Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біздің ту. 76-77-жаттығу


Ана тілі
1 сынып

Тақырыбы : Біздің ту. 76-77-жаттығу
Мақсаты :
Білімділік :оқушылардың тасымал туралы білімдерін пысықтау.
Мемлекеттік белгілердің бірі – ту туралы
түсінік беру,онымен
Таныстыру.Өлеңді мәнерлеп ,түсініп оқуға
үйрету.Оқушыларға
мемлекеттік белгілердің аса маңызды
екенін,оны ерекше
құрметпен мақтан тұту керектігін
түсіндіру.
Дамытушылық:ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту.Дұрыс
тасымалдау дағдыларын ,жазу
мәдениетін қалыптастыру .
Тәрбиелігі : Отанды сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы :интерактивті тақта,электронды оқулық,Ту
суреті,
Шәкен Ниязбековтың суреті,
тест
сұрақтары .
Әдісі : сұрақ –жауап,түсіндіру,көрнекілік,ойын,логикалық ойлау.
Типі: жаңа білім беру.
Пән аралық байланыс :математика пәнімен байланыстыру.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі :
а ) Психологиялық дайындық.
2.Үй тапсырмасын тексеру .
/ Интерактивті тақтадан Қазақстанның картасын көрсету /
«Қазақстан картасы » өлеңін мәнерлеп оқу. 75-жаттығуды тексеру.
3.Үй тапсырмасын бекіту.Интерактивті тақтамен жұмыс.
Тест арқылы ( 5 сұрақ )
1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?
А) жең-іл Б) же-ңіл В) жең-і-л
2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.
А) ке-зекші Б) кез-екші В) к-езекші
3. Қазақстанның астанасы қай қала ?
А) Алматы Б) Шымкент В) Астана
4. Қазақстан қай жылы Тәуелсіздік алды ?
А) 1991жылы 16 желтоқсан
Б) 1992жылы 16 желтоқсан
В) 1993жылы 16 желтоқсан
5. Мемлекеттік рәміздерді ата.
А) Ту , Елтаңба ,жер.
Б) Ту , Елтаңба , Әнұран
В) Ту , Астана , Әнұран
4.Жаңа сабақ.
Ойын: « Сандарды өсу ретімен орналастыр »

2 3 5 7 8 9 9 8
Б і з д і ң т у
Интерактивті тақтадан тудың суретін , Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы
Ниязбековтың суретін көрсетіп ,таныстыру , ту туралы түсінік беру.

Бүкіл дүниеге көк жүзі ,аспан әлемі ортақ.Аспанымыз ашық болсын деп
туымыздың түсі көк.

-2-

Туда күннің болуы , күнде ортақ.Күн сәулесі бәріне нұрын шашады,сәулесін
шашады. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.
Қыран – қасиетті, киелі құс.Туда қыранның орын алуы егемендік алған
Қазақстан қыран сияқты биікте болсын деген ойдан болған.

Тудағы қазақтың ою-өрнегі –қазақ елінің белгісі.

Туды қадірлеп .құрметтеуіміз керек.Туды қай жерлерден көресіңдер ?
Оқушылар өз ойларын айтады.

Электронды оқулықпен жұмыс.

« Біздің ту » өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру.
Сергіту сәті.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
76-жаттығуды жазбаша орындау.

5. Сабақты бекіту.
Тест арқылы ( 3 сұрақ )

1. Тасымалданбайтын сөзді тап.
А) орман Б) ту В) кітап

2. Тасымалданатын сөзді тап.
А) ана Б) біздің В) жер

3.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.
А) ма - қтаншақ
Б) мақта - ншақ
В) мақтан – шақ

6. Үйге тапсырма.
« Біздің ту » өлеңді мәнерлеп оқу.77-жаттығу.

Әбілбашарова Әзиза
Әбілпаттақызы
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№51.М.Қаратаев атындағы
орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі


Ұқсас жұмыстар
Т.молдағалиев "біздің ту". тасымалдауға болмайтын сөздер. 1 сынып
Мұнайлы өлке
Бейнелеу өнерінің бастауы
Топқа бөліну. Сабақтың мақсаты
Құстар – біздің қаннаты достарымыз. 2 сынып
Дауысты дыбыс әріптері
Біздің ту
"Сөйлемдегі сөздердің байланысы."
Медицина есебінде Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану
Етістік. 7-сынып. тиси технологиясы бойынша сабақ
Пәндер