Файл қосу

Дүние жүзы тарихы пәнінен сабақ жоспарлары. 6-сынып


6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
← Оқушыларға тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда
«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы турала айта
отырып, ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің
тарихы , сонымен қоса Грекия, Рим, Хетт, Финикия, Палистина т.б. елдер
туралы өтетіндігімізден хабардар ету.
← Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқулықпен,
авторларымен таныстыру.
Сабақтың түрі: Кіріспе
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: карта, суреттер, кітап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Тарихтан білім беруде және тарихи сананы қалыптастыруда «Ежелгі
дүние тарихы» пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы зор. Оны оқу барысында
адамзаттың алғашқы даму жолы, мемлекеттердің даму заңдылықтары, әлеуметтік-
шаруашылық салаларындағы өзгерістердің себептері мен салдарлары, рухани
өмірде қол жеткен табыстар, т.б. туралы ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл
пәннің тәрбиелік мәні де үлкен.
5-сыныпта «Ежелгі дүние тарихы» пәні оқытылды. Ал 6-сыныптың дүние
тарихы соның жалғасы.
Қазірге дейін қолданып келген 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы»
оқулықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің
тарихы оқытылғанымен, тақырып аясын ашуда еуроцентристік көзқарас басым
болды. Бұл көзқарасты ұстанған ғалымдардың оқулықтары ежелгі Грекия мен
Римнің тарихын көбірек оқытуға баса көңіл аударды. Осы жағдай басқа
халықтардың көне тарихын оқып үйренуге нұсқан келтірді. Орта және Орталық
Азияның ежелгі халықтары мен мемлекеттерінің тарихы ауызға алынбады.
Сондықтан да олар туралы мектептерде нақты білім берілмей келді. Осы
кемшіліктерді жою мақсатында бұл оқулыққа Орта және Орталық Азияда
қалыптасып, дамыған ежелгі Бактрия, ежелгі Кушан, ежелгі Парфия
патшалықтары туралы жеке тақырыптар енгізіліп отыр.
Сонымен қоса 6-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығында оқушылардың
өздігінен оқуына лайықталған материалдар берілген. Оларды оқу тарихы
жағдайлар мен оқиғаларды терең түсінуге көмектеседі.
ІІІ. Сабақты бекіту: «Ежелгі дүние» атты тақырыпта эссе жазу.

IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы: Кіріспені оқып келу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 1. Шумер және Аккад
Сабақтың мақсаты:
← Білімділік: Азияның оңтүстік-батысында қатарласа ағатын екі өзен
Евфрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар
әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп,
тіршілік етуіне әсер еткенін оқушыларға жеткізу.
← Дамытушылық: Оңтүстік Қосөзен бойын мекендеген елдің шумер мен аккад
халықтары деп аталатынын, шумерліктер Қосөзенге оның шығыс жағынан
келіп қоныстанғанын, ал аккадтықтар болса, оңтүстік-батыс өлкелерден
келіп орналасып, екі халықтық топ ең еделгі мәдени орталықтардың бірін
негіздегенін жеткізу.
← Тәрбиелік: Оқушыларды Отанға сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың
әдісі: Театрландырылған сабақ. Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Египет және ежелгі Алдыңғы Азия»
картасы, 6-сыныпқа арналған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығы. (Төлебаев Т.,
Құсайынова Р. Дәкенов М.).
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
• Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және алғашқы
тұрғындары.

• Қосөзендегі алғашқы мемлекеттер.

• Қосөзен қалаларының бірігуі.

Сабақ алдында оқу пәніне лайық психолгиялық жаңа ахуал туғызамын
Сабақты бастағанда Азия материгіндегі бір-бірімен жарыса аққан
Евфрат пен Тигр өзендерінің Кавказ тауларының оңтүстік сілемдерінен
басталып, Парсы шығананыға құятынын картадан көрсетемін.
Тақтаға қос өзеннің схемасын бормен сызып, саяхат жасаймыз. Бұл екі
өзенді көбінесе Қосөзен деп атайды. Кейде өзен аралары Месопотамия деп те
жазылатынын айтамын. Көне замандарда бұл аймақ батпақты, сазды болған екен.
Қамыс көп өскен.
«Қосөзен жерінде пайдалы қазбалар, орман, тау-тас болмады, ал елі өте
бай болды. Неге? Бұл сұрақ, әрине әрқайсыңды қызықтырады.
Көз алдарыңа елестетіп көріңдер, сендердің алдарыңда тұрған мұғалім
емес, ежелгі Месопотамияның тұрғыны делік. Өткен дәуірден келген қонақтан
елі жайлы, ондағы ауа райы туралы, қандай өсімдіктер мен жануарлар
өсетіні, қалай өмір сүріп, тіршілік еткені жайлы сұрап алыңдар».
ІІІ. Сабақты бекіту:

Қосөзеннің оңтүстік бөлігі ойпатты келеді. Көне заманда бұл аймақ
батпақты, сазды, бір сөзбен айтқанда, тіршілікке қолайсыз болған екен.
Сонағ қарамастан адамдар батпақты да жұмсақ, әрі құнарлы топырақты жерлерді
де біртіндеп игере бастайды. Еккен өнім мол өнім берді, бір пальманың
өзінен 50 кг құрма алды, Қосөзеннің оңтүстігінен жібек жүн, бидай, құрма
т.б. шет жаққа шығарыла бастады.

• Айтыңдаршы, Қосөзеннің ежелгі тұрғындары еңбек ету нәтижесінде артық
өнім өндіре алды ма?
• Қосөзенде мемлекет пен тапқа бөлінушілік неге ертерек пайда болды?
Кестені толтырыңдар:
|Оңтүстік Қосөзендегі шаруашылықтың|Шаруашылықтың дамуына кері әсер |
|дамуына мүмкіндік туғазған |еткен жағдайлар |
|жағдайлар | |
| | |

IV.Бағалау:

Ү. Үй тапсырмасы туралы хабар.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 2. Ежелгі Вавилон
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қалалардың ішінде Вавилон қаласының
ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа»
деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар
беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы
баяндау.
← Дамытушылық: Қосөзеннің ортаңғы және төменгі ағысы бойы толықтай
Вавилонға бас игені, Хаммурапидің ол елдердің құдіретті билеушісіне
айналғаны жайлы айту.
← Тәрбиелік: Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру
әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептелгенін оқушыларға
жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Оқушылар ойша саяхат жасайды. Кітаптың мәтінімен жұмыс
істейді, әңгімеге араласады, жаңа тарихи терминдерді дәптерге түсіреді,
сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Картамен жұмыс.
Сабақтың жоспары:
• Вавилонның өрлеуі
• Хаммурапи заңдары
• Б.з.б. VII-VІ ғасырдағы Вавилон.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:
Сұрақ:1. Ур қаласының маңынан табылған табыттарды зерттеу барысында өлген
адаммен ондаған құлдары, ат бағушылар, музыканттары бірге жерленіп, оған
қоса алтын бұйымдар, неше түрлі әшекейлер қоса қойылғаны анықталды. Бұл
туралы қандай қорытынды жасауға болады? Өз ойыңды айт.
1. Қала-мемлекеттер деген не? Олар қалай қалыптасты?
Жаңа сабақ:
Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу. Мүмкіндігінше оқушылармен бірге
«Ежелгі дүние тарихы» энциклопедиясын ақтаруға кірісемін.
Вавилон
Вавилон Қосөзеннің ең ыңғайлы жерінде, сауда жолдарының қиылысында
орналасқан. Қалада 200 мыңдай тұрғын болған көрінеді.
Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол
қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қоластына ба,ындарды.
Сөйтіп бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды.
Қаланың архитектуралық ерекшеліктерін, қалай орналасқанын, тарихи
ескерткіштерін айта келіп, төмендегідей сұрақтар қоямын:
• Қаланың орталық алаңындағы үлкен қақпаның кіре берісіне неге кілем
төселген? Ел кімге иіліп сәлем беріп жатыр? Қақпаға үлкен күйме
жақындап келеді. Бұл кім болды екен? Оқушылар өзойларын айтады.
• Бұл кісінің кім екенін осы қаланың бір тұрғындарынан сұрайық. Қала
тұрғыны-вавилондық бала рөлін бір оқушы ойнайды.
Вавилондық баланың әңгімесі..
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау
1. Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамыту бағытында жұмыс
істеймін.
Оңтүстік Қосөзеннің бойынан табылған әлемдегі ең еделгі заң үзінділерінде
былай делінген:
← 186. Егер адам кішкентай баланы асырап алса, бірақ кейн ол бала өз
әкесі мен шешемін тауып алса, онда бұл тәрбиеленуші өзінің әкесі мен
шешесін үйіне қайтып бара алады.
← 188. Егер қолөнерші жас баланы тәрбиелеу үшін алып, өз кәсібіне
үйретс, онда ол асырап алып өтем төлету арызы бойынша жауапқа
тартылады.
Хаммурапи заң шығарғанда қандай мақсаттар көздеді? Өз ойларыңды
білдіріңдер.
IV. Үйге тапсырма беру: Ежелгі Вавилон туралы жақсы білетін жол бастаушы
байқауына дайындалу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Ежелгі Қосөзен мәдениеті.
← Білімділік: адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып
есептелетін Қосөзен туралы, көптеген халықтардағы сияқты діни
түсініктерге байланысты дүниеге келген Қосөзендегі алғашқы әдеби
шығармалар жайлы баяндау.
← Дамытушылық: Қосөзенде қалыптасқан дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі,
оны дүниеге келтірген шумерліктер туралы айту. Барлық оқушыларды
сабаққа жұмылдыру, соның нәтижесінде бүкіл сынып білімін жетілдіре
түсу.
← Тәрбиелік: Әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі туралы
баяндау.
Сабақтың әдісі: «Гильгамеш туралы аңыз» дастанының мазмұнымеен таныстыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Алғашқы жазу суреттер жобасы тақтаға сызылады.
Мүсіндердің макеттері қойылады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тапсырманы сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
• «Гильгамеш туралы аңыз».
• Сына жазу.
• Өнері.
• Діни түсніктер

Балаларға ертегі, дастандарды айтып берген жөн бе немесе оқып беру керек
пе? Бұл сұрақтың жауабы бала ықыласына және дастанның мәніне
байланыстырамын
Ертегі кітабына неше мәрте үңіліп, оның мәнін әбден ұғынамын.
Ертегінің көркемдік дәрежесі жоғары болған сайын айтушы да шабытпен
кіріседі және әңгімесі әсерлі шығады. Көркем шығарма әсерімен оқушыларды
рухани ғажайып ертегілер өлкенісне ертіп әкетуге болады. Олар нағыз өмірден
мыстан кемпірді, сөйлейтін аңдарды, сиқыршыларды, алыптар мен
ергежейлілерді көруге болмайтынын білсе де ертегіге сенеді. Ертегіні
талдай түсіндіріп, оны баланың жанына жеткізудің ерекше мәні бар.
Енді жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, «Гильгамеш таралы
аңцз» дастаныының мазмұнын айтып беремін.
Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасқаны, оны дүниеге
келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып келген шумерліктер екені
баяндалады.
Олардың алғышқы жазуы арқылы, әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы
қалыптасады. Мысалы, «құл» жеп жазу үшін жұмыртқа суретін салды. Ал «туу»
немесе «дүниеге келді» деген ұғымды білдіру үшін құс пен оның жұмыртқасын
бірге салғанын салып көрсетемін.
Осылайша суреттердің орнына сурет таңбаларын пайдаланып жазу пайда
болды. Бірақ бұл жазу да күрделі, қиын еді. Кейінірек әр сөзді нақты
таңбамен жазу үшін таңбалар қолданылғаны белгілі. Міне, осылайша еделгі
шумерлік әріп қалыптасты. Дегенмен кейбір әріптер бірнеше мағына беретін
еді.
Ежелгі Қосөзен өнері туралы айтқанда б.з.б. VI ғ. Вавилон қаласының
суретін пайдаланамын. Вавилон құрылыстарының ішінде ең құдіреттісі-Иштар
құдайдың құрметіне арналып салынған қақпа. Олардың барлығы мыстан жасалған.
Қақпаның мұнаралы дуалына айбат шеккен арыстандар мен аждаһа бейнелі
қасиетті жануарлар бейнеленген. Күйдірілген, түрлі-түсті кірпіштер бұл
жануарлар бейнесін ерекшелендіре түсетін.
Қақпадан енген адам тас төселген жолмен алыстан көренген мұнараға қарай
жүретін. Ол биік мұнара құдіретті Мардук құдайдың ғибадатханасының мұнарасы
еді. Мұнара биіктігі оның басына қараған адамның бөркі жерге түсердей еді.
Вавилон аспалы бағымен, зәулім мұнарасымен әлемге әйгілі. Мұғалім одан
әрі Аспалы бақтың тарихын айтып беремін.
Қосөзендіктердің діни түсініктер туралы оқулық бойынша баяндаймын.
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол жеткізу,
оқушыны ойлану әрекетін дамытуға ынталандыру.
IV. Үйге тапсырма: §3

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Египетте мемлекеттің пайда болуы.
← Білімділік: Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда
болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын
мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.
← Дамытушылық:мемлекеттің пайда болуы жайлы 5-сыныпта алған
түсініктерін одан әрі дамыту.
← Тәрбиелік: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы нәтижесінде
ғылыми білімдер, сәулет және құрылыс өнері дамығандығы жайлы
әңгімелеп, балаларды әсемдік әлемін, адамзат баласмының қолымен
жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырамын сұрау.
• «Гильгамеш туралы аңызда» не туралы баяндалады?
• Дастан не туралы?
• Аспалы бақ туралы не ойлайсыңдар?
Жаңа сабақ жоспары:
• Ніл алқыбының табиғат жағдайлары.
• Нілдің тасуы
• Алғашқы мемлекеттер
• Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.
Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
• Алғашқы қауымдық қрылыс пен құлиеленушілік құрылыстың арасындағы
айырмашылық неде деп ойлайсыңдар?
• Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлініп, біреуді біреу қанау деген
болып па еді?
Оқушылар салыстыру арқылы жауап беруге тырысады. Тақтаға тірек сөздер
жазылады: 1) адамды адамның қанауы; 2) теңдік; 3) тап.
Перғауын (фараон) өз ұлына жазған өсиетінде былай деді: «Кедейлерге еш
уақытта сенбе, кедейлер ең беріспес жауың: патша өзінің әйгілілігімен
даңқты, өз әскеріңді алға сүйре, малмен,жермен, мүлікпен сыйла, оларды
сыйға тарт».
Перғауын неге кедейлерді қас жау деп есептейді? Патшалығының даңқын
шығару үшін ұлына қандай өсиет қалдырды? Перғауын кімнің мүддесін қорғады?
Осы сұрақтарға дұрыс жауап алғаннан кейін «мемлекет» және «ел»
ұғымдарының арасындағы айырмашылықты ашып көрсетемін.
Оқушылар оқулықтың 25-бетін оқып шыққаннан кейін «Алғашқы қауымдық
құрылыста мемлекет болды ма?» деген сұрақ қоямын. Билік басында ақсақалдар
кеңесі мен көсемі болғанын оқушылардың есіне сала кетемін.

«Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі биліктен мемлекеттің айырмашылығы
қандай?»

Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін «мемлекет-бұл күш
қолданылатын, күшке сүйенетін билік (әскер, сақшылар т.б.)» деп
түйіндеймін.

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.

түсінікті болуын пысықтау барысында оның мәнінің тереңірек ашылуына,
оқушылардың оның қыры мен сырана қаныға алуына байланысты болмақ.

• Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Египетте құлиеленушілік құрылыстың түбегейлі
орнап, бекігені туралы айт. Еңбек өнімділігінің артуына және ауыл
шаруашылығының дамуына бұл жағдайдың әсері болды ма?

• Египеттің б.з.б. 1500 ж. Басқыншылық жорықтарын контур картаға
түсіріңдер, шекарасын көрсетіңдер. Соғыста қолға түскен тұтқындар
неге «бағалы» табыс болып есептеледі?

IV. Үйге тапсырма: §4

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 5. Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы

← Білімділік: Билік шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту.
← Дамытушылық: ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын, мүліктік және
әлеуметтік жіктелуін ашып көрсету.
← Тәрбиелік: Қолөнершілердіғ еңбегі, олардың ептілігі және
төзімділігі жайлы баяндай отырыпы, оқушыларды еңбекке, шеберлікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: сурет, карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
• Ежелгі Египеттің табиғат жағдайларан сипаттаңдар.
• «Ніл-құтты мекен» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың үйге берілген кестені қалай толтырғанын аралап көріп, екі-үш
оқушыны орнынын тұрғызып, оқытамын.
- ІІІ Тутмос жүргізген тағы бір қанды шайқас аяқталды. Перғауынның
байлығына тағы байлық қосылды. Жорықтан әскербасы да оралды, оның
байлығы бұрынғыдан да арта түсті. Шайқастарда жан аянбай күрескен
шаруа да үйіне оралды. Соғыстан оралған ол үйіне келгенде не көрді?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, қарапайым халықтың жағдайын
түсіндіруге көшемін. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып
оралғандықтан ешбір еңбекке жарамсыз болды, нәтижесінде кедейшілік пен
қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік және әлеуметтік жіктелудің
тереңдеуіне әсер еткен, яғни ежелгі Египетте адамдар бай және кедей
топтарға бөліне бастады.
Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-мүлкін, бағалы
дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.
- Соғыста қолға түскен құл неге бағалы табыс болып есептелді? Неге
оларды «тірі өліктер» деп атады?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң құлдардың ең ауыр жұмыс атақарғандығын,
олар егіс даласында, құрылыста, шеберханаларда еңбек етіп, үлкен харамдар
мен фараондардың зираттарын салғанын баяндаймын.
← Ежелгі Египеттегі құлдардың негізгі көзі не деп ойлайсыңдар?
← Құлдар санының өсуі неге әкеліп соғуы мүмкін?
Шаруалардың жағдайын түсіндіруге көшкенде оқулықтың 31-бетіндегі кесте
тақтаға сызылып, оқушылардың көмегімен толтырылады.
|№ | |Құл |Шаруа |Колөнерші |Тау-кен |
| | | | | |жұмысшылары |
|1 |Нені иемденді? | | | | |
|2 |Қандай жұмыстар | | | | |
| |атқарды? | | | | |
|3 |Қандай құқықтары | | | | |
| |болды? | | | | |

Египетте б.з.б. ІІ мыңжылдықта құлдар шаруашылықтың барлық саласында
еңбек етті. Шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін егіп, оны
жинады, тау-кен жұмыстарын істеді.
Ежелгі Египеттегі шаруалар екі түрлі міндеттер өтеген:заттай алым-салық
төлеген және еңбек ету міндеткерлігін атқарған. Шаруалар өз жерінде
өндірілген астық және басқа да өнімдерімен салық төлеп отырған. Әкімдер
әрбір шаруаның қанша жері мен малы, жеміс ағашы бар екенін есепке алып
отырған. Күзге қарай шаруаның жеріне салық жинаушы келіп, түсімін
есептеген.
Қолында таяғы мен пальма шыбығы бар күзетшілер астық беруін талап
еткен. Салық жинаушының ойынша, ол атқарып жүрген қызмет ауыр, әрі ешкімге
жақпайтын жұмыс.
«Шаруаларға келсең осы,-дейді салық жинаушы,»- «Өнім жоқ»- деп ренжиді
де отырады, ештеңе бергілері келмейді, осыдан кейін күзетшісіз келіп көр.
Тақтадағы кесте толтырылғаннан кейін, әрине, оқушылардың көмегіне
сүйене отырып, төмендегі мәселелерге оқушылар назарын аударамын.
- «Шаруа дегеніміз кім?
- Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.
- Оны кім және қалай қанады?
- Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
- Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?»
Қолөнершілердің еңбегі туралы бір оқушыға дауыстап оқытамын
Сабақты пысықтаймын.
ІІІ. Үй тапсырмасы: §5.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 6. Египеттегі үстем тап өкілдері және
перғауындардың басқыншылық
саясаты.
← Білімділік: ІІІ Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске
жетіп, бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін
күшейткенін баяндау.
← Дамытушылық: Перғауындардың жаулап алған жерлерін аяусыз талан-
таражға салғанын, фараон мен шонжарлар өмірін суреттеу.
← Тәрбиелік: Египет әскербасыларының бөтен елге, жерге жасаған
басқыншылық соғыстарын, олардың ұстанған саясатын бейнелеу,
әшкерелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырамын тексеру.
➢ Еңбекшілер еңбегін сипаттаңдар
➢ Шаруалар патша қазынасына қандай салықтар төлеп отырғаны таралы
айтыңдар.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Перғауындар.
2. Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санауы.
3. Күшті әскери тәртіптің орнауы
Перғауындар басқарып тырған мемлекеттік аппарат әр түрлі қызмет
басындағы шонжарлардан тұрды.
«Шонжар» ұғымы туралы баса айтып кетемін. Оларды тікелей перғауында өзі
тағайындайды, шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, әкімдер,
жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты.
Перғауындар мемлекеттің шаруалар мен құлдарды басып-жаншитын құлар
болғанын, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғап отырғанын сабақ барысында
қорытындылап, түйіндеймін. Сондай-ақ ежелгі Египет патшаларының бүкіл
Египет халқы мен табиғат байлықтарына иелік етіп, билеп-төстегені,
шонжарлардың мүддесі үшін еңбеккерлерді аяусыз қанағаны туралы баяндаймын.
Перғауындар шонжарлардың жағдайын жақсарту мақсатында оларға құнарлы
жерлерден тұтас мекендер беріп, шондардар өмірі мен олардың дүние-мүлкіне
қастандық жасағандарды аяусыз жазалағанын айта отырып, перғауын мен
шонжарлар бейнесін аша түсемін.
Оқулықтағы суреттерге оқушылар назарын аудару.
Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санайтына тоқталып,
тақтаға «Перғауын» («фараон») сөзін жазып, египеттіктерше «перо» сөзі
«үлкен үй», «патша сарай» деген ұғымды білдіретінін айтамын.
Шонжарлар тобына кімдер жататынын тақтаға жазып қоямын. Олардың тұмыс
жағдайы туралы бір оқушыға кітаптан оқытамын.
Перғауындардың жақсы дайындығы бар, жаттықтырылған, тұрақты әскер
құрғаны туралы баяндай келіп, ІІІ Тутмостың негізгі әсер құрамы жаяу
әскерден тұрғанын, құлдар әскерге шақырылмағанын, негізгі әскер құрамы
шаруалар болғандығын айтамын.
Тәжірибелі әскербасылар қарамығындағы жаынгерлерін сапта жүру, садақ ату
сияқты әскери өнерлерге үйретті. Жалқауларға дүре соғылды. Бейбіт уақытта
жауынгерлер жұмыстың небір ауыр түрлерін атқарды.
Соғыс тактикасында жеңіске жету көбінесе жаяу әскердің іс-қимылдарына
байланысты болды. Жаяу әскер садақпен қаруланды. Ауыр қаруланғандардың
қолында қалқаны, ұзын найза, балтасы болды.
Соғыс қару-жарақтарын жасаған кезде қола кеңірек қолданыла бастады.
Жеңіл арбалы атты әскер құрамы пайда болып, соғыс тактикасына үлкен
өзгерістер әкелгенін, оған тек бай-шонжарлар, ауқатты әскербасылар
мінгенін айта кетемін. Ал олардың қолбасшысы болып, әрине, перғауынның
баласы ғана тағайындалды.
Сондай-ақ перғауындардың Азия мен Африка елдеріне ақы төлеп, әскер
жалдағанын айта кетемін.
Перғауындар жалдамалы әскерін қалай тиімді пайдалана білді? /ой қозғау/
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң: «Шаруалардан құрылған әскерге
қарағанда жалдамалы әскерлер әскери сапасы жағынан ерекшелеу болды. Соғыс
өнерін жақсы білді. Шаруалардан құрылған жауынгерлерден жалдамалы
әскерлердің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? Қандай жағдайларда
сенімді болды? Қандай жағдайларда әлсіздік танытты?» деген сұрақтар қоя
отырып, әскердің екі түріне мінездеме беруге көшемін. Әскерге алынған
шаруаларды перғауындар соғыс өнеріне үйретті, жаттықтырды. Бірақ әскери
жорықтар кезінде шаруаның ойында, санасында ауылы, шаруашылығы тұрды.
Алдағы шайқасты ойлап келе жатқан ол жоқ, шаруашылықты басқаруға отбасының
шамасы жете ме, күзгі өнімді жинай ала ма-міне, оны осы ойлар қинайды.
Жалдамалы әскердің негізгі міндеті-жорыққа қатысу, соғыс тактикасын
үйрену, сондықтан ол шаруаларға қарағанда сапасы жағынан мықты, соғыс
өнерін меңгерген, жауды жеңіп, бекіністі алуға бар күшін салады. Ал егер
Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге?
Осы сұрақтар арқылы жалдамалы әскердің жақтарын ашып көрсетемін.
Перғауындар жаулап алған елдерін аяусыз талан-таражға салды. Египет
әскерлері мол олжамен оралып отырды. Алтын тиеген кемелер, тең-тең маталар,
бағалы ағаштар, әшекей бұйымдар, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқылар
әкелді. Осылардың ішіндегі бағалысы тұтқындар еді.
Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?
Соғыста жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Шайқастан оралған
шаруаның үйі, шаруашылығы қандай жағдайда еді?
Үнемі жүргізілген соғыстар Египет патшалығын неге әлсіретті? Өз ойларыңды
білдіріңдер.
ІІІ. Оқушының жаңа оқу материалын қалай түсінгенін тексеру.
IV. Жаңа сабақты пысықтау
V. Үй тапсырмасы: §6

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 7. Египеттегі ғылыми білім негіздері
← Білімділік: Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің
негізгі заңдылықтарын ашып көрсту.
← Дамытушылық:Ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан
денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми
білімдердің болғанын баяндау.
← Тәрбиелік: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы
айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
• «Перғауын» ұғымын түсіндіріңдер.
• Перғауындардың шексіз билік жүргізгендігіне мысалдар келтіріңдер.
• Египетте шондарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметіне сипаттама
беріңдер.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Египетте жазудың шығуы мен дамуы.
2. Математикалық білімдер.
3. Аспан әлемі
4. Египеттегі медицина.
5. Ежелгі Египеттегі мектеп
Б.з.б. IV мыңжылдықтың өзінде-ақ Египетте білімнің әр түрлі салалары
дамыған. Осыған байланысты жазудың қажеттілігі туған. Ал мемлекет пайда
болған кезде жазу біржола қалыптасқан еді. Перғауындарға сауатты адамдар
қажет болды.
Алғашқы египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Ал
таңба суреттер-иероглифтердің саны 750-дей болған. Таңба суреттерді тақса
да, ағашқа да ойып салған.
Одан әрі сабақты оқулық бойынша түсіндіремін. Ежелгі Египетте
математикалық білімдердің болғандығын «математикалық папирустар»
дәлелдейді.
Ежелгі Египетте құрылысқа тасты пайдалану кең өріс алды. Оған дәлел-
Египеттегі пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер. Бұл міндеттерді орындау
үшін құрылысшыларға қандай білім, амалдарды білу керек болды деп
ойлайсыңдар? Ғылымның қай түрі дамыды?
Оқушылар ойын тыңдап болған соң сөзін жалғастырып, кітаптағы суретке
оқушылар назарын аударамын. Ақ жібек матадан тігілген әдемі киім киген
шонжар пальманың көлеңкесінде тұрып, егіншілер еңбегін бақылай отырып,
іштей есеп шығарады:
«Құлдар мен шаруалар еген даласынан храмға арнап 400 қап бидай жинады,
20 қабын шондарларды асырауға қалдыру керек, 80 қабын бордақыланған малға
жемге жұмсаймын, 40 қабын құлдардың күн көруіне, 20 қабын көктемгі егіске.
Сонда қанша қабы қалды?
Ол ойланып, есептеп көрсе, 240 қап бидай ды сатуға болады екен. Ауыл
шаруашылығының тез өркендеп, дамуына байланысты египеттіктерге көп есеп
шығаруға тара келді.
Осының бәрі қандай ғылымның дамуына әкелді? Әрине, оқушылар:
«Математика», -деп жауап береді.
Перғауын Ніл өзенінің бойына, табиғаты әдемі жерге сарай салғызуға нұсқау
береді. Құрылысшылар кеңесе отырып, ол құрылысқа қанша кірпіш кетеді, неше
құл мен шаруаны жұмысқа жегу керек, қанша күнде салып бітіруге болады-
осының бәрін есептеп шығарады. Қолөнершілер де қоланы құйғанда мыс пен
қалайының қанша бөлігін жұмсау керек екенін дәл есептеп алу қажет болған.
Тақтаға ежелгі египеттік сан таңбаларын жазып көрсетеді де, нені
білдіретінін сұраймын.
Таңбаны жазу мен есептеу жүйесі қиын да, көп болды, соған қарамастан
адамдар арифметикалық амалдың төрт түрін меңгере білді.
Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды.
Өйткені күнделікті тұрмыста, құрылыс саласында, жер өлшегенде ауданы мен
көлемін анықтау қажет болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың,
трапецияның және шеңбердің бер көлемін есептей білген. Олар ұзындықты
шынтақпен де алақанмен де саусақпен де есептеген.
Ежелгі мысырлықтарға Нілдің қашан таситындығын күні бұрын білу қажет
болған. Ең қысқа түнде таң алдында аспаннан жарық жұлдыз көрінетіндігін
байқаған. Дәл сол күні су таси бастаған.
Нілдің қашан таситындығын неге күні бұрын білу керек болды? Аспанды
бақылау кезенде қандай ғылым пайда болды?
Ніл тасығанға дейін каналдарды тазартып, бөгеттерді жөндеу керек
болатын. Егер Ніл өзенін бөгемесе, олар тектен-текке теңізге құйып,
қуаңшылық салдарынан барлық астық күйіп кететін еді.
Мысыр абыздары Сотистің бірінші көрінуінен екінші көруне дейінгі
аралықта 365 күн бар екендігін есептеп шығарды. Осы уақыт аралығын олар 30
күннен 12 күнге бөледі, ал калған 5 күнді ешбір айға қоспай, жыл аяғында
құдайға құлшылық ететін күндер деп есептейді.
Ежелігі Египетте өте кең тараған ғылыми білімдердің бірі-медицина
болды. Египет дәрігерлері аурудың жеке түрлеріне маманданды. Олар:
асқазан, тыныс жолдары, көз, тері аурулары т.б. болып бөлінді.
Египет дәрігерлері хирургия тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар
операцияға қоладан жасалған әр түрлі медициналық құралдарды пайдаланды.
Дәрігерлер көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген. Сондықтан да
адамдарды емдеу барысында шөптер мен өсімдіктерді жиі пайдаланып отырған.
Ежелгі Египетте мектеп оқушыларына арналған ереже болған. Ережеде
мынадай сөздер бар: «Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық
білетіндермен ақылдас, болмаса сені ұрып-соғады. Баланың құлағы арқасында ,
ол таяқ жегенде ғана тыңдайды».
ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Пысықтау барысында білімнің айқын да тиянақты болуына қол жеткізуге
тырысамын.
IV. Үйге тапсырма: §7.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §8. Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
← Білімділік: Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем
әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін,
адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау.
← Дамытушылық:Оқушылардың өнерге деген ықыластыран арттыру
← Тәрбиелік: Адамзат баласының қолымен жасалған көркемөнердің озық
туындыларын сезіне білуге, бағалай білуге, көркемөнерді сүйе білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, баяндау, суреттермен жұмыс.
Суреттің түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «Үлкен Сфинкс», «Пирамида» т.б. суреттер,
иллюстрауиялар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
• Египетте жазудың қалай пада болып, дамығанын сипаттап беріңдер.
• Египетте ғылыми білімдердің қандай түрлері дамыған?
• Математика ғалымының шығуына қандай жағдайлардың әсері болды?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Әдебиеті.
2. Ежелгі Египет діні
3. Египеттегі храмдар
4. Пирамидалар салу.
5. Үлкен Сфинкс.
«Миф» сөзінің қандай мағына білдіретіні түсіндіріліп, оқулықпен жұмыс
жүргізіледі.
Ежелгі Египетте халық ауыз әдебиеті ерекше дамығанын, шығармалар
мазмұнында халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және
батырлардың ерлігі сипатталғанын айта келіп, егер уақыт жетсе, оқушылардың
біреуіне шытарман оқиғалы «Синухеттің басынан кешкендері» шығармасын
дауыстап оқытамын. Содан кейін оқушылардың шығарма мазмұнын әңгімелеп
беруін сұраймын. Ежелгі Египетте Ніл өзені, құдайлар мен перғауындарды
мадақтайтын гимндер мен өлеңдер де болғанын айтамын.
Египет кедейлерінің ауыр тұрмысы мен ащы зар-мұңын білдіретін көптеген
әндер мен мақал-мәтелдері туралы немесе «Астық тасушының әні» жайлы
баяндаймын.
Күн құдайы Амон-Раны ежелгі египеттіктер ең құдіретті, көркем
құдайымыз деп санады. Олардың ойы бойынша перғауындар адамдарды қалай
басқарса, Ра құдай да солай басқарды. Ол күндіз аспанға алтын қайығымен
келіп, кешкісін азыққа кетеді.
Ойланып көріңдер, египеттіктердің күн құдайы неге негізгі құдай болып
есептелінеді?
Оқушылар жауабын толықтыра отырып ежелгі египеттіктердің ең алғашқы
діни сенімдері Күн құдайы Ра мен тас құдайы Бен-бенге сиынудан басталғанын
айтамын. Египеттіктер құдайдарды жануар басты адам бейнесінде елестеткен
(оқушылар назарын кітаптағы суретке аударады.)
Олар адамдар құдай жолымен жүрмесе, құүдайлар ашуға мініп, бүкіл елді
бақытсыздыққа дашар етеді деп ойлады. Сондықтан олар құдайларға сый-сыяпат
жасап, көңілдерін аулауға, жалбарынып, мейіріміне бөленуге тырысқан.
Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды «құдайдың ұлы»,
құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның
өзі үлкен құрмет деп есептелген.
← Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған?
← Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі
египеттіктердің перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер
мен ойын-сауықтар ұйымдастырғаны туралы баяндаймын.
Осы бөлімді түсіндіру кезінде «Осирис пен Исида» туралы мифтің
мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің
«Ежелгі Шығыс» атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын.

Төмендегі кестені сыныппен бірге толтырамын.
|Құдайлардың аттары |Олар табиғат құбылыстары|Олар құлиеленушілік |
| |мен шаруашылықтың қандай|құрылысқа қандай әсерін |
| |түрлерін бейнелейді? |тигізді? |
| | | |

Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр
түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы
дүние жүзіндегі ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден
астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын.
Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт
оны қалай атады? Бұл құрылыстар қандай мақсатта жасалды?
Храмдарды безендіру мен сәулет өнері де алғаш ежелгі Египетте өркендеп,
дамыды. Египеттіктер әлемде тұңғыш рет тастан қаланған, аспанмен тілдескен
керемет құрылыстар сала білді. «Египеттегі құрылыстар жайлы кім айтып
береді?» деген сұраққа оқушылар жауабын тыңдап болған соң, Ніл өзенінің
батыс жағындағы аспанмен тілдескен әлемнің жеті кереметінің бірі-
пирамидалар жайлы сөз қозғаймын. Бұлар-перғауындардың мазарлары. Ең бірінші
пирамида Жосер перғауынға арнап салынған екен. Ал ең биік пирамида б.з.б.
2600 жылдардың шамасында Хеопес перғауынға арнап салынды. Оның биіктігі 150
метрге жуық. Оны айналып шығу үшін бір шақырымға жуық жол жүру керек.
Пирамида тарихын бір оқушыға оқытамын. Ол дауыстап оқып шыққаннан кейін
ойын тұжырымдап, дәптерге түсіреді.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Пысықтауды картиналар, схемалар т.б. көрсету арқылы жүргізу.
2. Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалануды қажет ететін кроссворд
т.б. шешуге жаттықтыру.
IV. Үйге тапсырма: §8 1. «Египет діні» деген кестені толтыруды аяқтайды.
2. «Шығыстағы мәдениеттің дамуы» кестесін толтырады.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 9-10 Ежелгі Ассирия
← Білімділік: Ассирия атауы Тигрдің оң жақ жағасында орналасқан Ашшур
қаласынан шыққаны, оның бірнеше ғасырлар бойы әскери қуаты аз
болғандықтан, өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі-жиі
тәуелді болып келгені, кейіннен аса үлкен әскери державаға айналғаны
таралы баяндау.
← Дамытушылық: Ассирия билеушілері Жерорта теңіщінің шығыс
жағалауындағы елдерге үстемдігін күшейту және Египетті жаулап алу
мақсатында жорыққа дайындалғанын, сөйтіп Ассирия б.з.б. VII ғасырда
орасан зор аумақты бағындырған әскери мемлекетке айналғанын баяндау.
← Тәрбиелік: Ассирия әдебиетінің өзіндік сипаттарына әсіресе ассирия
жылнамасының ерекшеліктеріне тоқталу, шәкірттердің сабақ үстінде
тақырыпты толық меңгеріп, тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, баяндау.
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «б.з.б.XVI-Viғасырлардағы Алдыңғы Азия» оқу картасы.
Суреттер: «Ассирия жауынгерлері», «Қос дөңгелекті арбадағы урарту
жауынгері», «Адам басты, қанатты арыстан» (мүсін) т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
1. Табиғат жағдайлары
2. Ассирия мемлекетінің құрылуы
3. Ассирияның отаршылдық саясаты.
4. Мәдениеті.
ІІІ. Оқушылардың жаңа оқу материалы жайлы түсінігін тексеру.
1. Оқушылардың сөйлеу мәнеріне, алған білімін, ойын жүйелі жеткізе
білуіне көңіл бөлемін.
2. Оқушылардың жаңа материалды түсінуіндегі олқылықтарды түзетуге
тырыстырамын.
3. Оқушыларға қоятын сұрақтарға ерекше назар аударамын.
IV. Жаңа білімді пысықтау.
1. Пысықтау барысында оқушының ойлану әрекетін дамытуға көңіл бөлемін.
2. Пысықтау барысында оқушы білімінің айқын да тиянақты болуына қол
жеткізу.
V. Үйге тапсырма: §9-10.
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 11. Хетт патшалығы.
← Білімділік: Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің
шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт
жердавасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана
қалыптасып болғанын баяндау.
← Дамытушылық: Хетт державасының гүлдену және құлдырау себептерін
түсіндіру.
← Тәрбиелік: Білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдісі: интарактивті
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
• Оқулықтағы картадан немесе атластан Ассирияны табыңдар. Ассирияның
әскери өнері жайлы өз ойларыңды тұжырымдаңдар.
• Ассирия патшасы өзінің Вавилонға жасаған жорығы туралы әңгімесінде
былай дейді: «Мен оның қазынасын аштым, алтындары мен күмістерін, асыл
татарын, қисапсыз байлығын алдым... Олардың дүниесін иелендім...»
Ассириялықтардың басқыншылық жорықтарынан қандай қорытынды жасауға
болады? Ондағы отаршылдық саясаттың мәнін неден көреміз?
• Ассирия заңдарын оқып шығыңдар: Ассириядағы жер иелену тәртібі туралы
не ойлайсыдар? Жалпы Алдыңғы Азия елдерінің заңдарында қандай
ұқсастықтар бар?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Кіші Азияның табиғаты.
2. Хетт патшалығының құрылуы.
3. Хеттердің өмірі мен тұрмысы
4. Мәдениеті
Картаны пайдалана отырып, Кіші Азияны үш жағынан – солтүстігінде
Қара теңіз, батысында Мәрмәр және Эгей теңіздері және оңтүстік-батысында
Жерорта теңізі қоршап жатқанын баяндаймын. Кіші Азия таулы-үстірті әрі
далалы өлке. Егістікке қолайлы, кең алқыпты жазықтар аз. Мұнда ірі
өзендер де жоқ. Енді үлкен өзен-ежелгі Галис, ал қазір Қызыл Ирмак деп
аталатын өзен ғана.
Мал өсіру (әсіресе жылқы өсіру) басым болды, жайылымға жарайтын
дадалы алқыптардың көп болуы бұған қолайлы жағдай туғызды. Бал арасын
өсірудің маңызы зор болғанын да айтамын.
Тау қойнауларында күмі, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар көп
еді. Сол себепті де оңтүстік тау жоталары Күміс таулар деп аталған.
Хетт патшалығының құрылуы туралы айтқанда билеушілер билігіне тоқталып,
патша билігін мұралану, балаларына мұра ретінде беру елдегі билік үшін
таласты күшейтіп, мұның өзі мемлекетті әлсіретіп жібергенін баяндаймын,
Телепин атты патшаның Хетт патшалығын нығайтуы жайлы әңгімелеймын.
Хеттердің өмірі мен тұрмысын оқулық көлемінде түсіндіремін. Тақтаға
төмендегі кесте сызылып, оқушылар көмегімен толтырылады.
|Мемлекет аты |Өмірі мен |Мәдениеті |Құдайлары |Құрылыс өнері |
| |тұрмысы | | | |
| | | | | |

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
Оқулықтың 59-бетіндегі Хетт заңдарын оқи отырып, вавилондық және ассириялық
заңдармен салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар деп
ойлайсыңдар?
IV. Үйге тапсырма: §11.
Оқулықтағы Хетт патшасының өсиетін оқып шығып өз ойларыңды тұжырымдаңдар.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 12. Ежелгі Финикия мен Палистина
← Білімділік: Финикия тарихының басты ерекшеліктері туралы баяндау.
← Дамытушылық: Оқушылар белсенділігін арттыру.
← Тәрбиелік: Білікті, иманды, азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекіігі: «Финикия колониялары» оқу картасы, Финикия, грек және
латын алфавиттерінің салыстырмалы таблицалыры.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында оқушылардың көпшілігіне
ортақ қателерді және олардың себептерін көрсетемін.
Сынып оқушылырының үй тапсырмасын саналы да дұрыс орындағандығына көз
жеткізу.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Табиғи –географиялық жағдайы
2. Финикия қала мемлекеттері
3. Израил-иудей мемлекеті
Израил-иудей мемлекеттінің құрылғаны жөнінде оқулық көлемінде баяндалады.
Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті
Финикия халықтарының әлемдік мәдениетке қосқан бағалы үлесі-алфавитті
ойлап табуы. Жазудың бұл жүйесі б.з.б. ХІІІ ғасырда жасалған еді. Б.з.б.
ІІ мыңжылдықтың ақырына таман жаңа алфавит жасалып, бүкіл әлемге тарады.
Оның негізіне біраз өзгертілген Египет иероглифтері алынған деген болжам
бар.
Финикия алфавитінжасаушылар бар болғаны 22 әріппен, онда да дауыссыз
дыбыстармен ғана шектелген. Көптеген халықтар-әуелі еврейлер, артынан
арамейлер осы алфавитті қабылдады. Арамейлер оны (кейбір өзгерістер жасай
отырып) шығысқа, Үндістан мен Орталық Азияға дейін таратты. Батыста
Фиикия алфавитін гректер қабылдап алды, олар кей таңбаларға дауысты
дыбыстың мәнін берді және жазудың бағытын солдан оңға қарай жазатын етіп
(ал финикиялық-еврейлік бағыт оңнан солға қарай болатын) өзгертті
Финикиялықтардың діни нанымдары бізге жеткен жырларда баяндалған.
Олардың діни түсініктерінің басқа елдерден-Египет, Вавилон ерекшелігі-бір
құдайға табынушылықтың болмауы. Әрбір қала -мемлекеттің өз құдайы болды.
Мифтік шығармалардың ішінде таралғаны – «Ваал және Алийян» дастаны. Ваал-
көктем құдайы, Алийян –оның ұлы.

Еврейлердің басты құдайы Яхве деп аталды. Алғаш от, найзағай мен жел
құдайы деп есептелген яхве, кейіннен мемлекет пен патшаның қамқоршысы
делінді. Патша-құдайдың ұлы, оны тыңдап, құрметтеу қажет. Ол құдайлар
сияқты күнге, жаңбырға әсер ете алады деп ойлады.

ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.

← Оқылған ережелер мен тұжырымдар бойынша оқушылардың өздеріне
мысалдар келтіру.

← Пысықтауды карталар мен схемалар т.б. арқылы жүргізу.

← Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалану қажет ететін
қосымша тапсырмалар орындауға жаттықтыру.

IV. Үй тапсырмасы: §12

Оқулықтың 64- бетіндегі тапсырма-сұрақтарға жауап беру.

Израил-иудей тарихынан үзінді оқу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 13 Ежелгі парсы патшалығы
Сабақтың мақсат-міндеттері:
← Парсы тайпаларының одағын күшейткенін, оның басқару жүйесін
жетілдіргенін және парсылардың ежелден жылқы шаруашылығымен
айналысқан, ат құлағында ойнаған ержүрек, жауынгер ел болғанын
баяндау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі. Интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: «желгі Иран мен Орта Азия» оқу картасы, «Парсы
жауынгері» суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
• Финикия мен Палистинатын табиғат жағдайлары қандай еді?
• Финикия неге қала мемлекеттер деп аталды? Олардың даму ерекшеліктері
қандай?
• Израил-иудей мемлекеті туралы не білесіңдер? Сүлеймен патша кезінде
қандай өзгерістер жасалды?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Табиғат жағдайы
2. Парсы патшалығының құрылуы
3. І дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты.
Табиғат жағдайы оқулық көлемі бойынша баяндалады.
«Кейбір аңыздар бойынша, Кирді кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп,
асырапты. Одан соң сал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті».
Сабақты аңыздан бастау оқушылардың білім алуға деген құлшынысын арттыра
түседі. Одан әрі Вавилонның солтүстік-шығысында Мидия мемлекеті пайда
болғанын, мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия
мемлекетін талқандағанын айтамын. Бірақ Мидияның Вавилонмен одақтастық,
достық қатынасы ұзаққа бармай, екеуінің арасындағы қанды соғысқа ұласқаны
баяндалады. Одан әрі Кирдің жаулаушылық саясатын түсіндіремін. Балалар
картадан Парсы патшалығының жаулап алған жерлерін өз карталарына түсіреді.
Парсы патшалығы І Дарий өзінің жазбаларында «жерді, аспан мен адамды
жаратқан, құдіреті күшті құдай тағаланың өзін патша етіп тағайындағанын
мақтан ететінін оқушыларға айта кетемін. Өздерін осылайша дәріптеген
патшалар болғанын түсіндіремін.
Әрбір аймақты патша тағайындаған әкім басқарады. І Дарий кезінде
әлемдегі ең таза алтын теңге шыққанына, көптеген басқа елдерде оны құнды
ақша ретінде пайдаланғанына тоқталып өтеімін.
Елде сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін
жол жасалып, сонау Сарды қаласынан басталған олжолдың бүкіл Кіші Азияны
басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы
қалаларына дейін созылғанын картадан көрсетемін.
«Патша жолының» сол кездегі рөлін ашып көрсетеді, сол жолдар арқылы
патша жорықтары елдің орталығынан шеткері аймақтарға дейін жеткені туралы,
осы тәжірибені кейін римдіктердің де пайдаланғанын баса айта кетемін.
«Патша жолын» тақтаға сызып көрсетіп немесе бөлек карта жасап, сырттай
саяхат жасатамын.
Сақ сарбазы Шырақтың ерлігі жөнінде әңгіме өткіземін. «Өз жерлестерін
шапқыншылықтан құтқару үшін Шырақ қандай ерлік жасады? Сен өз елің үшін
осындай ерлікке дайынсың ба?»
Оқушылар жауабын тыңдап, қорытындылаймын.
Парсы әскерлерінің ерлігіне тоқталамын. Олардың әскери құрамы негізгі
10 мың «өлімге бас тігушілерден» тұрған, егер ұрыс даласында жаңағылардың
жартысы өлсе, тез арада олардың орнын басқалары толтырып отырған. Сондықтан
«өлімге бас тіккендердің» саны бастапқы қалпын сақтап отырған.
Парсылардың ең көрнекті әдеби мұрасы- «Авеста».
Бұл шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш Заратуштра ілімі деп атады. Ол
ілімнің мәні – жақсылық, қайырымдылық құдайы Ахурамазда мен жамандық пен
қатыгездік құдайы Анхра Манью арасындағы рүрес әлемдік дамудың негізі болып
саналады.
Заратуштра ілімінің бір ерекшелігі болды. Ол бойынша өлген адамның
денесін жерге көмуге де, отқа жағуға да рұхсат етілмеді. Өлі дене жерді де,
отты да ластайлы. Олар өлгендердің денесен жабайы құстарға тастау керек деп
есептеді.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. І Дарий өзін қандай адам ретінде көрсетуге тырысады? Неге? Ол адам
бойындағы қандай жақсы қасиеттерді айтады?
2. Билеуші болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
3. Неге ол Ахурамазданы дәріптеді?
IV. Үйге тапсырма: §13
13-параграфты оқып, мазмұнын айту.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 14. Орта Азия халықтарының македондық басқыншыларға
қарсы күресі

Сабақтың мақсаты:
← Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күрестегі
ерлігін, тәуелсіздік үшін күрескен даңқты басшысы-Спитамен ерлігін
баяндау.
← Ұлы қолбасшы Александрдың алғырлығы, тапқырлығы, батылдығы туралы
айта келіп, оқушыларды батыр да ержүрек болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау, тарихи ұлы тұлғаларға мініздеме беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тартымды өтуіне көңіл бөлу, псиологиялық ахуал туғызу - басты
міндет.
1. Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі.
2. Спитамен-тәуелсіздің үшін күрестің басшысы
3. Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи
маңызы.
Александр кім болған?
Бұл сұраққа жауапты тарихи ұлы тұлғаға мінездеме беруден бастаймын.Ол-
ежелгі Шығыстың көптеген мемлекеттерін жаулап алып, бас игізген ұлы
қолбасшы, өз аты-Александр, қазақ оны Ескендір деп кеткен.
Бала күнінен-ақ әкесі Филиптің және оның нөкерлерінің көзінше асау атты
ауыздықтайды. Жұрттың бәрі Александрдың ептілігі мен ержүректігіне таң
қалады. Филипп патша баласын құшақтап тұрып: «Ұлым-ай, өзіңе шақ патшалық
ізде, Македония саған олқылық етер» деген екен.
Әкесінің өзіне айтқан осы сөзінен нені байқауға болады? Өз ойларынңды
тұжырымдаңдар.
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң:
Алғыр, тапқыр, батыл Александрды әкесінің інісі Леонид төзімді,
ержүрек, бап талғамайтын жауынгер етіп тәрбиеледі.
Леонидтің «таңертеңгілік астың орнына түнгі жорықтағыдай атқа мінгізіп
шапқылатқанын, ал түскі асқа болмашы асты талғажау еткізіп үйреткенін»
Александр кейіннен тайлай есіне алып жүрген. Александр мықты әрі ержүрек
болып өсті. «Күнде ойын, күнде той» дегенді жаны жек көрді.
Оқушыларға «Александрдың «Еркетотайлық пен сән-салтанаттан асқан
құлдық, еңбектен артық патшалық жоқ» деген сөзі қалай түсінесіңдер?» деген
сияқты сұрақтар қоямын.

Ежелгі дүниенің атақты ғалымы Аристотель Александрдың ұстазы болды.
Ғалым ханзадаға әлем, табиғат жайында, адам мен мемлекет хақында әңгімелер
айтып беретін-ді. Ол ұстазына: «Өзгелерден тек күш-қуатыммен, сондай-ақ
біліміммен асып түскім келеді» дейтін.

Соғыс жорықтарында Александр қасына ғалымдарды ертіп жүрген.
Қолбасшы оларға бөтен елдермен жете танысу, оларды кітапқа жазу, жаулап
алған халықтар арасында білім тарату жөнінде талап қойды.

Алайда шапқыншылықтың аты шапқыншылық емес пе, Александрдың жүрген
жеріндегі, оның жеңімпаз әскерлері басып өткен аймақтағы ел жаппай тонылып,
қырғынға ұшырады. Қолбасшы аса қуатты Парсы мемлекетін, оған қарасты
барлық халықтар мен патшалықтарды жаулап алды. Египет (Мысыр), Вавилон және
басқа да көптеген елдер түгелдей дерлік Александрға қарады.

Грек-македондықтардың басқыншылығына қарсы күрек бүкіл Соғды және
Бактрия жерлерін қамтығанын картадан күрсете отырып, ол көтерілісті
Спитамен есімді ержүрек қолбасшы, бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік
басыншыларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастырушы екендігіне
тоқталамын.

Жорықтан оралған соң көп кешікпей Александр Македонский дүние салды.
Оның кең-байтақ мемлекеті тез ыдырап кетті, өйткені ол тек қана әскер
күшімен жан сақтап тұрған-ды. Александрдың салдырған жолдарымен сауда
керуендері жүретін болды. Гректер мен ежелгі Шығыс халықтарының аса бай
мәдениеті араласып, эллинистік жаңа мәдениет туды. Бұл таза грек немесе
таза эллин мәдениетінен өзгеше еді.

ІІ. Жаңа білімді пысықтау.
Тақырып бойынша оқушыларға мынадай тапсырмалар беруге болады:
Қазіргі фантаст жазушылар қай ғасырда, қай планетаға барсаң да
апаратын «Томирис» (атын өзгертуге болады) атты ұшу аппаратын ойлап тапты.
Сендердің де ойлаған бағыттарыңа ұшып бару мүмкіндіктерің бар.
Ұшу жоспарын жасаңдар.
1. Ғасырын, жылын, жасаңдар.
2. Александрдың жүрген жеріндегі қай елге баасың?
3. Ұшу сапарында кім болғың келеді? (Филипп патша ма? Леонид пе?
Аристотель ме? Александрдың өзі ме? Тарихи шолушы ма? Географ па?
Сол кездегі адам ба? Сынып оқушыы ма?)
4. Ұшу сапарының мақсатын анықта.
5. Ұшу сапарының барысы жайлы әңгіме – есеп жаз (ол өте құпия болсын).
Есеп әңгімеде кейіпкердің сырт бейнесі, оның әскерінің қару-жарағы,
басып алған елдердің архитектуралық ескерткіштері, тарихи ұлы
тұлғаларына мінездеме, саяхат кезіндегі кездесулер-барлығы қамтылуы
керек.
ІІІ. Үйге тапсырма: §14.Оқушылар жоғарыдағы тапсырманы сыныпта
орындап үлгере алмаса, үйден орынлап келуге тиіс.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 15. Ежелгі Бактрия

← Білімділік: Ежелгі замандарда Орта Азияда шаруашылығы мен саяси
құрылысы дамыған ірі мемлекеттің өмір сүргенін оқушыларға түсіндіру.
← Дамытушылық: Ежелгі Бактрияның дамуына парсылар мен сақтардың әсері
болғандығын, отырықшы және көшпелі халықтар бірлесуі арқылы жаңа
мемлекеттің қалыптасқанын оқушыларға түсіндіру.
← Тәрбиелік: Қазақ халқының түп негізі болып саналатын сақтардың
ежелгі мемлекетін сипаттай отырып, оқушыларды патриотизмге, өз елін
сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау және сұрақ жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, пәндік атлас.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысу дәрежесін айқындау
және ынта-зейінін жаңа тақырыпқа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және оқушылардың жауаптарын бағалау.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Бактрия тарихының деректері
2. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасындағы Бактрия.
3. Мың қала елінде.
Атластан ежелгі Бактрия мемлекеті орналасқан жерді көрсете отырып, онда
Орта Азиядағы ең ежелгі мемлекеттердің бірі өмір сүргенін ерекшелей
айтамын. Бесінші сыныпта археология пәні туралы алған мәліметтерін,
әсіресе археологиялық деректерді естеріне түсіріп, оқулықтағы суреттер
бойынша Бактрия жерінен табылған ескерткіштерге сипаттама беремін.
Мәселен, бактриялық қола мөр де археологиялық қазба жұмыстары барысында
табылған (77-бетте). Дөңгелек табақша тәріздес қолаға жазылған мөрдің
өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ең алдымен сол кездегі діни таным-түсініктер
мен дүниетанымдық көзқарастар туралы мәлімет береді. Табақшаның жиегіндегі
дөңгелек шеңбер мен сызықшалар жай әншейін салынбаған сияқты. Ол бүкіл
әлем ұғымын білдірсе керек. Ал оның ортасында қанатты, алып жануар ұшып
барады. Оның сырт бейнесі түйеге ұқсайтын тәрізді. Алқымды алтынмен
сәнделген. Алдыңғы жағында бүркітке ұқсас құс бейнеленген. Мұның бәрі
мөрдің иесі мықты да, құдіретті деген мағына беретін еді. «Авеста» туралы
айтқанда ежелгі Парсы патшалығы және оның мәдениеті тақырыбындағы
мәселелерді еске түсіре отырып түсіндіремін.
Екінші тақырыпшаны түсіндірер алдында ежелгі Бактрияның географиялық
орналасу ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың шаруашылықтың әр саласының
қалыптасып, дамуына әсерін кеңірек баяндаймын.
Ірі елді мекен мен қаланың айырмашылығын түсіндірген кезде ертеректе 10-
15 шаңырақтан құралған шағын қонысты ауыл деп атағанын, ол негізінен
көшпелілерде болғанын, сонымен қатар егіншілікпен, саудамен
айналысатындардың балшықтан, тастан, кірпіштен жасалған жүздеген үйлерден
құралған ірілеу ауылдарын ірі елді мекен деп атағанын айтып өтемін.
Айқынырақ болу үшін кейбір қазіргі аудан орталықтарын мысалға келтіремін.
Ал қаланың олардан үлкен, көптеген үйлер, сарай, қолөнер шеберханалыры,
базарлары бар әкімшілікәрі мәдени орталық екенін түсіндіріп, қазіргі
Қазақстанның Алматы, Астана т.б. қалаларымен салыстырамын.
Тек ежелгі қалалардың негізгі орталық бөлігі кірпіштен, тастан, т.б.
жасалған қорғандармен қоршалатынын, олардың сырттан келген жаудан қорғану
үшін салынатынын түсіндіре кетемін.
Әшекей, сәндік үшін қолданылатын зазурит атты бағалы көк тас ежелгі
Шығыстағы сауданың дамуына да әсер еткен еді. Оның негізінен Бактрия
жерінде өндірілгені белгілі. Көптеген алтыннан жасалған сәндік бұйымдар
лазуритпен-бағалы көк таспен сәнделген.
Бактриялық жауынгерлерді сипаттағанда ,скиф, сақ жауынгерлері туралы
бұған дейінгі мәліметтерді еске түсіріп, салыстыра баяндаймын.
Бүгінгі таңда кең орын алып отырған еуроцентристік көзқарас шығыс елін
әлі де артта қалған, өзіндік мәдени дамуға бейімділігі төмен, еуропалық
өркениеттен үлгі алуға тиістілер қатарына жатқызады. Соңғы екі үш ғасырда
шығыс елдері дамыған қала өнерін білмеді деген ұғымның кең орын алып
келгені рас. Ал тарихи деректер бұл пікірдің қате , біржақты екенін
дәлелдеуде. Біз білетін Ұлы Азия жерінде сонау ежелгі дәуірлерден бастап-
ақсәулетті қалалары бар көптеген мемлекеттер болғаны белгілі.
Еуропалықтардың солардан үйренгенін, еуроцентристік пікірдің қате екенін
оқушыларға дәлелдеймін. Бактрия жері сол замандардың өзінде «мың қала елі»,
оның билеушілері «мың қала билеушілері» деп тектен-текке айтылмаған. Сондай
билеушілердің ішінде Евтидем сияқты қабілетті саясатшылар да болған.
ІІІ. Үйге тапсырма: §15.
Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беруге дайындалу. Оқулықтағы
суреттерге мән беру.

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты:
← Азияның Оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер тақырыбын қайталай
отырып, белсенділігі жоғары, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
← Бактрия қазіргі қандай мемлекеттер жерінде орналасқан? Бактрия
туралы қандай деректер бар?
← Бактриялықтар қандай кәсіптермен айналысқан?
← Бактрия қалаларының ерекшеліктері неде?
← Бактрия мемлекетінің б.з.б. ІІІ ғасырдағы билеушілерін атаңдар.
Қайталанатын материалдар:
1. Ежелгі Ассирия
2. Хетт патшалығы
3. Ежілгі Финикия мен Палестина
4. Ежелгі Парсы патшалығы
5. Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күресі.
Сабақты бекіту:
o «ККК»
o Топтастыру
o Бетпе-бет
o Эрудит
o Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды
бекіту.
Бағалау:
Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайталау

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 16. Кушан патшалығы
Сабақтың мақсаты:
← Кушан патшалығының Орталық Азиядағы көптеген елдер мен
мемлекеттердің саяси және мәдени дамуында үлкен рөл атқарғанын
баяндау.
← Көшпелілердің саяси-экономикалық дамуы және Орта Азиядағы
халықтар мәдениетінің астасуы туралытүсіндіру.
← Көшпелілер өркениеті туралы баяндай отырып, ежелгі заманға
бабалар мұрасына сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, диолог.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, пәндік атлас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сабақтың тақырыбын, жоспарын тақтаға жаздыру, оқушыларды жаңа
тақырыпты түсінуге бейімдеу.
Сабақ жоспары:
• Кушан патшалығының саяси дамуы
• Экономикалық қатынастар
• Мәдениеті
Ең алдымен Кушан патшалығының Азияның орталық бөлігінің ғана емес,
бүкіл ежелгі дүниенің дамуындаөзіндік рөл атқарғанын, ірі мемлекет болғанын
ерекше атап өтемін. Пәндік атлас бойынша орналасқан жерін көрсетіп, Рим
және Қытай империяларымен салыстарамын. Кушан патшалығы алғаш ежелгі
Бактрия жерінде қалыптасып, кейіннен Шығыс Түркістанды, Үндістанның
солтүстік бөлігін, Хорезм жерін біріктірген ірі мемлекет құрылды. Оның
алғашқы билеушілерінің бірі-Қатпыз.
Құдіретті Кушан мемлекетін құрған және дамытқан оның солтүстік-шығысынан-
қазіргі қазақ жерінен келген көшпелілер болғанын баса сипаттаймын. Әсіресе
көшпелілер сәулетті сарайлар мен күрделі суару жүйелерін салып, құрғақ, бос
жатқан жерлерді жасыл бақ, егістік алқаптарына айналдырғанына ерекше
тоқталып, Ұлы Жібек жолының Кушан жері арқылы өтетін тармағы туралы да
баяндаймын.Кушандықтардың қалалары мен бекіністері туралы айтқанда
архелогтар зерттеуі негізінде алынған төмендегідей мәліметтерді айта
кетуге болады. Кушан патшалығының қалалары тік бұрышты көшелері бар,
бекіністі болып келді. Қолдан құйылған үлкен кірпіштерден тұрғызылған
бекініс дуалдарға алғашында төрт бұрышты, кейіннен бұрышсыз мұнаралар
тұрғызылды.
Кушандық кезеңдегі бекініс үлгісі ретінде Хорезмдегі топырақ-қала
бекінісін атауға болады. Бұл бекініс жеті ғасыр- б.з.б. І ғасырдан б.з. VII
ғ. дейін сақталған. Бекініс кірпіштен тұрғызылған дуалмен қоршалған. Қазба
барысында археологтар ІІІ-ІV ғасырларға тән сарайдың орнын тапты.
Археологтар жүргізген қазба жұмыстары Орта Азия халықтарының кушандық
кезеңде жергілікті дәстүрлерді дамытумен қатар, үнді, парсы, грек-македон
мәдениетінің озық үлгілерін қабылдай отырып, өз мәдениетін жаңа сатыға
көтергенін көрсетеді. Мәдениет мәселелері туралы айтқанда оқушылардан
зороастризм жөнінде сұрай отырып, олардың жауаптарын жаңа мәліметтермен
толықтырамын. Үнді мемлекеті тарихын оқығанда бұл мәселеге толығырақ
тоқталатындарын да ескертемін.
Кушандықтардың мүсін және бейнелеу өнері туралы айтқан кезде баса
көңіл бөлетін мәселе-кушандық шеберлер құдайларды, мифтік кейіпкерлерді
емес, адамдарды- патша мен оның туыстарын бейнелегіні. Жеңімпаз Қанышке
храмы сарайы туралы айтқанда оқулық авторының жас ұрпақ бойында өз ата-
бабаларының сонау ерте замандағы тамаша жетістіктеріне деген мақтаныш, әрі
патриоттық сезім отын тұтатуға тырысқандығы байқалады. Бұл идеяның сабақты
қорытуға да арқау етемін.
Үйге тапсырма:§16
Бұл мәселеде тарихи байланыстылық пен сабақтастық ұғымын тиянақтау,
бекіту мақсатында біраз шаралар жасаймын. Яғни Бактрия мен Кушан
мемлекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы сұрақтар, тест
т.б.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 17. Парфия патшалығы
Сабақтың мақсаты:
← Оқушыларға Парфия патшалығының құрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы
Арсақ құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі
ұлғайта отырып, Римның Басқыншылық әрекетіне күйрете соққы бергендігі
туралы баяндау.
← Тақырып барысында оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке
тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Әсіресе көшпелі жауынгер сақ
ұрпақтарының Римнің шығысқа жасаған жорықтарының тек қана өз
шекарасын қорғап қоймай, Римнің шапқыншылығынан басқа елдерді қорғау
барысындағы ерлік істеріне де тоқталып өтемін.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілігі: карта (Б.з.б. ІІІ ғ. Ежелгі Шығыс),сызба
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
Сабақта оқушылардың ойын дамыту үшін, ең алдымен Парфия патшалығының
орналасқан жерін оқушылардың дәптеріне түсіріп алуын қадағалап, содан кейін
Парфия патшаларының қызметтерін салыстыра отырып талдаймын және Парфиядағы
басқару жүйесін парсылардың басқару жүйесімен салыстырып, ұқсас жақтары
мен айырмашылықтарын іздестіру жұмыстарын жүргіземін.
Сабақты әңгімелесу арқылы талдап түсіндіремін.
Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстырамын. Ол үшін
оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Орта және Орталық Азияда ежелгі дүниеде қандай мемлекеттер болған?
2. Олардың астаналары қай қалалар?
3. Олардың негізгі шаруашылығын атаңдар
4. Бұл мемлекеттер ежелгі Қазақстан жеріндегі қай мемлекетпен қарым-
қатынас жасап тұрған?
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Парфия патшалығының құрылуы.
2. Парфиядағы басқару жүйесі
3. Көшпелілер және Парфия
4. Парфияның римдіктерді талқандауы және оның маңызы
Жаңа тақырыптың бірінші мәселесін талдап, түсіндіру үшін оқушыларға
бірнеше сұрақтар қойып, әңгімелесемін.
1. Сақтар қай жерлерді мекендеген?
2. Деректерге сүйене отырып сақтарға сипаттама беріңдер.
3. Сақтар қай кезеңдерде өмір сүрген?
4. Олар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан?
5. Сақтардың қоғамдық-әлеуметтік құрылысын әңгімелеп беріңдер.
6. Сақтардың ескерткіштері қай жерлерден табылған?
Парфия патшалығының құрылуы туралы айтқан кезде оқулық мәтінін пайдалана
отырып, бұл мемлекеттің негізін көшпелі тайпалар құрғанына кеңірек тоқталып
өтемін.
Парфияның қуатты мемлекетке айналусебебін түсіндіру үшін төмендегі
кестені пайдалануға болады.
|Арсак |Тиридат |І Митридат |
|Мемлекеттің негізін қалады|Парфия патшалығының жерін |Парфия патшалығының |
| |кеңейтіп, қуатты |шекарасын Евфрат өзеніне |
| |мемлекетке айналдырды. |дейін жеткізді. Сөйтіп |
| | |оңтүстік батыстағы бай |
| | |аймақты өзіне қаратып |
| | |алды. |

Парфияның римдіктерді талқандауы туралы тақырыпшаны оқушыларға өздігінше
оқытып, пікірлерін тыңдатамын.
Сабақты бекіту:
1. Картадан Парфия мемлекетінің орналасқан жерін көрсетіңдер.
2. Парфия қай ғасырда мемлекет болып қалыптасты?
3. Парфия патшалары жаулап алған жерлерді картадан көрсетіңдер.
4. Парфия мен Рим арасындағы соғыстың басталу себебі неде?
5. Парфия мен Рим арасындағы шайқастарды сипаттаңдар.
6. Парфияның Риммен соғыста жеңіске жетуінің тарихи маңызы неде?
7. «Жұмыс дәптеріндегі» 1-тапсырманы орындау.
Үйге тапсырма: §17

17-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» 2-тапсырманы орындау.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 18 . Ежелгі Үндістан
Сабақтың мақсаты:
← Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы
және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру
арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дәптер, карта, репродукция т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқушылар білімін тексеру, жетілдіру, бекіту (сұрақ, практикалық
тапсырмалар беру).
ІІІ. Жаңа білімді хабарлау, оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру
(проблемалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы).
Үндістанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарының климаттық жағдайы
туралы, алғаш өсімдік түрлерінің өсіріліп, жануарлардың қолға үйретіле
бастауы туралы айтамын. Суармалы егіншіліктің дамуын түсіндіремін.
Ең ежелгі қалалары, мәдениеті, суды, қоймаларды пайдалануы туралы
әсерлі түрде суреттеп жеткіземін. Оқулықтағы археологиялық қазба
негізіндегі сурет пен қалпына келтірілген ежелгі үнділік қалалардың
суреттерін салыстыра отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы түсіндіремін. Ганг
өзенінің бойында ірі мемлекеттің пайда болуы туралы баяндаймын.
Александр Македонскийдің Парсы мемлекетін жаулап алғаннан кейін Үнді
жерін басып алмақ болуы жайлы, Үндістанның көптеген аймақтарын бағындырып,
қосып алғаны, Маурия әулеті жайлы әңгімелеймын.
Шаруашылығы-егіншілік кең түрде дами бастады. Қолөнер бұйымдары
жетілдіріле түсті. Басқа мемлекеттермен сауда байланысы дамыды.
Пайдалықазбалар молайды. Мемлекет ірілендіріле бастағанда қызметшілер саны
көбейді. Әр түрлі салықтар жиналды. Үндістанның әлеуметтік жіктелуінде
басқа елдерге қарағанда көптеген өзгешеліктер болды. Олар төрт топқа
бөлінді (брахмандар, жауынгерлер, егінші –шаруалар, шудралар). Әрбір топқа
сипаттама берген кезде оқулықтағы Ману заңдарынан келтірілген деректік
мәліметтерді оқушыларға оқытуға немесе өзім оқи отырып, талдау жасау
негізінде түсіндіремін. Бұл оқушылардың үйде сыныптан тыс оқуға арналған
мәліметтермен жұмыс жасауға үйренуіне тиімді ықпал етеді.
Брахмандар деп дінді тарататын абыздарды атады. Брахмандар құдай мен
адамдар арасын байланыстырушылар деп есептелінді. Брахмандар басқа
адамдардан ерекше, қасиетті болып есептелді.
Жауынгерлер елді қорғап, тәртіпті реттеді. Оны өлтірген адам айып
төледі. Ата-баба ісін жалғастыратын да солар деп есептелді.
Үшінші топқа егіншілер, қолөнершілер, малшылар, саудагерлер жатты.
Олар тек өз жұмыстарымен ғана айналысуға тиіс болды.Шудралар ең төменгі,
нашар, ауыр, қиын жұмыстарды атқарды. Олардың құлдыққа сатылып кетуі де
мүмкін еді.
IV. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. (ауызша, жазбаша жаттығулар,
тапсырмалар).
Сонымен бүкіл Үнді қоғамы 4 топқа бөлінді. Әр топтың дәрежесі шектеулі
болды. Оны ғылыми тілде варна немесе каста деп атады.
Тапсырмалар:
1. Үндістан түбегі қайда орналасқан (картадан көрсету)? Онда қандай
өзендер бар? Олар түбектің қай жақтарын алып жатыр?
2. Ең ежелгі үнді қалалары қай өзеннің бойынан табылды? Қала құрылысының
ерекшеліктері неде? Табылған заттар үнді шаруашылығы мен мәдениеті
туралы қандай мәліметтер береді?
3. Магадханың өрлеуі туралы не білесің?
4. Чандрагупта деген кім? Ол қандай әулетті негіздеді? Ол өмір сүрген
кезде қандай өзгерістер болды?
5. Егіншіліктің дамуына не әсер етті? Қолөнер мен сауданың өркендеуіне
патша неліктен бақылау орнатты? Алым-салық жүйесі туралы айт.
6. Брахмандар мен жауынгерлер кімдер? Ерікті егіншілер мен шудралар
кімдер? Неге олар тұйық топтар деп аталды?
V. Сыныптан тыс оқу.
Бір баланың өмірінен. Мәнерлеп оқу және түсінігін әңгімелеу.
Ману заңдарындағы Варна мен каста туралы мәліметтерді оқып, мағынасын
талдау.
Сөздікпен жұмыс.
Брахма-үнді құдайының аты.
Кшатрий- жауынгерлер тобы.
Вайший- егіншілер тобы
Варна-өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті тұйық топ. Оларды
кейде каста деп атайды.
VI. Оқушылардың білімін бағалау, қорыту
1. Бір баланың өмірі туралы мәтінді оқыту. Баланың тапқырлығы, іскерлігі
сендерге ұнай ма? Өздерің қандай тапқырлықтар жасадыңдар?
2. Әлеуметтік қатынастар, варна, каста туралы тақырыпшаларды оқи отырып,
мынадай сұрақтарға жауап іздейік:
• Брахмандардың артықшылықтары неде?
• Кшатрийлер мен жауынгерлердің брахмандар атқаратын қандай
жұмыстарды істеуге құқы болмады?
• Егіншілерге неге сонша көп міндеттер жүктелген?
VII. Үй тапсырмасы:§18

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 19. Ежелгі Үнді мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
← Жалпы Үнді мәдениетіне кеңірек тоқтала отырып, Ману заңдарына,
буддизмге сипаттама беру. Өнер, білім негіздерін жетілдірудегі
ерекшелектерін көрсету.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың әдісі: Хабарлау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дәптер, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
Ежелгі дүниедегі ән-жыры көп халықтардың бірі-үнділіктер. Олардың өмірі
мен тұрмысы туралы «махабхарата» және «Рамаяна» дастандарында жырланған.
Бұл шығармалар-ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен туындылар.
«Махабхарата» дастаны бойынша кинофильмдер, балалар кітапшалары көп.
Балалар «ай», «күн» әулеттері туралы сұрақ қоюы мүмкін. Сонда оны
төмендегідей түсіндіремін.
«Махабхарата» дастанында он тайпа билік үшін күреседі. Олар абыз
Вишвамитраның бастауымен Ганг өзенінің жоғарғы ағысы бойына аттанады.
Олардың көбісі бхарат тайпасынан еді. Ал Ганганың жоғарғы жағын тритсу
тайпасы мекендейтін. Екі тайпаның арасындағы соғыс ұзаққа созылды.
Ақыры тритсу тайпасы шығысқа қарай шегініп кетті. Мұнда олар косал
тайпасына қосылды. Сөйтіп жаңа астана негізінде өздерінің «күн» әулетін
құрды. Ал бхарат тайпасы басып алған жеріне жаңа астана салып, оны
«Пілдер қаласы» деп атап, «ай» әулетін негіздеді. Бхарат патшасының алты
ұрпағы билік еткеннен кейін, патша Самравана «күн» әулеті патшасының
қызына үйленді. Олардың баласы Каурав жаңа «ай мен күн» әулетін
негіздеді. Бірақ кейіннен Кауравтың ұрпақтары екі топқа бөлініп кетті.
Олардан екі тайпа қалыптасты. Кіреуі кауравтар, ал екіншісі пандавтар деп
аталды. Екеуінің арасында билік үшін күрес басталды.
Бұл сабақта оқушылардың белсенділігін туғызатын әр-түрлі әдіс-
тәсілдерді қолдана отырып, жаңа білімді түсіндіруді оқушылардың дербес
жұмыстарымен ұштастырамын.
Оқу материалдарының негізгілерін ғана түсіндіремін, ал қалғанын
оқушылар өткен материалдарға сүйене отырып, өздігінен меңгереді.
«Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарының мазмұнын әңгімелеп айтып
беру.
Ману заңлары туралы баяндап, оны қазіргі өмірмен сабақтастыру, яғни
байланыстыру. Өткен тақырыпты естеріне түсіріп, салыстыру.
Буддизм тақырышасы бойынша будданың таралуы туралы айту. Монахтар
тіршілігін әңгімелеу. Қандай елдерде тарағанын картадан көрсетіп,
будданың дүниежүзілік дінге айналуын баяндау.
Оқушылар сабақта өз бетінше орындайтын жұмысы арқылы да жаңа білімді
игереді, тапсырмалар орындайды.
Оқушылар оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындап,
сөзжұмбақ, ребус шешуге жаттығады.
Сыныптан тыс оқуға арналған «Будда туралы аңыз» әңгімесіноқып,
талдау, берілген жаңа сөздердің мағынасын тақтаға жазып көрсету, әңгіме
туралы оқушылардың пікір, көзқарастарын тыңдап, талқылау, әңгімеде
суреттелген әр кезеңдегі өмірді ретімен жазу-осының бәрі сабақ барысында
атқарылатын жұмыстар.
Сабақ аяғында жинақтап, қорытындылаймын.
Өнер мен білім негіздері бойынша үнділіктер өнерінің тамаша туындылары-
діни сарайлар мен храмдар туралы айтылады. Олардың 2 түрі болды.
Біріншісі-ашық жердегі храмдар, олар тастан, кірпіштен тұрғызылған,
екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар.
Ашық жердегі храмдардың төбесі бидай түйетін келі сияқты күмбезделіп
тұрғызылған. Айналасы қоршалып, төрт жағынан сәнделген бұл храмдардың
зерленген қақпасы болғанына тоқтала отырып, оқулықтағы қақпаның суретіне
сипаттама жасаймын. Онда Будда мен оның мөрі бейнеленеді. Тастан
күйдірілген қыштан шеберлер әр түрлі мүсіндер жасады.
Үнділердің жыл санауы бойынша 1 жыл 360 күн, 12 айға, бір ай 30 күнге
бөлінді. Б.з.V-VI ғасырларда үнді оқымыстылары Жердің шар тәріздес екенін
білді. Олар ертеден санаудың ондық жүйесін пайдаланды. Қазіргі біз жазып
жүрген сандарды арабтар үнділіктерден үйренген.
IV. Үй тапсырмасы:§19
Кітіп бойынша сөзжұмбақ құрастыру

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 20. Ежелгі Қытай
Сабақтың мақсаты:
← Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы, қоғамдық құрылысы мен
басқыншылық соғыстары туралы әңгімелесу. Сол кезеңдегі мемлекеттің
қалыптасу ерекшеліктері мен дамуын оқушыға жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекі құралдар: Кітап, таблица, дидактикалық карточкалар, карта т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ мақсатын анықтағанда практикалық жұмысқа септігін тигізетін
қағидалар мен ережелерді, кейбір мәліметтерді оқушылардың естеріне түсіру.

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау.
Оқушылардың белсенділігін туғызуды көздеп, әртүрлі қосымша құралдар,
кітаптарды пайдаланамын.
Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы, оның кезеңдері, Шан-Инь мемлекетінің
орнына құрылған жаңа мемлекет, ондағы бөліну, заң шығару, әскер туралы
айтып өту.
Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы туралы айтқанда екі үлкен өзеннің
(Хуанхэ, Янцзы) төменгі ағыстарыныңбойында өмір сүрген қытай тайпаларына
тоқталып, Чэн тан негізін салған Шан-Инь мемлекетінің билік жүйесі туралы
баяндаймын.
Оның билігі тайпа одағы көсемінің басқару жүйесіне ұқсас болды. Елді
басқару ісінің ру-тайпа көсемдерінің ықпалы басым болды. Патшалық билік
барысында сарай қызметкерлері қалыптасты. Олардың арасынан патшаның бірінші
кеңесшісі тағайындалды. Патшаның бұйрықтарының іске асуын қадағалайтын,
жарлық-бұйрықтарын жазып отыратын арнайы адамар тағайындалды. Патшалық
қазына мен мұрағат басшысы ретінде тағы бір адам қызмет етті. Осылайша
алғашқы билік жүесі қалыптасты. Елдің шағын мемлекеттерге бөлініп, олардың
арасындағы талас-тартыс, күрестің күшеюі елдіңдамуына әсер етті. Өзендерге
бөгеттер мен каналдарды әркімнің өз қалауынша жасап алуы ауыл шаруашылығына
кері әсер етті. Әрбір мемлекеттің шекарасынан өту үшін кеден салығын төлеу
қажеттігі сауда байланыстарының дамуын тежеді. Елдегі ішкі наразылықтар мен
көшпелілердің басып көру әрекеттерін болдырмау үшін мықты мемлекет
қажеттілігі сезілді. Ондай мемлекетті саудагерлер де қажет деп есептеді.
Бұл олардың бүкіл ел көлемінде еркін сауда жүргізуіне мүмкіндік беретін
еді. Б.з.б. IV ғ. Цин мемлекетінде бірнеше заң шығарылып, оны патша
қызметкері Шан Ян жүзеге асырып отырды.
Әскер өмірінде де үлкен өзгерістер болды. Қару-жарақтар бұған дейін
қоладан жасалып келсе, енді темірден жасала бастады.Әскерде тәртіп орнады.
Ақырында б.з.б. ІІ ғасырдың алғашқы жартысында Цин тапшалары өзінің
қарсыластарын бағындырды. Бүкіл патшалықты өзіне бағындырып алған Ин Чжен
б.з.б. 221 жылы Хуанди атағын алып, бірінші ұлы билеуші болды. Биліктің
бәрін қолына алған патша Янцзы өзенінің солтүстігінде жаудан, яғни
көпелілерден қорғану үшін мықты қорған салдырды. Оны Ұлы Қытай қорғаны деп
атады. Сонымен әскер ұстау үшін, Ұлы Қытай қорғанын, алым-салықтар
көбейтілді. Цин Ши Хуан қайтыс болғаннан кейін елде жаппай көтеріліс етек
алды.Бұл тақырыпшаны Ежелгі Үнді мемлекетінің құрылуымен салыстыра отырып
айтамын.
Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы туралы айтқанда Қытайда ауыл
шаруашылығы басты сала болғандығына, жылқы малын бағуға ерекше мән
берілгендігіне тоқталамын.
Маңызды шаруашылық салаларының бірі егіншілік болды. Жеміс-жидек, бау-
бақша шаруашылығымен қатар, қолөнер де дамыды. Ірі мемлекеттік шеберханалар
да болды. Өте ертеден жібек маталар тоқу өнері жақсы дамыды. Жібек
маталардың шетке шығарылуы Ұлы Жібек жолын қалыптастырды. Бұл матаны
жасауды басқа елдер білмегендіктен, матаға сұраныс көп болды.
Осы арада Ұлы Жібек жолының пайда болуы, тармақтары, оның бойындағы
елдер таныстырылып, картамен қосымша жұмыс жүргізу, оны Қазақстан тарихымен
байланыстыра отырып, сұрақ-жауап түрінде түсіндіру де тиімді.
Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында Цин патшалығы құлап, орнына келген Хань
әулетінің билеушілері Қытай мемлекетінің жерін кеңітіп, жаңа жерлер қосты.
Олар басқыншылық жорықтар жасап отырды, басты мақсаттары жаңа жерлерді
басып алып, сауда жасау болды.
Ежелгі Қытай мемлекетіндегі алым-салықтың көбеюі, жерді шағын
топтардың ғана иеленуі, тұрмыс жағдайының қиындауы-осының бәрі халықтың
үкіметке наразылығын туғызды. Ван Ман деген адам өзін патша жариялап,
билікті тартып алды. Осы кезеңде «Қызыл қастылар көтерілісі» болды. Б.з. 23
жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, Ван Манды өлтірді. Бұрынғы
Хань әулетінің ұрпағы қайтадан билікке келді. Б.з. ІІ ғасырдың соңында
көтерілістің жаңа толқыны басталды. Олар бастарына сары орамал байлап
жүргендіктен, «Сары орамалдылар көтерілісі» деп аталды. Сөйтіп аяғында
Қытай мемлекеті үш тапшалыққа ыдырап кетті.
Білімді бекіту және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатында
төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Алғашқы Қытай тайпалары қай жерлерде өмір сүрді? Шан-Инь мемлекеті ше?
2. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды? Цин Ши Хуанди
деген кім? Ол қандай өзгерістер жасады?
3. Ауыл шаруашылығы қалай дамыды? Жер шаруашылығына ерекше мән берудің
себептері неде деп ойлайсыңдар?
4. Қауымдық және ірі жер иелену дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Жібек маталардың ерекшеліктері неде?
6. «Ұлы Жібек жолы» деп неге аталған?
7. «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» туралы не білесің?
Бұл тапсырмалармен қатар қазіргі Қытай мемлекетіне қатысты жағдайларды атап
өтемін. Сыныптан тыс оқуға арналған «Елшінің саяхаты» әңгімесін
практикалық тапсырма ретінде беріп, дербес жұмыс жасауға жаттықтырып, жаңа
сөздерді меңгеруге кірісемін.
Қорытынды сабақ мазмұнын тұжырымдай келіп, әр оқушының жұмысқа
икемділігін, ынта ықылыасын, белсенділігін, білімін, іскерлігін атап
өтемін.
IV . Үй тапсырмасы:§20.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 21. Ежелгі Қытай мәдениеті /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
← Жазу мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу. Кун-фуцзы, сыма
Цянь туралы, олардың оқымыстылығы мен данышпандығы туралы баяндау.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: кітап, көркем әдеби шығармалар, дәптер, түрлі түсті
суреттер, плакат т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру./Перфокарта бойынша немесе жазбаша, ауызша
тапсырмалар арқылы/
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қытайда өте ертеден иероглифтік жазу болғандығы туралы, жазудың
бірыңғай жүйесінің құрылуы, алғашқы кітіптардың пайда болуы жөнінде
баяндаймын. Б.з.б. І мыңжылдықта Қытайда жібек матаға жазу, б.з.б. ІІ
ғасырда қағаз пайда болды. Әдеби шығармалар жазылып, дүниенің жаратылуы
әдеби тілмен әңгімелеп айтамын.
Ежелгі Қытайда ақындар көп болды. Соның бірі-Сыма Сянжу деген ақын.
Оның өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелеп айтып, көрініс ретінде көрсету.
Сыма Сянжу өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған. Алғаш ол әрі
мемлекеттік қызметкер әрі ақын болып сарайда қызмет етеді. Билеуші қытай
болған соң, ол сарайдан кетіп, кедейшілік жағдайға душар болды. Бірақ
оның ақындық қабілетін білетін ауданның әкімі өзіне шақырады. Қонаққа
барғанда ақынды өзімен бірге ертіп жүреді. Өзі білетін байлармен, атақты
адамдармен таныстырады. Бірде ақын жергілігкті бір байдың тойында оның
қызын көреді. Ол қыздың сұлулығына тәнті болып, қызығып, көп ән-өлең
арнайды. Ақынның сәнді киімі, сарай қызметкерлері сияқты мәдениеттілігі,
өзіне арнаған өлеңдері байдың қызына ұнап қалады. Оны естіп ашуланған
әкесі қызына көк тиын да бермейтінін, тіпті өлтіретінін айтады. Қыз
ақынға күйеуге шығып, ақынның туыстары арасында нашар өмір сүреді. Ақыры
ақылды да айлакер қыз қулыққа көшеді. Ол ақын күйеуі екеуі әкесі тұратын
ауданға келіп, аттары мен арбасын сатады да , ақшасына шағын асхана
ашады. Қыз ошақ басында жүрсе, ақын алдына алжапқыш байлап, құл сияқты
ыдыс-аяқ жуады. Қыздың әкесі мұндай масқараға ұялып, көшеге шыға алмай
қалады. Ақыры қызының жасауы ретінде жүз құл және көп ақша береді....
Конфуций өмір сүрген кез, тұрмыс-тіршілігі туралы әңгімелей келіп,
оның нақыл сөздеріне тоқталамын. Ол өз халқының салт-дәстүрін, өлең-жыр,
мақал-мәтелдерін жақсы білетін.
Конфуций өсиеттері бойынша «Нақылдар» деп аталған жинақтан берілген
диологтік әңгімені рөлдер бойынша оқып, талдатамын.
Сыма Цянь – Қытай тарихының атасы. Ол әкесінің өсиеті бойынша Қытай
елінің тарихын жазды. Ескі жазбалармен, көне кітаптармен жұмыс істеді. Ол
кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады. Негізінен кітапқа аспан мен жердің
арасындағы өзгерістер, көрші елдер мен халықтардың өмірі арқау болды.
Ежелгі қазақ елінің тарихын жазғанда, бұл еңбек әлі күнге пайдаланылады.
Ол бұл еңбегінде аңыз әңгімелерді, жылнамаларды пайдаланды.
Жылнамаларында атақты, білікті адамдардың өмірбаяны, сол кезеңдегі
ақындардың, билеушілердің, оқымыстылардың шыққан тегі, басынан өткізген
оқиғалары туралы жазды.
Сыма Цянь туралы айтқанда төмендегідей мәліметтерді пайдаланамын. Ол
ел аралау сапарының барысында көне патшалықтардың астаналарын аралады.
Императордың күзет бөлімінде қызмет ете жүріп, оңтүстік-батысқа жасаған
жорықтарына қатысты.
«Тарихи жазбаларда» әр түрлі деректік мәліметтердің негізінде жекелеген
адамдар өмірі, елдің шаруашылығы, билеушілердің саясаты, сондай-ақ ғылым
мен мәдениет жетістіктері де баяндалады. Бірақ бұл тек адам мен жер
атаулары, оқиғаның уақыты ғана көрсетілетін құрғақ жылнама емес еді. Сыма
Цянь оқымыстылардың, билеушілердің, ақындардың шығу тегі, кімнен білім
алғаны, бастан кешкендері туралы жазды. Кейбіреулердің хаттарынан,
әдебишығармаларынан үзінділер келтіріп, өз ойын дәлелдеп, нақтылап
отырды. Сыма Цянның бұл еңбегінің маңызы зор. Өйткені ол шынайы тарихты
жазудың тәсілі мен жолын көрсеткен алғашқы еңбек еді. Сондықтан да ол
Қытай тарихшылары үшін ғана емес, Корея, Въетнам, және Жапон тарихшылары
үшін де үлгі кітап болды.Ол кітаптан Қытай т.б. елдер әдебиетшілері де
өздеріне қажетті мәліметтер алып, тамаша әдеби шығармаларды дүниеге
келтірді.
Ежелгі Қытай ғылымы мен өнер табыстары туралы айтатын болсақ,
математика саласында үш бұрыштың көлемін білді. Аспан денелерінің
қозғалысын, орын ауыстыруын жеке зерттеп отырды. Бір жылда қанша тәулік
барын есептеді. Ол бірінші болып жұлдызды аспанның картасын жасады.
Олардың зерттеулері күнтізбе жасауға жол ашты. Билеушілердің жерлерді
басып алуы, саяхатшылар мен елшілердің басқа елдерге баруы географиялық
білім аясын кеңейтті. Жер өңдеу, суару тәсілдері, жібек құртын өсіру,
шай бұталарын күту дамыды. Қытайлар шайды дәрі-сусын ретінде пайдаланды.
Компас (тұсбағдар) , жер сілкінісін болжайтын аспап, қағаз, мылтық
дәрісін ойлап тапқан да қытайлар болды.
Төмендегі сұрақтар бойынша оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін
тексеремін:
1. Қытай жазуының ерекшелігі неде? Ол қалай жазылды?
2. Ақын Сыма Сянжу өмірі туралы не білесің?
3. Конфуций өмірі туралы не білесің? Ол неге данышпан Кун деп аталды?
4. Конфуций адамгершілік тәрбие және мемлекет туралы не деді? Конфуций
мен оның 3 шәкірті туралы әңгімеде не туралыайтылған? Ол әңгіме
бойынша қорытынды жаса.
5. Сыма Цянь ткралы не білесің? Сыма Цяньды неге Қытай тарихының атасы
дейміз?
6. Қытайлардың жұлдызнамалық, географиялық білімдері, өнертапқыштары
туралы не білесің?
7. Конфуций нақылдарын оқып, мағынасына қарай талдап, қазіргі өмірмен
байланыстыр. Бұл нақылдармен қазақ халқының мақыл-мәтелдері арасында
ұқсастық бар ма?
IV. Қорыту, оқушылар білімін бағалау.
Ежелгі Шығыс деп Африканың солтүстік шығысы мен Жерорта теңізінен
бастап Қытайға дейін созылып жатқан Азияның орталық оңтүстік белдеуіндегі
ежелгі таптық қоғамдар мен мемлекеттерді айтамыз. Кейбір ұқсастықтар мен
өзара әсеріне қарамастан, олардың даму жолдары, даму қарқыны, өмір сүру
кезеңдері әр түрлі болды.
Барлығында дерлік басты орында жер шаруашылығы болғанымен, олардағы
әлеуметтік қатынастар әр түрлі болды. Мысалы, құлиеленушілік Египетте,
Вавилонда т.б. жерлерде болғанмен, басқа елдерде негізгі өндірушілер
шаруалар мен қолөнершілерден тұрды. Индия, Парсы патшалығында, қытайда,
әлеуметтік қатынастардың күрделі жүелері болды.
Діни, дүниетанымдық көзқарастары әр түрлі болғандықтан, әр түрлі
құдайларға табыну кең тарады. Сондықтан мемлекеттің дамуы, алдымен шағын
мемлекеттер пайда болып, олардың үстемдік үшін күресінің нәтижесінде ірі,
орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы көптеген елдерге ортақ құбылыс
болды. Басқару жүесі-патшалық билік мұралық жолмен жалғасып отырды.
V. Үйге тапсырма:§21.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §22. Грекияда таптық қоғамдар мен мемлекеттердің
қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
← Тақырыпты оқыту барысында оқушыларға ежелгі Грекияның
географиялық орын мен сол елде алғаш қалыптасқан мемлекеттер-Крит
пен Ахейдің тарихын, мәдени мұрасын және олардың күйреу себептерін,
гректердің кәсібі мен шаруашылығын, сондай-ақ Афины мен Спартадағы
мемлекеттердің даму ерекшеліктерін салыстыра отырып, түсіндіру.
Олардың әрқайсысының қоғамдық құрылысы мен мемлекет болып
қалыптасуындағы ерекшеліктеріне назар аудару.
Сабақтың түрі: аралса
Әдісі: баяндау
Көрнекілігі: карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Кіріспе сабағында оқушылар назарын Балқан түбегінің оңтүстігінде
орналасқан ежелгі Грекияның табиғат жағдайына аударамын. Балқан түбегінде
ірі өзендер болмаған. Сондықтан гректердің суды қастерлегені туралы
оқушыларға айтып өтемін. Ерте кезде олар достарын жолға аттандарарда
«Сапарың оң болсын, ауыз суың мол болсын» деген тілек айтқан екен. Балқан
түбегін айнала теңіздер қоршап жатқанына оқушылардың назарын аударып,
ежелгі Грекияның орналасқан жерін картадан көрсетемін.
Сабақтың жоспары:
1. Крит және Ахей мемлекеттері
2. Б.з.б. ХІ-ІХ ғ. Грекияның шаруашылығы
3. Қала-мемлекеттер
4. Афина мен Спарта
Сабақтың алғашқы мәселесін түсіндіргенде бұл мемлекеттердің
орналасқан жерлерін картадан көрсетемін. Әсіресе Крит елінде мәдениеттің
өркен жайғанына тоқталып, оқулықта берілген суреттегі Кносс сарайы мен
сарай ішіндегі фрескаларға оқушылардың назарын аударамын. Соңынан
оқулықтағы материалды пайдалана отырып, Кносс сарайы туралы оқушылармен
әңгімелесемін. Ол үшін мына сұрақтарды пайдаланамын: Суретке қарап, сарай
неше қабаттан тұратынын анықта. Фрескалар дегеніміз не? Кносс сарайын
неліктен еделгі дүниедегі әлемдік сәулет өнерінің біріне жатқызамыз?
Сарайдың қабырғаларын немен әсемдеген? Сарай неше бөлмеден тұрған?
Әңгімелеуде оқулықта берілген мәселелерге қосымша ретінде мына
мәліметтерді де айта кетемін. Археологтар Кностан бойы үш метрдей адамның
мүсінін тапқан. Ол-Кностың билеушісі. Оның басында-тәж, тәжге бір буда
ұзын, ала қауырсын таққан. Мойнында алтынна жасалған бірнеше қатар алқы, ал
қолдарында алтыннан жасалған білезіктер бар. Криттіктер лира, кифара деп
аталатын музыкалық аспаптар жасаған. Олар-қазір гректердің ұлттық музыкалық
аспабы.
Тақырыпты оқуыларға түсіндіру барысында ахейлік мемлекеттер туралы толық
түсінік беремін. Оқулықтағы картаны пайдалана отырып, ахейлік
мемлекеттердің орналасқан жерін көрсетемін. Әсіресе ахейлік мемлекеттер
ішіндегі ең ірі әрі қуаттысы Микены туралы әңгімелегенде оқулықта берілген
материалды пайдаланамын.
Арыстандар қақпасы тікесінен қойылған екі тас пен оның үстіне қойылған
тастан тұрада. Тастың үстіне екі арыстанның бейнесін қондырған.
Арыстандар алдыңғы аяқтарымен бағандарға сүйеніп, артқы аяқтарымен
тікесінен тұр. Темірден жасалған арыстандар бейнесі қаһарлы сақшыларға
ұқсайды. Олар тіптен қамалға кім кіріп, кім шыққанын қалт жібермей бақылап
тұрған сияқты. Қақпа алдында тұрған күзетшілер күдікті деген адамдарды
қалаға кіргізбейтін болған.
Қақпада шығатын ойық бар. Осы ойық әлі күнге дейін сақталған. Қамал
ішінде патша сарайы және оған жақын адамдардың үйлері болған. Арыстандар
қақпасына жақын жерден патшалардың бейіттері де табылған.
Осы тақырыптағы маңызды мәселелердің бірі- «қала-мемлекеттер» деген
ұғым. Оқушыларға картадағы қала-мемлекеттерді көрсете отырып, Афины мен
Спартаға оқушылар назарын аударамын, Коринф, Милет қалаларының әсем, әдемі
болғандығы туралы әңгімелеймін.
Афины қала-мемлекеттеріне тоқталғанда картадан Атлантика аймағын
көрсету. Б.з.б. VIII-VI ғ. Аттика аймағында мемлекет қалыптасқан. Аттика
аймағында қалалар өте көп болған. Сол қалалардың бірі-Афины.
Афины қаласының орналасқан жері мен сәулетіне баса назар аударамын.
Акропольге сырттай саяхат жасауға болады. Ол үшін оқулықтағы сурет пен
мәтін мазмұнын таныстырғаннан кейін, мына сұрақтар бойынша оқушылармен
әңгімелесемін.
1. Акрополь дегеніміз не?
2. Акрополь қай ғасырда толық салынып болған?
3. Акропольде қандай ғимараттар орналасқан?
4. Акропольдегі басты храм қалай деп аталады?
5. Неліктен акрополь афинылықтардың сүйікті орнына айналды?
6. Акропольді ім салдырған?
Ежелгі Спарта тақырыпшасын түсіндіру үшін де алдымен оқушыларға
әңгімелесуге арналған сұрақтар қоямын:
1. Картадан Оңтүстік Грекияның орналасқан жерін көрсетіңдер.
2. Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
3. Мессения мен Лаконика аймағы Грекияның қай бөлігінде?
4. Спарталықтар қай жақтан келген? Кімдер?
Оқулық мәтініндегі Спарта туралы материалды баяндаған кезде әсіресе
Спарта мемлекетінде жастарды тәрбиелеуге ерекше мән берілгендігіне
толығырақ тоқталамын. Ол үшін сабақта балаларға «Спарталық ұл балалардың
өмірінен» деген мәтінді «Дидактикалық материалдардан» өздігінше оқытып,
«Спарталықтарша өмір сүру дегеніміз не?» деген сұраққа жауап аламын.
Б.з.б. V ғасырдағы Афина мен Спарта қалаларын салыстыра отырып,
сипаттаймын. Ол үшін оқулықтағы суреттерді пайдаланамын. Афины мен Спарта-
ежелгі Грекия қалалары. Әсіресе Афины сол кезеңдегі әдемі қалалардың бірі
болды. Қаланың ортасындағы акропольде храмдар, театрлар және де мәрмәр мен
қоладан жасалған мүсіндер орналасқан. Қалада көптеген қолөнер
шеберханалары мен сауда саттық жүргізілетін базар алаңдары болған. Оларды
агора деп атаған. Агораға халық өте көп жиналатын. Бұл жер Афины тұрғындары
мен өзге қалалардан келген саудагерлерге, қаланы аралаушыларға толып
кететін.
Спарта қаласы Афиныдан әсемдігі жағынан әлдеқайды төмен боды. Қала
әскери лагерьлерге көбірек ұқсады. Спартада театр да, мүсіндер де болған
жоқ. Көшелерден әрлі-берлі сап түзеп жүрген спарталықтарды көруге болатын
еді... Спарталықша өмір сүру-денені шынықтыру, мықты болу, еш нәрседен
қорықпау, төзімді болу деген сөз.

Сабақты бекіту: Оқушылардың «Жұмыс дәптері» бойынша өздік жұмыс орындауын
ұйымдастыруға болады. «Жұмыс дәптеріндегі» 2,3-тапсырмаларды орындатамын.
Соңынан оны тексеріп, қорытындылаймын.

Үйге тапсырма:22
22-параграфты оқып келу, «Жұмыс дәптерлеріндегі» 1-тапсырманы орындау.
Сыныптан тыс оқуға арналған «Афины егіншілеріннің өмірі мен тұрмысы»
деген материалды оқып, олардың өмірін суреттеп беру.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 23. Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы.
Сабақтың мақсаты:
← Демократиялық құрылыстың пайда болуы, Солон, Клисфен және Перикл
сияқты қоғам қайраткерлерінің қарапайым халық үшін жасаған
еңбектері туралы баяндап, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу
← Сонымен бірге оқушылардың ойлану қызметін дамыту үшін олармен
бірге Афиныдағы демократиялық құрылыс пен Спартадағы олигархиялық
мемлекеттерді салыстырып, ұқсас жақтыры мен айырмашылықтарын табу.
Алдымен олигархия, демократия ұғымдарының мәнін оқушыларға
түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілігі: карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау «Хабар».
Үй тапсырмасын сұрау:
Сабақтың бірінші мәселесіне тоқталғанда ең алдымен Аттика аймағының
орналасқан жерін оқушылардың естеріне түсіру. Ол үшін оқушыларға мынадай
сұрақтар қойып, әңгімелесу.
1. Аттика аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
2. Бұл аймақта қандай ірі қалалар бар?
3. Аттика халқының негізгі шаруашылығын атаңдар.
Тақырыпшаны түсіндіргенде аристкратия, ақсүйек, демократия және демостар
деген ұғымдарды талдай түсіндіремін. Ол үшін бұл сөздердің қай елдің сөзі
екендігіне және қандай мағына беретініне тоқталамын. Сөздердің анықтамасы
оқулықта бар. Сонымен бірге «Жұмыс дәптеріндегі» 1-тапсырманы орындатамын.
Бұл тақырыпшаны түсіндіру барысында өзекті мәселелердің бірі-демостар
мен ақсүйектер арасындағы теңсіздік. Оқулыққа қосымша материалдарды
пайдаланамын.
Демостар ақсүйектерге қарсы көтеріліске шығып отырды. Олар ақсүйектерге
мемлекетті басқару ісіне демостарды араластыру, құлдық қарызын жою және
жерді қайтадан бөліске түсіру сияқты талаптар қойды. Соның нәтижесінде
ақсүйектер тобы халық жиналысын шақырып, оған барлық афинылықтар қатысты.
Халық жиналысы Солонды өздеріне басқарушы етіп сайлады. Солон халық
жиналысында көпшілік дауысқа ие болды.
Солонның өмірі мен қызметі және барлық адамгершілік, ізгілік қасиеттері,
Афины демосының мүддесін көздейтін реформалары туралы оқулықта берілген
материалдар көлемінде әңгімелеп беремін. Афиныдағы халық жиналысының қалай
өткендігі туралы дидактикалық материалдағы шыған әңгімені бір оқушыға
дауыстатып оқытып, соңынан оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Халық жиналысын гректер қалай атаған?
2. Халық жиналысына кімдер қатысқан? Халық жиналысында қандай мәселелер
қаралды?
3. Дауыс беру барысын сипаттап бер.
4. Шешім қалай қабылданды?
Әңгімелесу барысында оқушылардың Афиныдағы халық жиналысында
демократияның қандай белгілері болғанын өздеріне анықтатамын. Соңынан
оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, қорытындылаймын.
Солонның өмір бойы оқып, білім алғандығына, өлең жазғанына да тоқталған
жөн. Ол үшін оқулықта берілген Солон өлеңдерін оқып, оқушылармен
бірлесе отырып, талдау жасаймын. Солон өлеңдерінің қандай тәрбиелік мәні
бар екендігіне оқуышылардың назарын аударамын.
Афинының демократиялық мемлекетке айналуы туралы баяндағанда Афины
мемлекетіндегі саяси әлеуметтік қатынастар туралы оқулық материалын негізге
аламын. Әсіресе Афины демостарының көсемі Периклдың әдеуметтік-
демократиялық бағыттағы іс-шараларын мына бағытта жүйелеп,
қорытындылатамын:
1. Тұңғыш рет кедей демостардың мемлекеттік қызметке тағайындалуына қол
жеткізді.
2. Бүкіл грек халқын бір орталыққа біріктіруге күш жұмсады.
3. Оның тұсында Афины қаласында храмдар, театрлар мен саябақтар салынды.
4. Мемлекет қазынасынан Афинының кедейлегнен топтарына театрға бару үшін
ақша үлестірілді.
5. Перикл әйел құдай Афина құрметіне Парфенон храмын салғазды.
6. Перикл тұсында Афины бүкіл Грекияның мәдени орталығына айналды.
7. Перикл сауатсыздықты жоюға тырысты.
Сабақты бекіту үшін оқулықтағы сыныптан тыс оқуға арналған «Перикл
өмірінен» атты деректі оқушыларға өзідігінен оқытып,сұрақтар бойына
әңгімелесемін.
Деректегі материалдан Периклдің қандай адамгершілік қасиеттерін
байқадыңдар? Қорытынды жасаңдар.
«Жұмыс дәптеріндегі» 3-тапсырманы орындау.
Үйге тапсырма:23
23-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» 2-кестені толтыру.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §24. Ежелгі грек өнері
Сабақтың мақсаты:
← Оқушыларды ежелгі грек халқының мерекелерімен, ойындарымен,
театрларымен, өнерімен, діни нанымдарымен және мифтерімен таныстыра
отытыр, оларың ерекшелігі мен дүниежүзілік маңызын ашып көрсету.
← Бұл сабақтың тәрбиелік мәні ерекше. Сабақта оқушыларға Грекия
халқының ежелгі дүниедегі бай мәдени мұрасы жайлы мағлұмат берумен
қатар, өнер туындыларын құрметтеу, үйренуге және оған деген
қызығушылығын арттыруға, сондай –ақ эстетикалық тәрбие беруге
мүмкіндік туады.
Сабақтың түрі: аралас:
Әдісі: әңгіме, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Грекия картасы», оқулық суреттер мен
«Дидактикалық матриалдар».
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
← Оқу құралын тексеріп түгелдеу
← Әнұран орындау, «хабар»
Үй тапсырмасын сұрау:
Сабақты оқушылардың ойы мен қызметін дамыту мақсатында «Дидактикалық
материалдар» мен «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмалар, кестелер, сөзжұмбақтар
бойынша, яғни оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұштастыра отырып
жүргіземін.
Алдымен ежелгі грек халқының мәдениет саласындағы ерекше жетістіктеріне
тоқталамын.
«Грекиялық мерекелер мен ойындар» деген тақырыпшаны түсіндіргеннен
кейін, оқулықта берілген матералдармен қатар, «Жұмыс дәптеріндегі »
тапсырманы орындатамын.
«Олимпиялық ойындар» тақырыпшасын оқулық материалы негізінде
баяндаймын. Бұл тақырыпшадағы ең маңызды ұғым-«олимпиада». Бұл ұғымды
оқушыларға түсіндіру барысында төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесемін:
1. Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
2. Ежелгі Гректер үшін Олимп қаласы нелектен қасиетті жер болып
есептелінді?
3. Қалай ойлайсыңдар, Зевске арналған басты храмның Олимпия жеріне салыну
себебі неде?
Осы мәселені қазіргі кезеңмен байланыстыру мақсатында оқушыларға «Ең соңғы
Олимпиадалық ойын қашан, қай мемлекет жерінде болды? Қандай қазақстандық
жүлдегерлерді білесіңдер?» деген сұрақтар қоямын. Содан кейін ең алғашқы
Олимпиялық ойындардың қай жылы болғаны, онда спорттық қандай түрлерінен
жарыс өткізілгені туралы әңгімелеймін. Оқулыққа қоса мына материалдарды
қосымша айтамын: Олимпияның ең соңғы күні марапаттау рәсімі болды.
Марапаттау рәсімі Зевс храмы алдында жасалды. Храмның алдында алтын мен піл
сүйегінен жасалған үстел, ал оның үстіне зәйтүн ағашынан жасалған гүлалқа
қойылған. Ежелгі гректер зәйтүн ағашын қасиетті деп санаған. Сондықтан
әрбір жеңімпаздың мойнына зәйтүн ағашынан жасалған гүлалқа таққан.
Марапаттау рәсімінің соңына қарай алаңда мерекелік шерулер
ұйымдастырылған. Шеру алдында сарапшылар, одан кейін жеңімпаздар мен
бәйгеде жеңіп шыққан аттар жүріп отырған. Олимпиялық ойынның грек халқы
үшін үлкен маңызы болды, ол бүкіл эллиндерді біріктіруге үлес қосты.
Тақырыпшаны қорытындалау үшін, қазіргі кезде Олимпиада ойындарының
жеңімпаздары қалай марапатталатыны және спорттың қай түрінен жарыс
өткізілетіні жөнінде оқушылармен әңгімелесемін.
Оқушылар «Жұмыс дәптеріндегі» 1-тапсырманы өз бетінше орындай отырып,
Олимпиада ойындарының бүгінгі таңда қандай дүниежүзілік маңызы бар екенін
анықтаймын.
Ежелгі грек театры туралы тақырыпты түсіндіргенде оқулық мәтінін пайдалана
отырып, үш мәселеге тоқталамын. Олар: театрдың пайда болуы, ежелгі Грекия
театрының құрылысы, трагедия мен комедия.
Кіріспе сөзде оқушыларға ең алғашқы театрлардың Грекия жерінде пайда
болуы, театр сөзінің «ойын көрсететін алаң» деген мағына беретіндігі тулары
айтамын. Театр ежелгі гректердің сүйікті орны болғандығына тоқталамын.
Театр ұғымын кеңірек айту үшін оқулықта берілген «Ежелгі Грекия театры»
атты суретті көрсетіп, оны қазіргі уақыттағы театрлармен салыстырамын.
Театрдың пайда болуы туралы оқулықта берілген мәтінді әңгімелеп
бергеннен кейін Дионис мерекесіндегі шерулерді бейнелейтін театрландырылған
көрініс қою. Бұл көрініс ежелгі Грекия жеріндегі театрдың пайда болуы
туралы тақырыпты әсерлі жеткізуге көмектеседі.
Оқушылар театр құрылысы, яғни театрдың үш бөлігі туралы оқулық мәтінінен
оқып-білген соң, бұл бөліктердің әрқайсысының орналасу ретін дәптерлеріне
сыздыруға болады .
Ежелгі Грекия театрларында қойылған трагедиялық, комедиялық қойылымдар
туралы түсінліргенде оқулықта берілген трагедия, комедия терминдерінің
мәніне жан-жақты тоқталамын. Ол үшін оқушылрға төмендегідей сұрақтар мен
тапсырмалар беремін. «Трагедия», «комедия» сөздерінің мәнін түсіндір.
Көрермендер трагедиялық қойылымдарды көренде қандай әсер алады? Ал
комедиялық спектакьдер көргенде ше? Ежелгі гректерде қандай трагедиялық,
комедиялық шығармалар болған?
Тақырыпшаны қорыту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды
оқушылармен бірлесе орындаймын. Соңынан грек театрларының дүниежүзілік
маңызына тоқталып өтемін.
«Гректердің діни нанымдары мен мифтері» тақырыпшасын түсіндіру үшін,
оқушылармен төмендегі сұрақтар бойнша әңгімелесемін:
- Дін дегеніміз не?
- Сендер оны қалай түсінесіңдер?
- Ежелгі адамдарда сиыну қалай пайда болған?
- Ежелгі Египетте қандай құдайлар боды?
- Бастықұдай қалай аталған?
- Египеттіктер құдайларды қалай бейнелеген? Оқушылармен әңгімелесе
отырып, ежелгі гректердегі діннің пайда болу ерекшеліктерне
тоқталамын.
Оқулықта берілген материалдар негізінде ежелгі Грекия дінін Египет
дінімен салыстыра түсіндіремін.
Сабақты қорытындылау барысында «Дидактикалық материалдардағы» тапсырманы
пайдаланамын
«Сәулет өнері» тақырыпшасын түсіндіру үшін сырттай саяхат сабағын
ұйымдастырамын. Ондағы мақсат-оқушыларды б.з.б. Ү ғасырдағы Афины т.б.
қалаларының көрікті жерлерімен сырттай таныстыру. «Сәулет өнері дегеніміз
не? Колонналар дегеніміз не? Гректерде колонналар дегеніміз не? Гректерде
колонналар болды ма?
- Афины қаласының ең көрікті және әсем жерлері қалай аталады?
- Неліктен бұл жерлер ең көрікті жерлер деп саналған?
- Олар қаланың қай бөлігінде орналасқан? Оқулықта берілген сурет бойынша
акропольдегі сәулет өнерінің ескерткіштерін жеке-жеке сипатта.
Акропольдің ең биік жерінде Парфенон храмы орналасқан. Ежелгі Гректер
храмды неге биік жерге салған? Ежелгі Грекияның қай қалаларында
храмдар болды?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы әңгімелесемін.
Оқулықта колонналардың үш түрінің суреті берілген. Оқушыларға осы
суреттерді көрсете отырып, колонналардың бір-бірінен айырмашылығы
туралы пікірлерін сұрайды. Сабақта агора жөнінде де әңгімелеп
кетемін.
«Дидактикалық материалдарды» берілген карточканы пайдалан отырып
Парфенон храмы туралы әңгімелеймін.
Ежелгі Грекиядағы мүсін өнері туралы мәселе оқулықта берілген
материал негізінде түсіндіріледі. Сабақты түсіндіру барысында оқушыларға
«Жұмыс дәптеріндегі» 4-тапсырманы орындатамын. Сонымен бірге
оқулықтағы суреттерге де оқушылар назарын аударып отырамын.
Сабақты бекіту мақсатындағы сұрақтар: Театр, комедия, трагедия,
Парфенон, акрополь, олимпиада деген терминдердің мағынасын түсіндір.
Ежелгі Грекиядағы мифтерде қандай оқиғалар суреттелген?
Үй тапсырмасы:§24.
1. 24-параграфты оқып келу. Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларға
дайындалу.
2. «Пелопоннес» аймағын контур картаға түсіру.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §25. Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Сабақтың мақсаты:
← Оқушыларды ежелгі Грекия жеріндегі тәрбие мектебімен, грек
ойшылрады мен ғалымдарының еңбектерімен таныстыру және де Грекия
мәдениетінің дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету.
← Бұл тақырыпты түсіндергенде ежелгі Грекияда оқу-білім, тәрбие
беруге ерекше мән берілгендігіне оқушылардың назарын аудара отырып,
білімнің қажеттілігін түсіндіру, білімді болуға, ғылыми білімнің
негізін қалаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау «Хабар»
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
2. Ежелгі Гректер үшін Олимп қаласы нелектен қасиетті жер болып
есептелінді?
3. Қалай ойлайсыңдар, Зевске арналған басты храмның Олимпия жеріне салыну
себебі неде?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Ежелгі Грекия мектептері
2. Ежелгі Грекия ойшылдары
3. Еделгі Грекияда ғылыми білімдердің дамуы
4. Грекияда мәдениеттің тарихи маңызы
Бұл сабақты оқушылардың оқулықпен, «Жұмыс дәптерімен» өздік жұмысын
ұйымдасытыра отырып, әңгіме, әңгімелесу әдістерінің көмегімен өткіземін.
Сонымен бірге «Дидактикалық материалдардағы» әр түрлі тапсырмаларды
орындатамын.
Сабақты оқушыларға сұрақтар қою арқылы, әңгімелесуден бастаймын.
Ежелгі дүниедегі барлық мемлекеттерге де білімді адамдар қажет болған.
Әсіресе ежелгі Грекияның қала-мемлекеттеріне білімді адамдар өте қажет еді.
Неліктен? Афиныда білім мен өнерді дамытуға қай қоғам қайраткері ерекше
үлес қосты? Білімді адам қандай болды? Сенің ол туралы ойың қандай?
Грек мектептері туралы, олар неше басқыштан тұрғанын, қандай білім мен
тәрбие беру ісі жолға қойылғандығы туралы оқулықтағы материал бойынша
әңгімелеп беремін.
Оқушыларға оқулықтағы ежелгі гректердің балаларын қалай тәрбиелегендігі
туралы мәтінді оқытып, алған әсерлері жөнінде сұраймын. Афиныдағы
гимнасиялардың білім мен тәрбие берудегі ерекшеліктерін сипаттап, гректер
үшін гимнасияның қандай маңызы болғандығын оқушылармен бірге талдаймын.
Ежелгі Грек мектептерін қазіргі мектептермен салыстырамын.
• Меткеп неше басқыштан тұрды?
• Мектепте кімнің балалары оқыды?
• Қандай пәндер оқытылды?
• Гимнасия мектептерінің ерекшеліктері
«Ғылыми білімдер» тақырыпшасын түсіндірместен бұрын оқушылармен төмендегі
сұрақтар бойынша әңгімелесемін.
1. «Ғылыми білімдер» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
2. Ежелгі шығыс елдерінде ғылыми білімдердің қандай саласы дамыды?
3. Ғылыми білімдердің пайда болуына қандай жағдайлар әсер етті?
4. Ойшылдар деген кімдер? Қазақ жерінде қандай ойшылрар болған?
5. Олар қай кезеңде өмір сүрді?
6. Әл-Фарабидің ұстазы кім? Ол қай елден шыққан?
Жеке-жеке ғылыми білімдер туралы, оған үлес қосқан ғалымдар туралы және
күні бүгінге дейін өзінің мазмұнын жоғалтпаған ғылыми жаңалықтар туралы
әңгімелеп беремін.
Айтылған ғылыми білімдердің ішінде қайсысы ежелгі Грекия жерінде пайда
болып, дамыған? Оларды атаңдар. Неліктен «тарих ғылымы» ежелгі грекияда
ерекше орын алған? Неліктен Геродотты «тарихтың атасы» деп атаған?» деген
сұрақтарға оқушылардың жауаптарын тыңдап, тақырыпшаны қорытамын.
Сондай-ақ оқушыларға «Жұмыс дәптеріндегі» 2-тапсырманы орындатамын.
Грек мәдениетінің маңызы туралы тақырыпшаны жақсы ұғындыру үшін,
оқушыларға ойлау және таным қызметін дамытатын сұрақтар қоя отырып,
гректердің дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесі туралы әңгімелеймін. Ол
үшін оқушыларға төмендегі берілген сұрақтарды қоямын.
Ежелгі гректер қандай ғыдыми білімдердің негізін салды? Олардың
өкілдерін атаңдар. Пифагор теоремасы мен Гиппократ анты мәніні сонау ежелгі
дүниеде жазылса да, әлі өз мәнін жоғалтқан жоқ, неліктен? Ежелгі Грекида
философиялық білімдердің даму себебі неде? Грек философтарын атаңдар.
Ежелгі Грекияны неге театр отаны деп атаймыз? Ежелгі Грекия жерінен
басталған Олимпиадалық ойындар бүгінгі күні өз жалғасын тауып келеді. Бұл
ойынның дүние жүзі халықтары үшін қандай маңызы бар? Өз ойларыңды ортаға
салыңдар. Гректер сәулет және мүсін өнерінде қандай үлгі қалдырған?

Жаңа сабақты бекіту:
1. «Жұмыс дәптеріндегі» 3-тапсырманы орындау.
2. Афины гимнасиясын сипаттап бер. Гимнасиялар саған несімен ұнайды?
Қазіргі гимназиялардан айырмашылығы неде?
3. Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Әдепті бала қандай болуы керек?»
деген сұраққа жауап бер.
4. Қыз балаларға қандай тәрбие берілген?
Үйге тапсырма:§25
25параграфты оқып келу. «Дидактикалық материалдардағы» тапсырманы орындау.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §26. Ежегі Македония
Сабақтың мақсаты:
← Оқушыларға ежелгі Македонияның орналасқан жері мен халқы, ІІ
Филипп патшаның ішкі және сыртқы саясаты туралы және Александр
Македонскийдің Шығысқа жорығы туралы тиянақты білім беру.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Грекия» , «Александр Македонский жорықтары»
карталары Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастру кезеңі
← Оқу құралын тексеріп түгелдеу
← Әнұран орындау, «Хабар»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Афины гимнасиясын сипаттап бер. Гимнасиялар саған несімен ұнайды?
Қазіргі гимназиялардан айырмашылығы неде?
2. Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Әдепті бала қандай болуы керек?»
деген сұраққа жауап бер.
3. Қыз балаларға қандай тәрбие берілген?
Александр Македонскийдің Шығыс жеріне басқыншылық жорықтары туралы айта
отырып, тәуелсіздікке жету әр халықтың арманы екеніне оқушылардың көзін
жеткізу.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Ежелгі Македонияның орналасқан жері мен халқы.
2. ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты.
3. Александр Македонскийдің Шығысқа жорықтары.
Өткен сабақты оқушылардың есіне түсіру үшін македондықтардың Грекия
жеріне басып кіруіне байланысты бірнеше сұрақтар қойып, әңгімелесемін.
Македондықтар қай мемлекетті жаулап алған еді? Македондықтар мен гректер
арасындағы ірі шайқас қай жерде , қай қалада болды? Бұл шайқастың нәтижесі
қандай болды? Македондықтардың шапқыншылығына қарсы гректердің тәуелсіздік
үшін күресін кім басқарды? Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің? Біз қашан
тәуелсіздікке ие болдық?
Картаны пайдалана отырып, Македония елінің орналасқан жерін, табиғаты
мен халқын сипаттап беруге болады. Бұл тақырыпшаны түсіндірген кезде оқулық
материалын негізге ала отырып, Македония мен Грекия жерлерінің табиғаты мен
халқын салыстырамын. Ол үшін оқушыларға Грекия мемлекетіне байланысты
бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ежелгі Грекия қай түбекте орналасқан?
2. Ол неше бөліктен тұрады? Грекияның қай аймағында қалалар көп? Бұл
жерді қандай халықтар мекендеген? Гректердің негізгі шаруашылықтарын
атаңдар. Аттика аймағында қандай қоғам үстемдік етті? Оның орталығы
қай қала? Пелопоннес аймағындағы ірі қуатты мемлекетті атаңдар.
Сабақтың екінші мәселесін түсіндіру барысында оқушылардың оқулық
материалымен, «Жұмыс дәптерімен» өздік жұмысын ұйымдастырамын.
«Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы» деген тақырыпшаны
түсіндіргенде картаны пайдаланамын. Алдымен Ескендірдің (Александр) таққа
келу мен оның жастық шағында ерекше қабілеттілігімен көзге түскендігіне
тоқталамын. Ол үшін оқулықтағы сыныптан тыс оқуға арналған «Александр
Македонскийдің жастық шағы» деген қосымша материалды оқытып,
талқылатамын. Оқушыларға «12 жастағы Александрдың мінез-құлқы мен
қабілетінен қандай ерекшеліктер байқадыңдар?» деген сұрақ қоямын.
Александрдың Шығысқа жорығын түсіндіргенде «дидактикалық
материалдарда» берілген «Ежелгі Македония» бөліміндегі 1,2,3,4-
тапсырмалар бойынша әңгімелеу. Сонымен бірге «Жұмыс дәптеріндегі» кестені
толтыру арқылы Александрдың Шығыстағы қай жерлерді қай жылы жаулап
алғанына кеңірек тоқталамын. Сонымен бірге «Александр қайтыс болғаннан
кейін, ол құрған держава неліктен ыдырап кетті?» деген сұрақ қойып,
оқушылар пікірталасын ұйымдастырамын.
Сабақтың қорытынды бөлімінде Александрдың жаулап алу жорықтарының
зиянды жақтарын әңгімелеп беремін.
Сабақты бекіту:
1. «Дидактикалық материалдардағы» 5-тапсырма. Мұғалім сынып оқушыларын 2
топқа бөліп, оқулықты пайдалана отырып, берілген тапсырманы өздігінше
орындауды тапсырады.
2. Александр Македонскийдің мінезіне сипаттама бер. Ол саған несімен
ұнады? Несімен ұнамады?
Үйге тапсырма:§26
26-параграфты оқып келу. Александр Македонскийдің жаулаған жерлері туралы
жазу. «Дидактикалық материалдардағы» 8-тапсырманы орындау.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §27. Республика дәуіріндегі Рим
Сабақтың мақсаты:
← Ежелгі Рим мемлекетінде республикалық құрылыс орнауының тарихи
алғышарттарымен маңыздылығы туралы және соғыстардың сипаты, себептері
мен нәтижелері жөнінде, қоғамдағы әлеуметтік топтар туралы және
олардың тыныс-тіршілігі, мәртебелері жөнінде оқушыларға ғылыми
түсінік беру.
← Рим республикасының әлеуметтік-саяси құрылысындағы айырмашылықтар
мен ұқсастықтарды, әлеуметтік топтар арасындағы өзгешеліктерді өзге
мемлекеттермен салыстырып, ажырата білу.
← Республикалық билеу формасын, халықтық билікті сипаттай отырып,
оқушыларды әділеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі Рим картасы, оқулықта берілген суреттер,
мұғалімнің өзі салған суреттер, схемалар мен кестелер. Римляне: книга-
альбом, м., 1994, Древние цивилизации. М., 1989.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың білімін анықтау мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Ежелгі Македония қай жерде орналасқан? Оның халқы кімдерден құралған?
2. ІІ Филипп қандай саясат жүргізді?
3. ІІ Филипп басқа елдермен қарым-қатынасында қандай сясат ұстанды?
4. Александрдың Шығысқа жасаған жорықтарының қайсысы шешуші деуге болады?
ІІІ. Білімді бағалау.
IV. Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру
Македония мен Грекиядағы ел билеу формаларын, мемлекеттік құрылымдарын
еске түсіру мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Оқушылардың
жауабы тыңдалғаннан кейін әңгімені жалғастырамын. Аталмыш елдердегі
билік формаларының айырмашылықтарына тоқтала келіп, ежелгі Римдегі
республикалық құрылым формасына баса назар аударамын.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Рим республикасындағы басқару ұйымдары
2. Римнің жүргізген соғыстары
3. Қоғамдық әлеуметтік топтар.
Оқушылардың назарын Дүние жүзінің саяси картасына немесе оқулықтағы
ежелгі Рим картасына аударып, оның орналасқан жерін қосымша баяндағаннан
кейін Республика болып жариялануының негізгі себептерін, басқару
ұйымдарының қызметтерін түсіндіремін. Осы тұста басқару ұйымдарын схема
түрінде көрсетемін.

[pic]

Бұлардың атқаратын міндеттерін кесте түрінде жеке форматқа немесе
тақтаға жазып, түсіндіремін. Халық жиналысының үш түрге: курия, центуриат
және трибаға бөлінетіні туралы оқулық көлемінде түсінік беремін. Бұл жаңа
ұғымдар тақтаға жазылып, оқушылар «Жұмыс дәптерлеріне» түсіріп отырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы «Сенат мәжілісі» суретіне аударамын.
Олардың сурет бойынша әңгіме құрастыруына болады, өйткені сенаттың қызметі
жайлы оларға сабақтың басында айтылған болатын.
Бұдан кейін оқулық бойынша Римнің жаулаушылық соғыстары туралы
әңгімелеймін. Осы арада Рим әскері туралы түсінік беремін. Бастапқыда Рим
әскері тек патрицийлерден тұрды. Алайда үздіксіз жүргізілген соғыстар
кесірінен патрицийлердің саны азайып, әскер міндеттерінен тыс қалған
плебейлердің саны артты. Сондықтан енді байлығының көлеміне қарап әскер
қатарына алу енгізіліп, әскер шығынына жұмсалатын қаржыны салық түрінде бай
адамдар төлеп отырды. Рим азаматы 46 жасқа дейін әскери міндетін атқарды,
оның он жылы атты әскер құрамында, он алты жылы жаяу әскер сапында өтті.
Рим әскерінің негізін легиондар құрады, олар центуриондарға бөлінді.
Республиканың соңғы жылдарында Рим әскері Италияда тұратын адамдардан
құралып, жалдамалы армияға айналды. Кейіннен провинциялармен көрші
халықтардың есебінен күшейтілді.
Рим жүргізген соғыстардың екі негізгі себебі болды:
1. Өзге халықтардың жерлерін басып алу; халқын құлға айналдыру;
2. Кен орындары бар өңірлерді иелену.
Картамен жұмыс: Рим жаулап алған өңірлері, ірі шайқас болған жерлер
картадан көрсетіледі.
Пуни соғыстарының барысы және нәтижесі бойынша оқушылар басқа елдің
жерін, кенді аймақтарын басып алу әділетсіз соғыс болып саналады деген
қорытындыға келеді.
Оқушыларды ержүректікке баулу мақсатында тарихшы Тит Ливийдің қолбасшы
Ганнибалға берген сипаттамасын оқып шығуды ұсынамын.
Қоғамның әлеуметтік топтарына ақсүйектер, құлдар, шаруалар, қолөнершілер
жатты. Рим қоғамының әлеуметтік жіктелуін түсіндірген кезде тақырыпаралық
сабақтастықты сақтай отырып, өткен тақырыптың бірімен, айталық, ежелгі
Үндістандағы әлеуметтік топтардың шығу себебімен байланыстыра әңгімелеуге
болады. Үндістанда да Римде де халықтың түрлі топтарға жіктелуі:
1. Өндіріс құрал-жабдығына меншіктің сипатына;Билік көлеміне;
2. Соғыс тұтқындарының құлдарға айналуына т.б. байланысты болғандығына
оқушыардың көзін жеткізу.
Әңгімеленген мәселеде кездескен жаңа ұғымдар тақтаға жазылып, оларға
қысқаша түсініктеме берілуі тиіс, айталық, нобилитет, салтаттылар, т.б.
Үшінші мәселені баяндау барысында оқушылар классикалық деңгейге жеткен
Римдегі құлдықтың патриархалдық, айталық, шығыс елдеріндегі құлдықтан
айырмашылықтарын жете түсіндіремін.
Римдегі өндірушілердің негізгі тобын соғыста тұтқынға түскен құлдар
құрады. Сонымен қатар қожайындар бір-бірінің тілін түсінбейтін әр елден
әкелінген құлдарды да сатып алып отырған. Бағынбаған құлдарға
шынжырланған темір бұғау салып, жұмыс істеткен. Құлдың бетіне көбінесе
күйдіріліп, иесінің таңбасы басыды, есімінен айырылған құлдар шыққан жеріне
қарай парсылық, сириялық , галдық деп аталды.
Құлдардың арасында кәсіп иелері де болды: суретші, мұғалім, т.б. Оған
дәлел ретінде мысалдар келтіремін. Цициронның хатшысы қызметін Тирон деген
құл атқарды, тарент қаласынан шыққан құл Андронник рим поэзиясында аты
әйгілі әдебиетші болған, Гомердің «Одессиясын» латын тіліне тәржімалаған.
Белгілі грамматика маманы Реммия Палемон мұғалім болып қызмет істеді. Ол
қожасының баласын оқытқан.
V. Жаңа тақырыпты пысықтау.
Сабақты пысықтау кезінде күні бұрын компьютерде теріліп, оқушыларға
жететіндей етіп көбейтілген тестер таратылады. Оқушылар жауаптарын белгілеп
болған соң, бір оқушыны тұрғызып, жауаптарын оқытамын. Қателері болса,
түзеп отырамын.
VI. Білімді бағалау.
VII.Сабақты қорытындылау.
Өтілген тақырып бойынша қысқа тұжырымдар жасап, оқулықтағы осы тақырып
бойынша суреттермен және сыныптан тыс материалдармен таныстырамын.
VIII. Үйге тапсырма:§27
Оқушыларға 27-параграфты оқып келуді тапсырамын. «Жұмыс дәптеріндегі»
«Республика» сөзжұмбағын шешу, кестелерді толтыру, сонымен қатар қосымша
материалдарды оқуды ұсынамын.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §27. Империя дәуіріндегі Рим
Сабақтың мақсаты:
← Рим империясы орнауының тарихи себептері, онда басқарудың жаңа
жүйесінің қалыптасуы, римдендіру шаралары, экономикадағы,
әлеуметтік саладағы дағдарыстардың тереңдеуі мен салдарлары,
империяның екіге бөлінуінің жай-жапсарлары жөнінде оқушыларға
толық мағлұмат беру.
← Республикалық және империялық құрылыс ерекшеліктерін айқындау,
әлеуметтік топтардағы, әсіресе колондардағы өзгешеліктерге назар
аудару.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сәйкес карта, оқулықтағы суреттер, тақта,
т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Төмендегі сауалдарды ямын:
• Республика дегеніміз не? Оның монархиядан айырмашылығы неде?
• Римде республика орнауының себебі не?
• Оның қандай басқару ұйымдары болды? Олар қандай жұмыстарды атқарды?
• Пуни соғыстары неше рет болды? Ол соғыстардың шығу себебі неде?
• Римдік және провинциялық ақсүйектерге кімдер жатты?
• Негізгі өндірушілер дегеніміз кімдер?
ІІІ. Білімді бағалау.
IV. Үй тапсырмасымен жаңа өтілетін тақырыпты байланыстыру
Жаңа сабақ жоспары:
1. Империяның құрылу себептері;
2. Принципат және доминат басқару жүйелері;
3. Шет аймақтарда Рим салтын қалаптастыру;
4. Шаруашылық пен әлеуметтік саладағы дағдарыс;
5. Рим империясының Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.
Рим империясының картасы тақтаға ілінеді.
Рим империясының картасы бойынша оның алып жатқан жер аумағын,
шекарасын көрсеткеннен кейін «империя, император» ұғымдарының мазмұнын ашу
мақсатында оқушыларға «Империя дегеніміз не? Өткен тақырыптарда қандай
империялар туралы оқыдық? Император деген кім? Оның демостан айырмашылығы
қандай?» деген сауалдар қоямын. Одан әрі Рим империясының құрылуына
қысқаша тоқталып өтемін. Рим империясының құрылуының негізгі себептерін
айтумен қатар, империяға ортақ белгілерді де атап көрсетемін. Рим
империясымен македония империясының ерекшеліктерін салыстыра әңгімелеймін.
Гай Юлий Цезарь қастандықпен өлтірілгеннен кейін, ел билігіне Октавианның
келуін оқулық көлемінде баяндаймын. Оның Цезарь реформаларын аяғына дейін
жеткізуші болғандығы және Рим империясының екі ғасырға жуық ешбір
өзгеріссіз қалғандығы баса айтылады.
Бұдан әрі Диоклетиан тұсындағы мемлекеттік басқару жүйесі әңгіме етіліп,
жаңа ұғымдарға (тақтаға жазылған) түсінік беремін.
Принципат тұсында републикалық ұйымдар сақталғанмен, олардың бұрынғыдай
күші болмағандығын баяндап, оның себептерін оқушыларға түсіндіремін.
Римдендіру саясатының мақсатын ашамын.
Бұл саясатты қолдаушылар:
• Принцепстер;
• Ақсүйектер;
• Жауынгерлер.
Шығыны мол соғыстар мен құлиеленушілік құрылыс Рим империясындағы
шаруашылық пен әлеуметтік дағдарыстың қалыптасуына негізгі алғышарттар
тудырды. Құлдар еңбегінің неліктен өнімсіз болғанына да оқушылардың назарын
аударамын. Бұдан кейін империяның екіге, яғни Батыс және Шығыс болып
бөлінуі оқулық бойынша әңгімеленеді.
V. Жаңа сабақты пысықтау
28-параграф бойынша оқушыларға нақты, тұжырымды сауалдар қоямын.
VI. Өтілген жаңа тақырып бойынша шағын қорытынды жасаймын, оқушыларды
оқулықтағы сыныптан тыс материалдармен, жаңа ұғымдармен таныстырамын.
VII. Үй тапсырмасы: §28.
28-параграфты оқу, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап, қосымша
материалдарды зерделеу, осы тақырыпқа сәйкес «Жұмыс дәптерінде» берілген
кестені толтыру.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §29. Ежелгі Римнің өнері
Сабақтың мақсаты:
← Римдегі мектеп, оқу жүйесі туралы, әдеби шығаммалар мен шешендік
өнер жөнінде, құқық дамуы туралы оқушыларға тарихи мағлұиат беру.
← Рим өнеріне басқа елдер мәдениетінің әсері, өнер түрлері, олардың
ерекшеліктері, даму жолдары.
← Тиянақты білім алуға деген құштарлыққа, шешендік өнер мұраларына
деген құрмет сезіміне, поэзияны түсіне білуге, құқықты сақтауға
баулу. Бұлардың бәріне жалпыадамзаттық мұра, құндылықтар ретінде
қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, «Ежелгі дүние өнері». Алматы,
1989.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасыны сұрау.
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
• Империя дегеніміз не? Римде империяның орнауына қандай себептер
болды?
• Принципиат және доминат басқару жүйелері қай императорлардың тұсында
енгізілді?
• Провинциялар халықтарын римдендіру не үшін қажет болды? Олқандай
жолдармен жүргізілді?
• Римдендіру саясатын кімдер қолдады?
ІІІ. Білімді бағалау.
IV. Үй тапсырмасы мен жаңа өтілетін тақырыпты байланыстыру
Жаңа сабақ жоспары:
1. Рим мектебі
2. Рим поэзиясы
3. Шешендік өнер
4. Құқық.
Оқушыларға Римдегі оқыту жүйесі, оқу пәндері туралы әңгімелеймін. Рим
балаларының римдік мектептерде, өз отбасыларында, шет ел мектептерінде
оқығанын баяндаймын.
Оқушыларға: «Білім римдік балаларға не үшін қажет? Білімі жоқ адам қандай
болады? Білім сендерге не үшін керек?» деген сияқты сауалдар қойып, білім
қоғам дамуынынң бірден-бір қайнар көзі екеніне көздерін жеткіземін.
Бұдан әрі оқулықтағы материалдар негізінде Рим поэзиясы туралы
әңгімелеймін.
Қосымша материал ретінде Римнің атақты ақындары Лукрецийй мен Овидийдің
шығармаларын пайдалану. Ғалым әрі ақын Лукреций «Заттың жаратылысы туралы»
поэмасында табиғат пен адам баласының тарихын жырлайды. Найзағайдың
жарқылдауы мен жердің сілкінуі, адамның ұйықтау себептерін түсіндірді. Оның
пікірі бойынша табиғат атамдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып,
аспан денелерін, жерді, тірі денелерді, адамдардың жанын құрайды Лукреций
жанның мәңгі өмір сүретінін теріске шығарып, жанның денемен бірге өлетінін
баяндайды.
Овидийдің жеті жыл жазған «Метаморфоздар» поэмасы бес кітаптан тұрды. Бұл
шығарма Гомердің «Илиада» және «Одессея» дастандарына ұқсас еді. Поэмада
дүниенің пайда болуынан бастап, император Августың заманына дейінгі
аралықтағы барлық өзгерістер баяндалады. Овидий адамзат өмірінің даму
кезеңдерін төрт ғасырға бөледі.
Оқушыларға: «Қазақ ақындарынан кімдерді білесіңдер? Олардың қандай
шығармалары бар?» деген сұрақтар қоямын. Сөйтіп поэзияның ежелгі дүниеде
пайда болса да, бүгінгі күнге дейін жетіп, дамыған жалпы адамзаттық өнер
саласы екенін атап өтемін.
Римдегі шешендік өнерді қазақтың шешендік өнерімен де байланыстыра
қарастырамын. Римдегі құқықтың қалыптасуы туралы айтқанда құқықтық тәрбие
беретін жайларға көңіл аударған дұрыс. «Біздің еліміз құқықтық мемлекет
орнатуда. Оны қалай түсінесіңдер?» деген сауал қоямын.
V. Жаңа тақырыпты пысықтау: 29-параграф материалдарына орай нақты
сауалдар қойып, оқушылардың бұл тақырып бойынша не түсінгендерін
анықтаймын.
VI. Білімді бағалау.
VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Осы тақырыптағы тарихи құбылыстар мен
процестердің пайда болуы мен дамуының жалпыадамзаттық маңызы туралы
қорытынды жасалады.
VIII. Үйге тапсырма:
29-параграфты оқу, сыныптан тыс оқылатын материалдарды зерделеу, «Жұмыс
дәптеріндегі» тест сұрақтарына жауап жазу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §30. Римнің мәдени өмірі
Сабақтың мақсаты:
← Қалалардың мәдени орталыққа айналуы, сурет, мүсін өнерінің дамуы
және христиан дінінің қалыптасуы туралы оқушыларға түсінік беру.
← Рим мәдениетінің өзіндір ерекшеліктерін ұғындыру.
← Мәдени мұраларды қорғауға, әсемдікке, эстетикалық талғамдарға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер. Карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
❖ Рим балалары қандай мектептерде оқыды?
❖ Мектептерде қандай пәндер оқытылды?
❖ Вергилий «Энеида» поэмасында не туралы жазды?
❖ Гораций не туралы жазды?
❖ Шешендік өнер дегеніміз не?
❖ Құқық қалай қалыптасты?
ІІІ. Білімді бағалау.
IV. Үй тапсырмасымен жаңа тақырыпты байланыстыру.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Қалалар және қалалақ өмір
2. Сәулет өнері
3. Мүсін өнері
4. Христиан дінінің шығуы.
Рим қалаларының әкімшілік орталығы ғана емес, мәдениет орталығы
болғандығы туралы әңгімелеймін. Мысалы Рим қаласын алса, жеткілікті.
Бұдан әрі оқулықтағы материалдарды пайдаланамын. «Қазіргі Қазақстан
қалаларында қандай театрлар, мәдениет ошақтары бар? Қандай мерекелер
тойланады?» деген сауалдар қоямын. Римдіктер өздері жаулап алған
елдердегі өнер туындыларын олжалаумен қатар, сәулет және мүсін өнерінде
өздерін де көптеген жетістітерге жеткеніне баса назар аударамын.
Оқулықпен жұмыс жүргізілген кезде жеңіл әрі қысқа тақырыпшаны
оқушының өзіне оқытамын. Бұдан кейін суреттермен жұмыс жүргізіледі.
Колизей, пантеон, форум т.б. суреттеріне оқушылардың көңілін аудару.
Оқулықта берілмеген суреттерді плакатқа өзім салып, көрнекілік ретінде
қолданамын.
Христиан дінінің қалыптасуы және Рим мәдениетінің дүниежүзілік
маңызы туралы оқулық көлемінде әңгімеленеді.
«Грекия сәулет өнерінің ерекшелігі неде?
Мүсін өнерінде қандай өзгешелігі болды?» деген сияқты сауалдар
оқушылардың Грекия, Рим мәдениеттірінің арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды қадағалап отыруына мүмкіндік береді.
Бұдан соң жаңа тақырыппен және оның жоспарымен оқушыларды
таныстырамын да, Рим қаласы бойынша ойша саяхатқа шығарамын. Әңгіменің
ұтымдылығы шығармашылығына, қосымша әдебиеттер мен көрнекіліктерге
байланысты.
«Бүгін ежелгі римдіктер 123 күнге созылған үлкен мерекеге дайындалуда.
Қаланың барлық көшелері түсәсетін орталық алаң-форумға жиналған қалың
халықты қала әкімшілігі, елге танымал саяси қайраткерлер құттықтап,
Палатин жотасының оңтүстік жазығында орналасқан ипподромға шақырады.
Біздер де солармен бірге ипподром орналасқан Палатин жотасын бетке алып,
жүріп келеміз. Жол бойы бау-бақша қоршаған зәулім үйлер. Бұлар-Рим
шонжарларының үйлері. Үйлердің маңында –жұмыс істеп жүрген құлдар.
Палатин жотасының төбесінде императордың сарайы тұр.Оның үлкендігі
соншалықты, бір ауданның жерін алып жатыр. Елдің бәрі император сарайына
қызыға қарауда. Сарайдың бірінші залында императордың үлкен мүсіні тұр.
Бөлмелердің дәрі де алтынмен, қымбат тастармен және меруерт
қабыршақтарымен әшекейленген екен. Бір бөлме бұрышсыз, дөңгелек етіп
салынған, оның төбесі жұлдыздары жымыңдаған ашық аспанды еске түсіреді.
Сарайданшығып, ат жарысы өтетін жерге келдік.
Ипподром өте үлкен екен. Ондаған мың көрермен сыйып кетердей.
Император мен шонжарлар өздеріне арналған ложаларға келіп
орналасты.Керней тартылғаннан кейін алаңға шабандоздар төрт ат жегілген
жеңіл арбалармен жарыса шықты. (Осы жерде оқушылардан: «Ипподромда
болғандарың немесе теледидардан ипподромда өткен осындай жарысты
көргендерің бар ма?» деп сұрап, ат жарысының ежелден келе жатқан спорт
және демалыс түрі екеніне тоқталамын.)
1,5-2 сағат шабандоздар жарысын қызықтаған халық Колизей амфитеатрына
қарай жүрді. Онда гладиаторлар шайқасы болды. Сәулет өнерінің ірі
жетістігі Колизей амфитеатрына оқулық көлемінде сипаттама беремін. Міне,
қос дөңгелекке мінген, салтанатты киінген император жауынгерлері аренаға
шықты, олардың соңында- қару жарақ көтерген құлдар. Император ложасының
қарсы алдында гладиаторлардың салтанатты шеруі келіп тоқтады. Олар оң
қолдарын жоғары көтеріп: «Армысың, император, өлімгебас тіккендер сені
құттықтайды!» деді. Гладиаторлардың кейбілеулері алғаш рет аренаға
шыққалы тұрса, енді біреулері-осындай аренада талай рет жеңіске
жеткендер.
Олар тағы да өз өмірлері үшін шайқаспақ. Құттықтаудан соң
ұйымдастырушылар гладиаторлардың қаруларын тексере бастады. Жүзі қайтқан
семсерлерді өткірлеуімен ауыстырды. Қару таратылған соң, жекпе-жекке
шығатындар анықталды. Міне, қолына ау мен аша ұстаған құлға қарсы қысқа
семсер мен қалған ұстаған гладиатор шықты. Дабыл қағылып, керней ойналған
соң, шайқас басталып та кетті. Көрермендер оларға бәс тігіп жатыр. Біраз
уақыттан кейін семсерлі гладиаторлар қарсыластарын тізе бүктірді.
Император мен өзге көрермендер «Өлтір оны!» деп дауыстап, бас бармақтарын
төмен қарай нұсқады. Жеңілгенқұлдың басы кесілді».
Христиан дінінің пайда болуы, оны уағыздаушылардың түрлі пікірлері,
т.б. жөнінде оқулық көлемінде баяндаймын. Оқушылардың есте ұстайтыны-
христиан дінінің әлемдегі ең ірі үш діннің бірі екендігі. Кейін үстем
тап өкілдерінің оны халықты өзіне көзсіз бағындырудың құралына
айналдырғаны туралы баса айтамын.
V. Жаңа тақырыпты пысықтау:
Өтілген 30-параграф бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың материалдарды
жадына сақтауына ықпал етемін.
VI. Бағалау.
VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау.
Өтілген тақырып бойынша қорытындылар жасаған соң, оқушыларды сыныптан тыс
оқылатын материалдармен , суреттермен таныстырамын.
VIII. Үйге тапсырма.
30-параграфты оқу, «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындау, сыныптан тыс
оқылатын материалдарды оқу.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §31. Батыс Рим империясының құлауы.
Сабақтың мақсаты:
← Батыс Рим империясының құлауының негізгі себептері туралы оқушыларға
ғылыми ақпарат беру.
← Батыс Рим империясындағы ішкі және сыртқы қайшылықтар тамырының
басқа елдермен салыстырғанда өте тереңде жатқанына көз жеткізу.
← Қарудың күшімен құрылған империяның құлауы заңды құбылыс екендігіне
тоқталып, тәуелсіздікті қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, материалдар, т.б. Қосымша материалдар: Т.
Жұртбаев. Дулыға. 1-т., Алматы, 1994.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
• Қалаларда қандай мәдени ошақтар болды?
• Колизей амфитеатры мен Пантеон храмы туралы не білесіңдер?
• Мүсін өнерінде қандай табыстар болды?
• Христиан дінінің қалыптасуының әлеуметтік негізі неде?
ІIІ. Білімді бағалау.
IV. Үй тапсырмасымен жаңа тақырыпты байланыстыру.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Империядағы ішкі қайшылықтардың тереңдеуі
2. Ғұндардың батысқа жорығы.
3. Готтардың Римге басып кіруі.
4. Батыс Рим империясының құлауы.
Әңгімелеу барысында Империядағы ішкі қайшылықтар тамырының тереңдеуін
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен байланыстырамын. Соның
салдарынан империя өз шекарасын қорғай алмайтын деңгейге дейін жеткенін
баса айтамын. Ғұндардың батысқа жорығын айтқанда оның халықтардың ұлы
қоныс аударуына әсерін естерінде ұстату .
Оқулықпен жұмыс істегенде суреттерге, қосымша материалдарға назар
аударылады.
Бір оқушыны тұрғызып оқулықтағы Атилла туралы сипаттаманы дауыстап
оқытамын.
Готтардың Римге шабуылы оқулық көлемінде баяндалады.
Батыс Рим империясының құлауы Батыс Еуропадағы құлиеленушілік
құрылыстың күйреуіне әкеп соғуына да оқушылардың көңілін баса аударамын.
V. Жаңа тақырыпты пысықтау. 31-параграфқа орай оқушыларға сұрақтар қою
арқылы жаңа тақырып пысықталады.
VI. Білімді бағалау.
VII. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Қысқа қорытындыда Батыс Рим империясы
құрылуының негізгі себептерін қайталап айтамын.
VIII. Үйге тапсырма: §31.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:
← Жыл бойында өткен материалдарды қайталай отырып, белсенділігі
жоғары азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Әнұран орындау, «Хабар»
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Қайталанатын материалдар:
1. Ежелгі Қосөзен мемлекеттері
2. Ежелгі Египет
3. Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер
4. Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия
5. Ежелгі Грекия
6. Ежелгі Рим
Сабақты бекіту:
o «ККК»
o Топтастыру
o Бетпе-бет
o Эрудит
o Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды
бекіту.
Бағалау: Жылдық қорытынды бағаларын қою
Үйге тапсырма: ІҮ тоқсан материалдарын қайталау

[pic]

Ұқсас жұмыстар
Бағдарлама тақырыбы
Сабақтың құрылымы
Мұғалімнің шығармашылығын әлеуеттік дамытудың оқушылардың ҰБТ-ге дайындық сапасын арттыруға ықпал ету
Пластикалық мүсін. 4сынып
Интернетте ақпарат іздеу
Экономикадағы тұтынушы
Құстардың королі (литван халық ертегісі)
Оқу әдістемелік құрал
Плакат өнері. 6 сынып
Мұз айдынында. 5 сынып
Пәндер