Сәкен жүнісов «ақырғы бәйге». 5 сынып

C:\Users\Нуркелди 2007\Desktop\IMG_3644.JPG

Қызылорда облысы Сырдария ауданы

№42 Қ. Баймағанбетов атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н. Ташенов

Әдебиет пәні бойынша жүргізілетін модульдік сабақ үлгісі

5-сынып

Тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» (6 сағат)

Әдебиет пәні бойынша жүргізілетін модульдік сабақ үлгісі

Тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» (6 сағат)

Бөлім
Сағат
Сабақтың мақсаты мен түрі
Уақыты
Бөлім:

Кіріспе

Сағат: 1
Сабақтың мақсаты мен түрі:

1. Модульдің құрылымымен таныстыру

2. Тірек - сызба арқылы оқу, мазмұнын түсіндіру (лекция)

А. «Ақырғы бәйге»

Ә. «Бауырлар»

Б. «Қозыкүрең»

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

Уақыты:

5 минут

20 минут

5 минут

15 минут

5 минут

Бөлім:

Сөйлесу бөлімі

Сағат: 1
Сабақтың мақсаты мен түрі:

Тақырыпты меңгерту

  1. Ұйымдастыру.
  2. «Қарлы кесек»оқыта үйрету ойыны

3. Үйге тапсырма

Уақыты:

3 минут

40 минут

2 минут

Бөлім: 2
Сағат:

Тақырыпты дамыту

  1. Ұйымдастыру
  2. «Бақытты сәт» ойыны
  3. «Домино» ойыны
  4. Қорытынды. Үйге тапсырма
Сабақтың мақсаты мен түрі:

2 минут

30 минут

10 минут

3 минут

Бөлім: 3
Сағат:

Тақырыпты пысықтау

  1. Ұйымдастыру
  2. Білім биржасы
  3. Өз жартыңды тап
  4. Қорытынды. Үйге тапсырма
Сабақтың мақсаты мен түрі:

2 минут

25 минут

15минут

3 минут

Бөлім:
Сағат: 4
Сабақтың мақсаты мен түрі:

Тақырыпты бекіту

  1. Ұйымдастыру
  2. Жарысты жалғастыр (Эстафета)
  3. «Тұлғаны таны» ойыны

4. «Бас қатырғылар базары»

  1. Қорытынды
Уақыты:

2 минут

10 минут

15 минут

15 минут

3 минут

Бөлім:

Қорытынды

Сағат: 1
Сабақтың мақсаты мен түрі:
  1. Ұйымдастыру
  2. Тест
  3. «Футбол» ойыны
  4. Қорытынды
Уақыты:

2 минут

20 минут

20 минут

3 минут

Кіріспе. №1 сабақ

Сабақтың тақырыбы : Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Тұманбай Молдағалиев «Бауырлар»

Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге», Тұманбай

Молдағалиев «Бауырлар», Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең» шығармаларын түсіндіре отырып, оқыту барысында тақырыпты пысықтатамын.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік, еңбек, ақыл - ой, эстетикалық

тәрбие беремін.

Б) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін, жылдам, мәнерлі, сауатты оқу, жазу дағдысын шыңдаймын.

Қосымша пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр энцеклопедиясы
  2. С. Жүнісов. «Ақан сері» диологиясы
  3. Қ. Жұмаділов «Сәйгүліктер» романы
  4. Т. Молдағалиев «Студент дәптері»
  5. М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»

Оқушы нені білу керек?

  1. Ақын, жазушылардың өмір дерегін, шығармашылығын.
  2. Ақан сері және оның Құлагері жайлы.
  3. Ақанның трагедиялық жан күйзелісінің шығармада суреттелуін.
  4. 1992 ж Алматы қаласында өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайы жайлы.
  5. Шығармадағы Қозыкүрең жайы, жылқының қадір - қасиетін, ерекшелігін, қазақ халының жылқы туралы таным - түсінігін.

Оқушы нені меңгеру керек?

  1. Сауатты, көркем жазу, ойын жеткізе білу
  2. Әдеби тілде сөйлеп, сөз мағыналарын ажырата білу

Шығармашылық жұмыстардың тақырыбы:

  1. «Сәйгүлік» тақырыбына эссе жазу.
  2. Мәтін, сөз жұмбақ құрастыру
  3. Кеспелер, тест, ребус құрастыру

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Модульдің оқыту құрылымымен таныстыру;

2. Тірек-сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру

3. Дәптер-оқулықпен жұмыс

4. Қорытынды, үйге тапсырма

ІІ. Тірек - сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Лекция

ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ

(1935 жылы туған)

Тұманбай Молдағалиев Алматы облысындағы Жарсу деп аталатын ауылда 1935 жылы туманбай молдагалиев дүниеге келген. 1956 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін бітірген.

"Пионер", "Балдырған", "Жалын" журналдарында, "Жазушы" баспасында еңбек еткен.

Тұманбай Молдағалиевтің әдебиетке келген жылдары 1956 -1957 жылдар. Тұңғыш жинағы "Студент дәптері" деген атпен 1957 жылы жарық көрген. Алғашқы өлеңдерінен-ақ ақын жаңа кезең талабына сай жаңа ізденістердің бетін таныта білді.

Сыршыл лирикалары. Ол қазақ поэзиясына жаңа лепті, адам сезімін, махаббатты өзіндік бір нақышпен, нәзіктікпен, шынайы тебіреніспен беруді алып келді. Өмірдегі қандай құбылысты алса да, ақын адамның өміріне, тіршілігіне, асыл мұратына бағындырады, заманымыздың алдыңғы қатарлы идеалы тұрғысынан бағалайды. Ол әдемілікті, жарасымдықты жырлайды. Адам жанының сұлулығын іздейді. Табиғат құбылыстарынан да осыны іздеп, соған құмартады. Жыл мезгілдерін жырлай отырып, адамның көңіл күйін айтады. Әр түрлі құбылыстар, қайшылықтар, жарастықтарды сыр ғып шертіп, нақты ой түйіндейді.

Арман көп-ау жетпей жүрген жетем деп,

Туған елге қайтсем қарыз өтелмек.

Үйден шығам, үйдей жүкті мойнымнан

Бүгін тағы түсіріп қайтсам екен деп, - дейді оның лирикалық кейіпкері. Оның азаматтық парызын сезінгеніне қуанамыз. Ақынның лирикалық кейіпкерінің парасатты ойы бар, сезімі таза, гуманистік сипаты айқын, ізденгіш, қиялшыл, арманшыл жандар. Оларды сипаттауда ақын өзгені қайталамай, көбіне тапқыр, ұтқыр образдар арқылы бейнелей біледі. Оның өлеңдерінде адамда болуға тиісті табиғи сезімдер, үміт, арман, күйіну, сүйіну ризалык, өкініш, т. б. - барлығы да еш жалғаны жоқ, таза, табиғи күйінде беріледі. Соңдықтан да ақынның ой-сезімі жылы қабылданып, адам жүрегіне жол табады. Ол кейде басқалардың ұсақ-түйек деп мән беріп көз салмайтын болмашы заттан да, құбылыстан да байыпты поэзия тудырады. Мәселен, теплоход үстінде ұшып-қонып жүрген кәдімгі торғайды тілге тиек етіп, поэтикалық тапқырлыққа кол жеткізеді:

Мына кеме, ақ кеме - сен сияқты,

Жаның сенің жьш-жылы жел сияқты.

Осы торғай, Күлеке, байқап тұрсам,

Бейне өзіңе үйренген мен сияқты, -деген жолдарда қиял ұшқырлығы бірден байқалады. Бұрын сан айтылған жайттарды қайталағанда жаңа бір ажармен, мүлде тың ой боп жарқ, етіп көрініп, соны әсерлерге бөлейді . . . Ол: "Ақ шашты атадан қорқам" өлеңінде "ақ шашты атадан", "мүрделі жотадан", "шимай-шимай әжімнен", "сықырлаған таяқтан", "тықылдаған сағаттан", қырдағы күзде гүлдердің күз келсе - солуынан, зулаған жүйрік күндердің қанаты бір күн талуынан, т. б. қорқатыны, сескенетіні тізіле келе кімнің болса да жүрегін селт еткізері сөзсіз. Ол өлеңін аяктай келе былай түйіндеп:

Бәрінен де өзімнен қорқам,

Көп күнім бекер өтеді-ау деп,

Уақыт тастап кетеді-ау деп, - оқырманға уакыттың босқа өтпеуі жайында ой тастап, толғанысқа бөлейді. Адамды шаттану ғана емес, қапаланған сәтімен де кең түрде суреттеу, жан-жақты қарастыру, жан дүниесіне үңіле білу, сыр-сипатын жан-жақты ашу талабымен ұштасып жатқанын көреміз.

Үлкен гуманистік, адамгершілік мұраттарды дәріптеп жырлау қай кезде де болмасын өзекті. Бүгінгі оқырманға да, ертеңгі оқырман үшін де қадірін, бағасын жоймай биіктей берері сөзсіз. Осыны жақсы түсінген Тұманбай да маңызын, қажеттігін жоймайтын сезімдерді суреттей біледі:

Адал жанға оқ атпасам деп жүрем,

Ақ жүрегін қанатпасам деп жүрем,

Онсыздағы қасіреті көп өмірде

Қасиетімді жоғалтпасам деп жүрем, - деп, ақын қасиет деген адамға берілген айрықша сын екенін паш етеді. Жақсыны жоқ жерден аяқтан шалатын күйкі жандарға - сырбаз мінез, адалдық, турашылдықты қарсы қойып, жырларына арқау етеді.

. . . Біреулерді ұрамын деп тас алма,

Біреулерді жығамын деп қасарма.

Саудаға сап, сата көрме арыңды,

Көштен қалып, аштан өліп қалсаң да! - деп, адам бойына жақсы қасиет дарытып, "жаның нәзік, арың таза болсын" деп мәрттікке тәрбиелейді. "Айтшы, Алатау" атты өлеңінде:

. . . Өмір деген алысқа аттаныс,

Қайда ұшсаң да қасиетінді сактап ұш.

Бүгін дырдай көрінгенмен, күні ертең

Мен сендерге бола алам ба мақтаныш? - деп, өзіне-өзі сауал қоя білген ақынның өр мінезбен қайраттана, еңбектене беретініне оқырман сенеді. Оның жырларында кездесетін ұшу, алға самғау образы осының дәлелі.

Барам ұшып жылдардың қанатында,

Жаққандаймын қаттырақ жан отын да . . . - деп суреттейді ол.

"Махаббат оты сөнбейді". Ақын бүгінгі замандасымыздың ішкі жан дүниесіне зер салады, оның рухани байлығын барлайды. Өмір жайлы, жақсылық пен жамандық, махаббат пен құштарлық сыр шашады. Оның лирикалық кейіпкері игілікке құштар, сұлулыққа ғашық.

"Сұлу едің, көрікті едің, ұяң ең,

Көңілдегі қырды кезген қиял ең

Сол бір үнсіз жанарыңа, жан сәулем,

Тірлігімді, нұр күнімді қияр ем, - дей келе:

Бақыт деген сен екенсін, аяулым,

Көкке емес, жерде соған жолықтым, - деп ой түйіндейді. Өлеңдегі ырғақ, саздылық лирикалық қаһарман сезімінің шынайылығын танытады. Тұманбай Молдағалиевтің махаббат туралы өлеңдерінен мұңаю, елжіреу өкіну, т. б. көп кездеседі. Бірақ бұл күйректікке апармайды, адам жанының сыр-сипаты жан-жақты ашыла түседі. "Шығармадың әдеттегі салтпенен" өлеңінде:

Сыр берместен өлсем-дағы тегі мен

Көзімдегі жасты сүртіп жеңімен

Ауылыңнан мен алыстап кеткенше

Қимай қарай қалды деген сеніммен . . .

Мұнда лирикалық қаһарманның қызды сүйетіні, қимауы, қиналуы - бәрі нақты арпалыс сезім арқылы суреттелген.

Ақынның "Феруза туралы жыр" поэмасы махаббат жайлы әсем айтылған сыр. Поэмада бай мазмұн, биік идея, нәзік те нәрлі лиризм бар. Ақын мұнда албырт жастықты, адал махаббатты жырлайды. Түркімен аңызының ізімен жазылған поэманың оқырманға айтары - махаббатты, қасиетті сезімді қастерлеу. Осы арқылы адал, абзал қасиеттерді биіктету идеясы анық байқалады.

Ақынның жыры - өзінің сыры.

. . . Күн болып кейде батамын,

Таң болып кейде атамын.

Өзен боп кейде дөңбекшіп,

Арнама сыймай жатамын, - деген шумақтан оқырман ақынды таньш, шыншылдығы мен сыршылдығына үңіле түседі.

"Тынық мүхит дәптері" жинағында ақынның көңілге қонымды жарық, өткір ойлы, жұп-жұмыр жыр жолдары көп кездеседі.

Өнерге болмақ елес заман ақыр.

Тірлікте не табасын, жетекке еріп,

Шын іздеп, қалғандар көп етекте өліп . . .

. . . Биікті шаң баспайды, су алмайды . . .

немесе:

Жылқы жоқ дүниеде қыр атындай

Кең дала күнде тұлпар туатындай.

Жерімнің құдіретіне бас имесем,

Құдайдың өзі мені ұратындай, - жолдары арқылы үлкен ой тастайды.

Мұнда басы артық сөз жоқ. Теңеу, метафора, т. б. ақын орынды қолданады.

Қашаннан жан серігім - күн мен аспан

Жел - менің жетім қозым іргені ашқан . . . деп, желді жетім қозымен салыстырады.

Т. Молдағалиевтің қай өлеңінде болмасын терең ой, нәзік сезім мол. Өзіндік тапқырлығымен, суреткерлігімен оқушысының көңілінен шығады.

Атқа мінсем, армандарға жол ашам,

Мен адассам - таумен бірге адасам,

Мен адассам - таңмен бірге адасам.

Ақ көңілді жанмен бірге адасам, - дейді.

Мұнда бізді қоршаған табиғатты ақын өзін қолдап, қоршайтын құдіреттей көретіні әдемі үйлесім тауып тұр. "Мен адассам - таңмен бірге адасам, ақ көңілді жанмен бірге адасам" деп суреттеуі, шынайы ақындық кілт, әсем образды жолдар. Өзінің ізгі ниетті ойын танытады:

. . . Менің досым бұл Алатау жердегі,

Жатсынбайды жақын келген пендені, - деп, өзі де Алатау сияқты досын да, қасын да қарсы алатынын тереңнен тебірене айтады. "Алатау алыстан аласа көрінгенмен, біз жақындаған сайын биіктей береді, биіктей береді". Тау мен адам арасындағы әдемі үйлесімдікті көреміз.

"Табиғаттың құдіретіне бол ғашық". Ақын көбінесе табиғатты адамның көңіл-күйімен, сезіммен байланыста алады. "Алғашқы қар" өлеңінде:

Дала бүгін ақ дала, дала бүгін шағала,

Қонып жатыр шағала, менің келіп жағама.

Аспан мен жер арасы алыс-беріс қозғалыс,

Қарауытар маңайың, қадағанмен көзді алыс.

"Қар жауды", - деп күрсініп анам отыр бүрісіп,

"Қар жауды", - деп куанып, Құралайым жүр ұшып.

Анам күннің өткенін ұнатпайды шамасы,

Жақындаған көктемін қызықтап жүр баласы.

Ұнатпайды анашым бұрқыраған боранды,

Желді, қарды, аязды жек көретін боп алды.

Немересін құшақтап бір күрсініп қояды,

Жақын қалды дегендей өмірімнің бораны.

Күн де батып барады, жел соғады шамалы,

Жапалақтап далада жауып жатыр қар әлі.

Өлеңде табиғаттың белгілі бір көрінісі, алғашқы қар жаууы аз суретпен әсерлі бейнеленген.

Мұнда ақын екі түрлі сезім, көңіл күйді қатар жарыстыра суреттейді, екі турлі әрекетке көңіл бөледі. Анасы жауған қарды күрсініп, өмір қысы тақағанын уайымдап қарсы алса, ал немере әрекеті мүлде өзгеше: "Қар жауды" деп куанып, шаттануы бала қимылын, көңіл-күйін жайьш салады. Соңғы жолдарда да табиғаттағы тынымсыздықты: "Жапалақтап далада жауып жатыр қар әлі" деп, сол арқылы даму қозғалысты көрсетеді.

Ақын туған өлке табиғатын ыстық махаббатпен жырлайды. Ол табиғатты суреттегенде, оның сұлу көркін, адам жанын аялайтын, көңілді тербеп, көкірекке қуаныш толтыратын асыл қасиетін тебірене толғайды.

Көңіліңді бұлт торласа, жолға шық,

Табиғаттың құдіретіне бол ғашық.

Көлге шомыл көк аспанның астында,

Гүл тер, досым, қырға шығып, жонды асып.

Жадыратар жаңа ашылған тал бүрі,

Жадыратар қызыл алау таң нұры.

Ақ қайыңның арасында жүре бер.

Көктемнің бір құйып өтсе жаңбыры, - деп, адамның жан-дүниесін табиғат құдіреті арқылы қуанышқа бөлейді. Оқырман өзін ақ қайың арасында жүргендей сезінеді.

Ақын күннің нұрына, айдың жарығына, жұлдыздың жымыңдағанына құмартады. Ол көктемнен жастықты, гүлден махаббатты табады. Табиғат сыры мен адам тіршілігіне ұқсастықтарды іздеп үңіледі. Ақын лирикасындағы тұрақты образдар: күн, жарық сәуле, көктем, жаз, күз, жасыл жапырақ, жайқалған гүл, т. б.

Ақын:

Ақ қайыңым сен болып тұра берші,

Мен болайын көктемің көптен күткен, - деп өтініш жасап, қайыңды сүйген жар бейнесінде алады. Ақын қоршаған табиғатты - өзін қолдап, қоршайтын құдіреттей сезініп, жырға қосады.

Т. Молдағалиев шетел тақырыбына қалам тартқан алғашқы ақындардың бірі. "Жүрегім менің сапарда" атты жинағындағы Италия циклі бейнелі, бедерлі поэзия. Мұнда ақынның идеялық тұғырының биіктігі анық көрінеді.

. . . Орта жолда қалмақпын ба, немене,

Ызбайланып, тұз байланып денеме . . . - деп, үнемі ізденісте екенін ашық айтады.

Ұлы Отан соғысына арналған "Хаттар, хаттар", "Жеңеше", "Киев қызы", "Өрік ағашы", "Махаббаттың бір жыры" сияқты поэмаларында, адам тағдыры, лирикалық тебіреніс, ерекше толғаныс, асқақ сезім, т. б. шебер суреттелген.

"Хаттар, хаттар" поэмасында бірде-бір соғыс суреті елестетілмейді, бірақ қан майданнан елге қайтпай қалған командир ағаның хаттарына үңілген інісінің кеудесін кернеген сағыныш сезімдерінде шынайылық бар, оқырман жүрегіне ерекше әсер етіп, ойландырады:

Осы бір хаттың жасымда

Әр сөзін ойға тоқығам.

Ағаның кол таңбасына

Асықпай қарай отырғам.

Кетсе де қиып, қиыр жол

Жаны азат бейнет, күнәдан,

Хаттардың арасынан сол

Тұрғандай күліп бір адам.

Поэмада інісінің түс көруіне, ол түсті атасының жоруына, пошташы шалдың мінезіне, інісінің ағасына жазған хатындағы үйдегі жағдайларға (жеңгесінін басқа адаммен кетіп қалуы) байланысты штрихтар бар. Ақын іні хатының ағаға жолданбай, сандык түбіне салынып қоюының себебін аңғартады. ("Менің сол адал шындығым ағама жетпей қалды үйде". ) Бүгінде есейген ол мынандай ойлар түйеді:

Болса бір сөзім, айтпағым,

Қалайда айтып қалмаққа.

Күн сайьш жүрек хаттарын,

Ұзатып жүрем жан-жаққа.

Бұл - бүкіл поэманың өзегі сияқты мәнді түйін.

Ақынның шығармашылығының елге танылар тағы бір аренасы - ән-өлең жанры больш табылады. Оның "Куә бол", "Шақырады көктем", "Бақыт құшағында", "Қыз сағынышы", "Құстар қайтып барады" сияқты өлеңдері әдемі әуенімен жарастық тауып, халық арасына кеңінен таралып кетті.

Құстар, кұстар сызылтьш ән салады,

Сол әнімен тербетеді даланы.

Ал адамдар күліп бастап өмірін,

Кетерінде жылай да алмай қалады, - деп, өмір туралы басталған әнұран, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын жазуға ұласты.

ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ

(1936 жылы туған)

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытай Халық Республикасының Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Туған жері Қазақстанға оралған соң, Қабдеш Жұмаділов әдебиетші болуды армандап, әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, 1965 жылы бітіріп шығады. Ол көркем кабдеш жумадилов шығарма жазуға студент кезінен бастап ден қояды. "Қаздар қайтып барады" деген алғашқы әңгімесінен-ақ ол жанына жақын тақырыпқа қалам тартқанын байқатты. Жазушының "Соңғы көш", "Дарабоз" роман-дилогиялары, 'Тағдыр", "Атамекен"романдары, т. б. көркем шығармалары жарық көрген.

Өз шығармаларында адамның ішкі көңіл толқындарын, тұрмыс детальдарын үлкен байқампаздықпен жазатын.

Жазушы шығармаларының тілі шешен. Ол шығармаларында ана тілінің бай қазынасын шебер қолдана біледі. Алпысыншы жылдардың орта шенінде жұртшылық назарын бірден аударған "Қаздар қайтып барады" әңгімесі еді. Адам психологиясын, ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы өз шеберлігін танытады. Арғы бетке өтетін жолаушыны, қиын да болса, Тарбағатай шыңының желкесімен асатын төте жолды суреттегенде жазушы тау сілемдерін оқушының көз алдына толық әкеледі. Байтас шалдың: "Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, - деді талмаусырап жатьш, - жолдың көбі кетіп, азы қалды. Құдай енді екі күндік ғұмыр берсе, көздеген жеріме де жетіп жығылармын", - деген сөздері арқылы автор шың асудың оңай еместігін, жолаушы арманын көрсетеді. Қарт шешімі алған беттен айнымайды, бұл сапарға ол қырық жыл дайындалып, талай ұйқысыз түндері мен күндерін өткізді емес пе?

Батыр - ел қорғаны. Қабдеш Жұмаділовтің “Дарабоз” романында қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту, адамгершілік пен азаттық мұратты жырлап, суреттеу негіз болып алынған. Жаугершілік замандағы “арғымақ жалғыз - ел малсыз” болған күнде батырлар халқының, ата - салттың бар салмағын көтерген.

Романда жазушы Абылай ханның (1751 - 1753) қазақ жерін жоңғар басшыларынан тазартуда саясаттағы батылдығы мен алғырлығын суреттей отырьш, оның оң қолы болған Қабанбай батыр ерлігін айрықша саралап көрсетеді. Романда Қабанбай ақылды, парасатты, сабырлы, ар намысы биік жан ретінде оқырманды өзіне таратады. Ерекше ерлігінің арқасында Абылайдың шешімімен "Дарабоз" атанады. Елінің намысын қорғап, жетпістен астам жекпе-жекке шыққан Қабанбай қазақ ерлерінің күшін, адамдық істерін дәлелдеп, жауьн жер етіп, жеңіске ие болған. Ол жаумен жағаласудың әдіс-тәсілін жетік меңгерген, қанды ұрыстың жай-жапсарын ақылмен сараптап, ең тиімді мүмкіндіктерді терең ойластыра отырып барып, аз шығынмен талай ірі жеңістерге жеткен.

Абылай ханның: "Қазақта батыр туған жігіттер аз емес. Бірақ Қабанбайдың орны бөлек", "Қазақ әскерін Қабанбай бастап келеді" деген бір ауыз сөздің өзі талай қолға татиды" деп жетпіске келген қарт тарланға айтқан сөзінен Қабанбайдың бірдің емес, мыңның орнын басқанын тани түсеміз.

Романда Қабанбайдың парасаттылығы, кемеңгерлігі үнемі танылып отырады. Ол оңашада: "Осы соғыс деген пәленің қайғы зар, азап-сордан өзге адамзатқа берері бар ма? Бірақ, амалың қайсы, зорлық бар жерде соғыс жалғаса береді. Біреудің қанына ортақ болайын деп ойлайсың ба? Ел намысы, ата кегі ғой шыдатпайтын" деп толғануы, ширығуы оның үлкен жүректі адалдығын дәлелдейді. Батырдың кейін жасы жетіп қартайған кезде:" . . . Өмір бойы желдің өті, жаудың бетінде жүру пешенеме жазылған сыбағам еді. Өлгенде де тек жатпай, қазақ жерінің бір шетін күзетіп жатпаймын ба?" деп өзіне серт беруі, елім деп туған еңіреген ерлігін көрсетеді.

Ол - халқының болашағын ойлап, келер ұрпақтың қамын жеген тұлға ретінде романда жан-жақты ашыла суреттелген.


Ұқсас жұмыстар
Ақырғы бәйгемен
Шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу
Ақан сері дилогиясына тоқталу
Жаңа тақырып
Туған жердей жер болмас
Сәкен жүнісов. кімнің мекені жақсы?
Қыс тақырыбына Қыс тақырыбына Қыс тақырыбына әңгіме жазу
Сәкен Сейфуллиннің шын есімі
Топтың пікірі
Құрбақа тобына
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz