Excel бағдарламасында деректерді іріктеу және сүзгілеу әдістері мен қолданылуы

Пән аты : Информатика

Сабақтың тақырыбы: Excel-де деректерді іріктеу және сүзгілеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Excel-де мәліметтер базасымен жұмыс істеуді, деректерді іріктеуді және сүзгілеуді үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, тәртіпке, компьютерді жетік

меңгеруге және осы алған білімдерін өмірде пайдалана білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: Шет тілі, математика, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

I. Ой қозғау.

II. «Мың рет естігенше, бір рет көр» (тәжірибелік тапсырма)

III. Білімдіге биіктен орын. (жаңа сабақты меңгерту)

IV. «Агент те пайдалы тиімді пайдалансаң»(сергіту сәті)

V. Ой толғаныс. (жаңа сабақты бекіту. )

VI. Қорытынды.

I. Ой қозғау.

II. «Мың рет естігенше, бір рет көр» (тәжірибелік тапсырма)

Компьютерде тапсырма.

Мата түрлері
Құны
№: 1
Мата түрлері: Гепюр
Құны: 1500
№: 2
Мата түрлері: Шыт
Құны: 150
№: 3
Мата түрлері: Джинсы
Құны: 2000
№: 4
Мата түрлері: Веллюр
Құны: 800
№: 5
Мата түрлері: Доғаба
Құны: 1200

ІІІ. Білімдіге биіктен орын. (жаңа сабақты меңгерту)

Деректерді іріктеу.

Кестеге енгізілген деректерді қайта реттеп орналастыру жиі қажет болады. Мысалы, тізімді алфавитті ретімен немесе сандарды өсу (не кему) ретімен орналастыру. Іріктеуді тура осы мақсатта қолдануға болады.

Іріктеуді орындау үшін:

  • кестенің іріктеуді орындау қажет болатын бөлігін ерекшелейміз;
  • Деректер/Іріктеу (Данные/сортировка) командасын береміз;
  • Пайда болған сұхбат терезеде іріктеуге қажет бағананы (яғни деректері сұрыпталатын бағананы) таңдаймыз;
  • Бұдан соң іріктеу нұсқасын (өсуі не кемуі бойынша) таңдаймыз және егер қажет болса, бірінші таңдалған баған бойынша іріктеу орындалып болған соң - қосымша іріктеу үшін екінші (тіпті үшінші бағанды да) бағанды көрсетеміз;
  • Ок батырмасын шертсек - кесте қайта реттеліп шығады.

Егер бастапқы түрге қайта оралу керек болса, - әдеттегідей «Стандартты» тақтасындағы Болдырмау (Отменить) батырмасын шерту жеткілікті.

Деректерді сүзгілеу.

Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз - белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.

Сүзу (Фильтрация) - мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.

Сұрыптауға қарағанда, сүзгі тізімдегі жазбалар ретін бұзбайды. Сүзгілеу кезінде көрсету қажет емес жолдар уақытша жасырылады.

Microsoft Excel-де сүзгілеу кезінде іріктеліп алынған жолдарды олардың ретін өзгертпей және орындарын ауыстырмай өңдеуге, пішімдеуге, оларға негізделген диаграммалар жасауға, басып шығаруға болады.

Өзсүзгі әмірін пайдалану кезінде сүзгіленетін тізімдегі бағандар атауларының оң жағында көрсеткілері бар батырмалар пайда болады. Microsoft Excel сүзгіден өткен элементтерді көгілдір түспен белгілейді.

Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар: сүзудің қарапайым шарттары үшін автосүзгі және сүзудің недәуір күрделірек шарттарына арналған кеңейтілген сүзгі. Сүзудің қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.

Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу үшін:

  • сүзгіден өткізетін тізімдегі ұяшықты белгілеңіз;
  • Мәліметтер (Данные) менюінде Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (Автофильтр) бұйрығын орындаңыз;
  • сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
  • қажет мәнді таңдаңыз:

Мысалы:

алғашқы 10 (первые 10 . . . ) - әмірін таңдасаңыз тізімнің алғашқы 10 қатары қалады;

шарт . . . (условие . . . ) - әмірін таңдасақ тұтыну автосүзгісі диалогтік терезесі шығады.

Пайда болған сұхбаттық терезеде тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану үшін тізім қатарының тақырыбы болуы шарт.

Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын таңдау қажет.

Екінші шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» не «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.


Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау негізіндегі 8-сынып информатика сабақ жоспары: MS Excel бағдарламасында мәліметтерді сүзгілеу
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ақпаратты іздеу әдістері және Excel-де мәліметтерді сұрыптау мен сүзгілеу
8-сыныпқа арналған Excel бағдарламасында практикалық жұмыстар: деректерді енгізу, сұрыптау және диаграмма сызу
Электрондық кестелер мен мәліметтер базасын құру: MS Excel-де деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Microsoft Excel-ге деректерді енгізу және редакциялау
Excel бағдарламасында диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Excel-де деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу (8-сынып сабақ жоспары)
11 сынып үшін информатика сабағы: MS Access бағдарламасында деректерді іздеу және ауыстыру
Excel кестелік процессоры мен электрондық кестеде деректерді өңдеу: деректер базасының құрылымы және өрістер типтері
MS Excel бағдарламасында формулаларды енгізу бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz