Сабақ жоспары :: Алғашқы әскери дайындық

Файл қосу

Саптық дайындық

<<Жезқазған Бизнес және көлік колледжі>> ЖМ
<<Табиғат>> жаратылыстану - математикалық пәндер кафедрасы
<<Құзіреттілікке бағытталған білім>> тақырыбындағы оқу - әдістемелік декадасы



<<Табиғат>> жаратылыстану - математикалық
пәндер кафедрасының отырысында қаралды.
Кафедра меңгерушісі ____________К.М.Максутова



-6369058890
0

Тақырыбы: Саптық дайындық
Пәні:Алғашқы әскери дайындық

Дайындаған: Алғашқы іскери дайындық пәнінің
оқытушысы
Толегенов Мырзалы Жолдасбекович





















Жезқазған 2013
Сабақтың мақсаты:Студентерді саптық тұрысты қабылдау пәрмендерін үйрету.Өткізілетін орны: спорт залКөрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығыСабақтың барысы:а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минутВзвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.- Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?
б) Негізгі бөлім - 25 минут
Саптық тұрыс. <<Саптал>>, <<Түзел>>, <<Тіктел>>, <<Еркін тұр>>, <<Жинақтал>> пәрмендерін орындау.Саптық тұрыс <<Саптал>> немесе <<Тіктел>> пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.<<Еркін тұр!>> пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.<<Жинақтал!>> пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек, жинақталу бас киімнен басталады.<<Жинақтал!>> пәрменінің алдына <<Еркін тұр!>> пәрмені беріледі.Бас киімдерді шешу үшін <<Бас киімді шеш>>, <<Бас киімді ки>> пәрмендері беріледі. Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.Қарумен <<арқаға>> күйінде бас киім оң, ал қарумен <<бауға>>, <<кеудеге>>, <<аяққа>> күйінде сол қолмен шешіледі.Карабинмен <<иыққа>> күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, <<Саптал>> пәрмені бойынша жүргізіледі.Мысалы: <<Бөлімше, бір қатарға - саптал>>.Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.в) Қорытынды бөлім - 10 минут.
- саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?- саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?




Ұқсас жұмыстар
Саптық адым. 11 сынып
Оқушыларға сұрақтар қою
Ату жаттығуы
Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс
Сап және оны басқару
Пәнге деген қызығушылық - оқып - үйренудегі жетістік негізі
Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар
Жас ұлан әскери патриоттық сайысы
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары
Ауыр доппен жаттығулар
Пәндер