Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Сто технологиясы іс-тәжірибемде
<<ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ>>
ТЕХНОЛОГИЯСЫ ІС-ТӘЖІРИБЕМДЕ
Акимжанова Гаухар Сауалхановна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
<<Жезқазған Бизнес және көлік колледжі>> ЖМ
Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек, көштен қаламыз. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі - білімде.
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр оқытушының мақсаты екені анық.
Білім беру жүйесі алдындағы міндет технология өзгерістеріне бейімделе алатын атқарушы тұлғаны қалыптастыру. Білім берудің болашақ мұраты ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Ойлау әдістері мен амалдарын сапалы түрде игеруге көшу - оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең. Жаңа технология негізі - ізгілендіру және демократияландыру.
Жас ұрпақтың ж аңаша ойлауына олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі болуына байланысты, сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне де жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Сол технологиялардың арасында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда үлкен орын алатыны - <<Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту>> технологиясы. [1]
Мен <<Сорос Қазақстан қоры>> ұйымдастырған <<Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту>> жобасы бойынша 2003 жылы өткізілген курсқа қатысып, қатысушы куәлігін алдым. Қазіргі таңда <<Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, білім алушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру>> мәселесі бойынша жұмыс істеп келемін. Осы уақыт аралығында көз жеткізгенім сын тұрғысынан ойлау білім алушылардың мәселелерді дұрыс шешу жолында іздену, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға тиімді. Сұрақ қою, оны өзі құрастыру, фактілерге сүйене отырып жауап беру, өз сөзімен еркін сөйлеуге, тіл дамытуға, тақырыпты меңгеруге көмектеседі.
Сын тұрғысынан ойлау - идеялар мен бар мүмкіндікті шығармашылықпен қарап жақындастыратын концепциялар мен ақпараттарды қайтадан түйіндеп тұжырымдайтын күрделі құбылыс. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Ол - әр мәселеге байланысты өз пікірін айту оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
<<Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту>> бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударамын.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Кейде өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптің көмегі қажет болады.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не? Сын тұрғысынан ойлау - белгілі бір идеяларды қабылдай отырып оның неге қатысты екендігін зерттеу, оны жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарайтын белгілі бір жүйелікке түсіріп қолдану.
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта жасау:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру керек, қолайлы мүмкіндік жасау керек.
2. Студенттерге ойланып - толғануға рұқсат беріңіз.
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабыл алыңыз.
4. Үйренудегі (сабақтағы) студенттердің екпінді ісін қолдаңыз.
5. Егер студент бір қолайсыз ортаға түсіп қалса, оның ешқандай әжуасыз екендігіне сендіріңіз.
6. Әрбір студенттің жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілетіне сенім білдіріңіз.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалаңыз. [2]
Конфуций айтқан екен: <<Танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау>> , - деп. Сондай-ақ, СТО бағдарламасы бойынша сабақты өту кезеңдерінің де үш сатысы бар. Біріншісі - тақырыпқа қызығушылықты ояту, екіншісі - мағынаны ажырату, танып білу, үшіншісі - ой толғану.
Құрылымның сатылары:
І. Қызықтыру. (тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру үшін талқылама сұрақтары)
1. Тақырып не туралы?
2. Бұл тақырып туралы не лбілесіз?
3. Не білу керек, білгіңіз келеді, білейін деп ойлайсыз?
4. Оны не үшін білу қажет?
ІІ. Мағынаны анықтау.
Студент өзінің ойлаған болжамына лайық ақпараттар іздегенде мағынаны түсініп таниды.
ІІІ. Тақырып туралы толғаныс.
1. Нені анықтадыңыз?
2. Тақырыпқа байланысты қызығушылықты тудыратын кезеңде қамтылмаған маңызды ақпараттарды алу мақсатымен ұтымды сұрақтар қойыңыз.
3. Олардың жауаптарын қабылдай отырып <<Неге сіз солай деп ойлайсыз?>> деген сауалды қойыңыз.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты арттырады, кез келген сабақты меңгереді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді. [3]
Сократ: <<Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту - мұғалімнің жұмысы>> - деп ұстаздың бақылаушылық рөлін белгілеп береді. [4]
Осы күнге дейін үйренген стратегиялардың кейбір тиімді әдіс-тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданып жүрмін. Менің өз сабақтарымда оқу бағдарламасына сәйкес бірізді, жүйелі түрде қолданып жүрген әдістерім мынадай:
1. Қызығушылықы ояту кезеңінде <<Миға шабуыл>>, <<Зерделеу>>, <<Ой тізбелеу сандықшасы>> <<Ойлану, жұпта талқылау>>, <<Лездеме>>, <<Тірек сөздер>>, <<Кластер>> т.б.;
<<Ой тізбелеу сандықшасы>>. Білім алушылар өткізілгелі отырған тақырып бойынша не білетіндерін жазып, сандықшаға жинақтады. Өз айтқандарын мысалмен дәлелдеді. Толық және дәлелді жауап беру талап етілді.
<<Лездеме>> стратегиясы. Студенттердің білімімен қатар, алғырлығын, ойының шапшаңдығын бақылау мақсатында жүргізіп отырамын. Үйге берілген тапсырма негізінде немесе жаңа сабақ жайлы не білетіндерін байқау барысында сұрақтар қойып, тез және ұтымды жауап беру керектігін ескертемін.
2. Мағынаны ажыратуда <<Түртіп алу>>, <<Бес жолды өлең>>, <<Негізгі идеяны суреттеу>>, <<Кубизм>>, <<Шығармалар кестесі>>, <<Сөздер сөйлейді>>, <<Түртіп алу жүйесі>>, <<Әлемді шарлау>>, <<Қарама-қарсы элементтер>>, <<Блумның сұрақ қою стратегиясы>>, <<Көп деңгейлі сұрақ>>, <<ЖИГСО>>, <<Логикалық тізбек>> т.б.;
<<Сөздер сөйлейді>> страегиясы. Әдебиет сабағында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алғаннан кейін парақшаларға <<ақын>>, <<аудармашы>>, <<философ>> деген сөздерді жазып, қағаз бетіндегі сөздерге жан беріп, өмірмен байланыстыра сөйлеуді талап еттім. Бұл тәсілдің ерекшелігі: оқушылар әр сөзге анықтама береді, оның мағынасына мән беріп, сипаттама жасайды.
Ы.Алтынсариннің <<Әке мен бала>> әңгімесін талдау барысында <<Қарама-қарсы элементтер>> стратегиясын пайдаландым. Студенттер әкесі мен баласының іс-әрекеттерін қарама-қарсы қоя отырып талдайды, өз ойларын білдіреді.
<<Негізгі идеяны суреттеу>> стратегиясы. Қазақ тілінен <<Қазақстан - тәуелсіз мемлекет>> тақырыбын өткенде білім алушыларға <<Тәуелсіз Қазақстанның болашағы қандай болуы керек?>> деген сұрақ бердім. Білім алушылар осы сұрақты топта талқылап, қағаз бетіне суретін түсірді. Әр топтан бір спикер шығып жұмыстарын қорғады.
3. Ой толғаныс кезеңінде <<Венн диаграммасы>>, <<Еркін жазу>>, <<Семантикалық карта>>, <<Білемін, білгім келеді, үйрендім>>, <<Автор орындығы>>, <<Эссе>>, <<Пікірталас>>, <<Зерделі сұрақ, дәлелді жауап>>, <<Идеялар тақтасы>> т.б. стратегияларды әр сабақтың ерекшелігіне лайықты қолданамын.
<<Түйінді сөздер>> стратегиясы. Бұл ситуацияны ойтолғаныс сатысында қолданған қолайлы. Ойды жинақтау мақсатында студенттерге <<Бүгінгі сабағымыздың негізгі түйіні болған сөздерді атаңдар>> деп тапсырма беріледі.
<<Еркін жазу>>. Мағжан Жұмабаевтың жастарға арнап жазған өлеңдерінен бойыңа қандай қасиеттерді жинадың? Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастардың бойынан көрінбей жатады? Оған не себеп деп ойлайсыз? деген сұрақтар бердім. Студенттер өз ойларын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп, жазғандарын оқып, өз ойларын ортаға салды.
<<Автор орындығы>>. Әдебиет сабағында студенттің мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту, әдебиетке, өлеңге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақын-жазушылардың өлеңдерін немесе монологтарын сол автордың кейпіне ене отырып оқып беруін талап етемін.
<<Сын тұрғысынан ойлау>> технологиясының философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кездегі жеткен жетістіктерім: білім алушы өз бетінше ізденуге үйренеді, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанады, тақырыпқа жан-жақты түсінігін аңғарта отырып ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады, ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселені терең барлауға бағыт беріледі, ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланады, өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді, білім алушының ой-қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі, шыншылдық, әділдікке дағдыланады, өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
Осы оқу жылында іс-тәжірибемді әріптестеріммен бөлісу мақсатында осы тақырыпта жинақ шығарып, семинар өткіздім. Семинар барысында ұсынылған сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқытушылардың көңілінен шығып, оң бағаларын берді.
Қорыта келгенде айтарым, бала жас кезінен-ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергіге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Сондықтан әр сабақта студенттердің кез келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу - әр оқытушының міндеті деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті №7, 2003 ж.
2. Женни А. Стилл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл және Скот Вальтер.
<<Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту>>. Бағдарлама жобасы үшін дайындалған I-ІҮ методикалық құрал, 4 - 25 шілде. 1998 ж.
3. Қазақстан мектебі, №12, 2010 ж.
4. Интернет желісі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz