшылар барлық топқа бауырсақ апарады.
- Сұрақ - жауап.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық!
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған студенттерге сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпін. Ал, жас қырандар енді ІІ-турымызды бастаймыз.
Әр топқа он сұрақтан беріледі. 1 - сұраққа 1 бал. Жауап берілмеген сұраққа басқа топтың жауап беру мүмкіндігі бар. Ең көп бал жинаған топқа тәтті әрі дәмді тамақ апарылады.
РЭС -204 тобының сұрақтары
ПВ -204 тобының сұрақтары.
РЭС -101 тобының сұрақтары
Экон -101 тобының сұрақтары
3. Үй тапсырмасы. Ақындыққа әркімнің бар таласы . . . ( Информатика 5ылымы жайында өлең шығару)
Ең жақсы ұйқасты, мағынасы ашылған өлең шығарған топқа салат апарылады.
- «Кім жылдам?» Әр топтан 6 студент қораптарымен шықсын. Сіздерге берілетін тапсырма қойылған сұраққа жауапты өз қораптарыңыздағы әріптерден көрсетесіздер. Бұл сайыста сіздер өздеріңіздің білімдеріңізбен бірге ұжымшылдықтарыңызды көрсетесіздер. Ал, іске сәт! Ал ең үздік болған топқа дәмді жеміс -жидек апарылады.
ЭКОН -101 ТОБЫНА ТАПСЫРМА
А, К, И, Д, Е, М, Т, С, О, М, Н, Р.
1 интернетке қосылу үшін қажет құрылғы (модем)
2 электронды тасымалдаушы (диск)
3 енгізу құрылғысы (сканер)
4 қырғыз ақшасы (сом)
5 физика заңдарының бірі (ом)
6 өтірік сөзінің антонимі (рас)
7 бейнесіз хабар таратушы (радио)
8 жеті қазынаның бірі (ит)
9 белгілі бір ғылым саласында қолданылатын сөздер (термин)
10 адамның арқауы не (ас)
ПВ -204 ТОБЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Л, С, Р, К, О, П, У, Д, Е, Е, Б, А
1 белгілі бір ақпарат (дерек)
2 жүйелік блоктың сыртқы қорабы ( корпус)
3 жеке адамның компьютері қандай компьютер (дербес)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz