Шынықсаң шымыр боларсың: Көңілді старт - командалық дене шынықтыру жарысы

А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі

Көңілді старт

Өткізген: Ешманов Н.

2012-2013 оқу жылы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек

Сабақтың тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың» /Көңілді старт/

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылар бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру;

2. Спорттағы достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

3. Оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру .

Түрі: командалық жарыс.

Әдісі: ойын

Өтетін орны: спорт зал

І. Ұйымдастыру

1. Командалар ортаға шақырылады.

2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

3. Жарыс кезеңдерімен таныстыру.

4. Жарыс кезеңдері.

5. Қорытынды

6. Марапаттау

1-кезең. «Шегірткелер»

Әр топтың ойыншысы бір аяқты бүгіп, оны бір қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді.

2-кезең. «Қасықпен су тасу»

Әр топтың ойыншысы ыдыстағы суды қарсы жақтағы бос ыдысқа қасықпен тасып тауысуы қажет.

3-кезең. «Күштілер жарысы»

Екі-екіден бірін-бірі арқалай жүгіріп жарысу.

4-кезең. «Доппен жүру»

Баскетбол добын ұрып алу жүру.

5-кезең. «Секіртпе»

Әр команда бірінші тұрған ойыншы қолындағы секіртпемен секіріп, қайта келу керек.

6-кезең. «Кім жылдам»

Екі оқушы шеңбердің ішіне жүгіріп келуі қажет.

7-кезең. «Алма жинау»

Ойын бастаушының белгісімен әр командадағы бірінші ойыншы жүгіріп барып, шеңбердің ішіндегі алманы алып тізбектің соңына келіп тұрады. Осылай ойын шеңбердің ішіндегі алма біткенше созылады.

ІІ. Жеңімпаздарды марапаттау.

Жарысқа қатысқан командаларды марапаттау үшін әділқазыларға қорытынды сөз кезегі беріледі. (командаларға мақтау қағаздары, сыйлықтар табыс етіледі.


Ұқсас жұмыстар
Көңілді эстафета: командалық жарыстарға арналған дене шынықтыру сабағының жоспары
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Ақай орта мектебінің Көңілді старт эстафеталық жарысы
4-сынып дене шынықтыру сабағы: Көңілді старт - ойын арқылы жылдамдық пен икемділікті дамыту
Бастауыш сыныптар үшін Шынықсаң шымыр боласың эстафеталық спорттық сайысы
2-4 сынып оқушыларына арналған Шынықсаң шымыр боласың эстафеталық спорттық сайысының сабақ жоспары
5-сынып дене шынықтыру сабағы: дала жарысы (кросс) - техника мен ережелер
Денсаулық апталығы аясындағы 4-сыныпқа арналған ашық дене шынықтыру сабағы Көңілді старттар
Көңілді эстафеталар: дене шынықтыру сабағы - салауатты өмір салтына тәрбиелеу және ептілік пен ұйымшылдықты дамыту
Төменгі старт пен 30-60 м жүгіру, баскетболда доп беру және зоналық қорғаныс: дене шынықтыру сабақтарының әдістемелік жоспары
Көңілді сөре: Қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті дамытуға арналған дене шынықтыру сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz