Мектеп-кеме, білім-теңіз: тарих-география пән бірлестігінің семинары - АКТ, инновациялық әдістер мен патриоттық тәрбие тәжірибесі

Тарихшылар семинары

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу.

Оқушылардың бүгінгі таңда ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялатып, Отанды сүюге, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде тарих, география пән бірлестігінің жетекшісі Жанжігітова Рыс пен Машырық Дариғаның ұйымдастыруымен «Мектеп -кеме, білім -теңіз» тақырыбымен, мектепішілік тарих-география пән бірлестігінің семинары өтті.

Юсупова Галина «Ұлы жүздің Ресейге қосылуы тақырыбындағы сабағын 8 «А» сыныбына Кембридж тәсілдеріне сүйене отырып өткізді. Сабақ үрдісінде АКТ-ны пайдалану оқушыларға қызықты болды, әрі сабақты қабылдауға, оны түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Ауанова Нүргүл «Қазақстан ҰлыОтан соғысы жылдарында» тақырыбы бойынша, бейнекөрністер ұсынып, Уаис Қайралапұлының

Фашистердің қан төгу боп баққаны,

Өмір гүлін табанымен таптады.

Болат тонды тажалдарын шұбыртып,

Қалың әскер шегірткедей қаптады, -деп басталатын «Соғыс жаңғырығы» өлеңін жатқа оқып берді.

«Ел тірегі тәуелсіздік» тақырыбында өткен Мусаева Камшаттың «Алтын қақпа» ойынына 7-8 - сынып оқушылары қатысып, қазақ елінің тәуелсіздік жылдары туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, үш қақпаны ашып, сайыс қорытындыланды.

Әріптесім Бекқалиева Сандуғаш СТО технологиясын пайдалана отырып, 7 «Г» сыныбына «Алтын Орда» тақырыбындағы ашық сабағын өткізді . Сабақ барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтары асық, киіз үй және иллюстрациялық суреттер пайдаланып, INSERT статегиясымен сабақты қорытындылады.

Жас маман Бисенова Жанат «Маңғыстау- қайталанбас табиғат өлкесі» тақырыбындағы сыныптан тыс шарасынан оқушының алары көп болды . Сайыстың «Есімі ел есінде» бөлімінде жерлестеріміз Сайын Назарбекұлы, Дүйсенбек Әріпов, Серікбол Қондыбай туралы көптеген қызықты мәліметтер айтылып өтті

«Мектеп-кеме, білім- теңіз» атты пән бірлестігі семинары жас ұрпаққа үйретері мол, тағылымдық шаралардың бірі болды . Біліміне білігі сай әріптестеріміздің әлі талай шығармашылық биіктерде көрінетіндеріне сенімім мол.

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі


Ұқсас жұмыстар
5-сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Мектеп - кеме, білім - теңіз
Тарих пәнінде инновациялық оқыту технологиялары: тиімділігі мен тәжірибесі
Бастауыш сыныпта инновациялық әдістер мен АКТ арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Педагогтердің кәсіби өсуі мен инновациялық әдістер: білім беру сапасын қамтамасыз ету шарттары
Оқыту мен оқуда АКТ қолданудың әдістемелік негіздері және мектеп тәжірибесі
Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие: маңызы, проблемалары және мектеп тәжірибесі (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы)
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістері мен практикалық тәжірибесі
Дербес компьютердің құрылысы мен даму тарихын оқытудағы инновациялық әдістер: брейн-ринг тәжірибесі
Математика сабағында заманауи инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану
Тарих пәнінде инновациялық оқыту әдістерін тиімді қолдану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz