Бағдаршам және көшеде қауіпсіз жүру: 3-сыныпқа арналған тәрбие сағаты


Бағдаршам- сенің сенімді серігің .

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жүргіншінің жолда, көшеде жүру тәртібі жайында мағұлмат беру. Бағдаршам және көше белгілерімен таныстыру. 2. Есте сақтау, қабілеттерін дамыту. 3. Тәртіптілікке, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам, көше белгілері интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру оқушыларды түгендеу

-Сыныпта оқушылар түгел ме? Кезекші :

-Апай, Дымбілместен басқасы түгел.

-Кім біледі, Дымбілмес қайда?

Осы кезде асығып-үсігіп Дымбілмес кіреді. Дымбілмес:

- Апай, кіруге бола ма?

- Ой, тамаша, машиналар қандай көп. Мен машинаға қағылып қала жаздадым жолда машиналар көп екен. 1-слайд

Мұғалім: Ал, Дымбілмес, оқушылар бізде бүгін «Бағдаршам- сенің сенімді серігің» атты ашық тәрбие сағаты, бұл тәрбие сағатында сендерге жүргіншінің жолда, көшеде жүру тәртібі жайында мағұлматты өз беттеріңмен оқып үйрену тапсырылған болатын, сол оқып үйренгендерімізді ортаға салайық бір-бірімізге білгенімізді айтайық және оны толықтырайық .

-Ал Дымбілмес сен көшеде жүру туралы білемісің?

Дымбілмес: Иә, білемін.

Мұғалім: Білсең айта ғой, жақын келіп қалған машинадан қалай өту керек?

Дымбілмес :Жүгіріп жолды кесіп өту керек.

Мұғалім:Дұрыс па, балалар?

Балалар: Әй, Дымбілмес, сенің бұның дұрыс емес.

Мұғалім:Дұрыс айтасыңдар. Ал енді Дымбілмеске көмектесіп жіберейік, әйтпесе Дымбілмес бір күні машина астына түсіп қалуы мүмкін. Ол үшін балалар өзіміз не білуіміз қажет?

Балалар: Көше тәртібін.

Мұғалім: Дұрыс, балалар ! Ендеше, Дымбілмес сен дұрыс ұғып ал. Қазір біздің балалар көшеде жүру туралы айтып береді.

1-оқушы :Әрбір жаяу жүргінші сияқты, әр бала көшеде аса сақтықпен жүріп тұруы тиіс.

2- оқушы :Көше тәртібін орындамау, көліктердің жүріп -тұруына кедергі жасайды, Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа кешігеді.

3-оқушы: Көшеде қақпадан шығып келе жатқан машина көрсең, күте тұр. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

4-оқушы :Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жерді таңдай біл, өтетін жер тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.

2-слайд.

5-оқушы :Көшеде қауіпсіз жүру үшін жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар бар. Адамдар жүргіншілер жүргіншілер жолымен ала жолақпен және тротуармен жүру керек. Тротуардың оң жағына жүруге тырысу керек.

6-оқушы: Көшеден өтпес бұрын солға қара, егер жолдың жүретін бөлігі бос болса, онда өте бер, жолдың ортасына жеткенде, тоқта, егер көлік келе жатса « қауіпсіздік» аралында күте тұр, енді оңға қара, егер жүретін жол бос болса онда өте бер. 3-слайд.

Мұғалім: Балалар, жол бойының қозғалысын не реттейді?

Марғұлан: Жол бойының қозғалысын бағдаршам реттеп тұрады. 4-слайд.

Бағдаршамның үш көзі болып киінген үш оқушы шығады. Ақбота, Дана, Әсел.

Мұғалім : Қане, балалар жұмбақ шешіп көрейік .

Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен Ысқырығы күшті адам. Бұл кім ?

Ақбота: Жол инспекторы.

Мұғалім: Оқушылар машина жолға ойнауға, велосипед тебуге бола ма?

Оқушылар: Жоқ болмайды.

Мұғалім: Қайда ойнау керек, кім айтады?

Әсел: Аулада, ойын алаңдарында, спорт алаңдарында стадтондарда ойнау керек.

Мұғалім: Дұрыс, балалар . 5-слайд.

Мұғалім: Балалар біз бұлардан басқа тағы нені білуіміз керек ?

Оқушылар: Көшедегі жол белгілерін білуіміз керек.

Белгілерді көрсете тұрып,

1. Жансерік: Қып-қызыл үшбұрыш ескертубелгісі мен болам

Қауіптен сақ бол деп, сәт-сапар жолдаған. 6-слайд

2. Марғұлан:Қызылмен боялған шеңберім аумақты, Тиымшыл белгімін, қаталмын салмақты,

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа. 7-слайд.

3. Таған: Белгілік көрсетер, жылдамдық бағыттты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол шартымды міндетті орында! 8-с

4-Ақмұрат :Баратын жеріңнің бағытын тұрағын Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын,

Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көк түске боялған төртбұрыш шырағым 9-слайд.

5. Қайрат: Бұл белгі мектептердің және балалар парктерінің жанына қойылады. Жүргізушілер бұл жерде өте сақ болуы тиіс. 10-слайд

6. Нұрқанат: Бұл белгілер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдарында темір жол бар екенін ескертеді. 11-слайд

7. Марғұлан: Бұл белгі алдында жол қиылысы бар екенін ескертеді 12-слайд

8. Ақмұрат:Бұл белгі жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат береді және жаяу жүргіншілер жолы деп аталады. 13-слайд

Қортынды: Бағдаршам мен Инспектор қызметкері ортаға шығады. .


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz