"Тіл дамыту." "көктем."

БҚО, Тасқала ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Қатынас білім беру саласы

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Көктем»

Тәрбиеші: Досмуханова М. Е

Қатынас білім беру саласы

Бөлімдері: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Көктем»

Уақыты: 11. 03. 2014 ж.

Мақсаты:

  • Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
  • Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
  • Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер.

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Іс - әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, амандасу.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Олай болса балалар кім бізге табиғат туралы тақпақ айтып береді.
Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман - есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, қазір көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жақтан құстар ұшып келді. Енді мына кішкене құс арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық. Шеңбер бойында ойыншық торғайды ұсынып бір - бірлеріне «жылы жүрекпен» өз тілектерін айтады.

Балалардың іс - әрекеті:

-Көктем мезгілі

Аружан: Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

Айым: Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған Нұрлы күн!
Аман - есен болайық.
Бейбітшілік қалайық!

Балалар жылы тілектерін білдіреді.

Іс - әрекет кезеңдері: Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
  • Балалар тақтадағы суреттерге қарап, оларды атап, алғашқы дыбыстарынан сөз құрайық.

(Көбелек, өрік, кітап, таға, есік, машина)

C:\Users\щщшш\Desktop\орик.jpg C:\Users\щщшш\Desktop\китап.jpg C:\Users\щщшш\Desktop\тага.jpg C:\Users\щщшш\Desktop\есик.jpg C:\Users\щщшш\Desktop\машина.jpg

-Балалар қандай сөз шықты?

Дұрыс-ақ «Көктем». Бүгінгі өтілетін оқу іс - әрекетінің тақырыбы «Көктем» екен.

Тақтаға назарларыңызды аударыңдаршы балалар, көктем мезгілі бейнеленген бірнеше суреттерді қарап сипаттайық.

  • Көктемде неше ай бар?
  • Қай айдан басталады?
  • Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?
  • Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшыпкеледі? (Ұзақ, торғай, су құстары)
  • Көктем гүлдерін білесіңдер ме?
  • Оқулықпен жұмыс

Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріп шығу.

  • Сөздік жұмысын жүргізу

Шартылдайды - сартылдайды - тарсылдайды.

Қып - қызыл отпен белгі - бұл жерде найзағайдың көрінісі көрініп тұр.

Өпкен жел - бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

  • Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

Дидактикалық ойын. «Көктемгі гүлдер»

Шарты: Себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлі сипаттайды. Мысалы: Бейәшешек, қызғалдақ.

Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салу.

Балалардың іс - әрекеті:

-Көктем

Балалар назарларын суреттерге аударып әңгімеге өз ойларын қосады.

Балалар сұрақтарға нақты жауап береді.

- Ұзақ, торғай, су құстары

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Көктемгі табиғат өзгешеліктері туралы өз ойларын ортаға салады.

Көктем гүлдерін атайды.

Дәптердегі үлгіге қарап, суреттерін бояйды.

Іс - әрекет кезеңдері: Рефлексивтік түзетушілік
Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Сұрақ - жауап әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын қалай түсінгендерін сұрап шығу.

Оқу іс- әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Балалардың іс - әрекеті: Балалар сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағалармен бағаланды.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Көктем мезгілі туралы білді.

Нені игерді: Әңгімеге өз ойларын қосып, сұраққа нақты жауап беруді игерді.

Нені меңгерді: Табиғатқа қамқор болуды меңгерді.


Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениеті
Құстардың суреттері
Көктем туралы ақпарат
Гүл ектік
Көктемгі шуақ
Көктемгі тамшы
Тақырып - Көктем келді
Нәтиже сабақ жайлы
Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір
Көктем келді, көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz