Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Әлемнің жеті кереметі.


Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жеті кереметі

Сабақтың мақсаты: Әлемнің мәдени-тарихи мұрасы-әлемнің жеті кереметімен
таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштерімен таныстыру.Бұл
кереметтердің бәрі адам қолынан шыққандығын,яғни адамның ақыл-ойының
дамып,қол шеберлігінен туындаған әлемдік құндылықтардың маңызын ұғындыру.

2.Сұлулықты сезіне білуге баулу.

3.Эстетикалық тәрбие беру.Оқушы санасына тарихи құнды ескерткіш-
терді сақтау керектігін ұғындыру.

Көрнекілігі: «Әлемнің жеті кереметі»суреттер,слайдтар

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Оқушыларды сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру. (Кенет есік
қағылып,біреу сыр сандық тастап кетеді.)

- Балалар,мына сыр сандықты біреулер бізге тастап кетіпті. Сыр сандық
ашылмайды екен.Оны қалай ашамыз? Әрине,кілтпен.Ол үшін кілтті табуымыз
қажет.Кілтті іздеп саяхатқа шығамыз. (Поездың дыбысы шығады.) Поезға отыру
үшін не істейміз? Билет сатып аламыз. Нөмірі 1-ші билет сатып алғандар 1-ші
топқа, нөмірі 2-ші билет сатып алғандар 2-ші топқа, нөмірі 3-ші билет сатып
алғандар 3-ші топқа бөлінеді.

1-топ.Археологтар. Ғажайып фактілерді келтіреді.

2-топ.Тарихшылар.7 санына байланысты ұғымдарды айтады.

3-топ.Зерттеушілер.Қазіргі әлем кереметтері туралы мағлұмат береді.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы туралы не білеміз?

Кесте толтыру

| білемін | білмеймін |білгім келеді |
| | | |

3.Жаңа сабақ.

Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу?
Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске
алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.«Жеті» деген
санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай
күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай
фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн,
Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты
болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі
гректер де жеті деген санға табынды.

Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар
салынған.Кереметтерді жасау не үшін қажет болды? Ерте замандарда ұлы
адамдар өздерінің шексіз биліктерін және мықты ықпалын көзге көрінер-
ліктей дәлелдеу мақсатында айбынды ғимараттар мен мүсіндер жасатты.Бұл
кереметтерді жасаушы шеберлердің өнеріне таңғалмау мүмкін емес еді,олар
жергілікті тұрғындардың мақтаныш сезімдерін тудырды.Бұл кереметтердің
көпшілігі діни наным-сенімдерден туындады,барлық жеті керемет те
саяхатшыларды өте қызықтырды.Грекияның тарихшылары әлемнің жеті кереметі
деп Александр Македонский билік құрған аймақтарға жақын орналасқан
құрылыстарды атады.

1-слайд

Гизадағы Хеопс пирамидасы - ерте замандағы шеберлердің қолдарынан
шығып,бізге дейін жеткен жалғыз жәдігер. 4 мың жыл бойы адамдарды
таңғалдырып келген әлемдегі биіктігі 147 метрге жететін ең биік ғимарат.
Пирамиданы Ніл өзенінің батыс жағалауын басқарушы перғауын Хуфу өзінің
моласы есебінде салғызған.Оған дейін де,одан кейін де бірнеше пирамидалар
салынған.Бірақ бірде-біреуі Хеопс пирамидасы сияқты өзінің кереметтігімен 4
мың жыл бойы адамзат санасын жаулап ала алмады.Қазіргі таңда пирамидалар
көптеген туристердің назарын аударып отыр.

Археолог:Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5млн тоннадан тұрады.Хеопс
пирамидасы орналасқан жерге Римдегі (Италия) Әулие Петрдің екі шіркеуін
орналастыруға болады.

2-слайд

Б.э.д.433 жылы мүсінші Фидий гректердің ежелгі құдайы Зевстің
таңғаларлық мүсінін аяқтады.Оның биіктігі қазіргі төрт қабатты үйден де
биік.Биіктігі 13 метр болды. Мүсін құрылысына бір тонна піл сүйегі және
одан да көп мөлшерде алтын жұмсалды.Фидий Зевсті тақта отырған кейіпте
бейне- леді және оның бойына адамгершілік қасиеттерді енгізуі көптеген
келушілерді нағыз тірі құдайды көргендей сезімде қалдырды. Мүсін шіркеуде
бірнеше ғасырлар бойы сақталып, кейіннен өрт кезінде құрып кетті.

Археолог: Фидий мүсінді 8 жыл салған.Мүсінді жасаған материалдар-пілдің
бивендері мен бегемоттардың тістері. Материалдар су өтпеу және күннің
ыстығынан жарылып кетпеуі үшін майланған.Егер мүсінге қаптаған алтынның
құнын қазіргі ақшаға аударсақ,10 млн.доллар болады екен.

3-слайд

Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнас-
тағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірі
болған. Ол б.э.д 4-ғасырда Түркияның патшасы Мавсолдың моласы ретінде
жасалған. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған.Мола- ның
жобасын грек сәулетшісі Пифей жасады.Ақырында мемориал қирап, археологтар
Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан.Галикарнас аты кейіннен Бодрумға
өзгертіліп,моланың қалдықтары осы қаладағы мұражайда сақталған.

Археолог: Галикарнас мавзолейі Хеопс пирамидасынан басқа әлемнің кейбір
кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды. Мавзолей жер сілкінуі салдарынан
бүлінген,бірақ оны біржола 1522 ж крес жорығының жауынгерлері жойып
жіберді.Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өзде- рінің
бекінісін нығайтуға пайдаланды.

4-слайд

Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды
таңғалдырып келді.Патша II Навуходоносор Вавилон (қазіргі Ирак) империясын
құрып,кейін Вавилон қаласының атағын шығарған.Бұл дүние жүзіндегі ең үлкен
қала болды.Аңыздарда ол Аспалы бақты өзінің әйелі Амитис патшайымның
құрметіне салғызған.Бақтарды күту,егу,суару, жерді қопсыту-жүздеген
құлдарға жұмыс тауып берді.Қала парсылар жаулап алғаннан кейін қаңырап бос
қалған,бақтар жөнінде тек тамаша аңыздар ғана сақталып қалған.

Археолог: Құдіретті жаулап алушы Навуходоносор Iiпатшалық құрған кезінде
Вавилон дүние жүзіндегі ең үлкен қала болды. Навуходоносор әскери
жорықтарда көп тұтқындарды қолға түсіріп,олардың күшін ғылым мен дін
орталығына айналған Вавилонның құрылыс жобаларын іске асыруға пайдаланған.

5-слайд

Родос –Грекияның Додеканез аралдарының ішіндегі ең үлкені бол-
ған.Родос аралының тұрғындары биіктігі 32 метр Алып деп аталатын қола
мүсінді 12 жыл бойы салған. Мүсін қаланың кеме тоқтайтын айла- ғында мәрмәр
тұғырда тұрған. Ол қола табақтардан және қаңқасы темірден жасалып, оған
қоладан құйылған бөлшектер бекітілген.Мүсін небәрі 60-ақ жыл тұрған.Ол
қатты жер сілкінісінің нәтижесінде жерге құлап қираған.Кейіннен Родосты
жаулап алған арабтар,қоладан жасалған бөлшектерін Сирия көпесіне сатып,ол
оларды 900 түйеге артып алып кеткен.Қазір алыптың ізі де қалмаған.

Археолог: Бұрын «алып» деген сөз барлық мүсіндерге тән болатын. Родостағы
мүсін жасалғаннан бері ол «алып мүсін» деген мағынаны берді.Алыптың
биіктігі 32 м болған.Аңызда былай делінген:мүсінші

Хареске мүсіндегі жіберген аздаған ақауын көрсеткен кезде ол өзіне қол
жұмсап,өмірін қиған.

6-слайд

Биіктігі 124 м Александрия маягы жүз жылдар бойы түнде жарық
шашып,теңізшілерге жол көрсетіп,кемелерді су астындағы жартастарға соғылып
қалмауларынан сақтанды- рып тұрды. Ол әрі бекініс,әрі қарауыл мұнарасы
болды.Бұл маяктың құрылысы 20 жыл мерзімге созылды.Жүз жылдар бойы Фарос
әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. 1700 жыл бойы
тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып
табылады. Александрияны арабтар басып алғаннан кейін,қала құлдырап, кеме
тоқтайтын жерді батпақ басып,Фаростың енді қажеті де болмай қалды.Жер
сілкінісінің салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.

Археолог: Фарос кереметтердің қатарына шамамен біздің эрамыздың 6 ғасырында
енгізілген.Бір ғажабы ол қазіргі кездегі Йокогамадағы (Япония) биіктігі 106
м маяктан да биік болған.Фарос өзінен кейінгі дүние жүзінде салынған
маяктар үшін үлгі және сөз жоқ ежелгі замандағы ең ауқымды инженерлік
жетістік болды.

7-слайд

Әйгілі әлемнің жеті кереметініңқатарына енген Артемида ғибадатханасы
Эфестегі бірінші ғибадатхана емес,бірақ басқаларынан әдемі бол- ған.Ежелгі
қала Эфес сол аймақтағы ең бай қаланың бірі еді.Ұлы ғибадат- хана салынған
уақытта Эфест 200 мың халқы бар,құдайға құлшылық ететін маңызды орталық
болатын. Сол кездегі құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сияқты
ғибадат- хана салу үлкен жетістік еді.Оны салу үшін бірнеше жылдар бойы
сәулетші- лер,тас қалаушылар,құлдар армиясы еңбек еткен.Олар діни орын
болған- дықтан құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп,нәтижесі адам
таңғаларлықтай болған.Кейіннен басқыншылардың шабуылынан ғибадатхана
қираған.

Археолог: Эфес бір кездерде Кіші Азиядағы ең бай қала болған.Әулие
ғибадатханасының маңайынан табылған. Ғибадатхана діни орын
болғандықтан,адамдар өздерін жазалаудан немесе соттаудан құтқаратын жер
ретінде паналаған.

Оқушыларға тапсырма.Берілген сөздерді сәйкестендіреді.

Гиза Артемида
ғибадатханасы

Олимпия Семирамиданың аспалы бағы

Галикарнас маягы

Вавилон алып мүсін

Колосс Родосский Хеопс пирамидалары

Александрия Зевстың статуясы

Эфес мавзолейі

2-топ.Тарихшылар 7санына байланысты деректерді айтып өтеді.

• Аптаның жеті күні

• Кемпірқосақтың жеті түсі

• Жеті қазына

3-топ. Зерттеушілер қазіргі әлем кереметтері туралы (слайд арқылы)
айтып өтеді.

1. Ұлы Қытай қорғаны

 Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы
8850 километрден асады. Бұл жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д.
ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорғанды
жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға
ұшырап, қиратылды. Саяхатшыларға ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун
заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75
километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол
және автобус  арқылы қатынауға болады.

2. Колизей

Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен
амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам орны бар Колизейде бірнеше ғасыр
бойы гладиаторлық айқастар мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-
шаралар қойылады. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде
өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын
Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Себебі, Колизей жақсы түсірілім үшін
сақталмаған.Рим қаласында болған жандардың барлығы Колизейге назар
аударады. Колизей тек Рим қаласының нышаны ғана емес, күллі Италия елінің
көрікті жеріне айналды. Колизей - Еуропада орналасқан жалғыз жаңа
кереметтің бірі.

 3. Мачу-Пикчу

  Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия елінде орналасса, жаңа
кереметтердің географиясы кеңейіп, Америка елін де қосып алды. Оңтүстік
Америка еліндегі асқар тау баурайында Мачу пикчу қаласы орналасқан. Теңіз
дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір
сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кетті. Ал испан
конкисдаторлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады. 1911 жылы америка
ғалымдары көне қаланы табады.  Ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі
қабатты үйлер мен қоймалар сақталған. Мачу Пикчуға жету оңай емес. Агуас-
Кальентес қалашығына темір жол көлігі арқылы жеткен соң, автобуспен Мачу-
Пикчуға жетуіңізге болады.

3. Петра

 Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иорания қаласы. Әр кезеңде
қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін
келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншы- лары жаулап алды. Әр
шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала
шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны
болатын.Тар каньон- да керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға
аттанғандар өзде- ріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер
мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері
саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласын- да танымал
«Индиана Джонс и последний крестовый поход» киносын түсірген.

5.Тадж-Махал

Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол - Үндістанның Агра
қаласында орналасқан Тадж-Махал кесенесі. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың
ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-
Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы
субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл
сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. Алдын ала ұйымдастырылған
«Алтын үшбұрышы» саяхат бағыты бойынша, Дели-Агра-Джайпур қалаларын
аралаған кезде, Тадж-Махал кесенесіне баруға болады.  Сондай-ақ, Үндістан
астанасы Дели қаласынан автобус немесе темір жол көлігі арқылы Агра
қаласына барып,  Тадж-Махалды көруге болады.

6.Христос мүсіні

  Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен
сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі
38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды.
Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000  адам келеді.
Коркаваду тауында орналасқан Христо мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе
эскалатор арқылы көтерілуге болады.

7. Чичен-Ица

 Мексикада орналасқан Юкатан жартылай аралда көне қала Чичен-Ица майя
өркениетінің дамуында мәдение және саяси рөл атқарды. Бірақ, белгісіз
себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия
жермен байланысты барлық манускрипттерді жойып жіберді. Биіктігі 30 метрге
жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны
болып табылады. Пирамида ішінде ягуар тағы бар. Мысыр елінің
пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.

Сабақты қортындылау.

Пікірталас өткізу

- Мұндай зәулім құрылысты бір адам тұрғыза ала ма?

- Ақпараттар нені дәлелдейді?

Үйге тапсырма:

1.Мәтінді оқып келу.

2.Зерттеу жұмысы:тарихи жинақтар,энциклопедиялар және ғаламтордан
Қазақстандағы кереметтер туралы қызықты мәліметтерді тауып , жазып келу.

Қорытынды.Кілт беріледі.Сыр сандық ашылады,оқушыларға «Әлемнің жеті
кереметі» туралы кітап және сыйлықтар таратылады.


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың мақсаттары. Әлемнің жеті кереметі
Жеті ғажайып сыры
Мәнжазба. әлемнің жеті кереметі
Әлемнің жеті кереметі. дүниетану, 4 сынып
Әлемде талай қызық бар. 4 сынып
Жеті жетім
7 санына көбейту және бөлу кестесі
Қазақтың киелі сандары
Жай бөлшек
Қызыққа толы бұл әлем.
Пәндер